Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


Қозаның қатараралылығын баптау



бет13/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Қозаның қатараралылығын баптау. Баптау жұмыстары жүйектің бойында өскіндер өсіп шығып, айқын белгі берген кезден басталады. Қозаның қатараралығын баптау жұмыстарын кешіккен сайын онда арамшөптер тез әрі қаулап өсе бастайды. Топырақтағы қоректік заттар мен ылғалды қозадан бұрын өз бойларына сіңіруге тырысады, қозаны қыспаққа алып, ығыстыра түседі, бой көтеріп өсуіне мүрша бермейді, қайдағы бір зиянкес жәндіктердің ұясына, өсімдік ауруының таралу ошағына айналады.
Қатараралық баптау жұмыстарының негізгі міндеті – арамшөптерді тез жою, топырақтың үстіңгі қабатын қоспаған қалыпында ұстау, ылғалдың мол мөлшерде босқа ысырап болуына және төменгі қабаттағы тұздардың жоғары көтерілуіне жол бермеу, қозаның өсіп-жетілуіне және талшығының сапасы жақсы мол өнімге негіз қалайтын қолайлы жағдайлар жасау.
Бұл міндетті культивация, шабықтау борозда салу және арамшөптен арылту сияқты маңызды шарадларды дер кезінде әрі сапалы атқару арқылы шешуге болады.
Культивация. Қозаны қатараралыған баптаудың аса маңызды тәсілі болып табылады. Өзінің маңыздылығы жағынан бұдан кейінгі орындарды алатын шаралар – қозаны шабықтау мен арамшөптерді отау. Бұл жұмыстарды неғұрлым жеңілдету үшін әуелі қозаның қатараралығын культиватормен сапалы баптап, топырақты едәуір қопсытып алу керек. Культвациядан соң шабықтау мен арамшөп отау жұмыстарын іле-шала ұштастыра жүргізу өте-мөте пайдалы.
Арамшөптерді отау шабықтауға қарағанда әлдеқайда жылдам жүреді әрі еңбекті де өте көп талап ете бермейді. Бұл жұмыс топырақты қопсыту қажет бола бермейтін кезеңде, әсіресе өнімді жинап алуға әзірлік кезінде зор маңыз алады. Өйткені бұл кезде қозалықтағы сорайып өскен «антеналық» арамшөптердің көзін жою өте-мөте қажет. Себебі ондай арамшөптер шитті мақтаны машинамен жинау кезінде көптеген қиындықтар келтіреді – машинаның шпиндельдеріне оралып, қуысын бітеп тастайды, басқада жұмысшы органдарына кедергі келтіреді. Соның салдарынан терім қарқыны төмендеп, баяулай береді, оның үстіне, шитті-мақта жерге шашылып, ысырап та арта түседі. Арамшөп шитті-мақтаның ластануын күшейтеді. Ал, мұның бәрі өнімнің саны мен сапасына келеңсіз әсер етеді.
Қозаның қатараралығын баптау неғұрлым ерте кіріскен жөн. Мұның өзі әсіресе қозаның тамыры шіри бастайтын ауруды болдырмау үшін өте-мөте маңызды. Өйткені қозаның қатараралығындағы топырақ қопсытылады, оның үстіңгі қабаты тобарсып дегди бастайды да, қоза тамырының мол ылғалдың салдарынан шіруге бет алуы тоқтатылады.
Жер асты суының деңгейі жоғары танаптардың топырағын неғұрлым ерте қопсыту арамшөптерді жоюмен қатар топырақтың ауа өткізгіштігі мен қызуын артырады. Мұның өзі әсіресе ауа райының қозаға қолайсыз жылдарында, яғни ауа температурасының жылылығы жетімсіз болғандықтан өсімдіктің өсіп-жетілуі баяулап қалған кезде, өте-мөте қажетті шара ретінде зор маңыз алады.
Сапалы салынған культивация, жақсы жүргізілген шабық пен арамшөптерді отау қоза егістігінің тазалығын қамтамасыз етеді,өсімдіктің қоректік заттарды өз бойына мол сіңіріп, жақсы өсіп-жетілуіне, өнімдік элементтерді көп салуына, көсектердің тез пісіп, ерте ашылуына қолайлы жағдайлар жасайды.
Жер асты суы деңгейінің жоғарылығымен, ызалап көтерілетін ылғалдың молығымен қозаның өсіп-жетілуіне кедергі келтіретін шалғынды сазды топырақтың қызуын жақсарту үшін қозаның қатараралығына салынған культивациядан соі тереңірек борозда тарту қажет.
Қозаның өсіп-жетілуінің бастапқы кезеңінде оны күтіп-баптау жұмыстарының аралығындағы уақыт мерзімінің қагша болатындығы егіс танабының және ауа райының жағдайларына байланысты. Вегетациялық және шиттің өніп, көктеп шығуы алдындағы суарудан кейін топырақ дегди бастаған кезде (Түркістан, Сарыағаш аудандарында) топырақты қопсытып, күтіп-баптау жұмыстарына кірісе беруге болады.күтіп-баптау жұмыстарын жүйектегі қоза бойлап өсіп, бір-бірімен тұтаса бастаған кезде тоқтату қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет