Математика және физика мұғалімдерін даярлау ббб


Курстың жүргізілу тәртібі



бет5/7
Дата26.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#199335
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КУРСОВОЙ
Айбекова З. Саясаттану, Саясаттану П3, прогрессия, pdf 20211122 075111 0000, calendar, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы, жоңышқа
4. Курстың жүргізілу тәртібі.
10-сынып оқушыларының жас ерекшелігі ескеріп, Физика пәні негізінде физика, математика, ағылшын пәнімен байланыстыра отырып құрылды. Ұсынылып отырған курс бағдарламасы «Ағылшын тілі», «Математика» және «Физика» пәндерімен тығыз байланысты.
5. Курс кім үшін ұйымдастырылады?
10-сынып оқушыларының жаратылыстану бағытындағы оқушыларына арналған.
6. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар
Оқушы курсты оқу нәтижесінде:

  • физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы біледі;

  • оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау дағдылары қалыптасады;

  • физикалық терминдерді ағылшын тілінде меңгереді;

  • сандық білім беру ресурстарын (СБР) қолданады.

Курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсініп, есептер шығаруда тиімді қолдануды;
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білуді;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білуді;
- өлшем бірліктерді ХБЖ-не түрлендіруді;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуді;
- сандық білім ресурстарын тиімді пайдалануды меңгереді.
7. Курсты оқытудың мақсаты:
Оқушылардың 10 сыныптың оқу бағдарламасы бойынша «Физика» пәнін негізге ала отырып, CLIL технологиясының көмегімен физикалық құбылыстарды және терминдерді ағылшын тілінде айту және түсіну мақсатында білімдерін кеңейту және басқа да білім беруге арналған платформалардың көмегімен білім беру.
Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • Қазіргі заманғы әлемнің молекулалық физиканың бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы алғашқы білімдерді меңгерту;

  • Есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар орындау;

  • Оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау;

  • Физика пәні бойынша қатысушылардың өз ойын еркін жеткізуге үйрету, өзіндік білімін бағалауға жетелеу;

  • Физикалық терминдерді ағылшын тілінде меңгерту;

  • Сандық білім беру ресурстарын (СБР) қолдану.

8. Бағдарлама құрылымы.
«Макро және микроәлем» пәндік-бағдарлы курстық бағдарламасы негізгі 2 бөлімнен, әр бөлім жеке жеке тақырыптардан тұрады. Бағдарлама барысында жаратылыстану ғылымының тарихы, физикалық зерттеулердің жүргізілу тәртібі, өлшеулер жүргізу, зерттеу жұмыстарын рәсімдеу жолдары ұсынылады. Сонымен бірге, молекулалық физиканың негізгі бөлімдері, заттың құрылысы, зат күйлері, термодинамика негіздері,мкт заңдары қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет