Математика және физика мұғалімдерін даярлау ббб


Түсінік хат 1.Курстың өзектілігі



бет4/7
Дата26.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#199335
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КУРСОВОЙ
Айбекова З. Саясаттану, Саясаттану П3, прогрессия, pdf 20211122 075111 0000, calendar, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы, жоңышқа
Түсінік хат
1.Курстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында білім беру жүйесіндегі өзгерістердің рөлін: «Білім берудің барлық деңгейлерінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажет» деп ерекше атап өтті. Пәндерді тереңдетіп оқыту-курстық бағдарламалар арқылы жүзеге асатынын ескерсек, оқушылардың физикалық білімдерін тереңдетуде бұл «Макро және микроәлем» пәндік-бағдарлы курстың маңызы зор деп айтуға болады.
Физиканы басқа пәндермен байланыстырып, кіріктіріп оқыту ұстанымын қолдану қазіргі кездегі заман талабына сай әрекет жасау. Соның ішінде, жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, болашақта балалардың дүниетанымын, ғылымға деген танымды дамыту мақсатында қолданылады. Мен де бұл курсты оқытуда CLIL технолгиясын пайдаланып оқытудың маңызы зор деп санаймын.
2. Курсты енгізудің себептері.
Мектептегі физика курсын оқып-білуде уақыттың тапшылығы, баланың қызығушылығын арттыруда мұғалімнің қажетті деңгейде тырыспауын факультативтік курстың негізгі себебі ретінде қарастырамын.
Курстың негізгі мақсаты пәнді-тілдік кіріктіріп оқыту, яғни CLIL оқыту технологиясын қолдану арқылы физикалық негізгі терминдік сөздерін ағылшын тілінде білу болып табылады.Сонымен бірге, курсқа қатысушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары қалыптасады. Оқушыларға физика ғылымы жайлы алғашқы түсінік қалыптастыра отырып, физиканы тереңдетіп оқытуға, жарыстарға, олимпиадаларға т.б өзіндік жұмыстарға дайындықтың алғашқы қадамы болып табылады.
3. Бағдарламалық материалдық ерекшеліктері.
Оқушыларға физикалық терминдерді оңай әрі қызықты жеткізу мақсатында CLIL технологиясын, ойын арқылы оқыту технелогиясының элементтерін және сандық білім беру ресурстарын мүкіндігінше пайдалану. Бағдарламаға қосымша ретінде физика пән оқулығы және физикалық терминдік сөздік қоса ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет