Математика және физика мұғалімдерін даярлау ббб


Оқу үдерісін ұйымдастыру формалары



бет6/7
Дата26.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#199335
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КУРСОВОЙ
Айбекова З. Саясаттану, Саясаттану П3, прогрессия, pdf 20211122 075111 0000, calendar, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы, жоңышқа
9. Оқу үдерісін ұйымдастыру формалары.
Курс кезінде тақырыптар бойынша лекция, сайттармен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, терминдік сөздерді білуге бағытталған тапсырмалар, сандық және сапалық есептер, практикалық жұмыстар жүргізіледі.
10. Оқушылардың сыныптық және өзіндік жұмыстарының өзара байланысы.
Мұғалімнің бақылауымен орындаған тапсырмалар негізінде оқушылар өздігінен практикалық тапсырмалар орындайды. Терминдік сөздердің ағылшынша атауларын сөздіктерді, СБР пайдаланып тапсырмалар орындайды.
11. Қорытынды бақылау.
Қатысушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау мақсатында есептерді шығаруға, берілген шамаларды сәйкестендіруге, құралдардың атауларын анықтауға арналған және т.б. тапсырмалар беріледі. СБР пайдаланып тест тапсырмаларын құру және орындау. І және ІІ бөлімнің соңында тест арқылы жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі.
12. Оқытудың көлемі мен мерзімдері
Курстық бағдарлама аптасына 1 сағат, жалпы 34 сағатқа арналып құрылды. Теориялық сабақтарға 15 сағат берілді, практикалық сабақтар 17 сағатты және тараудың соңында жүргізілетін қорытынды бақылауға 2 сағат бөлінді.


Әдебиеттер, қолдынылатын ақпарат көздері және қосымшалар:
1.Физика: жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 10- сыныбына арналған Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев оқулығы
2.Joyteka сайты
3.LearningApps сайты
4.QR Coder.ru
5.https://create.kahoot.it
6.https://quizlet.com
7.https://www.youtube.com
8.https://quizziz.com


Курс мазмұны


І бөлім. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері (15 сағат).
І.1 Молекулалық физиканың тарихы (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.1 Бөлімде физиканың бөлімдерінің бірі молекулалық физиканың тарихын, ғылымының маңызын біледі, ағылшын тіліндегі молекулалық физиканың терминологиясымен танысып, мағынасын түсінеді. Іздену жұмыстары арқылы теориялық білімдерін тәжірибелік тапсырмаларда қолданады.
І.2 Атом және молекулалар (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.2 Бөлімде атом және молекулалардың құрылысымен, өлшемдерімен білімдерін толықтырады, ақпараттар жинайды. Ағылшын тілінде термин сөздерді тапсырады.
І.3 Заттың күйлері (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.3 Бөлімде зат құрылымының молекулалы-кинетикалық теориясын пайдаланып, заттың үш агрегаттық күйде болуын оқиды, яғни газ, сұйық және қатты денелердің құрылымдарымен танысып, біледі. Заттың негізгі күйлерін бір-бірінен ажыратады.
І.4 Молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.4 Бөлімде МКТ-ның негізгі қағидаларымен танысады, сонымен қатар МКТ-ны дәлелдейтін тәжірибелік деректерді оқып, біледі. Термин сөздердің мағынасын біледі.
І.5 Диффузия. Броундық қозғалыс (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.5 Бөлімде диффузия және броундық қозғалыс ұғымдарымен танысады және ғалымдардың тұжырымдамаларын біледі. Мысал келтіріп, өмірмен байланыстырады.
І.6 Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
І.6 Бөлімде молекулалардың өзара әрекеттесу күштері болатынын толықтай дәлелдейтін ван дер-ваальс күштерін меңгереді.
І.7 Температура және оны өлшеу тәсілдері (жалпы 1 сағат, практикалық 1 сағат).
І.7 Бөлімде Термодинамикалық параметрлер соның ішінде температураны Фаренгейт, Цельсий шкалаларына алмастырумен тәжірибелік жұмыстар жасап, жеке жұмыстанып есептер шығарады.
І.8 МКТ-ның негізгі теңдеуі (жалпы 1 сағат, практикалық 1 сағат).
І.8 Бөлімде молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындайды.
І.9 Изопроцестер.Изобаралық процесс (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
І.9 Бөлімде оқушылар топпен жұмыстанып тәжірибе алмасады. Изобаралық процесстің формулаларын, графигін қолданып есептер шығарып жарысады.
І.10 Изотермалық процесс (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
І.10 Бөлімде изотермалық процесс тақырыбын топпен жұмыстанып Джигсо әдісі арқылы түсіндіреді, графиктің мағынасын ашып береді және есептер шығарады.
І.11 Изохоралық процесс (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
І.11 Бөлімін оқыту кезінде оқушылар топпен жұмыстанады. Топтар арнайы WORDWALL сайты бойынша тапсырмалар құрады(сөзжұмбақ, викторина, ребус, дұрыс/бұрыс және т.б).
І Бөлім бойынша қорытынды тест (1 сағат). І бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылау және өзінің жетістіктерін бағалау мақсатында тест алу.
ІІ бөлім. Термодинамика негіздері (19 сағат).
ІІ.1 Термодинамиканың жалпы сипаттамасы (жалпы 1 сағат, теориялық 1 сағат).
ІІ.1 Термодинамика, жылулық құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыру үшін талқылау сабағы өтеді. Ағылшынша терминдерді есте сақтауға арналаған тапсырмалар орындайды.
ІІ.2 Ішкі энергия (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.2 Ішкі энергия , идеал газ, көп атомды газдың ішкі энергиясы, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері ұғымдарын қамтитын бұл бөлімде оқушылар анықтамалар мен ағылшынша атауларын көрсетіп кесте толтырады, тәжірибелік тапсырмалар, терминдік сөздерге байланысты тапсырмалар орындайды.
ІІ.3 Термодинамикадағы жұмыс (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.3 Термодинамикадағы денелердің жұмысына байланысты физикалық шамалардың анықтамаларын білу. Ағылшын тілінде бірілген термин сөздерді білу. Функционалдық сауаттылығын арттыру үшін сапалық, сандық тапсырмалар орындайды.
ІІ.4 Жылу мөлшері (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.4 Бөлімде жүйеге белгілі бір мөлшерде жылу берілуді қамтиды.Тақырып бойынша термин сөздерді біліп, есептерді талдап, деңгей бойынша қиын есептерді шығарады.
ІІ.5 Жылусыйымдылық (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.5 Жылусыйымдылық сипаттамасын білу, бір, екі, көп атомды газдардың жылусыйымдылығын ажырата білу.Есептер шығару.
ІІ.6 Термодинамиканың бірінші заңы және оны изопроцестерге қолдану (жалпы 2 сағат, практикалық 2 сағат).
ІІ.6 Изохора, изотерма, изобара, адиабата процестерінде термодинамиканың бірінші заңы бойынша өрнектеуді түсіну, үйрену. График, күрделі есептермен жұмыс.
ІІ.7 Термодинамиканың екінші заңы (жалпы 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.7 Табиғаттағы барлық процестердің қайтымсыздығы бойынша тақырыпты меңгеріп, оқушылар арасында сұрақ алмасу.
ІІ.8 Жылу қозғалтқыштары.ПӘК (жалпы 2 сағат, теориялық 1 сағат, практикалық 1 сағат).
ІІ.8 Карно циклі, суытқыш, қыздырғыш ұғымдарын білу, есептер талдау.
ІІ.9 Булану,жану,балқу жылулары (жалпы 2 сағат, практикалық 2 сағат).
ІІ.9 Меншікті булану, жану, балқу жылуларының айырмашылығын түсіну, формулаларын білу.Топтық жұмыс арқылы есептер шығарып жарысу,яғни жарыса оқытып дамыту.
ІІ бөлім бойынша қорытынды тест (1 сағат). Бөлім бойынша меңгерген, оқыған білімдерін тест арқылы тапсыру.

Қорытынды бөлім (жалпы 2 сағат, практикалық 2 сағат).Қорытынды бөлімде жыл бойы алған білімдерін жинақтау үшін тапсырмалар құрып, тақырыптық эссе жазады және арнайы платформа бойынша тапсырма орындайды.



1-кесте. «Макро және микроәлем» пәндік-бағдарлы курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары. (аптасына 1 сағ, барлығы 34 сағ)





Курс бөлімдерінің атауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет