Математика және физика мұғалімдерін даярлау ббб



бет7/7
Дата26.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#199335
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
КУРСОВОЙ
Айбекова З. Саясаттану, Саясаттану П3, прогрессия, pdf 20211122 075111 0000, calendar, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар аза тілі (о ы, жоңышқа
«Макро және микро әлем»

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Өткізілу күні

Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары

Теория

Практика

І бөлім. Молекулалы-кинетикалық теорияның негіздері

1

Молекулалық физиканың тарихы

1

1







Молекулалық физиканың тарихына қатысты ғалымдармен танысу, жұмыстарын қарау

2

Атом және молекулалар

1

1







Атом және молекула терминдерін білу, атомның құрылымын білу

3

Заттың күйлері

1

1







Заттың агрегаттық күйлерін ажырата алуы, өмірмен байланысты мысалдар келтіре білуі

4

Молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары



1

1







3 қағиданы жатқа білу, термин сөздерді білу

5

Диффузия.Броундық қозғалыс

1

1







Ақпараттар жинау, терминдік сөздерді білу, тапсырмалар орындау

6

Молекулалардың өзара әрекеттесу күштері

1

1







Анықтамаларды жатқа білу

7

Температура және оны өлшеу тәсілдері



1




1




Температураны өлшеу тәсілдерін білу, ХБЖ-не аудара алу

8

МКТ-ның негізгі теңдеуі

1




1




Тапсырмалар орындау, теңдеуді жатқа білу

9

Изопроцестер.
Изобаралық процесс

2

1

1




Топтық жұмыс, процесстерді ажырата білу, графикпен жұмыс жасай білу, есептер шығару

10

Изотермалық процесс

2

1

1




Топтық жұмыс, графикпен жұмыс, қосымша есептер шығару

11

Изохоралық процесс

2

1

1




Топтық жұмыс, графикпен жұмыс, қосымша есептер шығару

12

І бөлім бойынша қорытынды тест

1




1




Тест орындау

Сағат саны

15

9

6







ІІ бөлім. Термодинамика негіздері

13

Термодинамиканың жалпы сипаттамасы

1

1







Ақпараттар жинақтау, терминдік сөздерді білу

14

Ішкі энергия

2

1

1




Анықтаманы білу, есептер шығару

15

Термодинамикадағы жұмыс

2

1

1




Анықтаманы білу, есептер шығару

16

Жылу мөлшері

2

1

1




Топтық жұмыс, КВЕСТ ойыны арқылы тапсырмалар орындау

17

Жылусыйымдылық

2

1

1




Практикалық жұмыс жасау, терминдік сөздерді білу

18

Термодинамиканың бірінші заңы және оны изопроцестерге қолдану

2




2




Анықтамаларды, терминдерді білу, сөздерді табуға байланысты тапсырмалар орындау

19

Термодинамиканың екінші заңы

1




1




Анықтаманы, терминдерді білу

20

Жылу қозғалтқыштары.
ПӘК

2

1

1




Жылу қозғалтқыштарын ажырата білу, формулаларды білу, тапсырмалар орындау

21

Булану,жану,балқу жылулары

2




2




Меншікті жылулардың формулаларын білу, есептер шығара алу

22

ІІ бөлім бойынша қорытынды тест

1




1




Тест орындау

Қорытынды бөлім
















23

Жалпылау сабағы

1




1




Эссе жазу

24

Қайталау сабағы

1




1




Платформа бойынша тапсырма орындау

Сағат саны

19

6

13









Термодинамика тарауы бойынша «Жылу мөлшері» тақырыбына арналған 1-күндік практикалық сабақ жоспарын ұсынамын және сабақта қолданатын педагогикалық технология түрімен бөлісемін. Ол- Квест ойыны. Ойын адамның көңілін көтеріп қана қоймай, білім деңгейімізді арттыруға өз септігін тигізеді. Ойын әдісін қолдану ең ұтымды шешім деп ойлаймын.
Квесттік тәсіл сабақтың сюжетін, нақты ережелерді, белгіленген рөлдерді зерттеуді білдіреді. Бұл тәсіл топтық жұмысты қолданумен байланысты мәселелерді кешенді шешу болып табылады. Менің ойымша,бұл жұмыс түрі оқу процесін жүзеге асырудың әмбебап құралы болып табылатын мектеп оқушылары үшін қолайлы.


Сабақтың тақырыбы: Жылу мөлшері;
Сабақтың мақсаты: Жылу мөлшері тақырыбын түсінікті деңгейде жеткізу, баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын қалыптастыру, жаңа заман талабына сай педагогикалық технологияларды үйрету;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы;
Сабақтың әдісі: Квест ойыны, ойын- сабақ.


Сабақтың барысы
Сабақтың басы (7 мин):
1. Оқушылармен амандасып, сабақта жоқ оқушыны белгілеп аламын.
2. Өткен тақырып бойынша тапсырмаларын, есептерін ауызша сұрап тексеремін.
(Міндетті түрде тақырып бойынша 10-15 шақты есептің шығарылу жолымен болуын талап етемін).
Сабақтың ортасы (25-30 минут):
1. Мұғалім оқушыларды білім деңгейіне қарай 2 топқа бөлемін.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқушыларға КВЕСТ ойынын интерактивті тақта көмегімен және QR-қосымшасы арқылы ойнатамын. Ойын топтық жұмыс арқылы іске асады, балалардың топпен ынтымақтаса жұмыс жасаулары үшін осы әдіс тиімді деп ойлаймын. Ойын 5 сұрақтан : ашық, жабық сұрақтар мен есептерден тұрады. Жасырылған парақшаларды тауып, артында тұрған сұрақтарға дұрыс жауап берулері керек, олай болмаған жағдайда есіктен шыға алмайды. Жеңіске ең бірінші болып есіктен шыға алған топ жеңіске жетеді.



3-сурет. КВЕСТ бөлмесі


Сұрақтары:


1. Жылу мөлшерін өлшейтін құрал?
2. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді?
3. Жүйеге берілген жылу мөлшері Q , ал сыртқы күштердің атқарған жұмысы A болса ,онда U ішкі энергияның өзгерісі қандай болады?
4. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергиясы 200 Дж артты. Газдың істеген жұмысы неге тең?
5. Идеал жылу машинасының температурасы 127С, ал суытқыштың температурасы 17С болса, бұл жылу машинасына 30 кДж жылу берілсе қандай жұмыс атқарады?
3. Ойынды ойнап болған соң тақырып бойынша термин сөздердің аудармасы мен анықтамаларын қорытындылау кезеңі ретінде әр баладан жатқа сұраймын.
Жылу мөлшері-
Жұмыс-
Ішкі энергия-
Сабақтың соңы:
1. Сабақтың соңында оқушылар өз-өздерін SMART сағат бағалау парағы арқылы бағалайды.
2. Кері байланыс түріне сабақ соңында оқушыларға арнайы қағаз таратылады.Оқушы өзінің қаншалықты түсініп- түсінбегенін белгілейді, және түсініксіз болған ұғымды немесе есепті қағаздың артына жазуға рұқсат беремін.

4-сурет. Кері байланыс қағазы
3.Үй жұмысы: тақырып бойынша 15 сұрақтан тұратын тест дайындау.


ҚОРЫТЫНДЫ


Бұл жұмыста "Молекулалық физика" бөлімінің теориясы, оқыту әдістемесі мен мектеп бөлімін тереңдетіп оқыту мәселесі қозғалды. Молекулалық физика бөлімі бойынша сипаттама берілді. Ең алғаш тұжырымдама жасаған ғалымдардың есімдері аталды. Айтқанымдай, мектепте молекулалық физиканы оқуда белгілі бір проблемалар бар-ол уақыттың жеткіліксіздігі және деңгейдің төмен болуы. Қазіргі білім дамып келеді, сондықтан физика саласын игеру үшін қосымша сабақтарды енгізу қажеттілігі туындайды.
Жаңа заман педагогикасы деңгейінде оқушылар өз бетінше жұмыс істей алатын және өз-өздерін толықтай дамытып, көрсете алатын бағдарламалық курс құрылды. Бұл курс оқушылардың білімі үшін қалай маңызды болса, мұғалімдер үшін де дәл солай маңызды болып саналады. Өйткені, мұғалімнің оқушы үшін жасайтын ең жағымды іс-әрекеттерінің бірі ол- бағыт-бағдар берумен қатар пайдалы білім нәрін сусындату.
Маңыздысы, бұл бағдарламаны оқыту барысында мектептегі зерделеу нәтижесінде білім алушылар алған білімдері мен дағдыларын міндеттерді шешу үшін қолдануы тиіс. Оқушылардың бұл курсты меңгере отырып жаңа қабілеттері ашылуы мүмкін. Балаға қазірден сапалы білім беру- ертеңгі күні баламызды биік шыңнан көру!


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. Физика 2006 82-91 беттер.
2. А.Тусюбжанов, С.Мақсұтов, А.Нұрбаев. Физика 2018 115-126 беттер.
3. Т.Бижігітов Жалпы физика курсы 2013 296-309 беттер.


ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4.https://kpfu.ru/portal/docs/F157122380/MD_Ganeeva_2016.pdf
5.http://www.kakprosto.ru/imageboard/211536-kartinka-po-teme-chto-takoe- molekula.
6.http://potential.org.ru/Home/ArtDt200504230944PH9J4
7. http://www.yaklass.ru/materiali?mode=lsntheme&themeid=127
8. http://900igr.net/kartinki/fizika/Zakony-molekuljarnoj-fiziki/029-Brounovsko e -dvizhenie.html
9. http://interest-travel.ru/albert-ejnshtejn-fakty/html
10. https://ru.wiki2.org/wiki/Файл:States_of_matter_Ru_svg
11. http://studfiles.ru/preview/2201372



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет