Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi



бет19/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз
Маметулла Әлішер 401, Калий Оксикбаева, хим слайд, хим слайд, Презентация1, БУЛАНУ, анатомия руб, 1 лек, 1-2 практ сабак

Бақылау сұрақтары

1. Бiлiм беру мекемесi басшысының басқару мəдениетiнiң негiзгi компоненттерiн атаңыз?

2. Жалпы бiлiм беретiн мектеп басшысының негiзгi қызметтiк мiндеттерi қандай? Лауазымды

адамдардың мiндеттерi қандай құжат арқылы белгiленген?

3. Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай жəне оның рөлi?

4. Мектептiң түрлi жұмыс жоспарларына талдау жасаңыз. Олардың өзара байланысы қалай iске

асады.

5. Мектептегi лабораториялық сабақ барысында мектептiң жылдық жұмыс жоспарымен



танысыңыз. Жоспардың негiзгi бөлiмдерiнiң мазмұнына талдау жасаңыз.

6. Мектеп басшысының ұйымдастырушылық қызметiнiң негiзгi мазмұны қандай?

7. Мектептiң педагогикалық кеңесiнiң, директор жанын-дағы кеңестiң, оқушылар комитетiнiң

қызметiне сипат-тама берiңiз.

8. Тексеру мен реттеу басқа мектепiшiлiк басқару қызмет-терiмен қалай байланысқан?

Мектепiшiлiк басқаруда қандай əдiстер қолданылады?



3.3 Педагогикалық процестi басқарудағы əлеуметтiк институттардың өзара əрекеттестiгi

1. Мектеп, отбасы, жұртшылық жəне мектептiң

бiрлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық

Мектептiң ұйымдастырушы тəртiп орталығы ретiн-дегi қызметiнiң ең маңызды

бағыттарының бiрi-мектеп-тiң, отбасының жəне жұртшылықтың күшiн бiрiктiру. Бұл жұмыстың

мазмұны, əдiстерi мен түрлерiне қарай өзiндiк ерекшелiгi болады. Ол əрекеттiң өзiндiк ерекшелiгi

бiрқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестiң обьективтi заңдылықтарын

бiлу; қазiргi жағдайдағы мектептiң əлеуметтiк қызметiне қанық болу; қазiргi отбасының

ерекшелiктерi мен даму тенденцияларын түсiну, мұғалiмнiң, ата-аналар, жұртшылық өкiлдерiмен

жас ұрпақ тəрбиесiне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы.

Мектеп балалар тəрбиесi мен отбасы тəрбиесiн педагогикалық басқарудағы тiкелей iске

асыратын маңызды əлеуметтiк институт болып табылады. Жас ұрпақты өмiрге дайындауда жаңа

сапалық белгiлер қалып-тасып, дербестiктi дамыту, кəсiптiк бағдар, бiлiм алу жəне өздiгiнен бiлiм

алу, қабiлеттердi анықтау жəне дамыту сияқты мəселелерге ерекше маңыз бере бастады. Мектеп-

тiң, отбасының жəне жұртшылықтың тəрбиелiк қызметi-нiң бiртұтастығы мектептiң мақсатты түрде

жүргiзген жүйелi жұмыстарының нəтижесi. Ал бұл нəтиже қазiргi заманғы бiлiм беру мекемесiне

қойылатын басты талаптардың бiрi.

Белгiлi педагог В. А. Сухомлинскийдiң еңбектерiнде ''мектептiк-отбасылық тəрбие'' ұғымы

кең қолданылады. Оның пiкiрiнше тəрбиенi мектептiк немесе отбасылық деп қарастыруға

болмайды, өйткенi бала тұлғасы бiртұтас жəне оны қалыптастыру процесi де бiртұтас сипат

алады. Мiне, осындай бiртұтас тəрбие процесiнде мектеп жетекшi рөл атқарады.

Мектеп отбасының тəрбиелiк мүмкiндiктерiн кеңiтедi жəне дамытады, осы бағыттта

педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргiзедi, қоғамдық жəне мектептен тыс ұйымдардың мектеп

пен отбасына белсендi түрде көмек көрсетуiн ұйымдастырады жəне бағыттайды, олардың

əрекеттерiн үйлестiредi. Мектеп басшысының, сынып жетекшiсiнiң жұмыс жүйесi ең тиiмдi түрлер

мен əдiстер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың

нəтижелiгiн қамтамасыз ететiндей талаптарға жауап беруi тиiс.

Ең бiрiншi талап - бүкiл педагогикалық ұжым əрекетiнiң мақсаттылығы. Ата-аналармен

жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшiн

ата-аналар жиналысын өткiзу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына ___________жекелеп ықпал жасау қажет.

Екiншi талап - мұғалiмнiң кəсiптiк бiлiктiлiгiн, педагогикалық мəдениетiн көтеру. Оның

жолдары əртүрлi болуы мүмкiн. Мысалы: сынып жетекшiлерi секциясының жұмысы, ''Отбасылық

педагогика'' немесе ''Отбасы тəрбиесiн жетiлдiру'' сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы;

мектеп тəжiрибесiнде анықталған формалды емес жасөспiрiмдер тобының ерекшелiктерiн есепке

алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетiмен жiберiлген балаларды есепке алу,

ата-аналардың жүргiзген жұмыстарының тиiмдiлiгiн анықтау, олардың озық тəжiрибелерiне

педагогикалық талдау жасау.

Үшiншi талап - педагогикалық ұжымның сынып жетекшiсi мен мұғалiмдердiң ата-

аналармен жүргiзетiн жұмыстарына бiрыңғай талап жүйесiн жасау. Бұл талап негiздi, əдептi,

заңды болуы тиiс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келiспеушiлiкке апарып

соғады.


Төртiншi талап – ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

2. Мектептiң педагогикалық ұжымы. Педагогикалық ұжымның ерекшелiктерi

Басқарудың жəне өзiн-өзi дамытудың субъектiсi ретiнде қазiргi педагогикалық ұжым туралы

ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен

тəрбиенiң өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бiрлесе жұмыс iстеуi,

педагогтардың өзiн-өзi дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.

Тəрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мəселесi отандық педагогика ғылымында

педагогикалық ұжымның екi орнықты моделiн iздеумен бiрге қарас-тырылды. Мұғалiмдердiң

тəрбиелiк ықпалын бiрiктiру 20-30 жылдары педагогика мен мектептiң маңызды мiндеттерiнiң бiрi

болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко жəне т.б./ ''Тəрбиешiлер ұжымы болуы

керек'', – деп жазды. А. С. Макаренко - тəрбиешiлер ұжымға бiрiккен жерде жəне бiртұтас жұмыс

жоспары, балаға деген бiрыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тəрбие процесi болуы мүмкiн емес''.

Педагогикалық ұжымның топтасуы жəне дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдiң

педагогикалық жүйесiнде практикалық көрiнiс тапты. Ол əрбiр педагогикалық ұжымның өзiндiк

ерекшелiгi болатындығын атап көрсеттi. Тəжiрибе алмасу сол мектептiң жұмысын көшiрiп алу

емес, қайта оның қызметiнiң идеялары мен концепция-ларын бағалау болмақ.

Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметiнiң iшкi механизмiн ашуға

арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. Х. Жакуров жəне т.б./ еңбектер

жарияланды. Педагогикалық ұжым адамдардың əлеуметтiк жəне кəсiптiк

бiрлестiгi ретiнде ұжымға тəн барлық белгiлердi бiрiктiредi. Ерекше адамдар тобы ретiнде мектеп

педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты

жəне ұзақ мерзiмде əрекет ету сияқты қоғамдық жəне кəсiптiк сипаттар тəн.

Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлiгi болып есептеледi..

Кез келген ұжым сияқты мектептiң педагогикалық ұжымының өзiндiк ерекшелiктерi болады.

Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелiгi оның кəсiптiк қызметiне байланысты,

нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тəрбиелеуде. Педагогикалық ұжым-ның кəсiптiк

қызметiнiң тиiмдiлiгi оның мүшелерiнiң педагогикалық мəдениетiнiң деңгейiмен, тұлғаларының

қатынас сипатымен, ұжымдық жəне дербес жауапкер-шiлiктi сезiнуiмен, ұйымшылдық,

ынтымақтастық деңгейi-мен анықталады. өзiнiң мəнi жағынан педагогикалық, тəрбиелiк болып

табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердiң ұжымы, олардың өзара қатынасы,

бiрлесе əрекет етуi туралы алғашқы түсiнiктердi қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық

ұжымды өзiн-өзi ұйымдастыруға, үнемi өздiгiнен жетiлуге ынталандырады.

Мұғалiмдер ұжымның педагогикалық қызметi оқушылар ұжымымен өзара тығыз

əрекеттестiкте өрбидi. Сондықтан педагогикалық мiндеттi шешу оқушылар ұжымының тəрбиелiк

мүмкiндiгi қай деңгейде, қанша-лықты iске асырылуына тiкелей тəуелдi болып келедi. Басқару

iлiмiнiң категориясы ретiнде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы

болады. Ал қазiргi əрекет пен қатынастың субъектiсi ретiнде жеке тұлғаға баса назар аударылған

жағдайда педагогикалық жəне оқушылар ұжымы басқарудың да, өзiн-өзi дамыту-дың да субъектiсi

болып отыр. Мұғалiмдер ұжымы өзiнiң орасан зор интеллектуалдық, тəрбиелiк күш-қуаты

бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тəрбие

субъектiсi ретiнде əрекет жасайды.

Педагогикалық ұжымның басты ерекшелiгiнiң бiрi ретiнде мұғалiмдiк кəсiп қызметiнiң көп

қырлылығын атау керек. Қазiргi мұғалiм пəн мұғалiмi, сынып жетекшiсi, үйiрме, студия жетекшiсi,

қоғамдық жұмыстар сияқты қызметтердi атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық

ұжымға тəн. өзiнiң кəсiптiк мiндеттерiн шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегiнен

шығып кетедi. Қоршаған əлеуметтiк ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық

өкiлдерiнiң педагогикалық мəдениетiн қалыптастыру тұтас алғанда педагогикалық ұжымның

ажырамас қызметiне айналады. Көптеген мұғалiмдердiң педагогикалық əрекетiне

зерттеушiлiк қызметi тəн. Қазiргi мұғалiм-зерттеушi - нормативтi қызмет жасымен шектелмейтiн,

педагогика-лық жаңалықтың жетiстiгi мен кемшiлiгiн тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен

технологияларға баға берiп, игерiп жəне практикада қолдануға қаблеттi педагог.

Педагогикалық ұжымның ендiгi бiр ерекшелiгi оның жоғары денгейде өзiн-өзi басқара алуында.

Ұжымдағы мектеп кеңесi, əдiстемелiк комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы

мұғалiмдердiң сайлану арқылы өкiлеттiк алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптас-тырып

дербестiк пен белсендiлiк дамытады. Педагогика-лық ұжым мүшелерiнiң, оның басшыларының

қызметтiк мiндеттерi, қызметтiк нұсқаулары арқылы дəл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық

сипатын нығайтады.

Педагогикалық ұжымның келесi ерекшелiгi оның қызметiнiң ұжымдық сипаты мен нəтиже үшiн

ұжымдық жауапкершiлiгi. Егер жекелеген мұғалiмдердiң, əсiресе орта жəне жоғары сынып

мұғалiмдерiнiң iс- əрекетiн өзге мұғалiмдердiң iс-əрекетiмен сəйкестендiрмесе, оқушы-лардың

бiлiмiн бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бiрыңғай талап болмаса онда ол табысқа

жеткiзбейдi. Мұғалiмдердiң бiртұтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенiмдерiнен

көрiнедi, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бiрсарындылығын бiлдiрмейдi.

Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық

шығармашылық, оптимизм, жалпы жəне кəсiптiк мəдениет мұғалiмдердiң iс-əрекетiнiң

бiртұтастығын материалдық негiзiн құрайды.

Педагогикалық ұжым өмiрiнiң еркешелiктерiнiң қатарында белгiлi бiр педагогикалық еңбектiң

түрiн атқарудан уақыт шегiнiң болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалiмнiң шамадан тыс

жұмыс бастылығына, рухани дүниесiн байытып, кəсiптiк дамуын арттыруға уақыт таба алмауына

себеп болады. Бақылау нəтижелерi

көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетiспеуiне байланысты

мұғалiмдiрдiң баспасөзге жазылуы, түрлi əдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар,

мұражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кеттi.

Педагогикалық ұжымға тəн өзiндiк ерекшелiктердiң бiрi оның құрамында əйелдердiң басым

болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Əйелдер ұжымы

еркектер басым болып кететiн ұйымдарға қарағанда тез əсерленгiш, көңiл күйi жиi алмасады,

барынша дау-жанжалға бейiм. Дей тұрғанмен, əйелдер жаратылысынан тəрбие iсiне бейiм,

педагогикалық ықпал жасаудың əдiстерi мен тəсiлдерiн таңдауда барынша икемдi екендiгiн де

есте ұстау керек.

Педагогикалық ұжымдарда əйелдердiң басым болуы – жаңа проблема емес. Ол проблема

материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжым-дардан еркектердiң басқа

табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленiсе түстi. В. А. Сухом-линский, А. А.

Захаренко сияқты педагогтар мектебiнiң тəжiрибесi педагогикалық ұжымда, əр жыныстың қажеттi

өкiлеттiлiгiнiң болуы педагогикалық ұжымның үйлесiм-дiлiгiн, педагогикалық процестiң

бiртұтастығын қамтама-сыз ететiндiгiн көрсетедi.

Бұл проблема соңғы кезде əкесiз отбасылар көбеюiне байланысты маңызды бола түсуде.

Дегенмен, педагогика-лық ұжымдағы еркек пен əйелдердiң барынша орнықты арақатынасын

айқындау өте қиын. Ол əрбiр нақты жағдайда өзiнше шешiм табуы тиiс. Бiрақ қалай болғанда да

мектептегi еркектердiң жетiспеушiлiгiн əке, ата-аналарды, өндiрiстiк ұжым мүшелерiн сабақтан тыс

уақыт-тағы тəрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.

Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы

Ұжым психологиясы жөнiндегi зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В.

Петровский, А. Л. Свентицкий жəне т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлұмат бередi.

Соның iшiнде ұжымға əлеуметтiк-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйым-дық құрылымы

ресми жəне бейресми болып бөлiнетiндiгiн аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретiнде ұжым

мүшелерiнiң салыстырмалы түрде бiршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.



Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары, еңбек бөлiнiсiнiң

ресми реттелуiне байланысты. Ресми құрылымның шеңберiнде əрбiр адам кəсiптiк қызметтi

атқаруда белгiлi тəртiп, ережелер негiзiнде еңбек ұжымының өзге мүшелерiмен əрекеттеседi. Бiр

сыныпта жұмыс iстейтiн мұғалiмдер бiлiм стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ кестесiн,

кəсiптiк этика нормаларын басшылыққа алады. Əрбiр мұғалiм мектеп басшыларымен,

əрiптестерiмен iскерлiк қатынаста болады. Ал, мұғалiм мен мектеп басшылары-ның арақатынасы

қызметтiк нұсқаулар жəне өнiмдермен реттеледi.

Ұжымның қалыпты жұмыс iстеуi, оның ресми құрылымы бiрқатар жағдайларға байланысты.

Мұғалiм-дердiң ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегiнде бiрлескен жұмысты

ұйымдастыру деңгейiмен, əрекеттердi үйлестiру, түрлi шұғыл жұмыс кестелерiнiң, оқу-тəрбие

процесiнiң барысы мен нəтижелерiн тексеру жүйесiнiң болуымен, қоғамдық мiндеттер мен

тапсырма-лардың теңдей бөлiнуiмен айқындалады.



Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерiнiң алдын ала белгiленген

мiндеттерiнен тыс нақты iс-əрекет негiзiнде қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның

мүшелерi арасындағы қалып-тасқан қатынастар жүйесiнен тұрады. Ондай қатынастар жек көру

мен ұнату, құрметтеу, махаббат, сенiм немесе сенiмсiздiк, ынтымақтасу, бiрлесе жұмыс iстеудi

қалау немесе қаламау сезiмдерi негiзiнде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның iшкi, көбiне

жасырын, көзге көрiнбейтiн жағдайын танытады.

Жас мұғалiм педагогикалық қызмет процесiнде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық

құрылымға сəйкес мектеп директорының оқу iсi жөнiндегi орын-басарына, сонымен бiрге қажет деп

тапса бiлiктi, тəжiрибелi маман ретiнде басқа мұғалiмнен көмек сұрайды.

Ал мұғалiмдер арасындағы бейресми байланыстар түрлi себептерден туындайды. Бiр

жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты əлеуметтiк қажеттiлiктен туындаса, келесi

жағдайда тəжiрибелi жолдасынан кəсiптiк көмек, қолдау алуға байланысты, үшiншi жағдайда –

жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртiншi жағдайда өзгелердi өзiне бағындыруға

ұмтылған эгоистiк себеп-терден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының

мынадай белгiлерiн бөлiп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми

пiкiрдiң қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы жəне

т.б.

Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бiр-қатар факторлар ықпал етедi.



Педагогикалық ұжымның өзiндiк ерекшелiктерiн ескере отырып, осындай ықпал етушi

факторларды қарастырып көрейiк.

Ол ең алдымен мұғалiмдер ұжымы шешетiн кəсiптiк-педагогикалық мiндеттердiң

сипаты. Педагогикалық процестiң тұтастығы, оқыту мен тəрбиелiк ажырамас байланысы

мұғалiмдер, сынып жетекшiлерi, ата-ана мен жұртшылық өкiлдерiнiң əрекетiн бiрiктiредi.

Дегенмен, əр мұғалiм өзiнiң нақты қызметiн атқарғанымен ол өз əрекетiн педагогикалық процестiң

басқа да қатысушылары – мұғалiмдер, оқушылар, мектеп əкiмшiлiгiмен келiсе отырып жүргiзедi.

Мектептегi, сыныптағы iстiң жағдайы туралы дер кезiнде алынған объективтi ақпарат

ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерiн бiрiктiре түседi. Психологиялық

зерттеулер /А. И. Донцов, Р. Х. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажеттi шарты мақсат бiрлiгi

екендiгiн дəлелдейдi.

Ұжымдық құрылым белгiлi дəрежеде педагогикалық ұжым мүшелерiнiң əлеуметтiк-

демографиялық, дербестiк-психологиялық ерекшелiктерiне тəуелдi тығыз iскерлiк, тұлғааралық

қатынастардың қолайлы негiзi ұжымның жасына, бiлiмiне, бiлiктiлiк деңгейiне, кəсiптiк құндылық-

тары сияқты белгiлерi бойынша бiртектiлiк екендiгi даусыз.

Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары деңгейiмен ерекшеленедi. Дегенмен

педагогикалық ұжымдар өзiнiң құрамы жағынан барынша əртектi болып келедi: оның құрамына

бiлiктiлiк деңгейi əртүрлi жыныс өкiлдерiнен тұратын жас жəне тəжiрибелi мұғалiмдер енедi. Бұның

барлығы əртүрлi бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негiз қалайды. Мектеп басшылары

педаго-гикалық ұжымды ұйымдастырғанда жəне басқарғанда бұл жағдайды ескеруi тиiс.

өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екi жақты сипат алады.

Бiр жағынан ұжымiшiлiк қатынас, ұжымның тұрақтылығын бiлдiрсе, екiншi жағынан педагогикалық

ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.

Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерiнiң мүддесiн, қажеттiлiгiн, қаншалықты



қанағаттандыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейiн анықтайтын бұндай факторлардың

қатарында ұжымның беделi, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегiнiң мəнiн сезiне бiлу,

моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дəстүрлерiн айтуға болады.

Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемi де елеулi етедi.

Психологияда шағын ұжымдардың мүшелерi арасында байланыс бiршама тұрақты, берiк болып

келетiндiгi дəлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерiнiң арасындағы қатынас ресми

сипат ала бередi. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтығы,

бiрге демалу сияқты түрлi себептермен бейресми топтар, бiрлестiктер пайда бола бастайды.

Педагогикалық ұжым мүшелерiнiң саны оны басқарудың сипатын айқындайды. Шағын

ұжымдарда педагогтар бiрiн-бiрi жақсы бiледi, бiрақ бұндай ұжым-дарда араласу, бiрiн-бiрi рухани

байыту мүмкiндiгi барынша шектеулi. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделi құрылымы

қалыптасады, олар барынша қунақы, кейде тiптi ұрыс-жанжалға бейiм, бiрақ осындай ұжым-дарда

жарқын, ешкiмге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкiндiгi де үлкен.

Педагогикалық ұжымдағы

əлеуметтiк-психологиялық климат

Ұжымдағы көңiл-күй мен қоғамдық пiкiр, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың

деңгейiн ондағы қалыптасқан əлеуметтiк-психологиялық климат-пен айқындалады.

''Психологиялық климат'', ''əлеуметтiк-психологиялық климат'' немесе ''микроклимат'' ұғымдары

ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай əлеуметтiк-

психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзiн барынша жайлы сезiнiп,

тұлғалық жəне кəсiптiк қатынас-тарда өзiн жан-жақты таныта алуын бiлдiредi. Ұжымдағы

психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың

көңiл-күйi, хал-жайы, бiрлесе атқарған жұмыс процесiне көңiлi толуы айқындайтын болғандықтан

психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды əлеуметтiк-

психологиялық климат қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-

райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шiлiктi құрметтеумен өзара

талапшылдықпен, сергектiк-пен ерекшеленедi. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара

қатынастағы сергек көңiлдi /мажырлы/ екпiнге баса мəн берген.



Əлеуметтiк-психологиялық климат ұжым мүшелерiнiң бiрлескен iс-əрекет пен өзара

қатынас процесiнiң сипатын танытатын ұжымның сезiмдiк-психологиялық жағдайларының

жүйесiн бiлдiредi. Əлеуметтiк-психологиялық климатты осылай түсiне отырып, оның мынадай

негiзгi қызметтерiн атауға болады. Педагогикалық ұжымның əлеуметтк-психологиялық

климатының топтастырушылық қызметi ұжым мүше-лерiнiң оқу-тəрбие мiндеттерiн шешуге

ұжымдық күш-жiгердi топтастыруын, бiрiгуiн iске асырады. Ынталан-дырушылық қызметi

педагогикалық əрекеттiң қолдануына қажеттi ұжымның ''эмоциалдық күш-қуатын'' қалыптас-тыруға

байланысты. Тұрақтандырушылық қызметi ұжым iшiлiк тұрақтылығын қамтамасыз етiп, ұжымға

жаңа мүшелердiң енуiне қажеттi алғышарт жасайды.

Реттеушiлiк қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерiнiң тəртiбiне

баға беруде көрiнедi.

Психологияда қолайлы əлеуметтiк-психологиялық климаттың басты көрсеткiштерiн

айқындау бағытында зерттеулер жүргiзiлуде. Бiр жағдайларда көрсеткiш ерекшелiктерi ретiнде

тұлғааралық, адамгершiлiк, сезiмдiк, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендiгi бiр

жағдайларда ұжымдық əрекет тиiмдiлiгiнiң барынша жалпы сипаттамасына баса мəн берiледi.

Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:

ұжым мүшелерiнiң ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесi мен нəтижесiне қанағаттануы;

ресми жəне бейресми жетекшiлердiң беделiн мойындауы;

ұжымдағы жарқын, көтерiңкi көңiл-күй;

ұжым мүшелерiнiң басқаруға жəне ұжымның өзiн-өзi басқаруға қатысуының жоғары деңгейi;

ұжым мүшелерiнiң топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;

сапалы тəртiп;

еңбектiң өнiмдiлiгi;

кадрлардың тұрақтылығы.

Қолайлы əлеуметтiк-психологиялық климаттың бұл белгiлерiн педагогикалық ұжымға баға

беруде қолдануға болады.

Əлеуметтiк-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелерiне жағымды

немесе жағымсыз ықпал жасайды. өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас бiрiккен ұжымда

тəжiрибелi немесе жас мұғалiм бiрлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостық немесе

қысым үстемдiк еткен жағдайда ұжым мүшесi ұнжырғасы түсiп, қағажау көредi, бұл жағдай оның

кəсiптiк қызметiнiң төмендеуiне, дау-жанжалдың пайда болуына, тiптi басқа ұжымға ауысуына

апарып соғады.

Кең көлемдегi кəсiптiк-педагогикалық мiндеттерiн атқара жүрiп мұғалiм өзiн жəне еңбегiн

жұртшылықтың бағалауын қажетсiнедi. Педагогтар əсiресе беделдi адамдар тарапынан, соның

iшiнде басшылар мен ата-аналар тарапынан берiлген бағаны түсiнуге бейiм. Жағымды баға

педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзiнiң қызметiн, кəсiптiк позициясын, өзгелермен

қарым-қатынасын қайта қарауға негiз болады. Сондықтан педагогикалық ұжым-дағы қатынас

өзара сыйластық, принциптi, талапшыл жəне тiлеулестiк сипатта болуды талап етедi.

Əлеуметтiк-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмi елiктеуден -

өзге адамдар-дың сезiмiн, ойларын тiкелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық

қызмет барысында кейбiр мұғалiмдер өз əрiптестерiнiң эмоциялық жағдайын түсiнуге жəне оған

төзуге қабiлеттi болса, екiншiлерi оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенiмi,

ықыласымен сəйкес келетiн, келмейтiндiгiн салыстыруға бейiм. Ұзақ уақыт бiрлесе қызмет жасау,

мүдде ортақтығы жағымды елiктеу процесiн едəуiр жеделдетедi. өз əрiптесiнiң сезiмдiк-

психологиялық көңiл-күйiн танып, оны түсiне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудың

оңтайлы шешiмiн өз басынан iздестiредi.

өзара əрекеттестiктен екiншi жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады.

Обал, сауапты бiлетiн, принциптi, iске жауапкершiлiкпен қарайтын, тəртiптi, көпшiл, қайырымды,

əдептi педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулi ықпал жасай алады. Ал

керiсiнше, тоғышар, əдепсiз, тəртiбi тиянақсыз ұжым мүшесi жағымсыз климат орнықтыруға ықпал

жасайды.


Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерiнiң интеллектуалдық, сезiмдiк жəне мiнездерiнiң

жiгерлiлiк белгiлерiне тəуелдi болып келедi. Жекелеген педагогтардың танымдық белсендiлiгi,

өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметтi дамытып, жаңа технологиялар iздестiруге

ұмтылады. Жiгерлi педагог-жетекшi соңынан өзгелердi ерте алады. Егер ұжым мүшелерiнiң ақыл-

ойы, сезiмi, ерiк-жiгерi педагогикалық қызметке жұмылдырыл-са, онда табысқа жету қиын емес.

Жеке адамның ұжымға жəне оның əлеуметтiк-психологиялық климатына ықпал жасайтын

негiзгi əдiстерi – көзiн жеткiзу, сендiру, жеке үлгi көрсету. Көзiн жеткiзу адамдардың бағасын,

пiкiрiн, қалыптасқан мiнез-құлық нормалары мен ережелерiн нақты адамның - көз жеткiзетiн

тұлғаның түсiнiгiне сəйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткiзушi факторлардың

қуатын, қисынмен дəлелдi пайдаланып___________, тек ақыл-ойға ғана емес, əңгiмелесу-шiнiң сезiмiне де əсер

етедi. Сендiру процесiнде бiр адамның екiншi адамға немесе тұтас ұжымға əсерi ырықты немесе

ырықсыз түрде iске асады. Сендiрудiң көмегiмен педагогикалық ұжымда көңiл-күй қалыптасып,

идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды əлеуметтiк-психологиялық

климаттың қалып-тасуына жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиiмдi əдiсi жеке үлгi көрсету

болып табылады. Ол үлгi адамның өз еңбегiне, əрiптестерiне, ұжымдық пiкiрге қатынасы болуы

мүмкiн. үлгi барлық кезде де нақты, ол əрекет пен мiнез-құлықтың үлгiсiн бередi, көңiлдегi мен

өмiрдегiнi салыстыруға мүмкiндiк бередi.

Педагогикалық ұжымдағы келiспеушiлiк

Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергi жасайтын факторлардың

қатарына ұжымдағы келiспеушiлiктi немесе ''климаттық ауытқуды'' атауға болады. Əлеуметтiк-

психологиялық келiспеушiлiктi көптеген мамандар адамдардың тiкелей қарым-қатынасы

саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленiсiп кетуi ретiнде қарастырады.

Педагогикалық ұжымда пайда болатын келiспеушiлiктер өз табиғатында тұлғааралық

келiспеушiлiк болып табылады. Ондай жағдайда адамдар iс-əрекеттiң мақсатына келiспейдi

немесе оған қол жеткiзудiң əдiстерi мен құралдары туралы əртүрлi пiкiрде болады.

Келiспеушiлiктер əртүрлi себептердiң салдары болуы мүмкiн. Педагогикалық ұжымдағы

тұлғааралық келiспеу-шiлiктер бiрлескен педагогикалық əрекет процесiнде орныққан өзара

байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты

мұғалiмдер, басшылар арасындағы iскерлiк сипаттағы байланыс болуы мүмкiн.

Педагогикалық ұжымда орын алатын келiспеу-шiлiктiң негiзгi үш тобын бөлiп көрсетуге

болады. Бiрiншi топ - кəсiптiк-педагогикалық əрекеттi мақсатқа жетуге кедергi келтiретiн, iскерлiк

байланыстардың бұзылуынан туындайтын кəсiптiк келiспеушiлiктер. Бұндай келiспеу-шiлiктер

жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалiмдердiң əрекет мақсатын түсiнбеуiнен жəне өз iсiн жете

бiлмеуiнен туындайды. Екiншi топ - педагог мiнез-құлқының өзара қатынас нормасына сай

келмеуiне, сол сияқты мiнез-құлық пен iс-əрекеттiң ұжым мүшелерiнiң бiр-бiрiнен күткен

талаптарына сай келмеуiнен туындайды. Ол педагогтың өз əрiптестерiне жəне оқушыларға

көрсеткен əдепсiздiгi, кəсiптiк этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау жəне т.б.

түрiнде көрiнiс бередi. Үшiншi топ – педагогикалық процестерге қатысушылар-дың мiнез бен

темпераменттiк ерекшелiктерi негiзiнде тұлғалық сəйкессiздiктен туындайтын келiспеушiлiктер.

Бұл топты негiзiнен ұстамдылық, өзiне деген бағасы мен пiкiрiнiң аса жоғары болуы, эмоциялық

тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешiлдiгi сияқты сапалар құрайды.

Келiспеушiлiктi реттеу мынадай қисынды əрекеттер-дiң бiрiздiлiгiнен тұрады:

келiспеушiлiктiң алдын алу; пайда болған жағдайда келiспеушiлiктi үйлестiру, жою; келiспеушiлiк

ахуалды шешудiң ең оңтайлы шешiмiн қабылдау; келiспеушiлiктiң түйiнiн шешу. Келiспеушiлiк-тiң

алдын алу кезiнде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп

басшысы қалыптасқан келiспеушiлiк ахуалға немқұрайлы қарамауы тиiс, сондықтан ол келiспеушi

жақтарды ашық əңгiмеге тартып қалыптасқан жағдайды бiрге талдап, талқылауы тиiс.

Келiспеушiлiктi басқару кезеңiнде басшы жеке əңгiмелесiп, келiспеушi жақтарды алдағы кездесуге,

араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиiс.

Егер келiспеушiлiктi бастапқы кезеңiнде келiстiру мүмкiн болмаса, онда оны шешудiң

тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары

iске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешiм қабылданады. Ол бойынша келiспеушi

ұжым мүшелерiне бiршама уақыт бiр-бiрiмен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы

шарт қойылуы мүмкiн. Кəсiптiк келiспеушiлiктер еңбек жағдайын, оқу-тəрбие процесiн өзгерту,

мектеп жұмысының тəртiбiне түзету енгiзу арқылы реттеледi. Ал тұлғалық сəйкессiздiк-тен

туындаған келiспеушiлiктi жою күрделi сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келiспеушi жақтарға

өзге де пiкiрлердiң өмiр сүруiн мойындататындай шешiм қабылдайды.



3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе

Социология ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнiң бөлiгi, əлеуметтiк тəрбие беретiн

ұжым ретiнде қарастырады. Қоғамның əлеуметтiк-экономика-лық салада орын алған өзгерiстердi

мiндеттi түрде отбасының өмiрiнен көрiнiс табады. Бiрақ, өндiрiстiк кəсiптiк, саяси ұжымдарға

қарағанда отбасына қайта құру тiкелей əсер ете бермейдi. Отбасының моральдық, психологиялық

жаңаруы барынша созылмалы, оның үстiне қарама-қайшылықты, күрделi болып келедi.

Сондықтан да отбасында жаңа қатынастар, жаңа мораль-дық орнығуы экономикалық салаға

қарағанда баяу қарқынмен iске асады. өйткенi, отбасындағы қайта құруларға негiзгi əлеуметтiк,

экономикалық факторлар мен бiрге биологиялық, психологиялық жəне демография-лық

факторлар да қатысады. Отбасын ''болжамдаудың'' қиындығы осындай себептерге байланысты.

Отбасылық өмiр байланыстарын жан-жақтылығы-мен сипатталады. Олар - əлеуметтiк,

биологиялық, шаруа-шылық-экономикалық, адамгершiлiк жəне психология-лық қатынастар.

Отбасы дамуының кезеңдерi оның бiр қызметiнiң жойылып, екiншi қызметiнiң қалыптасуымен

жəне отбасы мүшелерiнiң əлеуметтiк қызметiнiң сипаты жəне ауқымының өзгеруiмен байланысты.

Отбасы қоғамға жəне адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.

Отбасының қоғамға қатысты негiзгi қызметтерi мыналар:

ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететiн бала туу, өсiру қызметi;

бiлiм, дағды, шеберлiк, рухани құндылықтарды кейiнгi ұрпаққа жеткiзетiн тəрбиелiк қызмет;

өндiрiстiк – шаруашылық қызметi;

отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйым-дастыру қызметi;

Отбасының адамға қатысты қызметi мыналар;

Жұбайлық қызметi. Жұбайлар ең жақын адамдар.

Ата-аналық қызметi- отбасының үйлесiмдi өмiрiн, олардың зейнет жасындағы игiлiгiн

қамтамасыз етедi;

Тұрмысты ұйымдастыру қызметi. Отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең

жайлы тұрмыс болып есептеледi.

Отбасының қызметiн, оның көп түрлiлiгi мен байланыстарын ескере отырып, қазiргi отбасы

дамуының бағыттары мен бiрқатар ерекшелiктерiне тоқталған жөн. Оларды тани бiлу жəне

ескерiп отыру мұғалiмдер мен ата-аналардың отбасының тəрбиелiк қызметiн iске асыруына

көмектеседi.

Ауылдық жəне қалалық отбасы дамуындағы ерекшелiк олардың əлеуметтiк жағдайына

байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегi бала ауылдастарының қатаң бақылауында

болады. Бұл бiр жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екiншi жағынан бұндай əлеуметтiк

бақылау шектеушiлiк сипатымен тұлғаның еркiн дамуына кедергi болады. Ал қалаларда, əсiресе

үлкен қалаларда бұндай бақылауға мүлде орын жоқ.

Ата-аналардың бiлiм деңгейiне байланысты да отбасында ерекшелiктер орын алады.

Мысалы: ата-аналардың бiлiмi жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды.

Қазiргi ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тəрбиесi көбiне бiлiмi төмен аталар мен

əжелерге жүктеледi. Кейде бiр отбасында ата мен əженiң жəне жас ата-аналардың тəрбие жүйесi

қақтығысып қалады. Отбасы тəрбиесiне ден қойған мұғалiм бұл жағдайды естен шығармауы тиiс.

Қоғамда жүрiп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жiктелуi отбасы

тəрбиесiне материалдық жағдайы əртүрлi ата-аналардың қарым-қатынасына əсер етедi.

Отбасында балаларға отбасылық бюджеттiң 25-50% жұмсалады. Материалдық кiрiсi мол

отбасыларда педагогикалық көрсоқырлық тойынғандық (шамадан тыс еркелету, көңiлiн жықпау,

мейманасы тасығандық) жағдайда алып барады. Тойынғандық дегенiмiз- өмiрге, өмiрдегi

материалдық жəне рухани құндылықтарға деген жеккөрiнiштi, немкеттi қатынас. Жастайынан

осындай ортада өскен балалардың арасынан торығушылар, қаңғыбастар, ''қызықты'' əсердi

iздеушiлер өсiп шығады.

Қазiргi кезде отбасының ''уақталу'' процесi жүруде. Ол дегенiмiз – жас ата-аналардан

тұратын əжесiз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының берiктiгiн нығайтып, дербес ұжымды

қалыптастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны

бөлiсуге тəрбиелейдi. Дегенмен жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуi, бала

тəрбиесi сияқты қиындықтар кездескенiмен, оларды шешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерiнiң кемуi, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелiгiн

құрайды. Қалалық отбасында бiр-екi бала ғана тəрбиеленедi. Бала туудың азаюының себептерi

сан алуан жəне өте күрделi; олар ата-аналардың жұмысбастылығы; мектепке дейiнгi

мекемелермен қамтамасыз етiлмеу; бала тəрбиесiне шығынның көп жұмсалуы; əйел-ананың

шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйi; тұрмыстық жағдайы; ата-

аналардың ''өзi үшiн өмiр сүруге'' ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы жəне т.б. Бала туудың азаюы –

шағын отбасындағы тəрбие əдiстерiн жасау деген жəне педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазiргi отбасы ажырасу санының едəуiр артуымен сипатталады. Ажырасудың 90 пайызы

тұрмыс қолай-сыздығы мен дайындықсыздықтың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға

жағымсыз баға беруге болмайды, өйткенi кей жағдайда ажырасу баланың психикасына терiс

əсер ететiн ұрыс-жанжал, отбасылық кикiлжiңнiң алдын алады.



Бiр балалы отбасының əлеуметтiк -педагогикалық проблемалары

Бiр балалы отбасы көпшiлiкпен араласу, ұжымдық қызмет тəжiрибесiн игеру жағынан

баланы қиын жағдайға қалдырады. Бұндай отбасыларда аға, əпке сияқты тəлiмгер iнi, қарындас

сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем

тарылта түседi. Осындай жағдайда баланың қызығу-шылығы мен қажеттiлiгiн қамтамасыз етуде

ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағы кезiнен оның

бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердiң қалыптасқандығын аңғарамыз.

Кейiнгi кезде немере, шөбере туыстарды айтпаған-ның өзiнде бiрге туған бауырлардың да

туыстық қатынас-тары салқындай бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары

ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сiңiсiп кетедi, өйткенi олар отбасында

бiр-бiрiне қамқорлық, құрмет жасауды көрiп өседi. Ал бiр баламен шектелген отбасылардың

бұқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауырлық сезiмдердiң нығая түсуiне негiз

қалайды.

4. Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негiздерi

Мұғалiмнiң оқушылардың ата-аналармен жүргiзетiн жұмыстарының негiзгi түрлерi мен

əдiстерiне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бiрқатар психологиялық-

педагогикалық ерекшелiктерiне тоқталған орынды.



Бiрiншi ереже. Мектеп пен сынып жетекшiсiнiң отбасымен жəне жұртшылықпен жүргiзетiн

жұмысының негiзi ата-аналардың беделiн көтеру жəне нығайтуға бағытталуы тиiс. Сынып

жетекшiсiнiң ақыл үйретушiлiк, көсемдiк сөз саптауы өкпе, ренiш, ыңғайсыздыққа негiз болады.

''Мiндетi'', ''қажеттi'' деген үзiлдi-кесiлдi сөздерден соң ата-ананың ақыл кеңес сұрауға деген

ынтасы жоғалады. Ата- аналардың көпшiлiгi өз мiндеттерiн жап- жақсы түсiнедi, бiрақ тəрбие

практикасында өз бiлгенiн көңiлдегiдей қолдана алмауы мүмкiн. Сондықтан оларға не iстеу керек

екендiгiмен бiрге қалай iстеу керектiлiгiн бiлу де маңызды. Мұғалiм мен ата-ананың арасындағы

бiрден-бiр дұрыс норма - ол бiрiн-бiрi құрметтеу. Осындай жағдайда бала тəрбиесiн қадағалау,

тəжiрибе алмасу, ақыл-кеңес, бiрлесе шешiм қабылдау сияқты екi жақты да қанағаттандыратын

формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалiм мен ата-аналарда жеке

жауапкершiлiк, азаматтық парыз, өзiне деген талап-шылдық дамып нығаятын болады.

Ата-аналардың жұмыс орнына ''Үлгерiм экраны'', ''Ашық журнал'' сияқты тəрбие

құралдарын iлу нəтиже бермейдi. ''Қара тiзiмге'' iлiнген əкелер мен аналар ондай форманың

тиiмсiздiгiн айтады. өйткенi, сол арқылы олардың балаға көңiлi толмауы оны жазалауға, мектепке

деген терiс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Балалары туралы жағымсыз əңгiме естiген

ата-ана мектеп-тiң маңайын көргiсi келмейдi. Көп жағдайда осы негiзде əке мен шешенiң ара

қатынасы бұзылады. Осының бəрi түптiң-түбiнде баланың мұғалiмдi, мектептi жек көруiне

ұласады. Мұғалiм, сынып жетекшiсi осы жағдайларды ескерiп, жұмыс əдiстерi мен түрлерiн

таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделiн көтеру жəне нығайтуды басшылыққа

алуы тиiс.



Екiншi ереже. Ата-ананың тəрбиелiк мүмкiндiк-терiне сенiм арту, олардың педагогикалық

мəдениетiнiң деңгейiн көтеру тəрбиелiк белсендiлiгiн арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан

мектептiң барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тiптi педагогикалық дайындығы,

жоғары бiлiмi жоқ ата-аналардың өзi бала тəрбиесiне терең түсiнiстiкпен жəне жауапкершiлiкпен

қарайды.

Үшiншi ереже. Отбасының өмiрiне орынсыз араласуға жол бермейтiн педагогикалық əдеп.

Сынып жетекшсiсi- ресми тұлға. Ол өз қызметi аясында көп жағдайда қаласа да қаламаса да

отбасының өзгелерден ''жасыратын'' құпия сырларына куə болуы мүмкiн. Жақсы сынып жетекшiсi

отбасы үшiн бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтiп сенiп сыр айтады, ақылдасады.

Сондықтан отбасы қандай болса да, ата-аналар қандай тəрбиешi болса да мұғалiм барынша

əдептi болуы тиiс. Ол отбасы туралы барлық бiлiмiн ата-аналардың тəрбие iсiне көмектесуге, iзгi

ниеттi орнықтыруға жұмсауы керек.

Төртiншi ереже. Тəрбие мəселелерiн шешуге өмiрге құштар, көтерiңкi көңiл күйдi

басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттерiне,

отбасы тəрбиесiнiң күштi жақ-тарына сүйену. Тəрбиеленушiнiң мiнезiн қалыптастыру қиындықсыз,

қайшылықсыз жəне оқыс оқиғасыз iске аспайды. Егер осының бəрi даму заңдылығы түрiнде

қабылданса (бала мiнезiнiң тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б.) онда қиындық, қайшылық

жəне күтпеген нəтиже педагогты əбiржiтпеуi тиiс. Қалыптасқан педаго-гикалық мiндеттi шешудiң

ондаған тəсiлдерi болғанымен солардың бiреуi ғана нақты жағдайға толық нəтиже беруi мүмкiн.

Сондықтан педагогика ғылымына дайын тəрбиелiк рецент беретiн анықтама деп емес, тұлғаға

тиiмдi ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.

Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Ондай

байланыс орнатудың бiр формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалiм-дер мен ата-

аналарға өте жақсы таныс болғандықтан оның екi кезеңiне ғана тоқталу қажет сияқты.

Отбасында болу, шақыру арқылы iске асқаны жөн. Статистикалық мəлiметтер бойынша

балалардың 80 пайыздан астамы əкесi де, шешесi де жұмыс iстейтiн отбасыларда тəрбиеленедi.

Демек кез келген уақыт мұғалiм үшiн қолайлы бола бермейдi. Мұғалiмнiң кенеттен үйге келуi ата-

аналарды жұмыстан қалдыруы, күн тəртiбiн бұзуы, алаңдатуы мүмкiн. Шақыру бойынша

отбасында болу ата-ананы да, мұғалмдi де қолайсыз-дықтан құтқарады.

Отбасында болуға мұғалiм дайындалуы тиiс. Ол дайындық шəкiртiнiң ең жағымды,

қызықты құндылық-тарын айқындау болуы тиiс. Дегенмен ___________ол құндылық-тардың өзi мұғалiм

санасында қорытылып, психологиялық жəне педагогикалық тұрғыдан сенiмдi шығуы керек.

Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тəрбиесiн насихаттауға ықпал

жасайды. Бұл мəселелерде ата-аналар мен мұғалiмдерге ''Семья и школа'', ''Воспитание

школьников'', ''Бастауыш мектеп'', ''Ақжелкен'' журналдары мен ''Ұлан'' газетi сияқты

басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанымен сынып жетекшiсiнiң

жанды сөзiн ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сөздерiмен бiрге

тəрбие мiндеттерiн шешу туралы ақыл - кеңестерiн тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.

Ата-аналар мен сынып жетекшiсiнiң байланыс жасауының бiр түрi ата-аналардың

педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың

бiрнеше түрiн атауға болады.

Тапсырманың бiрiншi түрi – Белсендi тəрбиелiк позиция, балалармен тiкелей жұмыс

жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйiрмелерге жетекшiлiк жасау,

дербес қамқорлыққа алу, тəлiмгерлiк жəне т.б.

Тапсырманың келесi түрi – мұғалiмге, тəрбиешiге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден

туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер

ұйымдастыру, сынып кiтапханасын жабдықтау, кiтапқұмар клубын ұйымдастыру.

Ендiгi тапсырмалар мектептiң материалдық базасын дамыту жəне нығайтуға қатысудан

туындайды. Олар – кабинеттi безендiру, құралдар, приборлар дайындау, мектептi көгалдандыру,

жөндеу жұмыстарына қатысу.

Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырма-лардың бiр бөлiгi ғана. Қоғамдық

жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетiндiгiн анықтау үшiн сынып

жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруiн өтiнуден бастау дұрыс болады.

5. Мұғалiм, сынып жетекшiсiнiң оқушы ата-аналармен жұмыс iстеу формалары мен

əдiстерi

Мектептiң отбасыларымен жүргiзетiн барлық жұмыстары ұжымдық жəне дербес болып

негiзгi екi топқа бөлiнедi.

Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды.



Педагогикалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсендi тəрбиелiк мəселелерге

аударуды мақсат тұтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тəрбие теория-ларын жүйелi

бiлiмдерiмен қаруландыруға бағытталынады.

Сынып бойынша педагогикалық бiлiм беру деп аталатын жұмыс формасын 1 –11

сыныптан бастап қолға алу қажет. өйткенi педагогикалық ағарту жұмысын осы кезден бастау

тиiмдi. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орынбасарлары бастап бергенi жөн.

Педагогикалық бiлiм беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын бiрiктiруге болады.

Көптеген мектептерде педагогикалық бiлiм университеттерi табысты жұмыс iстейдi.

Бiлiм берудiң бұл формасы лекциялық курстан жəне семинар сабақтарынан тұрады. Бұндай

күрделi жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкiн. Сондықтан да

бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практикаға енгiзу керек.

Мектептерде ата-аналардың тəрбие проблемаларына арналған жылдық қорытынды

ғылыми-практикалық конференцияларын өткiзу дəстүрге айналған. Конферен-цияға ''Балаларды еңбекке тəрбиелеу'', ''Жақсылыққа апарар ең төте жол – имандылық арқылы'' жəне т.б.

тақырыптар таңдап алынып, мектепте ол проблема жыл бойы теориялық жəне практикалық

қырынан зерттеледi. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып

шығады.


Ашық есiк күндерi немесе ата-аналар күнi үлкен дайындықты қажет етедi. Əдетте оны

тоқсанның басында, немесе каникул күндерiнде өткiзген тиiмдi. Бұл күнге мектеп арнайы

тақырыпқа сай безендiрiледi, кезекшiлiк ұйымдастырылып, мерекелiк бағдарлама түзiледi.

Мереке-нiң құрылымын мына үлгiде түзуге болады.

Мəжiлiс залында ата-аналар үшiн 1-11 сынып оқушы-ларының концертiн ұйымдастыру.

Концертте үздiк өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.

Сыныптардағы кездесулер. Оқушылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай

жүрiп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберлiктерiн көрсетедi. Бастауыш сынып

оқушылары кəдесыйлар дайындап ата-аналарға тарту етедi;

''үздiк суреттер'', ''үздiк қолөнер шеберi'', ''Фото-мерген'', ''өнертапқыштар мен

конструкторлар'' жəне т.б. көрмелерге қатысу;

Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетiнiң жүлдесiне жарыстар ұйымдастыру;

Мəжiлiс залында көркем фильмдер көрудi ұйымдастыру. Ата-аналарға арналған ''Менiң

атым Қожа'', ''Алты жасар Алпамыс'', ''Көксерек'' жəне т.б. фильмдердi ұсынуға болады.

Мерекенi ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкiн, ең бастысы оларды

ұйымдастырғанда ата-аналар-дың назарын мектепке, тəрбие жұмыстарына аудару болуы керек.



Сынып ата-аналарының жиналысы – дəстүрлi жұмыс формасы болғанымен оны өткiзудiң

əдiстемесi жетiлдiрудi қажет етедi. Сынып жиналысын ұйымдас-тыруда, оның проблемалық

тақырыбын айқындап алудың маңызы зор. Мысалы ''Балаларды тəрбиелеуге қиындықпен бетпе-

бет келу көмектеседi ме əлде одан жалтару көмектеседi ме?'' деген тақырыпты таңдап алған соң,

оны өткiзуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткiзуге болады.

Ол сұрақтар мынадай болуы мүмкiн.

1. Сiздiң мiнезiңiздi, ерiк күшiңiздi өмiрiңiзде кездескен қандай қиындықтар шынықтырды деп

ойлайсыз?

2. Балаңыздың қиындыққа тап болған кездегi (сөз, iс-əрекет, сезiм мен көңiл-кұй) ахуалын еске

түсiрiп, сипаттап берiңiз.

3. Сiздiң балаңыз қиындықтардың қандайын жеңiп, қандайына шамасы жетпейдi?

Осы мазмұндағы сұрақтар ата-ананың ойын жинақтап, тəрбие мəселесiне терең мəн

беруiне көмектеседi.

Дербес жұмыс формалары ата-аналармен жұмыс жүргiзуде маңызды рөл атқарады.



Педагогикалық консультация - дербес жұмыстың кең тараған формасы. өкiнiшке орай

балалары сыныптан-сыныпқа көшкен сайын ата-аналардың белсендiгi төмен-дей бередi.

Консультацияның негiзi - ата-аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық - психологиялық

тұрғыдан алып қарағанда консультация ата-ананың бастамасына мұғалiмнiң қалауы, отбасына

көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарға нақты ақыл – кеңес беру

сипатында болуы тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет