Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с


Осы бөлімшедегі «География» пәнінің тілдік мақсаттары



Pdf көрінісі
бет7/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu
94 file, 8- лек. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және оның
Осы бөлімшедегі «География» пәнінің тілдік мақсаттары
Төменде оқушыларға қажетті ғылыми тіл қамтылған тілдік мақсат үлгісі берілген.
 
Пәндік мақсат 
Тілдік мақсат 
Пәнге қатысты 
лексика мен 
терминология 
Диалогқа/жазылымға 
қажетті тіркестер 
7.3.4.1. 
Биосфераның 
құрамын, 
құрылымын, 
шекаралары 
мен 
қасиеттерін анықтау 
7.3.4.2 
Топырақ түрлерін, 
Оқушылар 
биосфераның 
құрамын, 
құрылымын, 
шекаралары мен 
қасиеттерін 
анықтайды және 
биосферадағы зат 
Биосфера, зат 
алмасу, фотосинтез
биоценоз, 
биогеоценоз, 
биогеография, 
топырақ 
құнарлылығы 
топырақ эрозиясы; 
Менің ойымша
........зерттей келе 
мынандай тұжырым 
жасадым.............. 
Зерттеу 
нәтижесі.....көрсетті 
Осы аймақтағы 
топырақ эрозиясының 


46 
құрамын 
және 
таралуын анықтап, 
құрылымын 
графикалық 
түрде 
көрсету 
алмасуды 
түсіндіреді. 
Топырақ эрозиясына 
әкеп соғуы мүмкін 
бірқатар ықтимал 
факторлардың 
салдарын ауызша 
түсіндіру үшін 
жұптасып жұмыс 
істей алады 
(айтылым және 
тыңдалым 
дағдылары 
топырақ 
мелиорациясы 
топырақты қорғау; 
гумус, топырақ 
құрылымы 
шайылуы, нашар су 
дренажы, орманның 
оталуы 
ауыл 
шаруашылықтың 
қолайсыз әдістері 
басты 
себебі
... 
Басқа тілдік мақсаттарды қалыптастыру үшін, сонымен қатар пәнді және академиялық тілді 
оқыту барысында қолданылатын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша ұсыныстар алу 
үшін жоғарыда келтірілген «Тілдік мақсаттар жөнінде кіріспе» бөлімін қараңыз. 
Қысқа мерзімді жоспарлауда тілдік мақсатты ескеру сабақты ұтымды 
құруға көмектеседі. Сабақтың сауатты жоспарлануы – мұғалімнің кәсібилігінің 
көрсеткіші. Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің бүкіл сыныптың 
дайындығын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын назарға алу үшін әр 
оқушының деңгейін есепке алғаны жөн. 
Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен 
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты 
қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол 
жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет 
түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар 
меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа 
талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімдердің басшылыққа алуына 
төмендегідей ұсыныс береміз:

сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында 
көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;

сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), 
яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай 
толықтырылып отырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал 
мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді 
ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен 
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты [6]. 
Сондықтан заманның талабына сай жаңартылған мазмұндағы сабақтарды 
жобалаудың келесі алгоритмін ұсынамыз: 


47 
1. 
Сабақтың оқу мақсаты анықталады. 
2. 
«География» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнынан оқу 
мақсатына сай міндеттері жазылады. Жүйелік-әрекеттік және тұлғалық 
нәтижелерді «Осы сабақта оқи отырып, сендер … үйренесіңдер» деп жазуға 
болады. 
3. 
Мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін белсенді және 
интерактивті оқыту әдістерінің орынды түрлері (
оларға шолу жəне сабақ 
мақсаттарына сəйкестігі əрі қарай мəтінде беріледі
) іріктеледі. Барлық 
міндеттерді 
жиынтықтап 
орындау 
сабақтың 
конспект-жоспарында 
қарастырылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 
4. 
Уақыт, іс-әрекет түрлері және ресурстар бойынша байланыстырылған 
сабақ кезеңдері жоспарланады. 
Әр сабақтың құрылымы келесі компоненттерден тұрады: 
1) 
оқушыға түсінікті формада білдірілген сабақтың мақсаттық нұсқаулары 
(«Нені білеміз, не үйренеміз»); 
2) 
сабақта жұмыс істеуге қажетті білім мен іскерліктерді жандандыруға 
арналған тапсырма (-лар); 
3) 
жаңа мазмұнды меңгеру және қолдану мақсатында мәтіндік және 
иллюстративті материалдан тұратын тапсырмалар жүйесі (мәтін және 
иллюстрациялармен жұмыс, сыныппен жұмыс); 
4) 
сабақ мазмұны бойынша қысқа қорытынды («Қорытынды жасаймыз», 
сыныппен жұмыс); 
5) 
бақылау-бағалау іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған сұрақтар мен 
тапсырмалар (өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар). 
6) үй тапсырмасын (үй және шығармашылық тапсырмалар) беру. 
Құзіреттілік тәсіл негізіндегі оқыту мақсаттары мен міндеттері 
инновациялық білім беру технологияларын әзірлеу және қолдануға себеп 
болады. Атап айтсақ, МЖМОББС оқушылардың дербес жұмыс көлемі мен 
рөлінің артуын, белсенді оқыту әдістерінің кеңінен қолданылуын, бағалау 
құралдарының кең ауқымын талап етеді.
Сабақты әзірлегенде оқушылар мақсаттарға бір сабақта емес, сабақтар 
циклі арқылы қол жеткізетінін есте сақтау керек. Сонымен бірге жұмыстың 
тізбектік кезеңдерін ұйымдастыру, әр сабақты өту мен оқытудың мақсаттарын 
айқындау, сабақ беру мен оқытудың нәтижелерін өлшеу әдістемесін бекіту, 
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында оқыту мен сабақ берудің 
міндеттерін айқындау, оқытудың барлық кезеңінде мақсатқа бағытталған оң 
динамиканы қамтамасыз ету, барлық білім алушыларды оқыту процесіне тарту 
мақсатында стратегиялық жоспарлау міндетті.
Тізбекті сабақтарды жоспарлауға байланысты сабақтың өту және оқыту 
мақсаттарын реттеуді айқындайтын келесі сұрақтар туындауы тиіс:
Сіздің ойыңызша білім алушылар қандай білімді меңгеруі тиіс?
Білім алушылар қандай негізгі идеяларды ұғынуы тиіс?
Білім алушылар қандай мəселелерді зерттеуі жəне талдауы тиіс?
Мәселен, оқыту мақсаттары (Блум бойынша).


48 
Білім алушылар: 
… 
біледі. … түсінеді. ... ойланады. 
Бұл
 
бағдарламаның 
идеясын, аталған тәжірибенің ықпалын, өзгерістерін есепке ала отырып өзінің 
сабақ өту тәжірибесіне енгізуіне мүмкіндік береді.
Тізбекті сабақтарды жоспарлау мұғалімнің мыналарды түсінуіне ықпал 
етеді: тізбекті сабақтар 
кім үшін
жоспарлануда, ең алдымен 
нені
үйрету қажет 
және бағалаудың 
қандай тəсілін
пайдалану қажет?
Қысқа мерзімді жоспардың мақсаты нақты сабақ аясындағы жұмыстың 
ұғымын түсіндірумен, аталған сабақтың оқыту мақсаттарын айқындаумен, 
нәтижелерін өлшеуді ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Аталған сабақ 
аясында оқыту прогресін қамтамасыз ету және нақты тапсырмаларды 
орындауда барлық білім алушыларды тарту үшін, оқушылардың түрлі типін 
оқытуға бағытталған қандай тапсырмалар жүзеге асырылатындығын алдын ала 
қарастыру маңызды.
Мұғалімге көмек ретінде қысқа мерзімді жоспардың үлгісі беріліп отыр 
(33-
кесте).
33-
кесте – Қысқа мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет