Модуль 1 Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері Дәріс Практикалық әлеуметтік педагогика пәні, оның мақсат, міндеттері негізгі категориялары


Дәріс 3. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен негізгі принциптерi



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі46,99 Kb.
#86757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Лекция
Лекция, Лекция, Психолого-педагогическая работа с детьми и подростками, -852447478
Дәріс 3. Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен негізгі принциптерi
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық идеялары және оның мазмұндық алғышарттары
2.Әлеуметтендіру принциптері, оладың түрлері және оларға сипаттама
3.Баланы қоғамға бейімдеу мен ендіруде әлеуметтендіру принциптерін басшылыққа алудың жолдары

Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконников, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминанттылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаулары берілген.


В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, В. А. Караковский, М.Н. Скаткин, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан.
В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Будановалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-жақты әрі терең қарастырылған.
Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психологиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру т.б) жатады. Бұл орайда Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады.
Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б еңбектерін атауға болады.
Әлеуметтік педагогиканың принциптері – бұл, тұлғаның қалыптасу және даму процесінің базалық принциптерін түсіну ғана емес, сондай-ақ оларды практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Ондай принциптер қатарына – гуманитарлық, дамудың әлеуметтілігі, жүйелілік, поляризация және тәжірибе жатады.
1. Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен аударылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi:

  • қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік жағдайына карамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс;

  • әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау;

  • мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы ретінде түсіну.

Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi - адамның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық
ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады.
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып келеді.
Әлеуметтік педагогиканың ізгіліктілік принципі ізденушілік және практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты болады:
- адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану;
- адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау;
-адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу.
Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі - адамның интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік
детерминациясы мен қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты үш аспектіде принципиалдық маңызға ие.
Жүйелілік принципінің мазмұны төмендегі қағидалар арқылы айқындалады:

  • тұлғаның қалыптасу және даму процесін зерттеу және қамтамасыз етуде пәнаралық қатынасқа бағдарлану;

  • тұлғаның өмір сүру деңгейі мен әлеуметтендірудің барлық құрылымдық компоненттерінің субординациясы мен координациясының логикасын мазмұндық тұрғыдан қарастыру;

  • жүйелілік қатынас негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияларды жасау.

Поляризациялау принципі әлеуметтендіру процесінің өзін диалектикалық бірлікте қарастыруды, қарама-қайшылықтар бірлігі ретіндегі тұлға болмысының табиғатын, оның өмір сүруінің жекелік деңгейін түсіндіруді мақсат етеді.
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау тұжырымдамасы. Жалпы тұжырымдамалар ғылыми білімді дамыту формалары ретінде бірнеше ерекшеліктерге ие. Ең алдымен белгілі бір ғалымның дүниетанымдық жеке ұстанымын білдіреді. Сондай-ақ, ол теорияны құрастырудың алғашқы сатысы саналады. Осындай дүниетанымдық ұстанымдар мен әдіснамалық нұсқаулар негізінде кейбір пән аясындағы бастапқы теориялық категориялар бірігуі нәтижесінде әдіснамалық тұжырымдар пайда болады. Мұндай бірігу негізінен олардың арасындағы қажетті байланыстарды айқындау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай процедураны толық деңгейде жүзеге асыру түбінде концепцияның теорияға айналуына септігін тигізеді.
Әлеуметтік педагогика ғылымындағы әлеуметтендіру принциптері тәрбие принциптерімен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұста педагогикалық тәрбие принциптері мен М. А. Галагузованың әлеуметтік педагогикалық принциптер тұрғысындағы көзқарастары жақын келеді.
Солардың біразын қарастырып көрейік:
Әлеуметтендірудегі тәрбиенің халықтығы принципі. Қазақ халқы бала тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берiп, балаларды оның тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауыл болып тәрбиелегендiгi белгiлi. Сондықтан ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туысқандар болып көңіл бөлу болып табылады. Азан шақырып атын қойғаннан ер жетіп отау тіккенге дейінгі бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығын қадірменді ақсақалдар мен игі жақсылар балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Міне, сондықтан да бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір үй адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болған.
Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі. Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс педагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала
тәрбиесінде оның өмір сүрген жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті болатын жері ескерілуі керек деді.
Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойынша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан, оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.
1.Әлеуметтік тәрбие тұлғаны қоғам талабына сай етіп қалыптастыруды көздегендіктен, ол тәрбие үрдісімен сабақтасып жүзеге асырылады. Сондықтан әлеуметтендіру үрдісі де нақты заңдылықтарға бағынып, принциптерге сүйенеді.
2.Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі принциптері адам тәрбиесін жүзеге асыруда басшылыққа алынатын тәрбие принциптерімен тығыз байланыста болады.
3.Әлеуметтендіру принциптері әлеуметтік педагог қызметін тиімді ұйымдастырудың шарттарын қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет