Педагогикалық факультет


Көшпелі тұрмыстық эпостық бейнесі қандай болды?



бет13/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Көшпелі тұрмыстық эпостық бейнесі қандай болды?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

7 дәріс



Тақырып: А. Құнанбаевтың психологиялық ой-пікірлері.

Дәрістің мазмұны

  1. Абайдың психологиялық ой-пікірлерінің көздері (шығыстық және батыс еуропалық философия, орыс демократияларының ойлары).

  2. Дүниетанымдық көзқарастарының қарама-қайшылығы: қоғамның тарихи санасының табиғаты, таным процестегі материалистік позиция, психологияның анатомиялық-физиологиялық негізі туралы көзқарастары.

  3. Адамның психологиялық сферасының табиғаты: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, эмоциялық-еріктік сфера

Мақсаты: А. Құнанбаевтың психологиялық ой-пікірлері туралы ақпаратпен таныстыру

А. Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл. Адамдар жаратылысында екі түрлі мінезбен туады дейді. Бірі – үшсем, жесем, ұйықтасам деп айтады. Бұлар тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы. Адам бойына жанқұмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты – ақыл, ғылым. Ол ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі деген. Абай әйел қауымын кейбір нашар қасиеттерден (өсек, жалқаулық, еріншектік, шаруаға икемсіздік) бойына аулақ салуын тілеп, оларды ақылды, инабатты, ұятты, балаға-ана, еріне-жар, ата-енеге сүйкімді келін, отбасына береке-құт тудырар адам болуын аңсады. Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын материалистік тұрғыдан түсіндірді. Сезіну және түйсіну мәселелерін дәл осы бағытта талдады. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әртүрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс жақсы үн, күй ән ешбірінен ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес едік.

Ашу Абай түсінігінде негізінен жағымсыз сезім, олар ашуды екі тұрғыдан қарастырады: біреуі – оқыс қимылдармен ащы сөздер арқылы, сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді. Екіншісі – сыртқа шықпай жасырын қуатын ішке бүгеді.

Өзінің қадір – қасиетін, өмірдегі орнын білетін саналы адамның қай қайсысындада мақтаныш сезімі болады. Абай мақтанышты адамның ой көкіректік, мақтаншақтық сияқты мінезінің жағымсыз сипаттарына қарсы қояды.

Адамның көңіл көтеріп, бойына қуат беретін сезімдерінің бірі – қуаныш. Ар-ожданы таза адам ғана бар шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылықы тапқанына рақаттанып күлесің, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибырат қылып күл» дей отырып, қуаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын меңзейді.

Өзіндік бақылыау сұрақтары:


  1. Абайдың психологиялық ой-пікірлерінің көздеріне сараптама жүргізіңіз? (шығыстық және батыс еуропалық философия, орыс демократияларының ойлары).

  2. Дүниетанымдық көзқарастарының қарама-қайшылығы: қоғамның тарихи санасының табиғаты, таным процестегі материалистік позиция, психологияның анатомиялық-физиологиялық негізі туралы көзқарастары қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
5 дәріс

Тақырып: ХІ-ХІІ ғасырлардағы Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Яссауидің психологиялық идеялары.

Дәрістің мазмұны


1 .«Құтадғу білік» дастаны. Әлеуметтік психологияның қайнар көзі.

2. «Диуан Лұғат ат-түрк» М. Қашқари еңбектері.

3. Ахмет Жүйнекидің психологиялық мұралары

Мақсаты: ХІ-ХІІ ғасырлардағы Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Яссауидің психологиялық идеяларымен студенттерді таныстыру

Х-ХІІ ғ.ғ. Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқария дейінгі кең өлкеде екі ғасыр бойына түрік тайпаларының Қарахан мемлекеті өмір сүрді (астанасы Баласағұн қаласы). Алғашқы феодалдық түрік мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік, саяси-мәдени, ғылым-білім мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мұндағы ақын-жазушылар, ғұлама-ғалымдар, сәулетшілер, құрылысшылар сол кездегі түрік мәдениетінің дамуына зор үлесін қосты. Осылардың арасында бұрыңғы Кеңес Одағын мекендеген түркі тектес халыөтардың тәлім-тәрбиелік пәкәрлерінің ілкі бастау, түп төркіні болып табылатын рухани мұралардың ішіндегі қомақтысы – Жүсіп Баласағұнидің (ХІ ғ ) «Құдатғу білік» атты шығармасы. Бұл – дидактикалық және этикалық жанрда жазылған шығарма. «Құдатғу білік» - түркі сөздері. Мұндағы «Құдатғу» сөзі «құт», «бақыт», «құтты» деген мағынаны білдіреді. Олай болса, «Құдатғу білікті» қазақша «Құтты білік», «білімді қутайтушы кітап» немесе «бақытқа жету ғылымы» деуге болады. Дастан 85 тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығарма оқиғасына қатысатын төрт кейіпкер төрт қасиеттің (әділет, дәулет, парасат, қанағат) иесі болып табылады, осы төртеудің арасындағы бақыт туралы сөздің жартысы диалогқа құрылған. Дастан қарахан мемлекетін нығайту. Оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы қаладан шыққан келесі ғұлама Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары «Диуан Лұғат ат-түрк», сондай-ақ Жамал Қарши (1230-1305) «Мүлкамат ел Сурах» атты кітаптар жазған. «Құдатғу біліктің» авторы Жүсіптің туып-өсіп, тәрбие алған жері - Баласағұн қаласы.

Баласағұндық Жүсіптің моралдық-этикалық, психологиялық қағидалары ибн Сина мен әл-Фараби ілімдерімен сабақтасып жатады. өйткені аталмыш дастаннан адамды тәрбиелеу – мемлекет көздейтін негізгі шаралардың бірі зұлымдық – барып тұрған әлеуметтік ауру, оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады, адамдардың жақсы қылықтарымен қасиеттерін жетілдіре берсе, қоғамда да, мемлекетті де жақсартуға болатындейтін жалаң ағартушылық идея аңғарылады.

Өзіндік бақылыау сұрақтары:

1 .«Құтадғу білік» дастаны. Әлеуметтік психологияның қайнар көзіме?

2. «Диуан Лұғат ат-түрк» М. Қашқари еңбектерінің маңызыдылығы қандай?

3. Ахмет Жүйнекидің психологиялық мұралары туралы ақпарат беріңіз?



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

6 дәріс



Тақырып: ХІІІ ғасырдың басы – ХІХ ғасыр аяғындағы қазақ ақындарының жырауларындағы психологиялық идеялар.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет