Рефераты қызылорда, 2012 ж


«Менің отбасым –қазір және ертең»



бет2/3
Дата07.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#3362
түріРеферат
1   2   3

«Менің отбасым –қазір және ертең»

Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық – рольдік иденфикация, қарама – қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым – қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.

Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.

1.Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.

Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:



  • отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;

  • өзіндік сананы арттыру;

  • отбасының жүйелік табиғатын түсіну;

  • дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;

  • өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;

  • өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;

  • өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.

«Отбасы мүсіні» жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.

Әр қатысушы кезекпен мүсіншігіе айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады.

Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.



«Отбасы оқиғалары» жаттығуы

Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.

Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.

«Отбасын ойнайық»жаттығуы

Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады.Қатысушылар міндеті –«отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рольдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады.

«Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым –қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, оған ұран құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады.

Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Жасөспірімдердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке –немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.

Егер топта консультанттан басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.

Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң « отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.

Бір маңыздысы,қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма, әлде толық емес пе, отбасында балалар бар ма. Жасөспірімдер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай.

Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жасөспірімдерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі.Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.

Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».

«Өзара әрекеттесу» тренингі

Бұл тренингтің тұжырымдық негізі ретінде ересек пен баланың өзара қызметтесу болып табылады, сол себепті де оның басты мақсаты – ата –ана мен баланың серіктестік қарым –қатынасы мен қызметтестігінің қалыптастыру және дамыту. Бағдарламада Т. Гордонның, К.Роджерстің, Я.Адлердің, Р.Дрейкустің, Е.В.Сидоренконның, Е.И. Лебедеваның, Г.И. Исуртнканың жұмыс тәжірибелері қолданылады. Тренинг марковскаяның (2000) еңбегіне негізделеді.

Бағдарлама міндеттері:



  1. Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;

  2. Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;

  3. Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгеру;

  4. Отбасындағы коммуникацияны белсендіру.

Көп жағдайда тренинг бағдалламасы мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп оқушыларына қолайлы. Осында сипатталған нұсқа ата –ана және балалар мен он екі сабақты болжайды; аптасына екі рет екі немесе үш сағаттан, яғни курс ұзақтығы бір жарым екі ай.

Үшінші тараушада «Зерттеудің жүру барысы және нәтижелерін талдау, сапалық өңдеу» жүргізілді. Бақылау экспериментінде коррекциялық жұмыстар нәтижесін байқау мақсатында келесі экспериментті жүргізуді жөн көрдік.

Бақылау экспериментінде коррекциялық жұмыстар нәтижесін байқау мақсатында келесі экспериментті жүргізуді жөн көрдік.

«Ата-ана мен бала өзара қатынасы» жасөспірім кезеңіндегі бала мен ата-аналарға арналған сауалнама екі жақты бағалаудан тұрады. Авторы И.М.Марковская (1999).




3 – сурет. «Ата-ана мен бала өзара қатынасы» сауалнамасы
Онда отбасы өзара қатынасын анықтау мақсатында жасөспірімдерде тұлғааралық қатынас қалыптасуында көрінетін қақтығыс деңгейін анықтауды жөн көрдік. Жүргізілген әдістеме «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тесті. Бұл әдістемеде индивидтің қақтығысын бағалауға арналған .

Құрылымы: үш нұсқасы бар сөйлем беріледі. Олардың варианты а, б, г деп белгіленеді. Өзінің ойындағысына жасөспірімдер «+» белгісін (иә) қояды.

Әдістеменің нәтиже көрсеткіші: Егер ұпайдың қосындысы отыздан қырық төртке дейін болса, онда ол индивид қақтығысуды ұнатпайды. Сын жағдайларынан қашады. Айналасындағыларға жақсы көрінгісі келеді. Бұл төмен қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы он бестен жиырма тоғызға дейін болса, сіз өз ойыңызды білдіре алатын адамсыз. Бұл пікіріңіз жеке басыңызға, қарым –қатынасыңыздағы қарым - қатынасыңызға әсер етсе де. Сол үшін де сізді айналаңыздағылар сыйлайды. Бұл орташа қақтығыс.

Егер ұпайдың қосындысы оннан он төрт ұпайға дейін болса, сіз қақтығысқанды жақсы көресіз. Сол қақтығысу үшін себеп іздейсіз. Сынды, өз ойыңызды айтқанды қатты жақсы көресіз. Өте жоғары қақтығыс.

Осы әдістемені жүргізгендегі, нәтиже көрсеткіші 3-кестеде көрсетілген.


3 – кесте. «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» әдістеменің нәтиже көрсеткіші


Сыналушы тобы

Төмен деңгей

Орташа деңгей

Жоғары деңгей

Бақылау тобы

5-35%

8 -48%

3-18%

Тәжірибе тобы

6-30%

9-45%

5-25%

«Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тестінің нәтиже көрсеткіші 4-суретте көрсетілген.




4 – сурет. «Жеке тұлғаның қақтығысын анықтау» тестінің нәтиже көрсеткіші
Анықтау экспериментінде тақырып көлемінде қарастырған әдістемеден алған көрсеткіштеріміз, оған түзету жаттығулар нәтижесі бақылау экспеиментімен салыстырмалы қарастырсақ толық қарастырудағы көрсеткіштер дәлелденгенін байқадық (5-сурет).

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет