С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


О.В. Афанасьева, Е.В.Колесников, Г.Н.Комкова



бет2/14
Дата26.08.2017
өлшемі4,17 Mb.
#29712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

О.В. Афанасьева, Е.В.Колесников, Г.Н.Комкова., - Под общ. ред. д. ю. н., проф. А.В. Малько. Конституционное право зарубежных стран- Москва: Норма, 2004. - 320 с.


  • Избирательные системы и избирательные технологии. Мажоритарная избирательная система [электронный ресурс] // сайт. - режим доступа: http://kulturoznanie.ru/politology/mazhoritarnaya-izbiratelnaya-sistema/(дата обращения: 05.02.2013).

  • Международное сотрудничество > календарь выборов в зарубежных государствах. Избирательная система азербайджанской республики. выборы в национальное собрание

    [электронный ресурс] // сайт. - режим доступа: http://cikrf.ru/international/azer.html (дата обращения: 12.02.2016).

    1. Вице-спикер: "Выборы в Азербайджане проходят в свободной форме" [электронный ресурс] //сайт. - режим доступа: http://news.day.az/politics/419092.html/ (дата обращения: 29.07.2013)

    2. P.Norris.,Chossing Electral Systems:Proportional,Majoritarian and Mixed Systems, İnternational Political Science Review vol (18),1997,p.297.


    Түйіндеме

    Мажоритарлық сайлау жүйесін - халықаралық тәжірибе және Әзірбайжан.

    Халил-заде Фуад Афган

    PhD, Баку Mемлекеттік Университеті

    Mемлекеттерде сайлау жүйесінің тұжырымдамасын мәні, салыстырмалы және абсолютті көпшілігі деп аталатын, оның түрлері туралы әңгімеледі жатыр. Сондай-ақ қарым-қатынас ерекшелігі анықталды отыр.Мажоритарлық сайлау жүйесінің реттеледі, осы саладағы құқықтық реттеу сайлау заңнамасын рөлі мен орнына байланысты мәселелерді анықтағанға. авторы кең іске асыруды тұжырымдайды әлемдік тәжірибеде осы жүйенің жақында, мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылықтары атап өтті.



    Негізгі сөздер: Мажоритарлық сайлау жүйесі, абсолютті көпшілігі, салыстырмалы көпшілігі
    Summary

    Majority electoral system - the international experience and Azerbaijan.

    Khalil-zadeh Fuad Afgan

    PhD, Baku State University

    In the states are talked about the essence of the concept of electoral system, its types called relative and absolute majority. As well as is elucidated peculiarity of relationships

    regulated by majoritarian electoral system, are clarified issues related to the role and place of electoral legislation in legal regulation in this area. The author articulates wide implementation

    of this system in a world practice recently, emphasizing advantages of majoritarian electoral system.



    Key words: majoritarian electoral system, absolute majority, relative majority.

    ӘОЖ: 745.52
    ҚАЗАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНА ШОЛУ
    Бекболатова Куралай Маратовна - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 2 курс PhD докторанты

    Мақалада палеолит және неолит дәуірінен бастау алатын бейнелеу өнері, оның түрлі жанрлары бойынша біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасып, өріс алғандығы жайлы мәселесі қамтылған. XX ғасырдың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрларының негізін қалаушылары туралы сөз қозғалады. Соғыс жылдарындағы суретшілердің туған жерге, табиғатқа, адамға деген айрықша көзқарастары мен елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді өз еңбектерінде көрініс тапқандығы жайлы айтылады. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлестерін қосқан кәсіпқой шеберлердің алғашқы қадамдары мен бейнелеу өнеріндегі ізденіс бағыттарының ерекшелігіне, әр кезеңнің суретші шығармашылығына өзіндік тигізген әсеріне сипаттама берілген.



    Түйін сөздер: Бейнелеу өнері, кескіндеме, графика, мүсін, полелоит, неолит, жанр.
    Жас ұрпақтың «өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге сыйластығын, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» мақсатында оларға «...қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, мәдениетін меңгерту» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізгі міндетерінің бірі болып саналады [1].

    Егеменді еліміздің 2004 жылы жарияланған «Мәдени мұраны сақтау және оны өркендетудiң негiзгi бағыттарына арналған бағдарламасын іске асырудың тұтастай жүйесiн қалыптастыру, ежелгi және орта ғасырдағы қоныстарға, қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргiзу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесiне енгiзу, қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қалпына келтiріп оларды пайдалануды қарастыру, өткен тарихымызбен мәдениетімізді ғылым мен байланыстыра кеңiнен насихаттау, өнертарихы ғылымының теориялық проблемаларын әзiрлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттi шығарып жоғарғы оқу орындарында, мектеп, колледж тағы басқа арнайы көркемдік мекемелерде пайдалану арқылы тұлғаны тәрбиелеуді қарастыруды ұсынған»[2] болатын.

    Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галлереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

    Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан бейнелеу өнері — бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның бейнелеу өнерінің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және неолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б. жатады. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің келесі даму кезеңі — қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар — Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен бейнелеу өнерінің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б. з. б. V, IV, IV - III ғ) бүгінге дейін сақталып жеткен “Алтын адам” соның ең бір көрнекті үлгісі.

    Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері XVI ғасырдың 2-жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. Ал, XX ғасырдың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар — Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, Х. Наурызбаев, т.б. Ұлттық кәсіби бейнелеу өнері алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С. Мәмбеев, М. Кенбаев, Қ. Телжанов, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев, Ш. Сариев сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері — қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. XX ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е. Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т. Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ бейнелеу өнері мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару [3, 9 б].

    Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды.

    Ал, Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді. XX ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И.И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.

    Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты [3].

    Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, А.М. Степанов, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70 жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Садыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.

    Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл жетпіс жыл кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін аз уақыт болған жоқ. Сондықтан да еліміздің көркемөнерінің қазіргі жағдайы мен тарихы жөнінде байсалды жан-жақты пікір айтуға болады. Бір уақыттарда діни ұғымдар мен аумалы төкпелі қиын замандарда үзіліп қалған кескіндеме дәстүрінің-ақ уақыт ішінде тез қалпына келіп, жоғары деңгейге жете қоюы мүмкін емес еді. Дегенменде 30-50 жылдардан бастап Қазақстанның көркемөнері уақыт өткен сайын қалпына келе бастады. Көрші елдерден, Мәскеу мен Ленинградтан келген суретшілер Қазақстандағы кескіндеме өнеріне көп көмегін тигізді. Әрине ол кезде әлеуметтік жағдай да мәз емес еді. Шығармашылық күштер әр-түрлі көзқараста, жеке дара болатын. Сонда да 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру бөлімі құрылып, оның құрамына В. Сладков, Ә. Исмайылов, Ф. Болкоевтар кірді. 1940 жылы Қазақстан суретшілерінің бірінші съезі өтті. Еліміздегі көркемөнердің дамуындағы екінші кезеңге 50-60 жылдарды жатқызуға болады. Осы кезең кеңес көркемөнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ, ол жалпы шығармашылық күштердің қалыптасуына да өз ықпалын тигізді. Осы кезеңдегі еліміздің суретшілерінің шығармашылығында табиғатқа, болмысқа, затттың өзіне көбірек зер салып бейнелеу олардың негізгі тақырыбына айналды. 60-жылдарда бейнелеу көсем сөзіне бой ұру, «қатаң стильді» ұлттық тұрғыда игерудің кезеңіне айналды. Ал, 70-жылдардағы көркемөнер өзгеше көзқарастағы күрделі кезең болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі-дараланған трактовкалардың, мәнер мен жаңа үрдістің дүниеге келуі еді. Сонымен бірге, заманымыздың көкейкесті ащы шындықтары әр қилы көрсететін талантты шығармашылық тұлғалардың көптігіне де байланысты болды.

    Ұлы отан соғысы жылдарында республикаға елдің әр түрлі аудандарынан көптеген суретшілер көшіп келді. Олардың ішінен кейбіреулері өз тағдырын Қазақстанмен түпкілікті байланыстырды. Бұл жылдары суретшілердің творчестволық күш-жігері өнердің үгіт-бұқаралық түрлеріне жұмылдырылды, суретшілер көркемдеген ҚазТАГ хабарлары, плакаттар шығарылды. Алайда, форма мен мазмұндық атқаратын күрделі шығармалар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл тағдырдың тәлкегіне қарамастан адамның әрқашан мойымай, рухын түсірмей, сұлулықты сергіштік қабілетін сақтай алатындығының айқын дәлелі ретінде сол кезде Алматыға келген жас суретші А.Черкасскийдің еңбектерінен көруге болады.

    Соғыс жылдары туған жерге, табиғатқа, адамға деген айрықша көзқарас туғызды. Соғысқа дейін тура немесе қырынан салынған портреттерге қимыл-әрекеттің жоқтығы тән болса, енді модельді суреттердің жандылығы, кеңістікте кескін – келбетті төрттен үшке бұрыңқырап бейнелеу сипат алды. Портреті салынатын адамның қызмет саласын аңғартатын бұйымдарға назар аударыла бастайды. Мысалы, Б. Урманче салған «Т. Бигельдиновтің портретінде» (1946) образдың мәнін оның кеудесіндегі ордендері мен медальдары толықтырылса, О. Кужелено салған «М. Төлебаевтың портретінде» пианиноның клавиатурасы мен қолындағы жазуы бар қағаз, Л. Леонтьев салған «С. Калмыковтың портретінде» (1946) қолтығындағы сурет салынған папка мен шеберханадағы ахуалды аңғарататын эскиздер толықтыра түседі. Ал, А. Черкасскидің «Жамбыл Жабаев пен Дина Нурпейісова» (1946) атты іргелі полотносында да суретші жанрлық жанасуды пайдаланады. Мұнда музыка екі өнер адамының қарым-қатынас құралы болып табылады. Еңбектеріне көз жиберейік. Суретші М. Лизогубтың «Ертегі» (1957) шығармасында бояу нақышының жылылығы әжесі мен немересінің арасындағы жан тебіренісін дәл көрсеткен. Ал мүсінші Х. Наурызбаев болса мәдениет қайраткерлері портреттерінің галереясын жасауға кіріседі. («Құрманғазының портреті», 1957). 1950 жылдардың ортасында еліміздің көркем өнеріне Ресейдің жоғарғы оқу орындарынан көркемдік білім алған талантты қазақ жастарының келуі жаңаша дүмпу әкелді. Рас бұл кезеңде бейнелеу тілі жүйесін жасаудан гөрі, ұлттық тақырыпқа көбірек күш-жігер салынды. Бірақ, қалай болған күнде де, қазақ суретшісінің оның орыс, украин немесе өзбек ағайыннан өзгешелейтін өзіне тән әдіс-тәсілді ойлап табуға әрекет жасалғандығы күмәнсіз [4].

    Бүгінгі өнер дамуына қойылған өзекті талаптардың бірі – ұлттық рух пен мәдени игіліктерді, ұлттық өнеріміз бен тарихтың ескерткіштерін қадірлеп-қастерлеу мен оның дамуына себеп болатын – жастардың рухани білім дәрежесімен анықталады [5]. Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік деңгейде өркениет тұрғыда қайта құрылуы білім беру саласындағы – қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған қазіргі болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерін шешу қажетттілігін қойып отыр. Өз ұлтымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетімізді, рухани байлықтарымызды бұрынғыданда терең талдап, зерттеп, болашақ ұрпақ тәрбиесіне қолданып өз тілін, дінін, мәдениетін, меңгертіп, үйретіп, бойларына тұндырып, білім беруде үлкен жетістіктерге жететініміз анық.


    1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ ҚРЗ.

    2. Мәдени мұра бағдарламасы (13 қаңтар 2004. №1277 жарлық) // ҚР Президенті мен ҚР өкіметінің актілер жинағы. – 2004. – №2.

    3. “Қазақстан бейнелеу өнері ХХ ғасыр”, Алматы-2001

    4. Телжанов К. Альбом.- Алматы: Өнер, 2006. -128 б.

    5. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. –Алма-Ата, 1966. –Б. 9-57.

    Резюме

    Обзор истории изобразительного искусства Казахстана

    Бекболатова Куралай Маратовна – Казахский Национальный Педагогический университет имени Абая, PhD докторант 2 курса по специальности Изобразительного искусства и черчение.

    В статье рассматривается развитие изобразительного искусства с эпохи палеолита и неолита и его преобразование в различных жанрах современнного искусства. Упоминаются имена казахстанских художников начала ХХ века как основателей жанров профессиональной живописи, скульптуры и графики. Описан особый взгляд художников военного периода к людям, родной земле, природе, а также к происходящим событиям в стране, которые были актуальной темой того времени. Дана характеристика на развитие изобразительного искусства и влияние разных периодов на творческую деятельность художников.



    Ключевые слова: Изобразительное искусство, живопись, графика, скульптура, полеолит, неолит, жанр.

    Summary

    Review of history of fine art of Kazakhstan

    Bekbolatova Kuralay Maratovna - Kazakh National Pedagogical University named after Abai, 2 doctoral courses on speciality the Fine art and drawing.

    In the article development of fine art from the epoch of paleolith and neolith and his transformation are examined to the different genres of modern art. Mention the names of Kazakhstani artists of the early twentieth century as the founders of professional genres of painting, sculpture and graphics. Described special look Artists war period to the people, his native land, nature, and also about what is happening in the country, which have been a hot topic at the time. Description is Given on development of fine art and influence of different periods on creative activity of artists.



    Key­words: Fine art, painting, graphic arts, sculpture, paleolith, neolith, genre.

    ӘОЖ 82-15
    ТОЛҒАУ ЖАНРЫНЫҢ ЛИНГВОСТИЛИСТИКАДАҒЫ ЗЕРТТЕЛУ БАРЫСЫ
    Амантай Ә.Ә. - Абай атындағы ҚазҰПУ, 6М012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты

    Ғылыми жет.: ф.ғ.к., доцент м.а. Жиренов С.А.
    Толғау жанры 15 - 19 ғасырлардағы қазақ поэзиясында ерекше өркендеп, өзінің жоғары даму сатысына жетті десек, жанрдың ерекшеліктерін әдебиеттану және тіл білімі тұрғысынан зерттеу біршама уақыттан бері әңгіме болып келеді.

    Бұл мақалада толғау жанрының тілдік ерекшеліктері мен көркемдігі, яғни лингвостилистикадағы зерттелу барысы сөз болады. Атап айтар болсақ, толғаудың жанрлық сырлары, композициясы, лексика-грамматикалық мағыналары, концепт ұғымы, көркемдік ерекшелігі туралы айтылған ғылыми еңбектердің мазмұнына, ондағы мысалдарға, түсініктерге қысқаша тоқталдық.

    Сонымен қатар толғау жанрын лингвистикалық, стилистикалық тұрғыдан талдаудағы сөйлемдердің байланысы, қайталамалар туралы айтылады.

    Кілт сөздер: лингвостилистика, концепт, лексика-грамматика, стиль, композиция.
    Толғау жанры әдебиетіміздегі ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі ұшырасатыны бәрімізге белгілі. Толғау өлеңде ақындар өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б тақырыптарда ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой қозғайды. Толғау жанрының қоғамдағы рөлін, ерекшеліктері жайында әдебиеттану ғылымында зерттелгелі біраз уақыттың жүзі болды. . Бұл салада жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе, Ш. Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин т.б ғалымдардың әдеби қауымға кеңінен таныс еңбектері жыраулардың өнерінің әлеуметтік мәні мен бірқатар көркемдік сыр-сипаттарын тануға мол мүмкіндік жасады.

    Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар толғауларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады.

    Толғаудың жанрлық сырлары, өлең құрылысы, көркемдік қисындары, жалпы тілдік ерекшеліктері жайында З. Қабдолов, М.Базарбаев, З.Ахметов, Р.Сыздық, О. Бүркітов, Қ. Өмірəлиев, Қ. Сыдиқов, Б.Шалабай, С. Жиренов еңбектерінде құнарлы жолдар мен құнды пікірлер жолығады.

    Атап айтар болсақ, Қ. Өмірəлиевтің «XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» атты еңбегінде, әдеби тілдің дамуы мен қалыптасуы, соның ішінде жыраулар поэзиясының лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталады. «Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған.»-дейді Қ. Өмірәлиев [1; 26 б]. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі.

    Толғаулардың композициялық ерекшеліктері де арнайы зерттеу обьектісіне айнала бастады. Осы тақырыпта зерттеуші Ж.Бектұров кандидаттық диссертация қорғады. Ол жыраулар мен ақындар толғауларын ой, мазмұн жағынан бірнеше бөлімге бөліп қарастыруға болатындығын айтты. Мысалы: Үмбетей жыраудың «Бөгенбай батырдың өлімін Абылай ханға естіртуі» толғауын шартты түрде 5 бөлімге бөлуге болады.

    1.Қат-қабылдау, қаратпа сұрақ.

    2. Айтар ойға апарар байланыс

    3. Оқиғаның шарықтай түсуі

    4. Естірту-шиеленіс сәті

    5. Толғаудың аяқталуы

    Жыраулар толғауларының композициялық құрылысындағы тағы бір ерекшелік – жыр жолдарындағы сөздердің не басқы буындардың қайталанып келуі. (Асан қайғы: (Ұсар ма билер, ұсар ма?», Қазтуған: «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Салп-салпыншақ анау үш өзен», Шәлгез: «Алп, алп басқан, алп басқан», «Ор, ор қоян, ор қоян», Доспамбет: «Сіреу, сіреу, сіреу қар», Ер Шобан: «Ол тұрысқан, тұрысқан», Жиембет: «Ей қыңыр ер, қыңыр ер», Ақтамберді: «Көк көгершін, көгершін», Бұқар: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек».) Мұндай қайталаулар көбінесе толғаудың басқы тармағында кездеседі. Мұндай сипатты сөйлемдер тізбегінің қайталауға қатысы мен басқа да қасиетін ашу қажеттігін қазақ тіл білімінде О.Бүркітов мəселе етіп қойды. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі» атты еңбегінде: «Қазақ тіліндегі қайталамалардың лингвостилистикалық табиғатын барлық қырынан қарастырған кезде бір мəселе ғалымдар тарапынан еленбей, ескерусіз қалып келді. Ол мəселе — синтаксистік параллелизмнің тілдік табиғаты. Синтаксистік параллелизмнің қайталама категориясына қатысын былай қойғанның өзінде, осы тəсілдің тілдік ерекшеліктері, негізгі белгілері, құрылымдық сипаты жəне стилистік қызметі сияқты мəліметтер мен деректер, тұжырымдар мен қисындар бүгінгі лингвистикалық əдебиеттерде жоқтың қасы. Атының өзі айшықтың тіл ғылымына тікелей қатысты екендігін айтып тұрса да синтаксистік параллелизм толыққанды тілдік құбылыс ретінде лингвостилистикада əлі күнге танылмай келеді» [2 ;4 б], — деген пікір айтады.

    Толғаулар тілінің ерекшеліктері туралы жан-жақты зерттеу жұмысы Р.Сыздықтың «18-19 ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты монографиясында кездеседі. Аталмыш еңбекте ақын-жыраулар шығармалары мен көптеген әдеби үлгілердің стилі, көркемдігі, лексика-грамматикалық мағыналары жайлы сөз болады. «Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі» - дейді. [3; 65 б], Мысалы араб, парсы тілдерінен енген сөздер әсіресе Шал ақынның толғауларында көптеп ұшырасады (хиямет мағшар, күнфайахун, туржағун, парыз, уәжіп, суннет, мәңкүр, паруардигар т.б).

    Қабидолла Сыдиқовтың «Көркемдік өрнектер» атты кітабы 15-18 ғассырлардағы ақын, жыраулар мұрасының көркемдік ерекшеліктерін қамтиды. Атап айтқанда, толғаулардағы дыбыс үндестігі, троп түрлері, қайталаулар, шумақ, буын, ұйқас түрлері, шендестіру, егіздеулер сөз болады. Ғалым жыраулар поэзиясында теңеудің көбірек кездесетіндігін айтады. «Толғауларда өзге көркемдік тәсілдерден гөрі заттың яки құбылыстың сыр-сипатын, белгі бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айрықша ажар, мәнді мазмұн беріп күшті әсерге бөлейтін терең теңеу түрлері көбірек кездеседі» -дей келе, оны мына мысалдармен дәлелдейді. [4 ;28 б]

    Тағыдай түн түре қараған,

    Таң берісіп жусаған,

    Тарпаңдай тізесін бүгіп су ішкен.

    (Шалгез)


    Қалжуардай шаншылған,

    Күшігендей щоңқайған.

    (Ер Шобан)

    Екі арыстан жау тапса,

    Оқ қылқандай шаншылса,

    Қан жусандай егілсе

    (Доспамбет)

    Ғаламның тілдік бейнесіне қатысты сөздің идеалдық мазмұны ақын-жыраулар поэзиясында концепт ретінде көрініс тапты. Толғау жанрының концептуалдық бейнесі Жиренов Саянның «15-19 ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-өлім» концептісінің тілдік-танымдық табиғаты» атты ғылыми монографиясында сөз болады. Аталмыш еңбекте «Өмір» макроконцептісінің құрамдас компоненттерінің («Дүние», «Дәурен», «Дағдыр», «Заман», «Тіршілік») тілдік-танымдық мазмұны, және «Өлім» концептісінің құрамдас компоненттерінің («Ажал», «Қаза») тілдік-танымдық мазмұны жан-жақты зерттеліп, қарастырылған. Мысалы, «Өмір» концептісінің тілдік моделі:

    Жаудан алмай кегімді

    Есіл де өмір өткен құр! (Жиембет)
    Өткен өмір санаулы,

    Күні-түні таяқ жеп,

    Өмірі болған аяулы. (Шөже)

    «Өлім» концептісінің тілдік моделі:



    Өлетұғын тай үшін,

    Көшетұғын сай үшін,

    Желке терің құрысып,

    Әркімменен ұрыспа. (Асан қайғы) [5 ;165 б]

    Толғау лингвистикасындағы параллелизм жайында зерттеу жұмысы М.Ш.Қабанов, Ж.З.Кадинаның «Толғау жанрындағы сөйлемдердің өзара байланысы» атты мақаласында баяндалады. Толғауларда синтаксистік құрылымдардың (лексикалық құрамы əр түрлі болуы мүмкін) тепе-тең түрде қайталануы арқылы параллелизмнің жасалуы — жиі кездесетін құбылыс. Мұндай сөйлемдердегі синтаксистік конструкция арақатыстылықтың үлгісіне қарай толғаулардағы жарыспалы құрылымдарды топтастыруға болады.

    Құрылымы «толықтауыш, баяндауыш» үлгісінде келіп құрылысы тепе-тең түрде қайталанатын сөйлемдер:

    Айналаңды берік етер,

    Жиған малың тəрік етер,

    Атың, тоның бұлды етер,

    Өз басыңды олжа етер (Шалкиіз) [6; 14 б].

    «Анықтауыш, бастауыш, баяндауыш» қатарымен сипатталған сөйлемдер түзілісі:

    Ғаділ төре ел бастар,

    Батыр жігіт жау бастар,

    Аға жігіт қол бастар... (Шалкиіз) [6;15 б].




    1. Өмірəлиев Қ. XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. — Алматы: Ғылым, 1976. — 236-б.

    2. Бүркітов О. Қазақ тіліндегі қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі: Филол. ғыл. д-ры . автореф. — Алматы, 2001. — 49 б.

    3. Сыздық Р «18-19 ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы» - Алматы : Мектеп, 1984. - 248 с.

    4. Сыдиқов Қ «Көркемдік өрнектер» - Алматы, «Рауан», 1992, - 80 б

    5. Жиренов С «15-19 ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-өлім» концептісінің тілдік-танымдық табиғаты» - Алматы, 2011.-179 б

    6. Қабанов М.Ш., Кадина Ж.З. «Толғау жанрындағы сөйлемдердің өзара байланысы» мақала. Қарағанды университетінің Хабаршы . ФИЛОЛОГИЯ сериясы № 1(77)/2015

    Каталог: sites -> default -> files -> publications
    publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
    publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
    publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
    publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
    publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
    publications -> Олжастанудың деректі көздері
    publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
    publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
    publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
    publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет