С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



бет7/14
Дата26.08.2017
өлшемі4,17 Mb.
#29712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Резюме

Применение информационные технологии в обучении географии

М.Т. Салбырова -

2 курс PhD докторантка КазНПУ им. Абая


В статья раскрывает возможности использования информационных технологий в преподавании географии. В статье представлены способы и методы применения ИТ на уроках географии, а также соответствие мультимедийных средств дидактическим модулям урока.

Ключевые слова. Информационная технология, интерактивная доска, интерактивные средства, мультимедийные средства, Интернет.

Summary

Аpplication of information technology in teaching geography

M.T.Salbyrova -

2nd year PhD doctoral student KazNPU. Abaya


The article open possibilities of use information technologies in teaching geography. Ways and methods of use of IT at geography lessons, and also compliance of multimedia means to didactic modules of a lesson are presented in article.

Keywords. IT, interactive board, interactive means, multimedia means, Internet.

ӘОЖ 804-65


ҮЙІРМЕ САБАҚТАРЫНДА КӨНЕ ШЫҒЫС БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚУШЫЛАРҒА ҮЙРЕТУ
Шынжырбаева А.Д. - Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мақалада бейнелеу өнеріндегі композиция құру заңдылықтары, түс бояу ұғымдары түсіндіріледі. Мектеп оқушыларына үйірме сабақтарында матаға жазу өнерін үйретудің әдіс-тәсілдері, сабақты ұйымдастыру формалары ұсынылады. Көне шығыс өнері Үнді, Жапон, Қытай елдерінің өнері жайлы маңызды мәліметтер мен матаға жазу өнерінің тарихы мен дамуы айтылады. Батик өнерін орындаудың түрлеріне анықтамалар беріліп, көркемдік, эстетикалық тәрбие бағыттары қарастырылған. Матаға жазу өнерін оқушыларға үйретудің бірізділігі әдістемелік нұсқаулық ретінде кестемен көрсетіледі.

Кілтті сөздер: үйірме сабағы, бейнелеу өнері, батик, ыстық батик, суық батик, класикалық батик, резерв, Көне шығыс өнері.
Үйірме жұмыс формалары әртүрлі болғандықтан, оларды топтастыру біраз қиындық туындатады. Әйтсе де мазмұны мен тәрбиелік міндеттеріне қарай оларды жіктеп, сұрыптауға болады. Орта буында үйірме жұмыстар әрекеттік нысана бойынша (жеке, топтық, көпшілік) және тәрбиенің міндеті мен бағыты бойынша (эстетикалық, адамгершілік, экономикалық т.б.) бөлінеді. Үйірме жұмыстарында кез келген тапсырманы орындау оқушыдан үлкен еңбекті, ерен күшті, табандылықты талап етеді. Оқушыны шығармашылық іс-әректеке бейімдейтін, қиялын дамытатын құрал – логикалық қызықты шығармашылық, көрмелік шығармашылық тапсырмалар, өз көзқарасы мен ойын дәлеледей білу т.б. кіреді.

Үйірмеде берілетін тапсырмалар оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыруда және олардың дүниетанымын арттыруда күнделікті өмірмен байланысы ескеріледі. Күнделікті өмірден әсемдікті көре білу оқушының байқампаздығын арттырса, екінші жағынан мектепте алған біліміне байланысты айналадағы қоршаған ортадағы құбылысқа саналы түрде анализ беру, оған байыппен қарау оқушы алған білімін үйірме сабақтарының көмегімен тереңдете, жетілдіре түседі.

Бейнелеу өнеріндегі бояу түсі, композиция заңдылықтарын зерттеуші өнер шығармасын қабылдау теориясында өзіндік ой айтқан Н.Н.Волков көркем шығарманы қабылдаудың маңызы оқушының танымдық мүмкіндігіне игі қызмет етеді. Бірақ кез-келген таным секілді оның да екі жағы бар дейді. Қабылдау шындыққа жүгінгенде оның ақиқат қасиеттері ашылады, ал екінші жағдайда ол жалған болуы мүмкін дейді. Неғұрлым толық, көркем шығарма мүмкіндіктері ескерілген барабар қабылдау ғана шығармашылық қабылдау бола алады. Н.Н.Волков осы шығармашылық қабылдау ғана суретші шығармашылығына жақын болуы мүмкін деген ой айтады [1]. Осы ұстанымды ұстай отырып оқушылармен мұражайға жасаған экскурсиялық сабақтардың маңызы зор. Біз бұл жерде көзбен қабылдаудың маңызы жөнінде айттық. Енді осы көзбен қабылдау барысында адамның эстетикалық сезімі мен көркемдік талғамы, оның көңіл күйі тәрбиеленеді десек қате болмас.

Көркем –эстетикалық тәрбиелік бағыттағы экскурсиялар жылына кеміне төрт рет ұйымдастырылады. Жалпы суретшілер шығармашылығын қарастырған кезде репродукция мен төлтума шығарма арасындағы айырмашылыққа, шын өнерді бағалай білуге үйренеді.

Кешенді экскурсиялар эстетикалық тәрбиелік сипатта болады да алдыңғы экскурсияларда койылатын міндеттерді түгел қамтиды. Мұнда ұзақ уақыттық экскурсиялар жасау барысында оқушылар бояу қарындаштарын ала шығады.

Бірінші кезде балалар табиғатты бақылай отырып, одан алған тікелей әсердің негізінде суреттер салады.

Екінші кезеңде балалар табиғатты бақылау барысында оған әркім өзінше талдау жасай отырып, оның алғашыенда табиғаттың жеке көрінісінің схемамалық көрінісін жасауға ұмтылады. Бейнелеу өнеріне мектепте аптасына бөлінген сағат аздық етеді. Себебі әлі күнге дейін бұл мәселе өз шешімін таппай келеді. Осы жағдайда мәселенің шешімі ретінде үйірме сабақтары жүргізіледі. «Бейнелеу өнері» пәнінің негізінде дәстүрлі өнерде оқыту және осы арқылы оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру бағдарламадағы материалға қосымша сабақ барысындағы іс-әрекеттер арқылы да жүзеге асырылады. Бұл теориялық және әдістемелік тәсілдерді практика жүзінде асудың тиімді жолы. Сонымен үйірме жұмысы - оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауының жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің сонымен қатар дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын қарастырады.

Үйірме жұмысы барысында Шығыстың көнеден келе жатқан батик өнерінің жолдарын үйрету әдістемесінде оқушыларға нұсқадан қарап отырып, құрылымдағы затттар мен бұйымдардың нобайларын салдыртып жаттықтырған жақсы. Түрлі көрмелерге оқушыларды алып барып, көрсетіп, танымдық қызығушылықтарын дамыту бағытында Көне Шығыс батик өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Батик - матаны қолмен безендірудің ерекше техникасы. Ұзақ ғасырлар бойы батик тек әшекей немесе киім болып қана қойған жоқ, өзіндік жазба, ой білдірудің құралы да болған. Батиктің туған жері – Индонезияның Ява аралы, онда қолдан суреттер салынған маталар күні бүгінге дейін кеңінен қолданылады. Матаға сурет салудың бұл әдісі ерте заманнан ежелгі Шумерде, Перуде, Жапонияда, Шри-Ланкада, Үндіқытайда, Африка елдерінде қолданылған. Батик тек ежелгі қолөнер түрі ғана емес, сондай-ақ адамдардың өмірі мен тағдырын өзгерте алатындай қасиеті бар құпия, ерекше құдірет.  Батик тарихы сан ғасырларды қамтиды. Бүгінгі күні батик техникасы арқылы Үндістанда авангардтық көркем шығармалар дүниеге келеді. Үндістаннан басқа көптеген елдер де батик өнерін өздерінің ұлттық өнері деп санайды. Олар мысалы, Индонезия, Малайзия, Шри-Ланка және Тайланд. Батик техникасы үлгісінде жасалған ғажайып дүниелер Шығыс пен Батыс елдері нарығында көптеген сұранысқа ие. Қазіргі таңда осы батик өнерін Қазақстанда жан-жақты терең меңгеріп қабылдап жатқанына көз жеткізе аламыз. Өнер жылнамасында батик бағыты бойынша танылған суретшiлер аса көп емес. Сұлулық пен даналықты, әсемдiк пен көркемдiктi сурет тiлiмен түсiндiрiп, көпшiлiк көңiлiнен шығу өте қиын. Батик дәстүрін біздің отандасымыз Камила Жапалова да жалғастырып келеді. Ол қазақ қыздарының арасынан ауқымы кең батик өнерiн  меңгерiп қана қоймай, сол саланың шыңынан көрiнiп жүрген өнер иелерiнiң бiрi. Автор түстерді аса ұқыптылықпен, әрі орынды қолдана білген. Түстердің ешқайсысы қалыс қалмаған, олар өзара үйлесіп, ерекше көңіл-күй сыйлайды. Әйел адам - әрі нәзік, әрі қайратты жан, ер адам мен әйел адам, көз үйренбеген ғажайып түстерге боялған құстар, туған өлке көрінісі... Міне, ошақты, салт- дәстүрді сақтай отырып, өткенді, бүгінді және ертеңді өзара жалғастырған әйел адам әлемді осылай көреді, осылай түсінеді.  Батик көркем өнерi түрі. Жалпы бiздiң елде матаға көркемдеп жазу XX ғ-дың 30-шы жылдарда кең даму сатысында болды..

Матаға жазу технологияларында көркем жабдықтар мен материалдар көмегімен көркем жазу өнерінің жасалу жолдары ерекше. Маталардың көркем боялған жұмыстары үшiн ашық, жақсы желдетiлетiн бөлме керек, ең негізгісі ағаш жайылмалы рама iлмектермен төрт бұрыштан тұратын кергiштер.

Суық батик әдiсі арқылы матаға көркемдеп жазу үшiн резервуары бар әр түрлi диаметрдiң шыны түтiктерiнiң жиыны қажет болады.

Ыстық батик әдiсі арқылы матаға көркемдеп жазу үшiн күрделi құрал-саймандар қажет екенін ескерейік. Ең алдымен, бұл кәдiмгi электр шырақ жайғастырылатын екi есе шығыңқы түбi бар металдық сапты шыны.

Еркiн матаға көркемдеп жазу үшiн құрал-саймандармен қатар дөңгелек және жазық қыл бiлезiктерi қажет болады.

Суық және ыстық батик бойынша қыздырылған резерв жасаушы құрам нәтижесінде нобайдың құрылуы матаға көркемдеп жазуға көп көмегін тигізеді. Контурлы сызықтар арқасында бұл жерде сөзсiз емес, суретте жұмсақ өткелдер бояу реңі жақсы сақталады.

Суық батик әдісі – суретке өзiндiк сипатты тұрғыдан (резерв жасаушы құраммен) тұйықталған контурлы айналдыра орауы болатын суреттiң барлық пішімінің матаға көркемдеп жазу әдiсіне негiзделеді.

Ыстық батик әдісі –қалыптағы үлгi бойынша сурет матаға бiлезiктердiң арқасында келтiредi, штамп, жылытқан резерв жасаушы құрамның көмегімен пышақтар, шұңқырлар немесе сырғытқыштары мысалы, геометриялық немесе өсiмдiк оюдың контурлы риалары пайда болады.

Еркiн жазу әдісі – матаға еркiн көркемдеп жазу әдісі түбегейлi жан-жақты дамыған, ол өйткенi әрбiр суретшiнiң қол жазуын өзiндiк ерекшелiк және шығармалардың жеке қайталанбайтын қол еңбектi айқындайды.

Сондай-ақ тұзды ерiтiндiнiң қолдануымен еркiн матаға көркем жазу суреттiң сипатына байланысты немесе тұздауға және құрғаудан кейiн көркемдеп жазуға асқан шеберлікті шыңдап шығуға болады.

Өнердің декоративтiк-қолданбалыны шығармасының жасауы нәтижесінде суретшi өнердiң өз көркем идеясын iске асыра алатынына қол жеткізеді.

Жалпы батик өнері Индонезияда пайда болды «Батик» сөзі саламын жазамын қашаймын деген мағынаны білдіреді. Батик өнері шыдамдылықты , төзімділікті қажет ететін өнер түрі. Бірнеше метір батик әдісімен жасалатын өнер туындыларын жасауға 2-3 айдай уақыт керек. Мата бетіне батик техникасында жазу өте ыждахаттылықпен белгілі бір қасиетке балап қараған, әр матаның өзіне тән ерекшеліктері болған. Матаны осындай техникада безендіру көптеген елдерге белгілі мысалы ең ерте мата бетіндегі жазбалардың бірі екі метірлі полатно Қытай жеріне белгілі адамдардың жерленген жерінеде табылған.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек Қытайда жібек мата бетіне сурет салу, жазу императордың қатысуымен жүргізілген. Ежелгі орыс жерінеде матаға қолмен жазу әдістері белгілі болған. Олар орыстың әйгілі набойкаларына бастау болды. Мата бетіне жазу кезінде резервтің орнына ара балауызы, смала және басқа құрамдар пайдаланылды.

Біздің заманымызда «батик» сөзі көп мағыналы және мәнді болған сияқты , өзінің Индонезия жерінде пайда болғанға қарағанда. Қазір мата бетіне жазудың түйінді батик, суық батик, ыстық батик, еркін жазу, аэрограф көмегімен жазу түрлерінің бәрін батик деп атайды.



Класикалық батик - бұл балқытылған балауыз, парафин, смала және сол сияқты басқа құралдар арқылы матаны әшекейлеу түрі. Батиктің отаны Индонезия бола тұра Ежелгі Мысырда мұндай әдістер белгілі болған.

Ол ыстық батиктің арғы тегі болып келеді. Болжамдарға сүйенсек Батик атауы яван сөзі «нтик» шыққан, «дақтардан жасау» деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы сапалы батик жасау өте жоғарғы шыдамдылықты қажет етеді. Жұмыс процесі жібек бетіне болашақ суретің нұсқасын тұсіруден басталады.

Боялмайтын жері балқытылған балауызбен жабылып, содан кейін барып мата бетіне жазылады.

Жазудың келесі кезеңінде балауызбен қайтадан жабылып жазылады. Ыстық батик орындауда бұл тәсіл төрт реттен көп қайталауға болмайды, қайталаған жағдайда түстің сапасы қанықтығын жоғалтады.

Ерте уақытта балауыз бамбуктан жасалған таяқша мен кейінірек қылқаламмен немесе дәстүрлі чантинг аспабымен матаға түсірілген. Қазіргі уақытта европалықтардың ойлап тапқан аспаптары батик-штифты пайдаланады. Сонғы кезеңде матаға жағылған балауызды сындырады сол жағдайда жарықтыр пайда болады , жарылған балауыздар үстінен әртүрлі түсті бояуларды қосады. Содан кейін артық бояуларда алып тастайды, кейіннен балауызда үтікпен парлап балқытады нәтижесінде мата бетінде жарықтар суретеуі қалады. Бұл техниканы кракле деп атайды. Матаға көркемдеп жазу өнерінің әртүрлі тәсілдерін бейнелеу өнерінің үйірме сабақтарында толық меңгертіп, үйретіп, шығармашылық жұмыстар жасап шығуға мүмкіндігімізді молайтамыз.

«Шығыс батик өнері» атты 6 сынып арасында өткізілген практикалық сабақ жоспарындағы сарамандық жұмыстың реті:



Салынатын суреттің нұсқасы қойылады. Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі. Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастайтынымызды айтып түсіндіріледі. Оқушыларды үш топқа бөліп сурет салу деңгейін бөліп берген соң, бейнеленетін суреттерін үш қатарға таратып, жобасын матаға сызғызамыз. Осы жоба бойынша балауызды жүргізіп барып бояқ түстерін қолданып, алдымыздағы мата бетін бояймыз.

І-ші топ – Үнді халқының шеберлерінің бейнелейтін суреттері, ол «пілдің суреті» болмақ. Олай деп суретті алу себебіміз, ҮНДІ МЕМЛЕКЕТІНДЕ пілді билік, бірлік, байлық деп қастерлейді екен.

ІІ-ші топ – Қытай халқының шәкірттерінің бейнелейтін суреттері, ол «балықтар» яғни су асты. Олай деп суретті Қытай халқына сүйемелдеп алуымыздың мәне мынада екен. ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІ ҮНДІ МЕМЛЕКЕТІ сияқты діни наным сенімдерге көп сенген. Байқасаңыздар үйлерінің жабылған шатырларының ұштары төрт жаққа қайқиып сыртқа майысқан. Сол майысқан ұштарында балықтың құйрығының пішімі ағаштан қашалып қағылған. Балық құйрығын ерекше көрсеткені, ол балықтай болып өсіп өнейік деген мағынаны білдіреді екен.

Ал, ІІІ-ші топ – Жапон халқының шеберлеріне тапсырып отырған суреттеріміз, ол «бұтақта қонып отырған құс» суреті. Бұл суреттің мағынасы да тереңде жатыр екен, ол құстың бұтақта қонып отырған көрінісі, бейбітшілік пен тыныштықты білдіреді деген оймен сурет бейнеленеді.

Ал төмендегі кезеңдермен матаға көркемдеп жазу әдіс-тәсілдері 2-кестеде көрсетілген.


Мата бетіне көркемдеп жазудың кезеңдермен көрсетілген әдістері (батик).

Жұмысты бастап жасау үшін бізге жібек матасы қажет болады, 90*90 см өлшемде.







Рама ағашына алған матамызды кереміз.






Келесі кезекте қағазда салынған суретті ақ жібек матасына көшіріп саламыз.






Матаға суретті шыныға құйылған балауыздың көмегімен жүргізіп шығамыз. Арасына үзіліс қалдырмай жүргізілген жұмысты боясақ толық жақсы боялып шығады.







Балауызбен толық мата бетіне жүргізіп шыққан соң мата бояйтын бояқ түрлерімен түс бере бастаймыз. Ол бояулар келесідей.



Матаны, болмаса орамалды түрлі-түсті бояу түрлерімен бояй бастаймыз.








Гүл түстерін беріп болған соң жасыл түсті жапырықтарына көңіл бөлеміз.

 





Келесі кезекте инелікті бояуға кірісейік







Суретті бояп болған соң артқы фонды бояуға кірісеміз.

2-кесте. Матаға көркемдеп жазу әдіс-тәсілдері.


Үйірме жұмыстарын орта буын оқушыларына енгізудегі мақсаты бағдарламадағы бейнелеу өнері оның ішінде батик өнері жөнінде теориялық, практикалық білімдерін күшейту, бекіту және бейнелеу өнерін оқыту процесінде оқушылардың жоғары шығармашылық белсенділіктерін, ой қиялдарын ұштау, талғампаздықтарын арттыру, жұмысқа деген жауапкершіліктерін, дербестіктерін орнықтыру болып табылады.

Көпшілік формаға мерекелер, ертеңгіліктер, байқаулар, көрме ұйымдастыру т.б. жатады.

Топтық формалар оқушылардың қызығушылығы бойынша ұйымдастырылатын үйірме, сурет салу т.б. жұмыс түрлері қамтиды. Әр жұмыс формасының тұрақты құрамы мен арнайы жұмыс жоспары болады. Үйірме жұмыстың топтық формасы – сабақта алған білімдерін тереңдету барысында үйірме бойынша жасалған бағдарлама мазмұны, оны ұйымдастыру әдістемесі алдыңғы бөлімде. Біз бұл бөлімде үйірме жұмыстың көпшілік формасына тоқтаймыз. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып дамытуда жұмыстың бұл формасының мәні зор болады. Олар мынандай жұмыс жоспары арқылы жүзеге асады. Үйірме сабақтарындағ іс-шаралар оқушылардың үйірмеден алған білімдерін тереңдете түсіге, нақты айтқанда, оқушылардың Шығыс бейнелеу өнеріне зейін-ықыласын арттыруға ақыл-ойын, қиялын ұшқырлауға, эстетикалық талғамын, көзқарасын жетілдіруге көмектесті, әсемдікті әсерлі, эмоционалдық сезіммен қабылдауға, үйретті, Шығыс батик өнерінің нәзіктігін түсінуге, қылқалам арқылы бейнеленген эмоциялық бояуын, әсемдігін көре білуге баулыды, жақсылық пен жамандықты, бояу реңінің ырғағын ажырата білуге үйретті.


  1. Волков Н.Н. Восприятие картины, М.,1976. Осынын орнына автордын 2000 жылдан бастап шыккан оку куралы жок па,…… карастырып корши….переизданные немесе осы автордын жана бир енбегин койсан.

  2. Мировая художественная культура: Учеб. пособие /Колл. авт.: Б.А. Эренгросс, В.Р. Арсеньев, Н.Н. Воробьев и др.; Под. ред. Б.А. Эренгросс/ - М.: Высшая школа, 2001. - 767 с

  3. Культурология: Учебное пособие /Под ред. проф. Г.В.Драча.- М.: Альфа-М, 2003.

  4. http://www.livemaster.ru


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет