С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



бет6/14
Дата26.08.2017
өлшемі4,17 Mb.
#29712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



а)

б)


Значение реальной части эффективного потенциала а); Значение мнимой части эффективного потенциала б)

Рисунок 1 - Двухчастичные параметры Eb = -1275 keV,

ER= - 152.9 keV; Гn =3.7 keV

Трехчастичный резонанс проявляется при r=10 fm
Для получения рисунков по определению трехчастичных резонансов в системе 13C+13C+n   нами были использованы следующие значения двухчастичного резонанса: значение энергии связанного состояния Eb0, значение энергии резонансного состояния ER, значение ширины нейтронного резонанса Гn [4].







а)

б)


Значение реальной части эффективного потенциала а); Значение мнимой части эффективного потенциала б)
Рисунок 2 - Двухчастичные параметры Eb = - 1275 keV;

ER =173.6 keV; Гn =17.6 keV

Трехчастичный резонанс проявляется при r=5 fm
При рассмотрении кристаллической структуры, в приближении Борна-Оппенгеймера, для нас самое главное то, что мы можем не решать ядерное уравнение потому что считаем ядра фиксироваными в узлах решетки. Решая только электронную часть уравнения Шредингера мы нашли пики трехчастичных резонансов [1, 2].

Самая главная особенность трехчастичных резонансов - это зависимость от расстояния между ядрами Eᴀ=E-Ee(r). Это может проявляться в оболочках нейтронных звезд, т.к. здесь материя в очень сжатом состоянии и плотность меняется с глубиной. С увеличением плотности расстояние между ядрами уменьшается, а раз расстояние монотонно уменьшается то всегда найдется такое значение, когда проявляются трехчастичные резонансы [1, 2].




  1. Такибаев Н.Ж. Точные решения в задаче рассеяния легкой частицы на двух фиксированных центрах // Известия НАН РК. Серия физ.-мат. – 2007. – № 3. – С. 70-73.

  2. Диссертация на соискание ученой степени доктора PhD по специальности Физика Насировой Д.М., 2013 г.

  3. www.wikipedia.org

  4. Glöckle W. The Quantnm Mechanical Few-Body Problem. Springer-Verlag, 1983. - P.197.



Түйіндеме

Ядроларда нейтрондардың шашырауы бойынша есептерді шешуге Mathematicа есептеуіш бағдарламасымен жұмыс істеу қабілетін құрастыру.

Тнысова Л., Турдиева Д., Ержанбек О., Султанова К., Джаксигельдинова Э.

(Абай ат. ҚазҰПУ магистранттары)

Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Насирова Д.М.

Мақалада есептік бағдарлама Mathematicа-ның сипаттамасы беріледі, үш дене міндетін шешу үшін мүмкіндіктерін қолданамыз. Үш дененің міндеті- бұл аналитикалық міндет, бұл жерде қатысатын екі ядро мен нейтрон тіркелген кристалдық тордың түйіндерінде ядро болып есептеледі. Біз өз ғылыми зерттеулерді Такибаев Н.Ж. академиктің жұмысына сілтейміз. Такибаев Н.Ж. құрастырған листинг бағдарламасын пайдалана отырып, екі жиілігінен тұратын резонанстың деректерін орнына ауыстырамыз, атап айтқанда, маңызы энергиясын байланысты жай-күйін Eb0, мәні энергиясын резонансты жағдайын ER, мәні енін нейтрондық резонанс Гn. Қарастыра отырып 13C+13C+n жүйесіне, үш жиілігінен тұратын қисық резонанстың мәнін алдық. Қарау кезінде кристалдық құрылымын, Борн-Оппенгеймердің шамамен, біз үшін ең бастысы біздің ядролық теңдеуін шығармасақ та болады, өйткені тіркелген тораптар түріндегі торлар ядро деп есептейміз. Тек электрондық бөлігін Шредингер теңдеуін шеше отырып, , үш жиілігінен тұратын резонанстың шыңын таптық.



Түйін сөздер: есептік бағдарлама Mathematicа, ядро мен нейтрон, кристалдық тор, нейтрондық резонанс, ядролық теңдеу, Шредингер теңдеуі.

Summary

Building skills to work with computational programs Mathematicа for solving the problem of neutron scattering on nuclei

Tnyssova L., Turdieva D., Erzhanbek O., Sultanova K., Jaksygeldinova E.

(undergraduates KazNPU named after Abai)

Scientific supervisor PhD, senior lecturer Nasirova D. M.

In work the description of the calculated Mathematica program which possibilities we use for the solution of a problem of three bodies is given. The problem of three bodies is an analytical task in which two nucleus+ a neutron participate, nucleus are considered the fixed in clusters of a crystal lattice. In the scientific research we refer to works of the academician Takibayev N. Zh. Using listing of the program, developed by Takibayev we substitute data of two-particle resonances, namely value of energy of the bound state Eb0, value of energy of a resonance condition of ER, value of width of neutron resonance Гn. Considering system 13C+13C+n, received curves of a three-partial resonance. By consideration of crystalline structure, in Bourne-Oppengeymera's approximation, for us the most important the fact that we can not solve the nuclear equation because we consider nucleus the fixed in lattice sites. Solving only an electronic member of equation of Schrödinger we found peaks of three-partial resonances.



Keywords: calculation program Mathematica, nucleus аnd neutron, a crystal lattice, neutron resonance, the nuclear equation, equation of Schrödinger.


ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ

PROBLEMS OF PEDAGOGY AND METHODOLOGY

ӘОЖ 910.1

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
М.Т. Салбырова -

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

2 курс PhD докторанты

Ғылыми жетекшісі: Ә.С. Бейсенова -

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

г.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі
Мақала географияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігін ашады. Мақалада география сабағында ақпараттық технологияларды (АТ) қолдану тәсілдері мен әдістерін, сонымен қатар мультимедиалық тәсілдердің дидактикалық модульдермен сәйкесуі ұсынылған.

Түйін сөздер. Ақпараттық технология, интерактивті тақта, интерактивті тәсілдер, мультимедиялы тәсілдер, Интернет.
Еліміздің білім беру жүйесін дамыта отырып, адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық қабілетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектепте оқыту үрдісінің мазмұндық болмысына географиялық білімді жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттігін көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда ақпарат ағымы өте ауқымды. Географияның пән ретіндегі өзгешелігі бізден, көптеген сызбалар, карталар, суреттер, фотосуреттер мен статистикалық мәліметтерді ақпараттық технологияның көмегімен көрнекі етіп көрсетуді талап етеді.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолдану, яғни, ақпараттық технологияны пайдалану әдісі. Елбасымыздың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта ақпараттық технология әдістемелерін пайдалануға көшуіміз керек. Мақсаты, Қазақстан Республикасында ақпараттық ортаны құру мен жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай білім берудің негізгі талаптары тек білім алу ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетінше ізденіп білім алуы болып табылады. Ақпараттық технологиямен белсенді жұмыс істейтін оқушыларда өз бетінше білім алып, ақпарат ағымында бейімделуі, керекті ақпаратты қабылдап, артығын сүзіп тастау қабілеті және жалпылау мен қорытынды жасау қабілеті дамыған.

География сабағында ақпараттық технологияны қолданудың жалпы және тұтас алғанда келесідей әдіс-тәсілдерін атап шығуға болады:



  • Жаңа мәліметтерді түсіндірудегі алып жүру (презентация);

  • Оқу бейнероликтері;

  • Тарату мәліметтерін алдын ала дайындау (бақылау жұмысы, өзіндік жұмыс, әртүрлі тестілеулер);

  • Тестілеу түрінде оқушылардың білім деңгейін бақылау;

  • Сабақтарға дайындалуда және сабақ барысында әртүрлі ақапарат пен интернет көздерін қолдану;

  • Сабақ барысында мультимедиалық-интерактивті оқыту тәсілін қолдану (проектор және интерактивті тақта);

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың артықшылықтары:

  • Білім беру процесінде оқушылардың барлығынан кері байланыстың орнауы; 

  • Оқушылар үшін мәліметтер қолжетімді болады;

  • Ақпараттық технологиямен сабақ беру оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;  

  • Даралап-саралап оқытуға мүмкіндік береді;  

  • Оқушыларды оқу әрекетіне ынталандырады;

  • Баға қоюдің әділдігіне мүмкіндік береді.

Оқушылардың географияны толықтай түсіну үшін ақпараттық мәліметтер, суреттер, анимациялар, бейнероликтер бейнеленген слайдтар оқушылардың орта болмысының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда географияны оқытуда ақпараттық технологияның көптеген әдістері қолданылады. Олардың арасынан, келесілерге назар аударсақ:



1. Мәліметтерді қолдану: Карталарды, үлкен және көркем суреттерді, телехабар үзінділерін және оқу фильмдерін қолдану география сабағында үйреніп жатқан объектілері туралы нақты түсініктеме алуға көмектеседі. Презентация көмегімен әрбір сабақ барысын тым ақпаратты және көрнекі жасауға болады, әрі қажет, дегенмен презентацияны тым артық қолдану оқушылардың қызығушылығы мен сабақтың жалпы тиімділігін төмендетуі мүмкін.

2. Оқушыларға географиялық процесстерді көрсету. Жер бетіндегі заттар мен судың айналымы, құрлықтарлың пайда болуы, жанартау атқылауының реті, таулардың пайда болу процестері мен литосфералық тақталардың әрекеттесуі, мұхит ағымын, атмосфералы құйындарды, кәсіпорындардың жұмысын, көмір, газ және мұнайды өндіру әдістерін, электрстанциялардың жұмыс істеу қағидаларын – осының барлығы сабақ барысына арқау болып, оқушылармен жақсы қабылданады.

3. Білімді қадағалау. Сабақ бойынша білімді қадағалау үшін өткен тақырыптарға сай практикалық электронды модулдер немесе тесттер және т.б. қолданылуы мүмкін.

Интерактивті компьютерлік бағдарламалар адамның әртүрлі әрекеттерінің белсенділігіне алып келеді: ойлау, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу оқушыларға берілген мәліметтердің тез қабылдануына ықпалын тигізеді.

Компьютерлік жаттығушы оқушыларға практикалық қабілет алуға мүмкіндік береді. Интерактивті тестілеу жүйесі оқушылардың білім сапасын анықтау үшін қажет. Бақылаушы-бағдарламалар және жаттықтырушылар өткен тақырыптарды қаншалықты қабылданғанын бақылауға мүмкіндік береді. Әлбетте мұндай бағдарламалардың артықшылықтары, төмен баға алған немесе қателік жіберген оқушылар қайтадан тапсырмаға қайтып келу мүмкіндігі бар. Бұндай жағдайда оқушы, оның табиғатпен берілген қабілетіне сай жұмыс жасайды.

4. Оқушының ой-өрісін дамыту, география пәніне қызығушылығын жоғарылату.

Бұл жерде компьютерді қолданып жеке өзіндік өнерпаздық үй жұмысын жасау: әлемдегі соңғы мәселелерді саралау, әртүрлі мәліметтерді, оқушылардың өздігінше презентация жасау, ғылыми жобалар жасау және т.б.



Географиялық білім беруді және ақпараттық тенологияларды жалпы және тұтастай синтездеу оқушылардың аналитикалық қызметін белсендендіруіне мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану-мәліметті суреттеу, оқушылардың іздеу жұмыстарын ұйымдастыру мен оқушылардың оқуға деген ынталарының артуына себеп болады. Қазіргі таңда географияны оқытуда ақпараттық технологияны қолдану әдістерді тікелей оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен өнерпаздық белсенділіктеріне байланысты.

Мұғалім жұмысының маңызды бағыты болып, сабақтан тыс оқушылардың география пәнінен жоба және зерттеу жұмыстарымен немесе өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатымен ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.

Ақпараттық технологияны сабақ барысына ептеп ендіру, оқытуды дамыту, оқыту, және тәрбиелеу функцияларынның бірлігін сақтауға мүмкіндік береді.

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолдану, оқушылардың тек география пәніне ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндерге қызығушылыған арттырады.

Оқушылардың оқуға деген ынтасын жоғарылату және география пәнін зерттеу туралы көп айтуға болады, дегенмен қорытынды жасау қажет.

Ақпараттық технологияны білім беру процесіне ендіру білім беру жүйесінің өзгеруіне мүмкіндік береді. География сабағында ақпараттық технологияны қолданудың көптеген мүмкіндіктері бар.

Айтып кететін жайт, ақпараттық технологияларды қолдану мұғалім үшін сабақ барысын кең жоспарлауға мүмкіндік береді, мәселен, сабақ барысында бейнефильмдер, мультимедиалы презентациялар, сонымен қатар мағлұматтарды сақтауды жасауға мүмкіндік береді.

География сабағында оқуға деген ынтаның болуы, ізденуге деген қызығушылық, зерттеуге, тапқырлығын дамытуға деген қызығушылықтың маңызы зор. Сондықтан, мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында танып білуге деген ынтаны дамыту және сақтап қалу жолдарын іздестіру қажет.

Бүгінгі таңда география сабағында оқушылардың өнерпаздық белсенділігі мен тану мүмкіндіктері ақпараттық технологияға тікелей байлансыты деп айтсақ артық болмас.

Оқушы сабақ процесінде белсенді, құштар, әрі тең құқылы қатысушы болады. Оқушылар ептеп-ептеп стандартты ойлаудан арылады, бұл оқуға деген ынта мен мотивацияны арттыруға алып келеді. Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістердің ақпараттық технологиялармен байланыстырсақ, оқушыларда логикалық, бейнелі және жүйелі ойлау қабілеті дамиды. Сонымен, географияны оқыту барысында бұндай тәсіл оқушының тұлға ретінде қалыптасуын, оның өнерпаздық дамуы мен тәрбиеленуін қалыптастырады.

Жоғарыда айтылғанның барлығын қорыта келе, география сабағында, сонымен қатар, сабақтан тыс ақпараттық технологияны қолдану қазіргі заманға еліктеу емес, ол оқушы мен мұғалімнің алдарында пайда болған мәселелер мен міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін қажеттілік.


  1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

  2. Беспалько В. П., Образование и обучение с участием компьютеров [Текст] / В.П. Беспалько. – М.: Изд. Московского психолого-социального института, 2002. – 352 с.

  3. Таможня Е.А., Методика и технология обучения географии в школе [Текст] / Е.А. Таможня, В.Б, Пятунин. - М.: АСТ, Астрель, 2002.

  4. Информационные технологии в образовании [Текст]: учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений - 3-е изд., стер. - М.: Издательский центр «Академия», 2007.-192 с.

  5. Крылова О.В., Методические рекомендации по работе с интерактивными наглядными пособиями по географии [Текст] / О.В. Крылова, А.И. Крылов, П.А. Корниенко.- М.: Дрофа, 2007.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет