Сабақ тақырыбы 5 сыныпта өткенді қайталау. /Жай және ондық бөлшектер/ Сілтеме



бет7/32
Дата27.03.2020
өлшемі323,62 Kb.
#60921
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32


.09.20 ж Сынып:8. Алгебра.

Сабақ тақырыбы

Нақты сандар туралы ұғым.

Сілтеме

Алгебра, 8 сынып.

Мақсаты

Оқушылардың нақты сандар туралы түсініктерін жалпылау, нақты  сандардың құрылымын, геометриялық мағынасын түсіндіру.Ойлау қабілеттерін, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын. – Топта бір-біріне көмек көрсету арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Нақты сандар туралы жалпы түсінік алады, – Геометриялық мағынасын біледі, – Оны есептер шығаруда қолдана біледі.

Сабақ түрі

Дәстүрлі.

Сабақ типі

Жаңа сабақ.

Сабақ көрнекілігі

Топ ережесі, формулалар, қажетті құралдар.

Өту барысы:

Сабақ кезеңі

Жұмыс түрі, әдістер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру /2 минут/

Смайликтер арқылы топқа бөлу.

Сабақ мақсатын қою.

Смайликтер тарату

Сәйкес топқа отыру

Үй тапсырмасын тексеру/1 минут/

44, 46, 51 (жұптары)







Жаңа материалды игеруге дайындық.

1.     Натурал сандарға қандай сандар жатады?

2.     Рационал сандарға қандай   сандар жатады?

3.     Координаталық түзу деген не?

4.     Ондық бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?

5.     Қысқартылмайтын бөлшек?

6.     Шексіз периодты ондық бөлшек?

7.     Шексіз периодты емес ондық бөлшек?



«Тізбектей сұрау» әдісін қолданамын

Кезекпен жауап береді. Бір бірін толықтырады.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

/ минут/

СDӨлшем бірлігі ретінде кіші кесіндіні аламыз. А нүктесінен бастап АВ кесіндісін СD кесіндісі арқылы өлшейміз. Өлшеу СD кесіндісінен кіші РВ кесіндісі қалғанша жүргізіледі.



Нәтижесінде РВ < СD кесіндісін аламыз. СD кесіндісін бірдей 10 бөлікке бөлеміз. Оның оннан бір бөлігін РВ кесіндісінде өлшейміз.

Өлшеу СD кесіндісінің  бөлігінен кіші Р1В кесіндісі қалдық болып қалғанша жүргізіледі. Сурет бойынша Р1В кесіндісі СD кесіндісінің  бөлігін бес рет өлшегенде шығады. Жаңа Р1В кесіндісін СD кесіндісінің  бөлігінен кіші Р2В кесіндісі қалдық болып қалғанға дейін СD кесіндісінің  бөлігімен өлшейміз. Өлшеуді осылай жалғастыра беруге болады. Мұндай өлшеу нәтижесінің үш жағдайы бар.

1-мысал. Рационал сандардың арасында квадраты 2-ге тең санның болмайтынын дәлелдеу керек.

Д/еу: Қарсы жору арқылы.



А-ма: Кез келген шекті периодты емес ондық бөлшек иррационал сан деп аталады.

Мысалы: πсаны.



А-ма: Барлық рационал және иррационал сандар нақты сандар жиынын құрайды.

Нақты сандар жиынын сан түзуі деп атайды. Координаталық түзу – сан түзуінің геометриялық моделі. Нақты сандардың геометриялық кескінін көрсету үшін түзу жүргізіп, ол түзуде: 1)оң бағыт, 2) санақ басы, 3) бірлік кесінді алынады. Осылайша салынған түзу сан осі деп аталады.




Топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беру


Топпен жұмыс істейді. Өзара талқылап, бірге жұмыс істейді.
Топтан бір немесе бірнеше оқушы шығып, тақырыпты түсіндіреді.

Есептер шығару

/ минут/

1.1. Шексіз периодты ондық бөлшек қандай санды білдіреді? Жауабы: рационал сан.

1.4. Рационал сандар: 1) 0,010101…; 3)3,75121212…; 5) 5,43171717…;

Иррационал сандар: 2) 0,010010001…; 4) 3,7512412441244412444441…; 6) 1,41421…; 7) =3,14159265358…; 8)1,7320..



Жұптасып жұмыс істеуге мүмкіндік беру



Қажеттілігіне қарай өзара көмек көрсетеді.

Бекіту сұрақтары /2 минут/

1.    Рационал сан дегеніміз?

2.    Иррационал сан деген не?

3.    Нақты сандар деген не?







Үйге тапсырма беру. /1 минут/

1.2 (4, 6), 1.4 (4, 6)

Талқылауға мүмкіндік беру.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау. /1 минут/

Топ жетекшісінің бағалауы




Бағалаумен келісу, келіспеулері туралы пікір айтады.

Кері байланыс. /1 минут/




Стикерлер таратып беру

Стикерлерге пікір жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет