Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет16/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Жақсы тілектер айту арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды Өлеңді хормен айтады

5 топқа бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

9 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 97-жаттығу (Ел, елім сөздерін септеп жазу)

2.Тәуелденген зат есімдерді талдау, семантикалық картаға орналастыру:




1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы септелген сөздерді оқиды, тексереді

2. Топтық жұмыс: тәуелденген зат есімдерді талдайды, картаға орналастырады, қорытынды жасайды



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

5 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

98-жаттығу.Жұмбақты көшіріп жазу, шешуін табу, барыс септіктегі сөздерді тауып, өзара салыстыру, қорытынды жасау: төбеңе, шегеге.

І, ІІ жақ тәуелдеулі зат есімдерге барыс септікте –а, -е жалғаулары жалғанады



1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: жұмбақ-ты шешеді, барыс септіктегі сөздерді салыстырады, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

5 мин


99-жаттығу. Берілген сөздерді септеп жазу, қай септіктің жалғаулары өзгергенін талдау, қорытынды жасау: көшесі, құрбысы.


Жұптық жұмыс: берілген сөздерді септеп жазады, қай септік жалғаулары өзгерге-нін талдайды,қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

5 мин

100-жаттығу. Өтірік өлеңді мәнерлеп оқу, тәуелденген зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын айту, дәлелдеу:

үйімнің- І жақ, жекеше, ілік септігін тұр;

терезесін – ІІІ жақ , жекеше, табыс септігінде тұр.


Жеке жұмыс:қол көтеру арқылы өтірік өлеңді мәнер-леп оқиды, тәуелденген зат есімдерді табады, қай септікте тұрғанын айтады, дәлелдейді

6 мин

102-жаттығу. Сызбаны пайдаланып, зат есімді тіркес жасау: Ағасына көмектесті, ініңді көрді, үйінде тұрады, досына берді, терезені ашты, Мәуленге үйретті.

Топтық жұмыс: сызбаны пайдаланып, сөз тіркестерін жасайды, тексереді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


Жер, жерім сөздерін септеп жазу

Жеке жұмыс: сөздерді септеп жазады, оқиды, тексереді

Бағалау:

3мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?





Үйге: 1 мин

103 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрінің септелуінен өзгешеліктерін ұғындыру

Оқыту нәтижелері:

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін біледі, зат есімнің жай түрінің септелуінен өзгешеліктерін біледі, салыстырады, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Қазақ тілі-бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін

Жақсы тілектер айту арқылы топтарға бөлу



Оқу құралдарын дайындайды Өлеңді хормен айтады

5 топқа бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

9 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 91-жаттығу (Өлеңді ұйқасына лайық сөзді қойып көшіріп жазу, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді табу, дәлелдеу)

2. Қала сөзін септеп жазу

3. Кестемен жұмыс:

1) Зат есімнің тәуелденуі деген не?

2) Тәуелдік жалғауларын атау

3) Әже, жер сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдету.




1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы өлең шумағын оқиды, шығыс және көмектес септік-тегі сөзді табады, дәлелдейді

2. Жеке жұмыс: қала сөзін септеп жазады, тексереді

3. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

92-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқу, тәуелдеулі зат есімдерді табу, қай жақта тұрғанын айту, тәуелдік жалғауларын айту, талдау, қорытынды жасау: бесігім, есімің, далаң, тауларың, таңдарың, мекенім, бақытым.


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: өлеңді мә-нерлеп оқиды, тәуелдеулі зат есімдерді табады, қай жақта тұрғанын айтады, талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

7 мин


93-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, олардың қай септікте тұрғанын айту, салыстыру, қорытынды жасау:

Жұптық жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, сөздерді сөз құрамына талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

6 мин

94-жаттығу. Кестемен жұмыс: зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру, өзгешелікте-рін байқату

Жаппай жұмыс: кестедегі зат есімнің жай түрі мен тәуелдеу-лі түрінің септелуін салысты-рады, өзгешеліктерін түсінді-реді, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

7 мин


1) 96-жаттығу. Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жазу, тексеру.

2) Дос, досым сөздерін септеп жазу, тексеру




Жеке жұмыс:берілген сөздерді барыс септігіне қойып жазады, тексереді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?





Үйге: 1 мин

97 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:

Көмектес септік жалғауы буын үндестігі заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту, сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын білдіру

Оқыту нәтижелері:

Көмектес септік жалғауы буын үндестігі заңына бағынбай жалғанатынын, сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын біледі, салыстырады, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, ребус, сурет, таратпа парағы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жақсы тілектер айту арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айтады

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

6 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 85-жаттығу (Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құрап жазу)

2. Жеке оқушыларға таратпа парағын үлестіру

3. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1) Қазақ тілінде неше септік бар?

2) Септік жалғаулары қандай қызмет атқарады?

3) Зат есімнің септелуі дегеніміз не?

4) Септік атын ретімен ата

5) Септіктердің сұрақтары мен жалғауларын ата



1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы бір сөйлемнен оқиды, көмектес септіктегі сөзді табады

2.Жеке жұмыс: жеке тапсырма парағымен жұмыс жасайды

3. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.

86-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалға-уын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу, зат есімдердің қай септікте тұрғанын айту, дәлелдеу, көмектес септігі жалғанған сөздерді сөз құрамына талдау, не байқаған-дарын айту, қорытынды жасау:


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұптық жұмыс: көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жалғап жазады, зат есімнің қай септікте тұрғанын айтады, дәлелдейді, көмектес септігі жалғанған сөздерді сөз құрамына талдайды, қорытын-ды жасайды



Талдау және қолдану:

6 мин


88-жаттығу. Ребусты шешу, шешуіндегі сөзді әр септікке қойып, сөйлем құрап жазу

Жұптық жұмыс: ребусты шешеді, шешуіндегі сөзді әр септікке қойып, сөйлемдер құрап жазады

Сергіту сәті:

4 мин


89-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау, әңгімеде көмектес септіктегі сөздері бар сөйлемдер болу керек.

Топтық жұмыс: сурет бойын-ша көмектес септіктегі сөй-лемдері бар әңгіме құрайды, оқиды, тексереді

6 мин

90-жаттығу. Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жазу, қай септікте тұрғанын анықтау, сұрақ қою, сөз құрамына талдау

Жұптық жұмыс: берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тір-кестіріп жазады, қай септікте тұрғанын анықтайды,сұрақ

қояды,сөз құрамына талдайды



І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

8 мин


87-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу, зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтап, кестеге түсіру, тексеру


Жеке жұмыс: жұмбақты оқып, шешуін табады, зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықтайды, кестеге түсіреді, тексереді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?





Үйге: 1 мин

91 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:

Көмектес септігінің жасалу жолын түсіндіру, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру

Оқыту нәтижелері:

Көмектес септігінің жасалу жолын, оған қойылатын сұрақтарын біледі, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сурет, сәйкестендіру картасы, интерактивті тақта


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айтады

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

6 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 78-жаттығу (Мәтінді көші-ріп жазу, шығыс септіктегі сөздерді тауып, астын сызу)

2. Сәйкестендіру картасы: септік сұрақтары мен жалғауларын сәйкестендіру, кестеге орналастыру




1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы бір сөйлемнен оқиды, шығыс септіктегі сөзді табады

2. Топтық жұмыс: септік сұрақтары мен жалғауларын сәйкестендіреді, кестеге орналастырады, бір топ қорғайды, басқа топтар тексереді



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

10 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кестемен жұмыс:




1. Сабақ мақсатын қояды.

2.Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды, салыстырады, толықтырады, қорытынды жасайды



5 мин

Оқулықпен жұмыс.

80-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, қарамен жа-зылған сөздерге сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту, сөз құрамына талдау, көмектес септік жалғауының бу-ын үндестігі заңына бағынбай байланысқанын байқату, қай сөзбен байланысқанын көрсету, қорытынды жасау



Жұптық жұмыс: сөйлемдерді көшіріп жазады, сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын айтады, сөз құрамына талдайды, жал-ғаудың үндестік заңына ба-ғынбай жалғана беретінін бай-қайды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


Көрсетілген суреттегі затқа көмектес септігінің жалғауын жалғап айту: пойыз..., автобус...

Қол көтеру арқылы сөзге тиісті жалғау жалғап айтады

Талдау және қолдану:

6 мин


81-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазу, мағынасын түсіндіру, көмектес септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қою, астын сызу, қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсету, дәлелдеу

Жұптық жұмыс: мақалдарды жатқа жазады, мағынасын түсіндіреді, көмектес септіктегі сөздерді табады, сұрақ қояды, қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсетеді, дәлелдейді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

8 мин


83-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сұрақ қою, көмектес септіктегі сөздерді табу, астын сызу, сөйлем мүшелеріне талдау, тексеру, қорытынды жасау

Жеке жұмыс: сөйлемдерді көші-ріп жазады, көмектес септіктегі сөздердің астын сызады, сөйлем мүшесіне талдайды, тексереді, қорытынды жасайды

Бағалау: 3 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

85 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Шығыс септік

Сабақтың мақсаты:

Шығыс септіктегі сөздердің қандай мағына білдіретінін аңғарту, олардың қай сөзбен байланысатынын көрсету

Оқыту нәтижелері:

Шығыс септіктегі сөздердің қандай мағына білдіретінін біледі, олардың қай сөзбен байланысатынын көрсетеді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сызба, сурет, интерактивті тақта

Каталог: uploads -> doc -> 0390
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0390 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары І сабақ мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары Күні: 20. 12 Сабақ: 2 Сабақтың тақырыбы
0390 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет