Сабақтың тақырыбы: ״ Ас үй және балаларға арналған бөлменің интерьерін жасау ״. Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі148,76 Kb.
#38645
түріСабақ
Шангытбаева Гульсим Нарымбетовна. Ақтөбе қаласы. №15 орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: 

״Ас үй және балаларға арналған бөлменің интерьерін жасау״.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.


Білімділік: Оқушыларды үйдегі жиhаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету.
Дамытушылық: Жиhаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас, интерактивті.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап әдісі,СТО элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспеқағаздар,стикерлер.
Пән аралық байланыс: психология, бейнелеу,әдебиет.
Керекті құрал-жабдықтар: дәптер, оқулық, түрлі-түсті қарындаш.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық тренинг. «Шаттық шеңбері».Жүректен жүрекке жылы лебіз. Оқушыларды кеспе қағаз арқылы топқа бөлу. 1 топ-«Ас үй» тобы. 2 топ-«Балалар бөлмесі» тобы.

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік (оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады).



  • Менің көнілім жақсы.

  • Мен сабақты жылдам орындаймын.

  • Мен сабақты жақсы оқимын.

  • Менің жазуым жақсы.

  • Менің тәртібім жақсы.

ІІ. Үй тапсырмасы : Қызығушылықты ояту. Ассоцация және топтастыру стратегияларын қолдану .Мақсаты: Өткенді еске алу.Ойлауды белсендіру,жаңа мәліметті игеруге дайындық.

  1. Интерьер дегеніміз не?

Интерьер француз тілінен қазақша тіліне аударғанда ішкі деген мағынаны білдіреді.Сәулет өнерінде оны ішкі көрініс, ішкі жоба (жеке үйлердің және ғимараттардың ішкі көріністерін) жобалайтын ұғым. Интерьер архитектуралық шешімдерді (өлшемдер, пропорциялар, жиһаздардың, құрылымдардың) жобасын көрсетеді.Перспективалық құрылымдарда вертикаль сызықтардың барлығы қатаң түрде вертикаль сызылады. Себебі барлық құрастырулар көкжиек сызығына жақын орналасады.Вертикаль сызықтарының перспективалық қысқарулар көру сәулесінің көкжиек деңгейінен бұрылғанда байқалады.



  1. Композиция дегеніміз не?

Композиция (латынның compositio сөзінен) құрастыру, жалғастыру, байланыстыру деген мағыналарды білдіреді (87- сурет). Тұрғын үй интерьерінің композициясы – тұрғындардың талаптарына сәйкес келетін барлық элементердің өзара үйлесңмділігі.



Постер қорғау. (дизайн, дизайнның түрлері).

  1. Дизайн дегеніміз не?

Дизайн- ағылшын тілінен аударғанда-«сурет салу» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзден туынды түсініктер пайда болады: дизайнер-суретші-конструктор, дизайн-форма-заттың сырт көрінісі. Дизайнерлер заттар мен нәрселерді, өнімдер мен материалдарды тек негізгі мақсатқа арнап қана емес, эстетикалық әдемі және пайдаланғанда қолайлы болатындай етіп жобалайды.

  1. Дизайнның түрлері.

«Дизайн» ұғымы адам қызметінің кез келген түріне қолданылады.

  1. Фитодизайнер

  2. Web -дизайнер

  3. Полиграфия дизайнері

  4. Фуд-дизайнер

  5. Киім дизайнері

  6. Ландшафт дизайнері

  7. Интерьер дизайнері

ІІІ. Ой қозғау.



Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты аштырту. Тақтадан суреттер көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады.

–Балалар, экраннан не көріп тұрсыңдар?

  1. Пәтер дегеніміз не?

Пәтер- адамға және оның денсаулық жайына әсер ететін қуатты фактор. 
Тұрғын үй іші ортасының сапасына мына жайлар әсер етеді: 
- Сырттағы ауа; 

- Толық жанбаған газ өнімдері 

- Тағам дайындау процесінде пайда болатын заттар; 

- Жиһаз, кітаптар, киімдерден бөлінетін заттар; 

- Тұрмыс химиясы; 

- Темекі түтінінен бөлінетін заттар; 

- Орынжайда санитарлық нормаларының (адамдар санының) сақталуы.
Сондықтан да пәтер жөндеу және өңдеуге арналған материалдар таңдау кезінде, денсаулыққа зиян келмес үшін мұқият болу керек: кір жуу құралдарын абайлап қолдану, санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтау қажет. 

  • Осы пәтер бөлмелері қалай бөлінеді?

Негізінен пәтер бөлмелері:

қонақ бөлме

жатын бөлме

балалар бөлмесі

жалпыға арналған бөлме

ас үй болып бөлінеді.



- Адам баласы көп уақытын қай бөлмеде өткізеді?

- Әрине,ас үйде.

  • Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ?

  • Жарайсыңдар балалар! Дәптерімізді ашып, бүгінгі жаңа тақырыбымызды жазып қояйық.

ІҮ. Жаңа сабақ:  Пәтер ішін жиhаздағанда барлық уақытта «алтын қағиданы» сақтаған дұрыс.Жиhаздарды іріктеп орналастыру,пәтерді жиhазбен жабдықтау бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиhазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған абзал.

Ас үй жиhаздарын орын-орнына қоя білу де үлкен өнер,себебі біздің пәтеріміздегі ас үйдің алатын орны ерекше.



Ас үйге- асханалық гарнитур,ас ішетін стол,плита,төбеге ауа тазартқыш орнатқан жөн (слайдпен көрсету).Өздерің де ата-аналарыңа көмек көрсету үшін көп уақыттарыңды ас үйде өткізесіңдер.Қане,енді осы ас үй туралы не білеміз?

Ас үй:тамақ әзірлейді,тартымды,ерекше бөлме,тамақтанады,жинақы,таза, әсем.

-Өте дұрыс.Мұнда тамақ әзірлеп қана қоймай,оның әсем де таза тұруын қадағалайсыздар.Ас үйді тап-тұйнақтай таза,кірсе шыққысыз етіп ұстаған дұрыс.Өйткені «Тазалық-денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаған.(слайдтан ас үйді көрсету ).



  • Балалардың жатын бөлмесі. Ол қандай болу керек?

Психолог мамандардың сараптауы бойынша балалар бөлмесі кең,әрі ыңғайлы болуы керек. Бір жағынан қарасақ ол да дұрыс.

Жатын бөлме (Спальня) - пәтердің көлеміне және отбасы құрамына байланысты тек ұйықтауға арналған бөлме, балалар жатын бөлмесі және жұмыс істейтін әрі ұйықтайтын бөлмелерге бөлінеді. Жатын бөлмедегі негізгі жиһаздар  кереуеттермен киім-кешек шкафыТөсектің бас жағына ұсақ-түйек заттар салатын тумбалар қойылады. Ал айнамен қатар қойылған тумбаның бірі сәндену столы ретінде пайдаланылады. Жатын бөлмеге арналып жасалған мебель гарнитуры ыңғайлы келеді, ондағы төсектердің бас жағына тұтас етіп құрастырылған сыйымдылығы әр түрлі комплектілер (тумба, кітап сәресі, шырағдан, сәндену столы, төсек-орын бұйымдарына арналған қораптар) орнатылған.

Қандай жағдайда да балалар бөлмесінде баланың еркін ойнауы үшін бос орын қалдырылуы тиіс, өйткені жас бала өзінің уақытын көбінесе осы жерде өткізеді. Көп жағдайда жатын бөлмені жұмыс орны ретінде де пайдаланады. 

Балалар бөлмесі үшін қанық ашық түсті, жылы реңкті маталарды таңдаған жөн. Ас үй пердесі үшін тор, жолақты, гүлді суретті материал қолданылады. 
Ү. Сергіту сәті «Жалғасын тап»ойыны. ( Оқушыларға мақалдың басын айтамын ,соңын тауып жалғастырыңыздар.)

1.Ұяда не көрсең.....(ұшқанда соны ілесің).

2. Балалы үйдің....(ұрлығы жатпайды)....

3.Үй иесі мейірлі отырса..... (қонақ иесі көңілді отырады.).

4..Өз үйің.......(өлең төсегің)

5. Талаппен бастап..........(талғаммен аяқта)

ҮІ. Сарамандақ жұмыс.

Оқушылар берілген тақырыпқа сәйкес ас үй мен балалар бөлмесін өздерінің қалаулары бойынша жабдықтап көрсетеді. Оқушылар тапсырманы топ болып орындайды. Мұнда топтардың жылдамдығы мен оқушылардың талғамы ескеріледі.Осы жұмыстары бойынша пікірлері тыңдалады. Орындаған жұмыстарын қорғап шығады.Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.Жұмыс соңында көрме ұйымдастырылады.



Үйді күту кезінде қауіпсіздік сақтау ережесін еске түсіреміз:
- Ашық тұрған токтың айналасына жақындамау;
- Терезе, есіктерді ашық тастамау;
- Токқа қосылатын заттар (тоңазытқыш, теледидар, т. б.) су сүрткішпен сүртпеу.

ҮІІ. Ребус шешу. «Шебер».

ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма: « Егерде мен шебер болсам.». Эссе жазу.

ІХ. Бекіту. Рефлексия.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

Тұрғын үй интерьері не екенін білдік.

 


Бөлме ішін қалай әшекейлеуге түсіндім

Әр түрлі инерьерді білгім келеді.

Х. Бағалау. Стикер үлестіру арқылы бағалау.Бағалау парағы.

ХІ. Үйге тапсырма беру: ас үй және балалар бөлмесінің сүретті-көркем кітапшасын жасау. Өз бөлмелерінің суретін салып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет