Сабақтың тақырыбы Бес ешкі Сабақтың мақсаты



бет6/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,51 Mb.
#24731
түріСабақ
1   2   3   4   5   6



Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі:

Күні: 04.10.2016ж




Сыныбы

4 « »

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқулығы, Рахметова С. Қабатай Б. Алматы «Атамұра», 2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Аныздар. Қорқыт

Сабақтың мақсаты

 Оқушыларға аңыздар, қобызға арналған күйлер, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері

-Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту.

-Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.

-Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ертегіні түсініп оқиды, талдайды, сөздік қоры молаяды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:


  • Бірлеске оқу

  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

  • Ой қозғау;

  • Диалогтік оқыту

  • Алынған ақпарат негізінде постер жасау

  • -«Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері

Керекті жабдықтар

плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Психологиялық дайындық
Топқа бөліну

Сергіту сәті

Психологиялық дайындық



Психологиялық тренинг: өз есімінің басқы әріпінен басталатын бойындағы қасиетті айту

Үй тапсырмасын сұрау бекіту.

Топпен жұмыс

Бес ешкі

Жоспар құрып, Осы жоспар бойынша ертегінің мазмұнын айту



Білу



Аныздар- көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма.

Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі


- Тақтадан не көріп тұрсыңдар? 
- Қандай музыкалық аспап? 

Оқушылар сұраққа жауап береді

Музыкалық аспап. 

- Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз. 


Түсіну

Оқулықпен жұмыс




«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.
Қорқыт туралы аңыз көп
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.
Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді.
Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ т. үре тыңдапты.

Тыңдайды, оқиды талдайды


Қолдану

Оқулықпен жұмыс



1. Бейнеролик көрсету

Бөлімге бөліп оқыту

Сөздік жұмыс жүргізу.

Бұл шығарманың аңыз екенін қандай оқиғаларды оқығанда білуге болады?



Бейнероликті көреді, тыңдайды, талдайды

Желмая – верблюдица 


Ажал – смерть 
Әуен – музыка, мелодия 
Зират – могила 
Үздіксіз – непрерывно

Оқулықтан тауып оқиды. 



Талдау

Дәптермен жұмыс:

Топпен жұмыс



аңызда кездесетін жер - су аттарын дәптерге теріп жаз. (өзіндік жұмыс)
Сызбаны толтыр (жұптық жұмыс)
Қайтеді?
Венн диаграммасы
Аңыз
Ертегі



Дәптерге жер-су аттарын теріп жазады

Сарыарқа, Сырдария, Қармақшы

Сызбаны толтырып жазады.

Құстар..... ұшуын тоқтатады
Жел соғуын доғарады
Аң - құс жағаға келеді
Өзен ағысын тоқтатып тұрады
Сұрақтарға жауап береді, талдайды.


Жинақтау


 - қорқытты қандай сауал көп ойландырады?
- Қорқыт түсінде не көреді?
- Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?
- Қорқыттың өмірі қалай аяқталады?



Сұрақтарға жауап береді


Бағалау_Кері_байланыс_Үй_тапсырмасы'>Бағалау
Кері байланыс
Үй тапсырмасы


Смайликтермен ,бағдаршаммен

36-39 бет Оқу, әңгімелеу

1.Ертегі мен аңыздың айырмашылығы бар ма? Оны білу үшін кестені толтыр.

2. Осы аңыздан ертегіге ұқсайтын жерлерін тауып, сыныптастарына айтып беруге дайындал.




-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін смайліктер арқылы бағалайды,

Оқиды әңгімелейдікестені толтырады



Пәні: Әдебиеттік оқу

Мұғалімі: Есмаханова А.Қ

Күні:10.10.2016ж

Сыныбы

4 « Г »

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқулығы, Рахметова С. Қабатай Б. Алматы «Атамұра», 2015ж.

Сабақтың тақырыбы

Менің үйренгенім.

Сабақтың мақсаты

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бөлімін қайталау білім білік деңгейін анықтау

Сабақтың міндеттері

- оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту.

-Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.

-.

Күтілетін нәтиже

талдайды, сөздік қоры молаяды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:


  • Бірлеске оқу

  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

  • Ой қозғау;

  • Диалогтік оқыту

  • Алынған ақпарат негізінде постер жасау

  • -«Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері

Керекті жабдықтар

плакаттар, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Психологиялық дайындық

Топқа бөліну

Сергіту сәті

Психологиялық дайындық



Психологиялық тренинг: өз есімінің басқы әріпінен басталатын бойындағы қасиетті айту

Үй тапсырмасын сұрау бекіту.

Топпен жұмыс

Омоним сөздер

Логогриф

Шарада


Метаграмма

Әр топ мына сөздерге түсініктеме береді, қорғайды

Омоним сөздер

Логогриф

Шарада


Метаграмма

Құрастырған сөзжұмбақтарын жасырады.



Білу



Халық ауыз әдебиеті үлгілері

Оқушылар сұраққа жауап береді

Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.



Түсіну

Оқулықпен жұмыс




Топтастыру

Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесің бе?



Топтастырады

Ертегі аңыз

Айтыс батырлар жыры

Жаңылтпаш ертегі

Бесік жыры шешендік сөздер

Мақал- мәтел жұмбақтар




Қолдану Дәптермен жұмыс:


Әр топқа тапсырма беріледі.

Батырлар жыры дегеніміз не...

Қандай жырларды білесің?


Анықтаманы аяқтап жазады
1т-Ер тарғын

2т- Батыр бала Бөген мен Шұбар ат

3т- Тортайдың мұңы

4т- Тайбұрылдың шабысы

5т- Жолбарыспен айқас

6т- жекпе-жек





Талдау

Топпен жұмыс



Ертегілердің қандай түрлерін білесің?

Айтыс түрлерін ата.



Сұраққа жауап береді.

Ертегілердің, айтыстың түрлерін атайты.



Жинақтау


Сөз жұмбақ қай батырлар жырына сәйкес келеді?


Сөзжұмбақты шешеді.мағынасын түсіндіреді.

Жақсы ат- ер қанаты

Бағалау
Кері байланыс

Үй тапсырмасы


Смайликтермен ,бағдаршаммен

Халық ауыз әдебиеті үлгілері бөлімін қайталау , тест құрастыру



-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін смайліктер арқылы бағалайды,




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім




Сабақтың атауы

Қ.Баянбаев Араша

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың анимациялық суреттері), карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика

Психологиялық ахуал

І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Құрап келген мысалдарын оқып беру. Жақсы шығарманы мадақтап, кем қателік болып жатса түзету.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)
шешуі: АРАША
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3. Өлеңді оқып беру. Оқу барысында слайд көрсетіліп тұрады.
4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас,
5. Оқушылар тізбектей оқиды.
6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.
Шыбын: бөрткен дәндей әлсіз жәндік
Торғай: кәдімгі ашулы бейшара
Мысық: мұртын талдап тараған, үстін сәндеп жалаған, шапшаң әрі епті, маубас
Төбет (ит): жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашу қысқан арландай
Құнан (ат): құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы
7. Сергіту сәті
(Слайдтан көрініс көрініп тұрады).
Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың. 
Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсың.
Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.
Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.
Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.
Күшік қуса жетпессің, машина басып кетпесін!
Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.
Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!
8. Қосымша материал. «Артық болмас білгенін»
- Ал енді, балалар, осы жануарлар қанша жыл өмір сүретінін білесің бе?
Шыбын үш апта, мысық пен ит 15 - 20 жыл, жылқы 30 жыл өмір сүреді. Ал кәдімгі торғай тіршілік ету жағдайына байланысты 2 - 3жыл қала ауыл ішінде, ал жабайы жағдайда 10 жыл өмір сүреді екен.
9. - Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?- деп оқушылардың ойын тыңдап, қорытынды шығару
10. Диалог туралы анықтаманы жазып алу
11. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
ІV. Қорытынды..
12 Сабақты бекіту мақсатында слайдтан ұяшықтар шығады. Балалар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?
2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бескөл ауылы 
«Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар » 
мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаева Бакдат Тоқтарбаевна
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру. 


Оқушылардың тілдерін дамыту, Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өзбетіншеоқып, танысуарқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру. 
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, Қорқыт атаның кесенесі жайлы бейнефильм, PowerРoint бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта. 
Пәнаралық байланыс:тарих, география. 
Сабақтың түрі: танымсабақ. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру: - Құрметт іоқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырамыз, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйш іҚорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз. 
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау. 
. Ежелг ідәуір әдебиетінің басты-басты әдеби мұраларын есімізге түсіріп өтейік. (Интерактивті тақтадан ежелгі құлпытастар туралы оқушылардың өздері жасап әкелген презентациясы көрсетіледі): 
- Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ.): «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған).
- «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған. 
- «Оғыз-нама» (ІХ ғ.). Оғыздар мен олардың ханы Оғызқағанның әскерижорықтары, ерлік істері жырланады. 
- Әл-Фараби, М.Қашқари, Қ.А.Йасауи, Ж.Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері. 
ІІІ. Жаңатақырыптымеңгерту. 
Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі) 
- Тақтадан не көріптұрсыңдар? 
- Музыкалық аспап. 
- Қандай музыкалық аспап? 
- Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз. 
- Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер? 
(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді). 
Мұғалімнің сөзі:Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш реет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті және жерленген кесенесі туралы бейнефильм көрсетіледі). 
- Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: 
- - Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр, 
- - Қазанбектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, 
- - Оғыз қаған жыры т.б. 
Келесі сабағымызда осы Қорқыт атаның «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырымен» танысамыз. 
Мәтінмен жұмыс: 
А) сөздік жұмысы: 
Желмая – верблюдица 
Ажал – смерть 
Әуен – музыка, мелодия 
Зират – могила 
Үздіксіз – непрерывно 
Ә) мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Б) мәтінді оқушылардың өздерінің оқып шығуы
В) мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру. Әрбір топ өз тапсырмалары бойынша мәтіннен керекті үзінділерді тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді
І топ – Қорқыт – ақын
ІІ топ – Қорқыт – күйші
ІІІ топ – Қорқыт – мәңгілік өмірді іздеуші. 
Интерактивті тақтамен жұмыс: 
Символ-сөздердің астын сыз: 
а) өлімді білдіретін сөздерді қарасызықпен; 
ә) өмірді білдіретін сөздерді жасыл сызықпен; 
Оқушылар сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазып, астын сызады. 
Интерактивті тақтаның көмегімен кроссворд шешу: 

Қ о р қ ы т 





Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғанын оқисыңдар. 

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра) 


2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая) 
3. Миф, легенда сөздерінің аудармасы. (аңыз) 
4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария) 
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы (әуен) 
7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан) 
(жасырынсөз – «Дрезден»). 
Дәптермен жұмыс: оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерін дәптерлеріне көшіріп жазады. 
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
Анаүшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі. 
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. 
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық. 
Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмірсүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке кобейтіп өмір сүрген де аз. 
ІV. Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырдық. Қорқыт бабамыз туралы не білдік? 
(Балалардың жауаптары) 
V. Үй жұмысы, бағалау.

  • Күні: 10-11-2015, 15:18

  • Категориясы: Қазақ тілі әдебиет

Каталог: uploads -> doc -> 0dc4
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dc4 -> Бекітемін: Мектеп директоры Молдахметова А. Ш. Жас мұғалімдермен атқарылатын жұмыс жоспары Мақсаты
0dc4 -> Сабақ жоспары тақырыбы: Хайуанаттар бағына саяхат Оқытушы: Тойбулдинова Ж. К. 2015 жыл 13. 03. 15
0dc4 -> Сабақ жоспары Мұғалім: Маукишева Р. О
0dc4 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстанның 1920-1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірімен таныстыру. Міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет