Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қарттарды сүйем»



бет2/6
Дата06.02.2022
өлшемі51,22 Kb.
#48765
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
3Кіріспе әңгіме.Оқушылардың қызығушылығын ояту.
-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» деген шығармасымен таныс боламыз.
Шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық.
7. Сергіту минуты.
8. Оқулықпен жұмыс.
1.Ертегінің мазмұнын түсіндіремін.
2.Өлеңді нақышына келтіре оқып беремін.
3.Оқушыларға тізбектей оқытамын.
4.Тыйым сөз: Кісіге қарап есінеме.Есіней қалсаң,аузыңды қолыңмен қалқала. (Оқушыларға өздері білетін тыйым сөздер айтқызу.)
9. Ертегімен жұмыс.Тауып оқу.
1.Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып,әуеніне сай оқы.
2.Ертегідегі мақалды тауып оқы.
3.Әженің іс-әрекетін тауып оқы.
4.Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.
Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)
Бөлімдерге ат қою. 1-бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы».
2-бөлім :«Сүттің тасуы».
3-бөлім :«Қалтаға құюы».
Бөлімдерге сәйкес суреттерді ілемін,өз сөздерімен ертегіні баяндатамын.
Өмірмен байланыстыра отырып, «Құрттың дайындалуы» туралы айтамын.Сабақты қорыту:
13. Бағалау.
14. Үйге тапсырма: Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық” атты әңгімесімен таныстыру
Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Мәтіннің мазмұнын меңгерту,көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын ояту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту,
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, тазалықты сүюге баулу
Сабақтың барысы:
1.Қызығушылығын ояту кезеңі
2.Үй тапсырмасын сүрау.
3.Өткен тақырыпты бекіту.
4.Жаңа сабаққа ену.
2).Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау
-Бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің “Салақтық”
атты әңгімесімен танысамыз.
3).Мәтінді талдау.
5.Ой-толғаныс.
4.Ой толғаныс;
1).а.”Автордың орындығы” стратегиясы.
ә. Орындыққа “автор” отырып автордың рөлін
сомдайды.
2).Түйін;
-Осы әңгімені қандай мақалмен қорытындылауға
болады
3).”Топтастыру”стратегиясы бойынша салақтыққа қандай қылықтарды жатқызуға болады
6.Қорытынды.
7.Үйге тапсырма.
8.Бағалау.

Әдебиеттік оқу


Тақырыбы: Амандасу салты.
Мақсаты: а)Жаңа сабақты түсіндіре отырып, амандасу салтының бірнеше түрін оқушыларға меңгерту.
ә)Мұсылман халқының амандасу салтының бірнеше түрлерін меңгерте отырып, оқушылардың тіл байлығын дамыту.
б)Мәтін арқылы оқушыларды дұрыс амандаса білуге, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тірек кесте, сызба, суреттер, тест.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық.
ә) балалар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сүт қалай ұйықтады? (өлең түрінде берілген ертегі)
-Осы ертегінің мазмұнын оқушыларға қара сөзбен айтқызу;
Ой қозғау: Осы ертегіде нақыл сөз болды ма?
Жаңа сабақ: Амандасу салты.
Дәптермен жұмыс.
-Осы сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?
-Сендер бір-біріңмен, үлкен кісілермен қалай амандасасыңдар?
Жаңа сабақты тірек кесте арқылы түсіндіру: (тақтаға мұқият зер саламыз)
Амандасу салты.
Ауылға алыстан қонақ келгенде, ауыл адамдары жиналып барып сәлем береді.
Тапсырма:
1. Мәтіндегі халық нақылын тауып оқы.
2. Сызбаны толтыру.
Сергіту сәті:
Сен білесің бе?
Әр халықтың сәлемдесуі әр түрлі болып келеді.
Бекіту: Венн диаграммасы.
Амандасу Қоштасу
Бағалау:
Үйге: Мәтінді оқу. Ойланып жауап бер.
Тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин.
Мақсаты: 1.Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру.
2.Мысалдағы қалтарыс, кәде, даңғой, желөкпелік қырсығы т.б. сөздерді пайдаланып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын, мәнерлеп оқу және танымдық білімін арттыру, ой-өрісін жетілдіру.
3.Мақтаншақтықтың зиянын білгізіп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Көрнекілігі: сюжетті сурет, парақша, «сиқырлы сандар» кестесі
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2.Сабақ жоспарын таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
III.Жаңа білім.
1.Кіріспе әңгіме.Ұқыпсыздық, салақтық, ұрлықтан аулақ болу керек.Ондай жаман әдеттің бірі - даңғойлық яғни ретсіз мақтаншақтық.Бүгінгі оқитын мысал осы жөнінде.Оның авторы Есентай Ерботин балалар ақыны, оның шығармалары қысқа тақпақтар, жаңылтпаштар, ойын-өлеңдер, мысалдар.Олар өте қызықты оқылады. («Менің досым»).
2.Мысалды оқып, сюжетті сурет бойынша мазмұнын түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәнерлеп оқу.
IY.Сергіту сәті.Қияр сөзін дене мүшелерімен жазу.
«Сиқырлы сандар» кестесі ойыны.
1.Шығарма неліктен мысалға жатады?
2.Қияр нені қиялдады?
3.Сол үшін не істеді?
4.Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?
5.Мысалда ақын қандай тұжырым жасайды?
6.Мысалдан қиярдың сөзін тауып оқы.
7.Өлең сөздеріне сүйене отырып, «мақтаншаұ» деген мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.
(Дәптерге жазу. Мақтаншақ, даңғой, желөкпе).
8.Мысалдан «үлкен» деген мағынаны білдіріп тұрған сөзді
тауып оқы.(үлкен, нән, алып, дәу).
9.Мысалдың соңғы шумағына көңіл бөліп, оның неге жататынын анықта: - мақал-мәтел, -нақыл сөз.
10.Қалтарыс сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
11.Кәде сөзін қатыстырып сөйлем ойла.
12.Даңғой сөзіне сөйлем ойла.
13.Өзіңді мақтап айт.
14.Досыңды мақтап айт.
15.Өзгені мақтаған немесе өзіңді мақтаған оңай ма? ұнай ма?
Жасырылған сөз: Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмеске...(Абай).
«Нәтиже» басқышы.
1.Парақшада берілген сөздермен тілек айту.
Талап ------------Өсек -------------- Отан
Еңбек----------- Өтірік -------------- Ел
Рақым --------- Мақтаншақ ------ Халық
Терең ой ------ Еріншек ----------- Ата-ана
Қанағат -------- Қызғаншақ ------- Мектеп
Білім ----------- Ұқыпсыз ------------ Туған жер
Y.Қорытынды:
2.Не өтілді?
Нені үйрендік?
YI.Үйге тапсырма1.Мысалды мәнерлеп оқу.2.Мазмұнын жазу.
YII.Бағалау.
Тақырыбы: Ш. Смаханұлы « Тәкаппар»
Мақсаты: а) Мысалды түсініп оқып, мазмұнын ұғыну, меңгерту; ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, шы, армашылық қабілеттерін дамыту;
б) Мәтін арқылы оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік: Тірек кесте, сызба, суреттер, тест.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.а) психологиялық дайындық.ә) балалар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.- Даңғой мысалының мазмұнын оқушыларға қара сөзбен айтқызу;
Жаңа сабақ: Шона Смаханұлы Тәкаппар.
Автор туралы түсінік беру:Дәптермен жұмыс.
Жаңа сабақты тірек кесте арқылы түсіндіру (тақтаға мұқият зер саламыз)
Тәкаппар, 
Тапсырма:
1. Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқы.
2. Кестемен жұмыс.
Кестені толтыр:
Жөнімді өзім білемін,
Сусыз-ақ өмір сүремін.
Қадіріңді білмедім,
Неге шалқып жүрмедім?
Сергіту сәті:
Осы мысал бойынша қандай сурет салар едің?
Эссе жазу Сен білесің бе?Тест:
«Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді тап.
А.Еріншек В.Мақтаншақ С. Ұйқышыл Д. Салақ
«Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді тап
А, Ұйқышыл В. Еріншек С.Салақ Д.Тәкаппар
«Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда?» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?
Даңғой В. Тәкаппар С. Сүт қалай ұйықтады? Д. Атай
Бекіту: Венн диаграммасы.Даңғой Тәкәппар
Бағалау:
Үйге: Мысалды оқу. Қосымша тапсырма.
Сабақ тақырыбы: Гумеров М «Көк кептер»
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: мәтінге түсінік бере отырып,оқуға , кейіпкердің іс-әрекетінің мәнін ашуға үйрету,оқырмандық көз қарасын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбителігі: шығармаға байланыстыра отырып балаларды адамгершілік қасиеттерді тани білуге, адал достыққа баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Автор суреті, қима қағаздар, көгершіннің суреті. Венн диаграммасы
Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа тақырып
Әуелі авторға келсек Гумеров М (1925- 2002) жылдар аралығында өмір сүрген. Башқұрстанда туған 1937 жылы Қазақстанға көшіп келген. Ұлты татар болғанмен шығармаларын қазақ тілінде жазған. «Ана мен бала» , «үш күн, үш түн» , «жоғалған кілт» шығармалары бар.
Бүгін біз автордың «Көк кептер» шыармасымен танысамыз.Бұнда қандай жаман әдет жайында айтылғанын шығарманы оқу барысында білетін боламыз.
Ой қозғау : Көгершіннің суретін көрсету, сұрақтар сұрау

  • Бұл қандай құс? Ненің нышаны ретінде алынады?

а) Мәтінді мәнерлеп оқып беру
ә) Тізбектей оқу.Түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу.
б) Сөздік жұмысын жүргізу
Мәтінмен жұмыс жасау.
- Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер? Олар не істеді?
- Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттайық (Венн диаграммасы)
- Сен шала жансар кептерді қалай құтқарар едің?(ретімен айту)
-Егер балалар Нүсіпбек пен Аймағанның орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер?
-Нүсіпбек пен Аймаған арасындағы достықты қалай деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті.
Сонымен балалар бүгінгі сабақтан біз не ұқтық? Шығармадағы айтпақшы ең негізгі ой не? (балаларды тыңдау)
Біз осы шығарма арқылы бір-бірімізбен адал дос болу, достыққа опасыздық жасамау, досын қиын жағдайға қалтырмау керектігін білдік. Сонымен қатар Аймаған сияқты тентек болмай құстарды, табиғатты қорғау біздің борышымыз екнін түсіндік.
Бағалау.
Әрбір баланың сабаққа қатысуы, үй тапсырмасын орындап келуі бойынша бағалау
Үйге тапсырма: «Көк кептер» мәтінді мазмұндап келу.
Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өлеңді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдыларына үйрету.2.Өзіндік пікір, көзқарастар, көзқарас қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сөздік қорларын дамыту.3. Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: М.Әлімбаевтың суреті, тақырыпқа сәйкес келетін суреттер,Қайқауыс суреті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. а). Топтарға бөлу (Зигзаг әдісі )
2. Оқушыларға өзін- өзі бағалау бетшесін үлестіру
3.Үй тапсырмасын тексеру:
4. Жаңа сабақ
Қайқауыс суретін көрсету
-Бұл кім?- Қабуснама ережесін сұрау-Бүгінгі сабағымызда тағы да Қайқауыстың Қабуснамасынан үзінді беріліпті оқимыз.
Мақал- мәтелдерді хормен оқыту (Түсінгендерін сұрау)
Қарама-қарсы сөздерді табу
Мұзафар Әлімбаев туралы семантикалық карта:
Кім жомарт? Не жомарт? Өлеңін оқу, түсіндіру
5.Сергіту сәті
Әр топ 1 сұрақ- жауаптан оқу
8- тапсырма
Үзілісте балалардың барлығы асханаға тұра жүгірді. Ақшасы жоқ Асан ғана сыныпта қалып қойды.Бірге оқитын Мұрат оған өзіне алған бәліштің жартысын әкеліп берді. Мұраттың іс-әрекетіне баға беріп көр. (әр топ пікірлерін айту)
Шығармашылық жұмыс
-Балалар енді өзіміз ойымыздан осы өлеңді жалғастырып көрейік
6.Қорытынды:- Өлеңнің авторы кім?
-Өлеңнен не туралы білдік?
-Негізгі ойларың қандай?
-Жомарттық деген не?
7.Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.
Өлеңде өздеріңе ұнаған жомарттардың бірі туралы әңгіме жазу
8. Өз-өзін бағалау қорытындысы бойынша бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жиырма тиын
Мақсаты:
1. Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
2. Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын сөз байлығын молайту.
3. Адамгершілікке, бірін – бірі сыйлауға, ата – ананы құрметтеуге, айтқанын тыңдауға, қамқор жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, бор, интерактивті тақта, автор суреті, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың бір – бірімен ұлттық амандасуы. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының түгел болуын қадағалау, оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген М. Әлімбаевтың Не жомарт? Кім жомарт? өлеңін жатқа сұрау. ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау
ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақты математикалық жұмбақ жасырудан бастау.
1. 10 + 10 = ? болады (20)
2. Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)
- сонымен бүгінгі тақырыбымыз «жиырма тиын» деп аталады.
Қазір біз тиын емес, теңге деп сөйлейміз. Егемендік алғаннан соң 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.
- Балалар, енді осы тақырыбымызға сай мақал – мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.
- Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады
- Жүз сом ақшаң болғанша,
............................................
3. Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. «Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» т.б. балаларға арналған пьесалар жазды. Оның балаларға арналған «Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» сияқты өлең жинақтары бар.
4. Мәтінмен жұмыс
а) оқып беру, мазмұнын оқушылармен бірлесе отырып түсіну, талдау.
ә) сөздік жұмыс
милығына –
5. Сергіту сәті: Кім үлкенді тыңдаса
6. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Мәтінді оқушыларға оқыту.
8. Ойын «Сырлы сандық»
Ү. Қорытынды
Мақалмен қорытындылау «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» сондықтан балалар «Адам болам десеңіз»
Мына қасиеттердің қайсысына жақын қайсысынан аулақ болу керек?.........
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айтуға дайындалу, мақалды жаттау.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек
Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
Дәптерге күннің жадын жаздыру.
- Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
а) Өлеңді оқу.
«Атай» өлеңімен таныстыру.
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең...
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
ә) Суретпен жұмыс.
б)Оқушыларға іштей оқу, тізбектей оқу.
в) Сөздік жұмыс.
Шотын – кетпен – еңбек құралы. Тозған - ескі.
г) Өлеңді талдау.
1) Өлең неше шумақтан тұрады?
2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?
2. Сергіту сәті.
3. Жұмбақтарды шеш.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
( Көктем )
4. Шығармашылық жұмыс.
І – қатарға - Көктем туралы әңгіме құрау.
ІІ - қатарға - Сурет салу.
ІІІ - қатар - Бір шумақ өлең.
10. Сабақты бекіту.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет