Сабақтың тақырыбы М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Дата23.08.2017
өлшемі128,11 Kb.
#24969
түріСабақ

5 класс

Пәні: Әдебиет Мерзімі: Мұғалімі: Сатыбаева Ғ.Ғ.

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Нарынқұм зауалы» шығармасының идеялық-тақырыптық мәнін ашу, кейіпкерлер болмысын танытудағы жазушы шеберлігін таныту; оқушылардың білімді өз беттерінше игере білу дағдыларын дамыту, оқушылардың өзіндік көзқарасын, жеке пікірін қалыптастыру;

«Нарынқұм зауалы» өлеңі арқылы балаларға қазақ халқының тарихы жайлы мағлұматтар бере отырып, балалардың логикалық ойын дамыту.



Осы өлеңді түсіндіре отырып, қазақ халқының өршіл рухын, көрген қасірет, бойындағы сақтай білген асыл қасиеттерін бала санасына ұялата біліп, адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ халқының өз ақыны мен батырына деген құрметін көрсету, ерлік пен батырлықты дәріптеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Топта жұмыс жасау барысында жырдың тақырыбы мен идеясы туралы ойларын айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жырды оқи отырып, жоспар құру арқылы мазмұнын талдай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Жырдағы басты идеяны аша отырып, қазіргі өмірмен байланыстырады..

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын сұрау. Жырдан үзінді жаттау.

ІІІ.Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбы туралы оқушы пікірін білу,топқа бөлу

Көркем әдебиеттер. Оқулық

Ортасы

Эпиграф: Мұхаммед Бабырдың
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,

Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсақ өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің ,
М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)

Хронологиялық кесте

1942 жылы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.

196-65 жылдары

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеген

1969 жылы

Шымкент педагогикалық институтын бітірген

1965- 70 жылдары

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды.

1970-71 жылдары

Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі

1971-76 жылдары

Республикалық телевизия, радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы

1976-79 жылдан

Қазақ баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы

1993-2003 жылдары

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі

2004-2007 жылдары

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

«Мемлекеттік тіл»қоғамдық қозғалысының төрағасы



2010 жылдан

«Тәуелсіздікті қорғау» атты халықтық- демократиялық қозғалыстың төрағасы

Республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы



Шығармалары

Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры.

Өлеңдер мен балладалар тізімі


  • "Эверестке шығу'

  • 'Ғашықтық ғаламаты'

  • 'Еркектер жыры'

  • 'Әйелдер'

  • 'Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме'

  • "Арман"

  • 'Шың басындағы оқиға'

  • 'Алтын, күміс және қалайы'

  • 'Жайықпен жүздескенде'

  • "Байқаймысың"

  • 'Жалын'

  • 'Жанерке'

  • Достық өлкесінің заңы

  • 'Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап'

  • 'Өзендер'

Романдары

«Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы Шыңғыс ханның пенделік құпиясы)

Драмалары

«Сократты еске алу түні», «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы»

Әндері

«Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім»



Еңбектерінің бағалануы

Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

Бүгінгі жаңа сабағымызда М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» дастанымен танысамыз. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» дастанын жазуға не себеп болды екен? Тарихымызда талай-талай ақын, әнші, сал- сері, батыр ірі-ірі тұлғалар өткен. Соның бірі Махамбеттей өр ақын. Қазіргі заманымыздың ірі тұлғасы М.Шахановты бұрыннан Арал проблемасын көтеруші, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, мемлекеттік тілді қызғыштай қорып жүрген кісі ретінде , сан мыңдаған ғасыр бұрынғы тарихымызды бізге жеткізе білген ақын ретінде танимыз. Ендеше қара қылды қақ жаратын Мұхтардай ағамыздың қайсар батыр, өр ақын Махамбет туралы дастан жазуы Махамбетті аңсау, сағыну, жоқтау деп түсінейік.

«Нарынқұм зауалы» шығармасының мазмұнымен толық танысу.

Шығарманы 2 қатарға бөліп беріп оқытып, түсініктерін сұрау.

Құдіретті шындығынан танбаған,

Парасатын ізгілікке жалғаған.

Ақын деген киелі аққу самғаған.

Ал, ендеше аққуды атқан пендені

Қай атаңнан көріп едің оңбаған?

Бұл салада сен бірінші адамсың,

Адам емес,

Ең бірінші надансың,

Ел дәстүрін,

Ер дәстүрін қорлаған

Нақ мынадай қасиетсіз оқиға

Бұрын қазақ топырағында болмаған

Қандай қиын кезеңде де

Туған ел

Ақындарын жанын салып қорғаған- деген әке сөзінде біздің қазақ халқының өз ұлдарының қайсарлығын, қайраттылығын, рухының жоғары екендігін қалай дәріптейтінін білдіріп тұр. Әсіресе тура биде туған жоқ деп, өткір тілді ақындарының рухын бәрінен де биік ұстаған халық атынан сөйлеген әке сөзін қалай түсінесіңдер? Өлеңнің жалпы мазмұны не жайында?


Ақынның айтпақ ойы, ұсынар идеясы не?

Оқушылар пікірін тыңдау. Шығармаға сатылай кешенді талдау жасаймыз.



«Нарынқұм зауалы»

1.Авторы- М. Шаханов

2. Тақырып- елі үшін еңіреген

ер Махамбеттің өлімі туралы

3. Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі

бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді

ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4. Идеясы- Отаршылдық езгіге қарсы шыққан

Исатайдың доcы Махамбеттің ерлігін дәріптеу.

Махамбеттей батырдың қаһармандық бейнесін таныту.

5. Шумақ –аяқталған синтаксистік біртұтас ой.

6. Тармақ- өлеңнің әрбір жолы. 183 тармақ

7. Бунақ- белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты.

8.Буын саны- дауысты дыбысқа байланысты. 15 буынды

9. Ұйқас түрі- аааааабб Вггвгв

10.Әдеби теориялық ұғымдар:

10.1. троп Эпитет- нар көңіл, дала заңы, қатал тарих, шомбал жігіт, қайсар ақын, еңселі қайғы, ащы даңқ, нұрлы үміт, меңіреу құм, қасиетсіз оқиға

Теңеу - жұлдыздай

Метафора- үміт- қызығымның өлшемі, дала заңы- баба заңы

Тұрақты сөз тіркестері- құралайды көзге атқан

«Түртіп алу стратегиясы» Өзіне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеу. Мұғалімнің көмегімен мағынасын ашу.
нала-

Пір тұтар-

Қадір тұтам-

Пасық ойлар-

Шомбал жігіт-

Кемшін-


Надан-

Желдің өті-

Меңіреу құм-

Қаралау-


Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)



Оқиғаның басталуы (экспозициясы)

Махамбеттің түсі



Оқиғаның дамуы

Жігіттің әкесімен әңгімесі



Оқиғаның шиеленісуі

Күйінген әкенің зары



Оқиғаның шарықтау шегі

Әкенің ұлының әрекеті үшін бір шешімге келуі



Оқиғаның шешімі

Әке үкімінің орындалуы



Концептуалдық кесте

Кітаппен жұмыс. Оқушыларға кейіпкерлердің іс- әрекетіне баға беру үшін кітаппен жұмыс жасату





Кейіпкер

Адамгершілік қасиеті

Өз бағам

1

Бала







2

Әке









Әдебиет теориясы

Сөздікпен жұмыс


Соңы

IV.Сабақты бекіту

Оқиғаның шешімі сені қандай ойға жетеледі?



«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?



Мұхтар Шаханов жалпы қандай ақын? Біз бүгін ақынды қай қырынан көріп отырмыз. Ендеше топтастыру стратегиясы арқылы ойымызды жинақтайық

Патриот ақын Гуманист ақын Философ ақын

 

Лирик ақын Реалист ақын Эпик ақын

VI. Сабақты қорытындылау

Біз балалар « Нарынқұм зауалы» шығармасын өтіп, білім қорларымызды кеңейткен сияқтымыз.Тарихты, халықты білдік,ерлік –батырлықты,өрлік-билікті,тіпті сүйікті ақынымыз М.Шахановты кеңінен таныдық.

Қорыта келгенімізде ,біз шығарма арқылы қазақ деген қайсар халық екенімізді , батырларын дәріптеп отыратынын, ездікке төзбейтінін білдік. Соның бір айғағы, рухы өр, тәні бекем қазақ жастарының 1986 жылғы орыс отаршыларына қарсы ұйымдастырған желтоқсан көтерілісі.Талай жас қырғынға ұшырады, елі үшін қаза тапты.Сол кездердегі қазақ халқына ұлтшыл деп кінә таққан КОКП Орталық Комитетінің саяси бюросына М.Шаханов ағамыз қарсы шығып, еліміздің тәуелсіздік алуына мұрындық болды. Қазақ елі талай қиын өткелдерден өтіп,бүгінгі күні тәуелсіз ел атанып, бақытты ғұмыр кешуде.

ББҮ кестесі

Білдім

Білемін

Үйренгім келеді











VI.Үй тапсырмасы

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық. Шығарманы толығымен оқу, өздеріңе ұнаған тұсын, бөлімін жаттап келу.



VII.Бағалау




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет