Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің вегетативті мүшесі-тамыр Жалпы мақсаттар



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#82601
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Сынып: 6

Күні

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктің вегетативті мүшесі-тамыр

Жалпы мақсаттар:

- Оқушыларға тамыр,тамыр жүйесі туралы түсінік беру.Тамырдың атқаратын қызметін және тамырлардың бір-бірлерінен айырмашылығын біліп түсіну.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

- Оқушылар тамыр,тамыр жүйесі туралы түсінік алады.Тамырдың атқаратын қызметін және тамырлардың бір-бірлерінен айырмашылығын біліп түсінеді.Оқушылар өздігінен топта жұмыс жасау арқылы тамырлар тақырыбын толық ашады.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:





2 мин


Психологиялық ахуал
Шаттық шеңбері
Топқа бөлу
Тамыр түрлеріне байланысты топқа бөлінеді.



Бір-біріне тілек айту

Ітоп-«Негізгі тамыр»


ІІ топ-«Жанама тамыр»
ІІІ топ-«Қосалқы тамыр»
Топ ережесін құрады және топтағы әр оқушы өзіне тән жұмысты атқарады.

Үй жұмысын тексеру:



5 мин

1.Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер.2.Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы қандай қызмет атқарады?
Суретпен жұмыс

Салыстыру Қос жарнақты мен Дара жарнақты өсімдіктерді салыстыру



Сұрақтарға жауап беру арқылы тұқымдар жайлы білімдерін ортаға салады.

Суреттегі қос жарнақты мен дара жарнақты тұқымның құрылысын түсіндіреді.


Венн диаграммасы бойынша тұқымдарды салыстырады

Қызығушылығын ояту



3 мин


Өсімдіктердің вегетативті мүшелеріне арналған бейне ролик көрсету

Бейнефильмнен көрген әсерлерін айтып бүгінгі сабақ тамырлар туралы болатындарын айтты.

Мағынаны тану



25 мин

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейді
І топ-Тамырдың қызметі
ІІ топ-Тамыр түрлері
ІІІ топ-Тамырлар жүйесі



Берілген тапсырмаларын постерге салып қорғайды.

Ой –толғаныс:

3 мин


№6 зертханалық жұмысты орындау



Оқушылар топпен бірігіп орындайды





Бағалау

3
мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Кері байланыс
(рефлек)

2 мин

Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабаққа рефлексия жазбаша түрде жасалады

Үй тапсырмасы

1 мин

Кесте толтыру



Сынып: 6

Күні

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:

Тамыр аймақтары

Жалпы мақсаттар:

- Оқушыларға тамыр бөліктерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталып білім беру .Әр тамыр бөлімдерінің атқаратын қызметін білу.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

- Оқушылар тамыр бөліктерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызымен танысады және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталып білім беріледі.Оқушылар өздігінен топта жұмыс жасау арқылы тамырлар тақырыбын толық ашады.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:



2 мин


Топқа бөлу
Тамыр түрлеріне байланысты топқа бөлінеді.



Ітоп-«Өсу,бөліну»
ІІ топ-«Сору,өткізу»
ІІІ топ-«Тамыр оймақшасы»
Топ ережесін құрады және топтағы әр оқушы өзіне тән жұмысты атқарады.

Үй жұмысын тексеру:

5 мин

1.Тамырдың қызметтері?
2.Шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
3.Тамырлар жүйесі дегеніміз не?



Сұрақтарға жауап беру арқылы тамырлар жайлы білімдерін ортаға салады.

Қызығушылығын ояту



3 мин


Суреттен тамырдың бөлімдерінің орналасуын көрсету.

Суреттен оқушылар тамырдың бөлімдері екенін айтып бүгінгі сабақ тамырлар туралы болатындарын айтты.

Мағынаны тану



25 мин

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейді
Ітоп-«Өсу,бөліну қызметі»
ІІ топ-«Сору,өткізу қызметі»
ІІІ топ-«Тамыр оймақшасы қызметі»

Берілген тапсырмаларын постерге салып ортаға шығып қорғайды.

Ой –толғаныс:

3 мин


Кестені орындау

Тамырдың
бөлімдері

Қызмет
тері





№7 зертханалық жұмысты орындау



Оқушылар топпен бірігіп кестені орындайды


Оқулықтағы зертханалық жұмысты орындайды.





Бағалау

3
мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Кері байланыс
(рефлек)

2 мин

Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазбаша түрде жазып «жетістік ағашына» жапсырады.

Үй тапсырмасы

1 мин

Кесте толтыру



Сынып: 6

Күні

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:

Тамырдың түрлері,түрөзгерістері

Жалпы мақсаттар:

Тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен зейін,түйсіктерін дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

Тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы мағлұмат беріледі.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен зейін,түйсіктері дамытылады..
Оқушылар ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиеленеді..

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:



2 мин


Психологиялық ахуал
Шаттық шеңбері
Топқа бөлу
Тамыр түрөзгерістеріне байланысты топқа бөлінеді.



Бір-біріне тілек айту
Ітоп-«Жемтамыр»
ІІ топ-«Тіреу тамыр»
ІІІ топ-«Түйнек тамыр»
Топ ережесін құрады және топтағы әр оқушы өзіне тән жұмысты атқарады.

Үй жұмысын тексеру:

5 мин

1.Тамырдың қызметтері?
2.Шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
3.Тамырлар жүйесі дегеніміз не?
Кестені тексеру

Сұрақтарға жауап беру арқылы тамырлар жайлы білімдерін ортаға салады.

Қызығушылығын ояту

3 мин


Ой тастау
Түрөзгеріс деген не?



Оқушылар түрөзгеріс деген сөзді жан-жақты талдап ойларын ортаға салады.

Мағынаны тану



25 мин

Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмыс істейді
Ітоп-«Жемтамырлар»
ІІ топ-«Тіреу тамырлар»
ІІІ топ-«Түйнек тамырлар»

Білемін

Мен үшін жаңалық

түсінбедім

Қосатыным бар







Берілген тапсырмаларын постерге салып қорғайды.
Кестені толтырады

Ой –толғаныс:

3 мин


№8 зерхагналық жұмысты орындау


Биологиялық диктант 
1..........өсімдіктің жер асты мүшесі.
2.Тамырлар шығу тегіне қарай ........ , ........және ........деп бөлінеді.
3. Өсімдіктерде ............. және ........... тамыр жүйесі бар.
4.Тамыр ұшындағы өсу нүктесін ............қаптап тұрады.
5.......бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан,қалын түктері бар бөлік.
6. ....... өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі.
Қажетті сөздер : қосалқы,кіндік,жанама,сору,шашақ,негізгі,минералды көректену
,тамыр,тамыр оймақшасы


Қорытынды тест
1.Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің түрін өзгертуін атайды:
А)жемтамыр , В)метаморфоз , С)вегетативтік мүше
2.Органикалық заттар қорға жиналады
А)ауа тамырларда , В)тіреу тамырларда , с)жем тамырларда
3.Паразиттік тіршілік ететін өсімдік тамырлары:
А)түйнек тамырлар , в)ауа тамырлар , с)емізік тамырлар
4.Жемтамырларға жатады:А)үнді фикусы , в)батат , с)қызылша
5.Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болады:
А)ауа тамыры , В)тіреу тамыр , С)түйнек тамыр
6.Нарғызгүл,батат,шырыш өсімдіктердің тамыры
А)жем тамыр , в)түйнек тамыр , с)ауа тамыр
7.Сұнғыла,арамсояу өсімдіктердің тамырлары:
А)тіреу тамыр,В)жем тамыр , с)емізік тамыр
8.Жемтамырдың түйнектамырдан айырмашылығы:
А)тек негізгі тамырына көректік зат жиналады
В)жанама тамырына көректік зат жиналады
С)түйнегіне көрек жиналады

Оқушылар топпен бірігіп орындайды





Бағалау

3
мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Оқушылар бір-бірлерін смайлик арқылы бағалайды

Кері байланыс
(рефлек)

2 мин

«Екі жұлдыз бір тілек»
Оқушыларға стикерлер тара
тылып, бүгінгі сабаққа рефлек
сия жазбаша түрде жасалады

Алдарындағы стикерге Екі ұсыныс бір тілектерін стикерге жазып береді

Үй тапсырмасы

1 мин

Кесте толтыру



Сынып: 6

Күні

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы

Жалпы мақсаттар:

Өркендер мен бүршіктердің құрылысына және қызметіне түсінік беріледі.Оқушылардың тірі табиғат туралы ақыл - ой, білім – біліктіліктері дамытылады..



Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, диалог,оқытуды бағалау

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар өркендер мен бүршіктердің құрылысы және қызметінен түсінік алады.Оқушылардың тірі табиғат туралы ақыл - ой, білім – біліктіліктері дамиды.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:





2 мин


Амандасу танысу тренинг түстер арқылы (қызыл,сары, көк ) топқа бөлу.

Ітоп-қызыл
ІІ топ-Сары
ІІІ топ-Көк
Топ ережесін құрады және топтағы әр оқушы өзіне тән жұмысты атқарады.

Үй жұмысын тексеру:



5 мин

1.Түрөзгеріс дегеніміз не? 2.Жемтамырлар қандай өсімдікте болады?
3.Түйнектамырдың жем
Тамырдан айырмашылы
ғы қандай?
4.Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?
5.Емізік тамырлардың нағыз тамырлардан айырмашылығы неде? 6.Түрін өзгерткен тамыр
лардың түрлерін атаң
дар,өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?



Сұрақтарға жауап беру арқылы тамыртүрөзгерістер жайлы білімдерін ортаға салады.

Қызығушылығын ояту



3 мин


Өркендер тақырыбына бейне ролик көрсету

Бейнефильмнен көрген әсерлерін айтып бүгінгі өркендер туралы болатындарын айтты.

Мағынаны тану



25 мин

Топқа бөлініп сурет салу Постер қорғау
1 Өркен түрлері
2. Өркеннің құрылысы
3.Бүршіктің ішкі құрылысы Оқушылар постерге суретің салып қорғайды



Оқушылар постерге суретің салып қорғайды



Ой –толғаныс:

3 мин


 «Биологиялық диктант»
Бүршіктің сыртын ….. қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай ….. және одан да көп болады. Бүршіктің ішкі жағында дәл ортасынан біркелкі тығыз ….. бастапқы сабақты көреміз.
Бастапқы сабақтың ………. бітеді.Бүршік көкткемде өсімдіктің тамырында,сабағында …… қоректеніп ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтар …. ашылады.Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде ….. із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде ….бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, ……. .
№7 зерхагналық жұмысты орындау

Оқушылар топпен бірігіп биологиялық диктантты орындайды





Бағалау

3
мин

Формативті бағалау- оқушыларға стикер таратылу арқылы сабақтан алған әсері туралы жазылған пікірі



Кері байланыс
(рефлек)

2 мин



Үй тапсырмасы

1 мин

Кесте толтыру



Сынып: 6

Күні

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:

Жапырақ

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тану. Өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра білу. Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу.

Әдіс - тәсілдер

Тәсілі : жеке, жұппен, топпен

Қолданылатын модульдер: АКТ,СТО, диалог

Оқыту нәтижесі:

Оқушылар жапырақтың құрылысын, пішініне, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін тани алады. Өсімдіктің вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақтың ерекшеліктерін өзіндік білімдеріне сүйене отырып айыра біледі. Өздерінің теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып біледі.

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы :

Уақыты:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:





2 мин


Топқа бөлу
Жапырақ түрлеріне байланысты топқа бөлінеді.



Ітоп-«Жапырақ құрылысы»
ІІ топ-«Жапырақ пішіндері»
ІІІ топ-«Жүйкеленуі»
Топ ережесін құрады және топтағы әр оқушы өзіне тән жұмысты атқарады.

Үй жұмысын тексеру:



5 мин

(Екі жақты күнделік)
Карточкалар арқылы оқушылар жұптарын табады. Бір карточкада ұғым, ал екіншісінде – анықтама.
Тамыр - өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі
Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік
Бүршік – бастапқы өркен
Өркен – жапырағы мен сабағы бар жас сабақ

Сұрақтарға жауап беру арқылы өркен,тамыр жайлы білімдерін ортаға салады.

Қызығушылығын ояту



3 мин


Қызығушылықты ояту (Тірек суреттер символдары)Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.Сөздер: жер үсті, жер асты,жалғастырушы. Суреттер: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл
Сол арқылы жапырақ тақырыбына түсу

Сабақтың тақырыбы ашылады

Мағынаны тану



25 мин


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет