Сабақтың тақырыбы: «Заттың тығыздығы»



бет4/7
Дата28.06.2017
өлшемі1,69 Mb.
#20170
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сәттілік кезең

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Күш немен сипатталады?

  3. Күштің өлшем бірлігі қандай?

  4. Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?

  5. Деформация дегеніміз не?

  6. Деформация нешеге бөлінеді?

  7. Пластикалық деформация дегеніміз не?

  8. Серпімді деформация дегеніміз не?

  9. Деформациялаушы күшке қарсы күш қалай аталады?

  10. Түсірілген күштің шамасы белгілі бір шектен асқанда не болады?

Физикалық диктант

  1. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын _________________ болып табылады.

  2. SІ жүйесінде күш бірлігіне _________________ алынған.

  3. Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған _________________ зерттейді.

  4. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрген, ондай қозғалыс _________________ қозғалыс деп аталады.

  5. Пішіні мен көлемін сақтау _________________ денеге тән қасиет.

  6. Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ________ деп аталады.

«Сәйкесін тап» ойыны.

Жол т – кг

Жылдамдық s – м

Уақыт v – м/с

Масса t – c

Көлем Ғ- Н

Тығыздық V – m3

Күш p – кг/м3



«Кім шапшаң?» сайысы.

Есептер шығару.

1 – есеп: Көлемі 0,012 м3 ыдыс сумен толтырылған. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. ыдыстағы судың массасы қандай?

2 – есеп: Ыдыста массасы 200 гр су бар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. Ыдыстың көлемін анықта.

3 – есеп: Массасы 2 кг, ал көлемі 100 см3 металдың тығыздығы қандай?

4 – есеп: Көлемі 0,1 м3 ыдыста сүт бар. Сүттің массасын тап. Сүттің тығыздығы 1030 кг/м3.



Сөзжұмбақ «ФИЗИКА»

Мына сөзжұмбақты шешкенде ерекшеленген тор көзде табиғатта

болып жатырған құбылыстарды зерттейтін ғылымның аты шығады.



  1. Бір заттың молекулалары екінші заттың молекулаларына өтуі.

  2. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы.

  3. Заттың күйі.

  4. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері кім?

  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама?

  6. m - әрпімен белгіленетін физикалық шама?

Багалау.

Үйге тапсырма беру.§ 33. Күш. §34. Деформация.

8 сынып

Сабақтың тақырыбы: “Газдардағы электр тогы”

Мақсаты:

Білімділік: газдардағы электр өткізгіштіктің физикалық табиғатын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар арқылы)

  2. Жаңа сабақ

  3. Есептер шығару

4. Сергіту сәті

5. Бекіту тапсырмалары:



Ой қозғау. Сұрақтар қою. Үй тапсырмасы

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Ток күші деп нені атайды және формуласы қандай?

  3. Өткізгіш ұштарындағы кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?

  4. Өткізгіш ұштарындағы ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай қосылады?

  5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?

Жаңа сабақ.

Газдар-диэлектриктер.Төменгі температурада (бөлме температурасы шамасында) және қалыпты атмосфералық қысымда газдар нашар өткізгіштер болып табылады. Бұның себебін былай түсіндіруге болады: газдар бейтарап атомдар немесе молекулалардан тұрады және оларда электр зарядын тасымалдаушылар (электрондар, иондар) жоқ немесе өте аз.Газдардың иондалуы.Дегенмен, қыздырудың рентген сәулелерінің, ультракүлгін немесе радиактивті сәуле шығарудың нәтижесінде газ молекулалары мен атомдарының иондалу процесі жүреді. Газдар өткізгішке айналады.



Газдардағы электр тогын тасымалдаушылар: оң иондар мен электрондар.

Иондану – сыртқы энергияның әсерінен газ молекулаларының оң иондарға және бос электрондарға бөлінуі.

Organization Chart 5

AutoShape 14AutoShape 15

Рекомбинация.Газдардың иондалуымен қатар оған кері процесс, яғни электрондардың оң иондарымен бірігуі рекомбинация (бейтарап атомдардың түзілуі) жүріп жатады. Рекомбинация сыртқы факторлардың әсерінсіз жүреді, сондықтан ионизатордың әсері жойылғанда зарядталған бөлшектер рекомбинация нәтижесінде жойылады да газ диэлектрикке айналады.

Плазма туралы түсінік. Плазма деп заттың оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең, электрлік жағынан бейтарап күйін айтады. Егер плазмада бейтарап атомдар не молекулалар кездессе, оларды жартылай ионданған плазма деп атайды. Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.



20000–30000К температурада кез келген зат толық ионданған плазма болады. Заттың бұл күйі табиғатта барынша кең тараған. Күн және басқа жұлдызөдар жоғары температурадағы алып тығыз плазма. Атмосфераның жоғарғы қабаты ионосфера жартылай ионданған плазмадан тұрады. Ғарыштық кеңістік плазманың өте күшті сиретілген күйінен тұрады. Ток өтетін газ да жартылай ионданған плазмаға мысал бола алады.

Қызығушылықты ояту. Есептер шығару

1. График бойынша өткізгіш кедергісінің мәнін табыңыз

2. Бұйымның бетін күміспен қаптағанда, 30 минут ішінде катодта 4,55 г күміс бөлініп шығады. Электролиз кезіндегі ток күшін анықтаңдар?

3. Ток күші 4 А болғанда, мыс купорасы ерітіндісінен 40 минут ішінде катодқа қандай мөлшерде мыс бөлінеді?

4. Кедергісі 10 Ом өткізгіш паралель жалғанған. Егер электр кернеуі 60 В болатын болса, жалпы ток күші неге тең



Сергіту сәті.

Приборлардың атын атау.



Бекіту тапсырмалары: кестелік - бақылау

Суреті

Атауы

Шартты белгісі

Қызметі

Өлшем бірлігі

























































Тест-бақылау (10 сұрақтан тұрады).

1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Кернеуді тап.

А) 360 В В) 0,36 кВт С)40 В Д) 4 кВ Е) 40 Вт

2. Кедергіні реттеуге арналған құрал-

А) реостат В) резистор С)теристор Д) транзистор Е) диод

3. 15 секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 120 Кл электр заряды өтеді. Тізбектегі ток күшін табындар.

А) 1,8 кА В) 18 А С)180 мА Д) 8 А Е) 8 Дж

4. 24В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 10 минут жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

А) 216 кДж В) 21,6 кДж С)216 Дж Д) 2,16 кДж Е) 3,6 кДж

5. Кернеуі 220В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3А-ге тең, оның 20с ішіндегі жұмысын анықтаңыз

А) 1320 Дж В) 396 Дж С)66 Дж Д) 4400 Дж Е) 6200 Дж

6. Кернеудің өлшем бірлігі-

А) Ватт В) Ом С)Вольт Д) Ампер Е) Джоуль

7. Ток күшінің өлшем бірлігі-

А) Ватт В) Ампер С)Вольт Д) Ом Е) Джоуль

8. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер паралель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісі:

А) 0,5 Ом В) 2 Ом С)9 Ом Д) 18 Ом Е) 3 Ом

9. 100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелген электр шамының қуатын анықта.

А) 50 Вт В) 200 Вт С) 0,005 Вт Д) 500 Вт Е) 5 кВт

10. Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күшін тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар.

А) 200 Вт В) 2 Вт С) 0,5 Вт Д) 2 Дж Е) 200 Дж

Тест жауаптары.

1 сұрақ – С 6 сұрақ – С

2 сұрақ – А 7 сұрақ – В

3 сұрақ – Д 8 сұрақ – В

4 сұрақ – В 9 сұрақ – А

5 сұрақ – А 10 сұрақ - А

Бағалау.

Үйге тапсырма: §49. Тапсырма: “Найзағайдың түрлері және оларға қысқаша сипаттама” баяндама жазу

8 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі».

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Заттың сұйық күйден қатты күйге, қатты күйден сұйыққа өту процесін қайталау. Оқушыларды өз ойын ғылыми тұрғыда түсіндіруге үйрету.

Мақсаты:

Теориялық білімдерін есептер шығару арқылы тереңдету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақ түрі: практикалық сабақ.

Әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыда ойлау, ойын элементтері арқылы түсіндір

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. Топқа бөлу (2 топ)

2. Оқушылардың білім-білік дағдыларының қалыптасуын тексеру. Тест, ойын арқылы.

3.Қорытындылау, оқушы білімін бағалау.

4. Үйге тапсырма.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.



“Бізді қоршаған айналамызға заттың агрегат күйлері жиі кездеседі.”

Облако 12
Су. керосин

Сүт. бензин

H2 CO3

He пропан

H2
Прямая со стрелкой 31 Прямая со стрелкой 32

Равнобедренный треугольник 11


қатты


Тест тапсырмасы.

  1. Энергияның сақталу заңы

а) энергия жоғалады ә) энергия жоқтан пайда болады

б) энергия жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір денеден екіншісіне беріледі.



  1. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы....

а) денені қыздыруға берілген жылу мөлшері.

ә) денені қыздыру үшін берілген және салқындағанда бөлінетін жылу мөлшері.

б) жылу алмасуда бөлінетін энергия


  1. Жылу берілудің түрлері.

а) жылу өткізгіштік ә) жылу өткізгіштік сәуле шығару, конвекция б) конвекция

4. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері

а) жылу берілу ә) жұмыс істеу арқылы б) жылу берілу, жұмыс істеу



5. Қандай денелерде конвекция жүрмейді.


  1. А

  2. Ә

  3. Ә

  4. Б

  5. Ә
а) сұйық заттарда ә) қатты денелерде б) газдарда

Тест жауаптары:



Есептер шығару.

  1. 3 кг мұзды суға айналдыруға қанша жылу қажет?

  2. 100 кг болатты балқытуға қанша жылу қажет?

  3. 2 кг темір балқытуға 540кДж энергия қажет. Меншікті балқу жылуын есепте.

4. 10 кг күмісті балқытуға 870 кДж энергия кетеді. Меншікті балқу жылуын есепте.

5. 300С -тағы 15 кг қорғасынды балқытуға кететін жылу мөлшерін есепте



Сабақты қорытындылау.

Сонымен біз заттың агрегаттың күйлерін қарастырдық, қорытынды тестке жауап берейік:

  1. Балқу температурасы:

а) заттың балқитын температурасы б) кез-келген температура

с) жылу бөлінетін температура

2. МКТ тұрғысынан балқу процесі кезінде:

а) ішкі энергия өзгермейді б) өзгереді с) энергия айналу болмайды.

3. t= 300С қорғасын қай күйде:

а) сұйық б) газ с) қатты

4. Al мен Cu қайсысын ыдыс етіп, 2-н балқытар едің?

а) Al- ыдыс б) Cu – ыдыс с) екеуі де ыдыс

Қорытынды тест жауаптары: 1 – А 2 – Б 3 – С 4 – А

Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма:ҚАЙТАЛАУ

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, есептер шығару

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Серіппелі маятник тербелістері мен контурдағы электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықты ескере отырып, контурдағы тербеліс периодын табуға болады. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды , ал маятниктің тербеліс жиілігі . Циклдік немесе дөңгелектік жиілік шамасы дененің 1 с ішіндегі емес, 2П с ішіндегі тербеліс саны. Ол немесе өрнектерімен анықталады. Еркін тербелістің жиілігін тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі деп атайды.

Онда серіппелі маятниктің меншікті жиілігі:

Осыған өрнегін әкеліп қойсақ, онда немесе

немесе

Онда контурдағы еркін электромагниттік тербелістер периоды үшін мына өрнекті жазамыз:



Бұл формуланы оны алғаш қорытып шығарған ағылшын физигінің құрметіне Томсон формуласы деп атайды.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет