Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет38/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Күтпеген құрмет

Айдынбектің әзірге көпшілікке мәлім емес бір емнің құдіретімен жарақатынан да, басқа сырқаттарынан да құлантаза айығып кеткені, бір күнде жас жігіттей жасарғаны ғалымдардың арасында ғылыми пікірталас тудырып та жіберді. Қазақ Ғылым академиясында жиі-жиі мәжілістер өтіп, оларда да осы мәселе басқа мәселелермен қатар қаралатын болды. Айдын- бектен күдерлерін үзе бастаған дәрігерлердің өздері де енді аң- тан. Сәуленің бұл оқиғаға дейінгі ерекше қабілеттері болса да елге кенінен мәлім болатын. Енді ол шетелге дейін кеткен. Газет-журналдардың пысық жігіттері бұл жөнінде құлаш-құлаш мақалалар жазып та үлгерді. Бірақ олардың ешқайсысын да Айдынбек Сәулеге жолықтырған емес. Өзі де анау-мынау сұрақтарға жауап беруден бас тартқан. Өйткені, басқалар түгілі, Айдынбектің өзі де әлі білмейтін жұмбақтар көп еді. Айдынбек бұл тұста Сәуленің бұл қабілеттерін басқа бір мақсатқа пайдаланып кетпеу жағын да ойлады. Адам баласының бойындағы энергия қанша көп болса да ол шектеулі. Сондықтан да істің мән-жайын терең ашпай тұрып, оған пәлендей деп баға бере салу ағаттық болмақ-ты. Айналасындағы ғалымдар да оның бұл пікірін қолдаған. Дегенмен де олар да Айдынбектің бұл сырқаттан күтпеген жерден тез сауығып, тез жасарып кеткеніне қайран.

Бірақ бұл жаңалык Айдынбек үшін онша қуанышты еместі. Өйткені, өзіне деген құрмет бұрынғыдан да күшейе түскен. Енді бейнетелефон қоңырауын соғушыларда да шек жоқ десе болғандай. Күні-түні мазалап жатқаны. Ондай қонырау соққандардың бәрі де бекер қалатын жандар емес. Олардың бәрінің көкейлерінде бірнеше сұрақтан бар. Олардың бәріне жауап беру оңай ма? Ол Айдынбектен көп күш пен қуатты талап етеді. Бірақ Айдынбек Сәуленің ғажайып құпия емінен кейін ерекше бөлек бір күш-жігерге ие болған. Бүгінде ол жас жігіт сияқты көп жұмыс жасайды. Онымен салыстырғанда енді бір кезде құрдас, қатарлас деп мәз болысып, «Ә, біз енді біраз жасқа да келіп қалдық қой» деп жүргендер де енді не дерлерін білмейді. Кейбірі Айдынбектін осындай күйге түскенін көре де алмай неше қилы өсекке де қосып жатады. Бірақ Айдынбек олардын біріне де селт еткен жан емес. Басқаларды былай қойғанда, Қазақ Ғылым академиясының басшысы да Айдынбекке бөлек қарайды. Ол үйге жиі-жиі бейнетелефон қоңырауын соғады. Қажет кезде келеді. Ал Айдынбек академияға бара қалса, ол кісі мұны өзгеден жоғары ұстап, кезексіз қабылдайды. Айдынбекпен қашан да жылы сөйлеседі. Айтқан өтінішін де қолынан келгенше екі еткен емес, бұл күндері ол. Тек Айдынбектің өзі айналасындағы адамдардың өзіне осыншама құрмет көрсете бастағандарын еш түсіне алмады. Айдынбектің өз тұжырымынша, олардың бәрі де өзінен сескенетін, өзінен күдіктенетін тәрізді. Соңғы кездері ол тіпті, үйіне емші қыз емес, қатерлі бір қыз алғандай сезініп те кеткен. Енді қалай болғанда да қолынан келетін ештеме жоқ.

Бұл жөніндегі хабар-жаңалық болса да әлемге тарап кеткен. Айдынбек пен Сәулені көргісі келетін, Сәуледен ем алғысы келетін адамдардын санында да шек жоқ десе де болғандай. Сырқатынан тезірек жазылғанды кім жек көре қой- сын. Осы кезге дейін Айдынбек жөнінде басқаша сөз таратып жүргендерде енді кілт өзгеріп, оған жағымпаздана бастаған. Айдынбекке мүмкіндігінше жақындап, сыртартып, көп нәрсені біліп алғысы келетін пысықтар да аз емес. Күтпеген жерден осындай ерекше құрметке бөленген Раушанның өзі де енді адам тандап сөйлесетін, араласатын болған. Бірақ Раушанның көкейінде өкініш те жоқ емес. Айдынбектің жасарып, сырқатынан біржолата айығып кеткені бір жағынан жақсы болғанымен, екінші жағынан онын Сәулеге деген назарының әуелдегіден еселене түскені қинаған. Раушанның Айдынбекке деген қызғанышы күн санап емес-ау, енді сағат санап күшейе берген. Оны мазалаған ой: «Сәуле не себепті Айдынбекке жақсы қарайды? Не себепті бұл қыз оны тез жазып жіберді ауыр сырқаттан?» деген сұрақтар еді. Бірақ Раушан бұл ойларын ешкімгеде айта алмады. Оны айтса, өз ерінің тез жазылғанына қарсы шыққан болады. Бұл жағы да бар. Ел алдында ұятқа қалады. Осындай себептермен Раушан бар қайғысында, күйінішін де тек ішінде сақтайды. Қалай деген- де де Айдынбек пен Сәуленің арасындағы шынайы махаббат сезімі байқаусыз қалған жоқ. Мұны тек Раушан ғана емес, академиядағы бүкіл ғалымдар, қала берді бүкіл ел сезеді. Бүгінде Айдынбектің ғалымдық қабілеті де көп өскен. Ол тек қана су асты, жер беті емес, Күн жүйесі мен одан да әргі жұлдызды әлем жөнінде оқып туғандай ғылыми негізі бар әңгіме қозғайды. Оның есте сақтау қабілеті де ерекше енді. Бұрын басқаны былай қойғанда өз үйінің бейнетелефоны нөмірін ұмытып қалатын ол енді ең күрделі деген есептердің өзін де есінде тап магниттік таспадағыдай сақтай алады. Ең күрделі деген, маман математиктер шеше алмаған есептерді де шағып тастайды. Ал қызық болғанда бұл кезге дейін ол есеп шығару дегенді оншалықты ұнатпайтын. Оның океанология саласына кеткені де содан-ды. Енді, керісінше, есеп дегенге көңіл бөлгіш. Ол бұрын, тіпті, жүзін танығаны болмаса, көшеде, басқа жерлерде бетпе-бет кезігіп қалған адамдардың, таныстарының аттарын кешірім сұрап қайталап сұрайтын. Енді ол бүгінгі түгілі, бұдан жиырма жыл, тіпті жас шағында көрші болған адамдардың есімдерін де еш ұмытпайды.

Осындай ерекшеліктердің бәрі де ғалымдарды қайран қалдырған. Кейбіреулері тіпті, ішіндегі қызғанышын да жасыра алмай Айдынбекке әзіл-шынын араластыра: «енді қайта жасарып жігіт болдың. Күш-жігер деген жетеді. Білімің молайды. Ал Раушан болса да қартайды. Оны бәйбіше дәрежесіне көтеріп, Сәулені екінші әйел етіп алсаң да болады ғой» деген. Ондайда Айдынбек оларға кәдімгідей шамданып қалады. Бірақ ішінде Сәулеге деген шынайы махаббат сезімі болғандықтан ол сөзді жылы кабылдап, артынан ренжігендей болғанын тез баса қояды. Қарсы сөзге де келмей үн-түнсіз бұрылып кетеді. Ал бұрылып кете алмайтындай жағдайда айтылса, әңгіменің бағытын басқа тақырыпқа аударып жіберуге тырысады. Айдынбек Сәуленің өзін құлай сүйетінін, бірақ ол қыздың Раушанға қиянат жасағысы келмейтінін де іштей сезеді Айдынбек. Бұл — бір жағы. Екіншіден, Сәуле өткенде Айдынбекке өзіне үйленген жігіттің өміріне қатер төнеді дегенді ескерткен. Айдынбек ол жағын да ойламай қалған жоқ. Бірақ қорқар жайы жоқ. Тек Айдынбек Сәулеге үйленгенде не себепті қатерге, қандай қатерге ұшырайтынын түсіне алмады. Бұл елде Айдынбекке қарсы келетін жан баласы жоқ. Бәрі де сыйлайды. Кім-кімге үйленбей жатыр? Қай қыз қай еркектен бала таппай жатыр. Ең бастысы, Раушан мен Сәуленің өзкелісімдері болса жетпей ме?

Ал сырттың көзқарасы басқаша: «Үйленгісі келмей жүрген Айдынбектін өзі. Қыздан емес» дейді ел-жұрт. Негізінде бұл сөздердің де жаны бар еді. Шындығы екі жактан да шынайы ұнатушылық болғанымен екі жақтан да батылсыздық бар. Раушан болса да ол екеуінің ортасында ағашқа қағылған сы- надай болып тұр. Оның үстіне Айдынбектің кенеттен ерекше бөлек беделге, құрметке бөленуі. Бұл Раушанның қызғанышын еселеген. Айдынбекке енді жол ашық. Қажетті деген ғылыми дәрежесіне де жетті. Қай ғылымның да түп-төркініне жететін ғажайып ғалымдық қабілеті оянды. Осының бәрі де Раушанға бір жағынан қуаныш болғанымен, екінші жағынан ауыр соққан. Тек Сәуле ме екен? Бүгінде онан да басқа сырт қыздардың бейнеқоңыраулары жиі түседі үйге. Қайсыбіріне тойтарыс берсін. Шаршайын да деген өзі бүгінде. Үйде болса да шаршасын-шаршамасын Сәулені қадағалаумен жүреді. Өткендегі бір оңашалықтан кейін Айдынбек пен Сәуленің бір-біріне деген көзқарасы, сезімі мен ой-мақсаты да өзгерген. Раушан алғашында оған да аса мән бере қоймаған еді. Бірақ жүрегі құрғыр бірдемені сездіргендей болады да тұрады. Әсіресе, қыздын күйін, тез арада сырқаттан жазып жібергені күмән тудырады. Екінші бір жағынан Айдынбектің тез жазылып, өзінің жұмысына оралғаны мен ғалымдық ерекше қабілетке ие болғаны куантады. Раушанның бойында осы- лайша қуаныш пен өкініштің арпалысып жатқаны. Айдынбектің ұзақ уақыт төсек тартып жатқаны да жаман болмақты. Осының өзінде де оның кейбір ішінен тынып жүрген бақталастары сыр байқатып та қалған. Енді міне, құдайға шүкір, ештеме болмағандай шауып жүр. Өзінің қызметі түгілі қосымша қызметтерді де еркін әрі сапалы атқаруда. Раушанды негізінен қажайтын кейбір іші тар құрбылады. Олар бейнетелефон арқылы да, жүздесіп қалғанда да, небір артық әңгімелерді қозғап, кейбір әйелін тастап жас қызға үйленіп кеткен ерлер жайлы шын мен өтірігін араластыра, әсірелей әңгімелейді. Ондай әңгіме-өсектен кейін әсершіл Раушан Айдынбегін онан сайын қызғана түседі. Қолынан келсе, Айдынбекті жанынан бір қадам да шығармас. Бірақ күнделікті жұмыс деген бар емес пе? Қаласа да, қаламаса да соған кетеді екеуі. Ал Сәуленің қолы бос. Ол күні бойы үйде жалғыз. Қаласа қалаға да шығады, дүкендерді аралайды, өзенге шомылып қайтады. Есік алдында серуен құрып, соңғы кезде қайтадан рұқсат алған бассейнге де барады. Қысқасы, оған қайда барамын десе де енді жол ашық. Айдынбек, тіпті, оған бассейннің арнайы бөлімін алып берген. Ол бөлімде Сәуле жалғыз өзі ғана түседі.



Тек Сәуле емес, Раушанның өзі де Айдынбектің арқасында ерекше құрметке бөленген. Еріне ісі түскендердің бәрі де Раушанды қолпаштайды. Үйге жиі-жиі бейнететефон қоңырауын соғады. Ондай қоңыраудан құтылудың еш жолы жоқ бүгінде. Заман, уақыт солай. Туыстары, таныстары мен құрбы- құрдастарынан ешқайда да қашып құтыла алмайды. Қаласа да, қаламаса да жылы сөйлеседі, жасанды жымия салады. Одан басқа жол жоқ, болса да. Үйіне алдын ала айтпай келіп қалғандарға дастарханын жайып, шайын береді. Адамның абыр-сабыр болып кетіп-кетіп жатқаны отбасына қашан да бақыт. Оның үстіне Сәуле де көпшіл. Сол келгелі бұл үйге келім-кетім адамның аяғы тыйылған емес. Сәуленің өзін сұрап, сол үшін елденде, шетелденде арнайы келіп-кетіп жа- татын ғалымдардың өздері де бір төбе. Бірақ солардың бірінен де Раушан Айдынбекті кызғанған емес. Қызғанса да ішінен білдірмеуге тырысады. Ал Сәуле пайда болғалы сонымен әлек. Қойын қалтасына үнемі салып жүретін кішкене ғана қойын дәптеріне Сәуленің кейбір сөздерін, әрбір қылығы мен әрбір әрекетін мұқият тізіп жазып алып жүргені. Тек ол ма, үйде оны сезіп таспаға жазатын, бейнесін алатын құпия бейнекамералар мен таспалар тағы бар. Айдынбек өзінің жұмыс бөлмесінде оңаша отырып алып, солармен де жұмыс жасайды. Ол жөнінде Қазақғылым академиясына жиі-жиі ғылыми тұжырымды есеп береді. Онда да Сәулеге арналып кітап пен компьютерлік сайттар ашылған. Сәуленің барлық әрекеттері жөніндегі ғылыми мәліметтер соларға дер кезінде түсіп отырады.

Сәулені зерттеу ісі күрделенген сайын Айдынбекті де академияға жиі шақыратын болған. Ондағылар Айдынбек әрбір барған сайын Сәуленің қызық мінез-құлықтарымен қатар басқа да қызықты әрекеттері жөнінде сұрап жатады. Сәулеге көздері түсіп жүрген жас ғалымдар да аз емес-ті. Солардың бірі — Қадыр Жолдасұлы деген ғалым еді. Ол да білімді. Айдынбектің түйдей құрдасы. Ол соңғы кездері Айдынбектің үйіне жиі келетінді шығарған. Сәуле жайлы көп сұрайды. Сәуленін өзімен де жиі сөйлесуге тырысады. Онын онаша сәттерін бағады. Бірақ Сәуле оны жақтырған емес. Қадырдың сөзі көптеу еді. Ол атын ғылыми жаналығымен емес, алған атақтарымен шығарған. Еліне еткен еңбегі де, ашқан жаңалығы да аз. Ал Сәуле ғалымның таныс-тамырмен алған атақтарына емес, оның ашқан ғылыми жаңалықтарын бағалайтын қыз. Оған қарағанда Раушан ғалымның атағына көп мән береді. Ондайларға ерекше құрметпен қарайды. Раушан атақты болудың жолын таныстықтан іздейді. Ондай ойын ол талай рет Айдынбеккеде айтқан. Сонда Айдынбек Раушанға «Мен сені түсіне алмадым» дегендей таңырқай қараған болатын. Онысы дұрыс та екен. Оны өмірдің өзі дәлелдеді. Айдынбекке атақты таныс-тамырлары емес, адал еңбегі мен ынталы-ықыласты ғылыми ізденісі әперді. Ол бар құрметті де өз маңдай терімен алды. Сондықтан да ол нағыз ғалым. Өз қабілетіне сенеді. Бұл тұрғыдан салыстырып қарағанда Сәуле мен Раушанның өмір мен ғылымға деген көзқарастары екі бөлек. Бірақ, бір жағынан ол екеуін де кінәлауға негіз жоқ. Раушан таныстары бар ортада өссе, Сәуле әділдік бар ортада өскен. Сондықтан да ол екеуінің пікірлері кей жағдайда бір-біріне қарама-қайшы келіп жатады. Айдынбек осы қоғамда өссе де әділетсіздікке жол бермеуге тырысып келеді. Рас, адам бар жерде, сыйластық бар жерде қашан да таныстық әрекеті болады. Оны жеңу де оңай емес. Бұл тұрғыдан келгенде Раушанды да кінәлау қиын. Ал Сәуленің жөні болса да басқа. Ол да әділетсіздіктің не екенін жақсы біледі. Оны қыз алғаш рет өзінің соншама жылдар бойы жұлдызаралық сапарда бірге болып, сыйласып келген сапарластары мұхит тереңінде жападан-жалғыз тастап кеткенде барып білді. Содан бастап Сәуле жан баласына сенбеуге де шақ қалған еді. Оның адамға деген сенім сезімін Айдынбек оятты. Соған ғана сенетін болды. Ал Қадыр Жолдасұлының ғалымдық әрекетінің жай ғана нәрсе екеніне Сәуле бірден-ақ көз жеткізген. Соңдықтан да оны жанына жолатқысы келмейді. Оның ішкі ойындағы теріс мақсатын да Сәуле жақсы сезеді. Ал Айдынбек мейлінше ақкөңіл, адал, аңғал болғандықтан да оның анау-мынау сылтауларына кейде сеніп те қалады. Оған терең мән де бере бермейді. Қазақ Ғылым академиясына жиі-жиі барып, Айдынбекті жиі мақтап, оған атақ ұсынуының мәні де Сәулеге қарай жол ашудың қулық әрекеті еді. Өзі бойдақ болған соң, Айдынбектің отбасы бар, Раушаны бар болған соң Сәулені жеке иеленермін деп те үмітенгенді. Бірақ Айдынбек те жай адам емес. Ол да психолог, сезімтал адам. Ол да соңғы кездері Қадырдың өзіне деген жаман пиғылын байқай бастаған. Сөйтіп, оның өз үйіне жиі келуін доғарудың жолын қарастырған. Қадыр Жолдасұлы Қазақ Ғылым академиясының басшылығымен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан оларға Айдынбек жайлы құпия мәлімет- терді жиі жеткізіп те тұратын. Сол үшін де ол Айдынбектен де, Сәуледен де қол үзген жоқ.

Ол соңғы кездері Айдынбектің жақтырмағанына қарамастан ғылымды сылтау етіп, араға академия басшыларын салып үйіне жиі келгенді қайта жаңғырта бастаған. Сәулені ол болса да тындамайды. Көбіне Раушанмен әңгімелесіп, оны өзіне қарай тартады. Сондықтан да Айдынбек Раушанға ештеме деп тіке сөйлемейді. Сұраған сұрақтарына қанағаттанарлық етіп жауап беріп, шығарып салып отырады. Бір жағынан Қадырды кінәлау да қиын еді. Ол Айдынбек пен Сәуленің арасында бір құпия сезім бар деп ешқашан да ойлаған емес. Бәрін де жай аға мен қарындастың арасындағы сыйластык қана болар деп санаған. Айдынбек қайда жүрсе де Сәулені емес, тек Раушанын айтады. Соны мақтайды. Сонысына қарап Қадыр да, басқа ғалымдар да оның Сәулеге деген шынайы сезімі бар екенін нақты білген емес. Сезетіндері де бар. Тек олар ішкі ойларын сыртқа шығармайтын біртоға, тұйық ғалымдар. Ал Қадыр сияқтылар жақтырсын-жақтырмасын істің белінен басады. Оның қыз атаулыға ұнамайтыны да содан. Енді тіпті өзге ғаламшардың өкілі Сәулеге де жақпады. Солай бола тұрса да ол: «Сәуле мені ұнатпады» деп жүрген ол жоқ. Ойы алыста. Сәулемен оңаша тілдескен сәттерінде ол өзінің ойын оған ашып айтып та алған. Онысын Айдынбек білмейді. Ал Қадыр бір жағынан өзінен Сәулені қызғанатынын сезбейді.

Қадыр Айдынбекке жасалып жүрген бүкіл құрметтін Сәуле арқылы келіп жатканында жақсы біледі. Сол құрметтің бір бөлігінің өзі арқылы болып жатқанын да Қадыр кейде Айдынбекке ескертіп қояды. Бірақ Қадыр қыздың қатерлі құпиясын білмейтін. Сәуле Айдынбектен басқа ешкімгеде сыр ашқан емес. Айдынбектін өзіне де ным-нымдап сездірген. Содан бері өзі толқу үстінде. Онысын Раушан қанша дегенмен де сезген. Бірақ ол бәрін де ішінде сақтап, сыртқа ештемені білдірмеуге тырысқан. Сонда да Сәулені қимайды. Ол Айдынбекке әлі жақындаған емес. Оның бар ісі Айдынбекті өзінің құпия бір емімен тез жазып шыққаны. Сол ісі үшін қыз айналасындағыларға күмәнді болып қалды. Оны естіген ел де елен еткен. Көзге түсті. Содан бері Қадыр да жиі келетінді шығар- ды. Ол бірде өзінің ішкі ойын Айдынбекке ашып айтып та салған:

- Мен осы Сәулемен шаңырақ көтерсем қайтеді? -деді ол бірде Айдынбекке тіке қарап.

- Оны менен неге сұрайсың, батыр?! Оны мен шешпеймін ғой. Әркімнің өз басы бар емес пе?

- Оны білемін, Айдынбек. - Қадыр сәл кідіріп қалған.

- Онымен қарым-қатынасың қалай еді?

- Жақсы. Жылы сөйлесеміз. Ренішіміз жоқ.

- Сонда сіз маған деген құрметіңізді осы мақсатыңызды орындау үшін жасап жүрсіз бе?

- Неге олай дедініз? - деп тіксініп қалды Қадыр.

- Әйтпесе, неге Сәулеге тоқталдыңыз? Қазақта қыз аз ба еді?

- Көп,әрине. Бірақ Сәуленің бойында бар ерекшелік,оларда бар ма екен?

- Қандай ерекшелік?

- Көп қой. Оны өзіңіз де білесіз.

- Егер мені дос деп санасаныз, бұл қыздан осы бастан бас тартқаныңыз жөн!

- Неге олай дейсіз?

- Сәуленің бойында қуатты ток көзі бар.

- Оны білемін.

- Білсеңіз, онымен отау құрудың да қауіпті екенін білесіз?

- Иә, бұл сөзіңіздің жаны бар. Мен бұл жағына көп мән бере қоймаппын.

- Мән беріңіз. Есіңізде мықтылап сақтаңыз.

- Сонда бұл қызға кім үйленбек? Ол өмір бойы осылай бойдақ болып өте ме?

- Оған сен басынды ауыртпа. Табылады. Бұл Жерден, елден табылмаса, өзі ұшып келген ғаламшарынан табылады.

- Иә, айтпақшы, ол жағы да бар екен-ау. Қыздың бөтен- ғаламшарлық екенін де ұмытыппын ғой мен!

- Мұның бәрі ештеме емес. Ең бастысы, сізде оған деген шынайы махаббат сезімі жок. Мәселе де сонда!

- Неге олай дедіңіз, Айдынбек?

- Мен бірдемені білген соң айтып отырмын. Ал жалған сезіммен жақсы қызды улауға болмайды, досым. Сен ғалым емессің бе?

- Жоқ, мен оны шынымен ұнатамын, - деді Қадыр ыңғайсызданып.

- Ұнату деген басқа. Жүрек сезімімен сүю деген бөлек. Менің байқауымша, сіз осы кезге дейін бір де бір қызға ғашық болып көрмеген жансыз.

- Оны қайдан білдіңіз?

- Әңгімеңізден көрініп тұр емес пе? Сәулеге шын ғашық болсаңыз, ол сізге көңіл бұрған болса, жағдай басқаша шешілген болар еді. Ал мына әңгіме...

- Айдынбек, менің түсінігімше, отбасы деген жай бір шартты нәрсе. Ешбір жігіт пен қыз бүгінде бір-бірін баяғы бір заманғы Қозы Көрпеш - Баян сұлу сияқты құлай сүймейді. Қызметі мен дәрежесі, тұрмыс жағдайына қарап үйленеді. Солай емес пе? Ойлап қарасаңыз, оны осы қоғамдағы өмірдің өзі дәлелдеп келеді. Не көп, үйленгендер көп. Не көп, ажырасатындар көп. Солардың бәрі де шын махаббат па? Мен үйленген көптеген достарымды білемін. Олардың біразы ажырасып та үлгерді. Шынайы махаббатты отбасы дегеніміз сол ма. Қарасаң, кейбір ер адам басқа кызбен, әйелі басқа еркекпен жасырын қыдырады. Сол махаббат па? Тіпті, кейбірі танысынын әйелімен жақындасады. Сонда махаббат қайда? Менің сенбейтінім сол. Махаббат сезімі деген, жай бір отбасын құрағанша ғана жанып, содан соң бірте-бірте сөне беретін сезім бе деп қаламын. Шыным осы, Айдынбек.

- Сөзіңіздің түп-төркінін түсіндім, - деп Айдынбек орнынан тұрып кетті, - айтқан сөздеріңнің жаны бар. Асығып- аптығып, сұлу қызды оңаша төсекте құшуды ғана ойлап үйленетіндер бар. Сонымен бірге отбасы бола тұрып, ерінін, де, әйелінің де бір-біріне тұрмыс жағдайымен суынып, екеуінің де бөтенді аңсайтындары бар. Ондайды мен сәтті отбасына жатқызбаймын. Ол ешкімге де үлгі-өнеге емес. Оны өзіңіз де айтып отырсыз. Меніңше, үйленуге асықпаған дұрыс. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп қазақ неге қақсаған?

- Оны мен де түсінемін, Айдынбек. Ал, бірақ, ажырасатындардың көбінің бірге коп жүріп, бір-бірін терен түсінгендер болып келетіні қалай?

- Мен ғалыммын, Қадыр. Өзіңіз де ғалымсыз. Біз отбасының жайын зерттеп жүрген адамдар емеспіз. Сондықтан өз уақытымызды керексіз нәрсеге бөліп, жұмысымыздан қалмағанымыз жөн.

- Мен сізді түсінбедім?! - деді Қадыр орнынан жаймен ғана

көтеріліп, - шын махаббаттың болатынын жоққа шығармайсыз.


  • Әрине, тауып қосылғандардың сүйіспеншіліктері бірге тұру барысында әлсіремей, қайта уақыт өткен сайын күшейе түсуге тиісті.

- Өзіңіздің отбасыңыз да солай ма?

- Көріп жүргеніңіздей.

- Жарайды, Айдынбек, мен сіздің біраз уақытыңызды алдым, — деді Қадыр ғалымдық сабасына келіп, - айып етпеңіз. Үйге қайтайын. Жүрегімді шындап жылытпаған қызға назар аударудың қажеті жоқ екенін түсіндім. Жай бір, осы оңашалықта сізге сырымды айтайын дегенім ғой сізге.

- Оқасы жоқ. Келіп тұрыңыз.

Қадыр есіктен шығып кетті. Айдынбек жұмыс бөлмесіне келіп орындығына қайта отырды да, өзінің жұмыстарына кірісті. Өзі үшін әрбір минут қымбат. Енді көрші бөлмедегі Раушан мен Сәулегеде назар аударатын уақыты жоқ. Қадырдың жаңағы сөздері біраз ой да тастаған сияқты. Бірақ ол өзінің Сәулеге деген ішкі сезімін қайдан түсінсін. Жаңа өзі Қадырға талай нәрсені айта жаздап барып тоқтаған. Ол әлі бойдақ болған соң отбасы мен перзент дегеннің не екенін терең түсінебермейді. Оның бәрінде ол тек кейінірек түсінбек. Сондықтан да көп нәрсені түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Уақыт болса өтіп барады. Достарының ұл-қыздарының алды бүгінде институт бітіреді. Ал өзінде осы күнге дейін жөргек былғайтын бір де бір перзент жоқ. Қадыр ол жағына назар аудармады. Оның бар ойлайтыны өзіне ұнаған қыз барлық жағына жетік болуға тиісті. Өмірдің барлық жағынан жеткілікті болып тұрмайтынын ол түсінбеген. Айдынбекте бүгінде бәрі бар, бәрі жетеді. Бірақ соның барлығы бір перзентке жете ме? Ғалымның жан дүниесін мазалайтын да осы. Сәулеге деген шынайы сезімі де күн өткен сайын күшейіп барады. Ол бұл кезге дейін де талай қыздарды кезіктірген. Өзіне көз салған, қызыққан қыздар да жоқ емес-ті. Бірақ шын сезімнің жөні қашан да бөлек екен. Айдынбектің бұл жүрісі, бұл ой-толғамы сырт адамдарға басқашалау да болып байқалады. Ғалым ол жағын да ойлаған. Раушанға үйленгелі қанша жылдар өтсе де, оған «Әй» деп көрген жан емес. Раушан да өзіне қарсы келмеген. Оның бала таба алмағанына бір денсаулығы кінәлі еді. Тек өмір, тағдыр оны осылай етті. Енді не шара? Ғалым бүгін өзінше бір тұйық жүрді. Түннің бір мезгіліне дейін ғылыми еңбектерін жазды. Тек содан соң ғана барып ұйқыға жатқан. Ал ол кезде Раушан да, Сәуле де шырт ұйқыда болатын. Раушанның қатты ұйықтағаны сондай, Айдынбектің жанына келіп жатқанын да білген жоқ. Оны білер-ау. Бірақ ол Айдынбектің миының қыртыстарында жатқан сан құпияны ешқашан да анықтай алмақ емес. Ол құпияны білетін бір ғана адам бар, ол - Сәуле. Мұндай қабілет Сәуленің бойына туа біткен. Жер адамдарының ойлау-сезу қабілеттері әзірге ондай дәрежеге жете қоймаған. Айдынбек онысын да мойындаған. Төсегіне жатқаннан кейінде ол неше-килы ойға батқан. Қадыр айтқан кейбір сөздер шын мәнінде де жанына батады. Раушанды да, Сәулені де ешбір жанға қимайды. Раушанды о бастан жұбайы ретінде сыйласа, Сәулені ішкі жан дүниесімен сүйеді. Сол бір құдіретті сезімнен бір сәтке де арыла алмайды. Сәуле оның жүрегінен күні де, түні деорын алған. Онан құтылудың бір ғана жолы бар, ол сағыныш мауқын басу. Айдынбек осындай ой үстінде жатып ұйықтап кетті.

Күшейген қызғаныш

Раушан бүгін де жұмысына кештеу келді. Оның соңғы кездері осындай әдетке басқанын бастығы да байқаған. Сөз жатсын ба?! Өзі қызмет ететін үлкен кітапханадағы әйелдердің арасында неше түрлі сөздер де тарап жатты. Гүлжан есімді мінезі жеңілдеу келіншек бәрін де үйіріп әкететін. Ол өтірік пен шынды араластырып айтқан кезде, бәрі де ауыздарын ашып бар дүниені ұмытқандай болып, жанында отырып қалатын. Оған ұқсас әйелдер бұл мекемеде жеткілікті. Әйелдер соңғы кездері Раушанның мазасызданып жүргенін де аңғарған. Бір пәтерде күйеуі, бір сүлу кыз үшеуі бірге тұрып жатса,кайдан көңіл-күйі болсын. Қайта Раушан кең. Жаман ойы жок. Басқа бір мінезі шәлкес әйел болса,ә дегеннен ол қызды пәтеріне жолатпас еді, жолаткан күнде де көп ұзатпай пәтерінен куып жіберер еді. Раушан перзент таппаганына өзін кінәлі санайды. Сондықтан да оған қарсы келе бермейді. Кейде оның өз қатарынан шығып, ұл-қызсыз қалғанын ойына алып, іштей аяп га кетеді. Ал шындап келгенде өз күйеуінің баска жарды кұшқанын каламайды.Адам бойындағы қызғаныш сезімді тежеу еш мүмкін емес. Ол үшін адам-пенде қажетдегенде өзін де, өзгені де мертетуге бар.

Әсіресе, осы жұмыста отбасы жайлы айтылатын небір әңгімелер Раушанға қатты әсер береді. Бір үйде тұрып, бірге жүріп өз жолдас қызының күйеуіне тұрмысқа шығып алған, әпкесінің жолын кесіп, жездесіне тиіп алған кыздар бар өмірде. Қолдары босап бір жерге басы косып калғанда әйелдер осындай-осындай әңгімелерді қозғайды. Кейбіреуі өз басындағы бақытсыздығын айтып, жылап та алады. Соларды естігенде Раушанның коңіл-күйі бұзылады. Жүйкесі қозып, өзін қоярға да жер таппай кетеді. Ондайда қайдағы бір нәрселер ойына түседі. Үйіне келе салып, Сәулені біржолата куып шыққысы келіп те кетеді. Тек сол ашуы неге екені белгісіз, үйге жеткенше тарқап қалады.Айдынбекті көргенде оның ойы шашырап, кайтадан өз сабасына түседі.

Сондай күндер белгісін бермей өтіп жатқан. Ал бүгінгі күн ол үшін тағы да көңілсіздеу басталған. Сондықтан да ол жұмысқа сылбыр басып кешігіп келген. Өткенде қыздардың айтқан ұсынысын да Раушан білетін. Олар оны әңгіме арасында әзілшынын араластырып айтып қалғанды. Содан оның ойында- ғысының орындалмай жүргенін қас-қабағынан білген. Үйге келуін де сиретті. Ал Раушанның бір арманы: «Осы Сәуле бір жігітті тауып, тұрмыс кұрып кетсе екен» деген ой еді. Ол ойы да орындалмады. Қызғаныш сезімі де күн санап жанын қинағандай.Оның үстіне,жұмыстағы үзіліс кезінде айтылатын небір жағымсыз әңгімелер ол қызғанышын күн санап күшейте береді. Бүгін айтылған сол іспеггі әңгімелер де жан-дүниесін шайқаған. «Қалай құтыламын мен одан?» деген сүрақты ой да мазалай түскен. Бірак қол ұшын берер жан баласы жоқ. Әркім өз тағдырымен әуре. Айдынбектен не қайран?! Ол ғылымға біржолата берілген адам. Оған кыздың осы үйде болғаны керек, әрі қызық. Онын үстіне Айдынбек кызды ұнатады. Қайбір нәрседен де корғап жүргені.

Бүгінгі күні бойғы әңгімесінің басты такырыбы да Раушан үшін жағымсыз еді. Тындамаска шарасы да жоқ. Өзі де ондайлардан қашқалақтап жүретін. Бірақ канша қашқалақтаса да әрбір күннің өз жаңалығы, өз әңгімесі бар. Әрбір тайный, әрбір күннің оқиғасы да бөлек. Бір отбасында өмір сүріп, бір-бірін андуға, бірінің бақытын бірі тартып алғысы келетін жандардың да болатыны жөнінде Раушан тек осы жұмысындағы әйелдерден естіп қана койған жоқ, ол ондай окиғаларды газет-журналдардың беттерінен де оқыған. Радио мен теледидардан естіп-көрген.Сондай-сондайлардың бәрі ойына түскен кезде ішінен біртүрлі күйініп те кетеді. Оның үстіне жұмыстағы Гүлжан есімді аузы жыпылдаған келіншек бүгін де талай әңгіме-өсекті айтып үлгерген. Ондай жағымсыз, пайдасыз әңгімені бейберекет естімесе, Раушан тып-тыныш жүрер ме еді?! Сәулемен де кәдімгідей әңгімелесіп, шүйіркелесіп, араласып, шамалы болса да сыр бөліскендей болып қалатын. Ал жанағыдай әнгімеден кейін каггы толқып, тіпті, Сәулені үйден куып шығуға дейін барады.

Бүгін ол сондай алыпқашпа әңгімеден ерекше әсер алып, қобалжыған бір күйде оралды үйіне. Артынша Айдынбек келген. Сәуле үшеуі асханаға барып әдеттегіше кешкі асқа отырған. Раушан тамақ үстінде пәлендей сөз козғай койған жоқ. Сабырлық сақтап, шыдап баққан. Оның есесіне Айдынбек көңілді еді. Ол бүгін ғана мұхиттереңіндегі бөтен кеме жайлы жаңа мәлімет алған.

- Жігіттер ақымызды алып берді, — деді ол Раушан мен Сәулеге кезек-кезек қарап қойып, -әлгі бөтен кемені жаңадан жасалған куатты қарумен күл-талқан етіпті. Енді олар ешқашан да мазалай алмайды су астындағыларды.

- Сонда олар кемелерімен бірге опат болды ма?

- Эрине, Сэуле, - Айдынбек «Сәуленің көңіліне дақтүсіріп алдым ба» дегендей сәл кідіріп қалды. — Сәуле, сіз айып етпеңіз. Олардың бізге бірінші болып тиіскенін білесіз. Енді екінші рет жакындағанда біздің жігітгер олардың кемесін жаңа қарудың оғымен атқан. Өткендегі біз басымыздан кешкен жағдайдан қорғану үшін, әрине. Сапарластарыңыз сондай күйге ұшырады...

- Мен бәрін детүсіндім, аға, - деді Сэуле Айдынбекке ойлы жүзін бұрып, - олардыңөздерінен дебар. Сапарластарымның омірлерінің қысқа болатынын сол кемеміздегі «Тағдыр» делі- нетін адам тағдырын алдын ала көрсете алатын қүралдан көріп алған едім. Олардын өздері ғұмырларының кысқа болатынын басқадан емес, менен көргендей болатын.

- Мұны қалай түсінуге болады? — деп Айдынбек елең ете түсті.

- Мен адам баласына жамандық жасамақ түгілі, адамға жамандық ойлаған пенде емеспін, аға, — деді Сәуле төмен карап, - осы үйде болған күндерімде оған көздеріңіз жеткен де болар деп ойлаймын.

- Ендеше оларға не болған?

- Мұны мен сіздерге түсіндіре алмаймын...

- Жарайды, - деді сол кезде Айдынбек Раушанға қарап, - әңгімеміз такырыбымыздан алшақтап кетіп барады.Бірде болмаса, бірде түсінерміз оның мәнісін. Бізге бүкіл іштегі сырынды ақтарып беру міндетемес те шығар?

— Ол рас қой, — деп Раушан онысын қолдай кетті, - адам болған соң құпиясыз бола ма? Ол құпиясы өзгеге зиянды болып келмесе болғаны да.

Дастархан басында бір сәтке үнсіздік орнады. Жаңа ғана көңілді болған Айдынбек те енді сұлық. Бұл хабар Раушанның жан дүниесін де құртша жей бастаған. Онсыз да ренжіп келген өзіне мына хабар тіпті де косымша болды. Раушан Сәуленің су тереңіндегі сапарластарының мерт болғанына еш куанған жоқ.Қайта ішкі дүниесін бір өкініш сезімі билей бастаган. Ол сезім өзіне Сәуленің енді мұхит тереңіне ешқашан да орал майтынын білдіре түскендей. Өзі жұмыстан келген соң, тамақтанып, шамалы демалған соң Айдынбекпен оңашағана сөйлесіп, Сәулені мұхиттереңіне кайтаратын уақыттың жеткенін айтпақ болған. Енді ол мақсатына баратын жол кесілді. Сәуле енді ешқашан да өз сапарластарын су астынан таппак емес. Мұны ойлаған Раушанның онсыз да бұзылып отырған реңі онан сайын өзгерді.

Ал Айдынбек болса, істің мән-жайын, Раушаның іштейгі кызғанышын түсінбегендіктен бар шындықты айтып салды. Енді ол әңгіменің бағытын калай карай бұруды да білмеген. Раушан болса да шешіліп сөйлемей отыр. Раушан енді басы ауырған адамдай мандайын оң алақанымен ұстап көрді де, орнынан жай мен ғана тұрып, ештеме деместен жатын бөлмесіне карай кетіп қалды. Асханада Айдынбек пен Сәулеғана окшауланып отыр. Сәуле төмен қараған.Ғалымның жүзіне тіке карай алмайды. Бірақ оның ішкі жан дүниесінде сол өзін адастырып тастап кеткен сапарластарына деген аяныш сезімі жокка тән еді. Қайта мінезі қатайып, әлденеден жеңілдегендей бір күй танытты. Сол сапарластарының өзін су тереңіндегі тас қараңғы үңгір ішінде қалай адастырып кетіп, өзінің онда қандай азап көргендерінде осы сәтте көз алдына елестетіп те үлгерген.

- Шәй ішіңіз, аға, - деді ол бір кезде Айдынбекке.

- Ішіп отырмын. Рахмет. Өзіңіз неге ішпей отырсыз?

— Мен ішіп болдым. Автомат қолдарға дастарханды жинауға тапсырыс бере берейін бе?

— Иә, Сәуле, солай ете берсеңіз де болады.

Айдынбек кесесіндегі қалган салкын шәйін ішіп салып, орнынан жаймен көтерілді де, жаңа ғана Раушан кеткен жатын бөлмесіне қарай жүрді. Ендігі мақсаты Раушанның көңіл- күйінің неге мүндай екенін анықтау еді. Раушан да сол сәтті күтіп жаткан. Көкейіндігі бар қайғы-қасіретін төгіп айтып алатын сәт те туған тәрізді. Бірақ, қырсыққанда оған дейін екі көзіне тығылған ыстық жастың тыйылмай-ақ қоймасы бар ма? Онысын Айдынбекке білдірмеудің сәті де тумады. Енді шегінетін де жер қалмаган.

- Раушан, саған бүгін не болды? - деді Айдынбек оның жанына отыра беріп.

- Ештеме.

- Жок, шыныңды айт. Неге ренжідің? Әдетте бұлай болмайтынсың?!

- Бұл өмірден шаршадым, - деді Раушан, - бәрінен түңілдім.

- Не болды соншама түңілетіңдей? Әлде сені біреу ренжітгі ме?

- Ренжитін ештеме жоқ. Тек ел арасында сөз көбейіп барады, бізжөнінде...

- Ол қандай сөз?

- Бәрі де осы қыз жайлы.

- Сәуле жайлы алыпқашпа әңгіме о бастан бар емес пе еді? Оған біздің екі құлағымыз да әбден үйренген жоқ па еді? Сәуле жер ғаламшарының қызы емес қой?

- Бола берсін. Бірак казак жерінде бұдан асқан сұлу, бұдан асқан ақылды қыз болмай тұр емес пе?

- Соны енді білдің бе? Неге жаңалык ашып жатырсың? Түсінбедім сені, Раушан?

- Түсінбейтін ештеме де жоқ. Бәрі де маған Сәуленің бірде болмаса да бірде маған қиянат жасайтынын айтады. Сәулені баска үйге шығаруды немесе біржолата мұхиттереңіне қайтаруды ұсынады.

- Оларың кім?

- Менің кұрбыларым. Қызметтестерім.

- Ал, бұл жөнінде өзің жеке жағдайда Сәулемен сырластыңба?

-Жоқ.

Ендеше неге сырттан тон пішкендерге, өсекшілерге ересің?



- Қалай ермеймін?! Менің сенен бұл өмірде ешқашан да перзент көрмейтінім аныққой.

- Жалғыз өзің ғана болсаң ғой. Мен де сенен перзент сүймеймін. Бұл екеумізге бірдей келген ауырлық.

- Сенің денің сау. Ал мен жүрген бір кедергімін.

- Олай демеші, Раушан. Сәуленің құпия емінен кейін жас жігіт болып көрінсем де Құдай берген жастан аса алмаспын, енді маған қандай ұрпақ?! Бәрі де бітті емес пе?

- Олай деме, Айдынбек. Әлі де үлгересің.

- Сен нені айтып отырсың?

- Рас, мен сені барлыққыз-келіншектерден қызғанамын. Бірақ жолыңа қашанғы тосқауыл болайын.

■ - Бүл сөзіңмен не айтпақ ойың бар?

- Сәуле енді ешқайда кете алмайды. Сапарластарынан болса да біржолата айрылды. Өз ғаламшарына қалай ұшпақ. Ол енді қазақтың қызы, біздің үйдің қызы. Бірақ сенің туған да, жақын да қарындасың емес. Ол — нағыз бойжеткен. Сен Сәулеге үйлен. Мен рұқсатберемін. Шыным. Осылай шештім.

- Жо-жоқ. Мен Сәулені ұнатамын. Онымды жасырмаймын. Бірақ бұл қызға ешқашан да үйленуге болмайды. Оны маған өзі де ескерткен. Түсінесің бе, Раушан?

- Неге?

- Неге екенін оңашада өзінен сұра.



Раушан осы сөзден кейін көкейіндегі бар шерін тарқатып алғандай жеңілдеп қалды. Оның есесіне Айдынбектің көңіл- күйі күрт түскен. Жатар уақыт ерте болса да ол төсегіне қисая кеткен. Раушан да оның жанына үн-түнсіз жайғасты. Жатын бөлмеде де, жалпы пәтерде де тыныштық орнады. Сәуле де әңгіменің мән-жайын түсініп, өзжатын бөлмесіңде демін ішіне тартып, тып-тыныш жатыр еді. Өзі Раушанның өзіне деген көзқарасын келген күннен бері біледі. Енді соның шегі де жеткен секілді Сәуле үшін. Жаңа ол Айдынбекке бәрін де ашып айтып салды. Сәуле қатты толқыды. Не істерін білмеді. Төсегінде шалқалап жатып, төбе тұсқа қадала қараса да, енді бейнебір мына тағдырынан басы да шыр айнала бастағандай болды. Егер су тереніндегі өз сапарластары тірі болғанда еш ойланбай-ақ жолын тауып, сол мұхитқа тартып кетер еді.Енді онда қалай өмір сүрмек. Енді өзіне бұл кең деген кұрлықта да, терең деген мұхитта да орын жоқ сияқты. «Барар жер, басартау қалмады» деген де осы екен. Енді қайда барып жасырынып, кайдабарып байыз таппақ бақытсыз жалғызбасы. Оныңүстіне қалай қарай қашса да өзін бақадай етіп бақылауға алған ғалым- дардан кұгыла алмак емес. Өзіне енді тек жер асты ғана ты- ныштык бермек пе? Жаман делінсе де кыз мұны да ойламай калган жоқ. Олай бір, былай бір дөңбекшіп түннін бір мезгіліне дейін көз іле алмады. Ал бүл оңашалықтағы қатты қиналысынан Айдынбек те, Раушан да мүлдем бейхабар еді. Ол екеуінің басында: «Бұл қыз қайда кетер дейсің?» деген бір тұрақты ой ғана бар еді. Ол екеуі әлгі көңілсіз әңгімелерінен кейін ұйыктап та кеткен. Енді ол екеуінің қимылын, дыбысын, қалай ұйықтап жатқанын Сәуле ғана көре алды бұл пәтерде. Сәуле аяғының ұшымен ғана есігі сәл ғана ашықтұрған бөлмеге енді. Айдынбектің әп-әдемі, бірак реніштілеу жүзіне қадала ұзақ қарады. Екі көзінен ыстыкжас ыршыпта кетті еденге. Бұл бөтен ғаламшардың қазақ жігітіне ғашық болған қызының қарасы, үлкен оқиғаның алдындағы соңғы қарасы еді.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет