Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет4/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Жалғыздықтағы еске алу
Айдынбектін мүхит тереңіне түскеніне бүгін екі апта болған. Раушан жұмыстан ерте оралып, кешкі шайын ішті. Табақаяқ жууды автомат аспазға тапсырды. Оның жұмысын мұқият бір қарап шығып, төргі кең бөлмеге өткен. Онда тыныштық. Сыкыр-сықыр еткен дыбыс тек асхана жақтан ғана естіледі. Пәтердің терезелері қосқабат болғандықтан, көше-көшеде әрі-бері зырғып жатқан мың сан көліктердің дыбыстары жетпейді. Жетпейді емес-ау, ол қос терезеден дыбыс өтпейді. Одан сыртқа қараған адамға ол көліктер бейнебір дыбыссыз қозғалып бара жатқандай көрінеді. Раушан үшін ол қозғалыстар таңсық та, кызық та емес. Тек кей-кейде шиық ете қалған дыбыс естілгенде елең етіп, әлденеден шошынғандай, әлденені есіне алғандай ырғып терезе алдына келіп, сыртқа ұзақ қарап тұрады. Жас жүрегі лүпілдеп те жөнеледі. «Біреу бірдемеге ұшырамаса екен», деп іштей уайым да кешеді. Раушан жақсылықты ғана тілейтін жан. Оның дөңгелек жүзі қалыңдау, бірақ үлбіреген ерні, үнемі жақсылықпен қуанышты тілегендей күлімсіреп тұратын көздері соны мегзегендей де. Танымайтын кез келген пенденің өзі де Раушанның кандай ақниетті жан екенін жазбай таниды. Әйтеуір кішкене болса да қиналысқа ұшыраған адам болса Раушанның жаны күйзелгендей болады. Айдынбек онысына шыр-пыр болады. Енді өйтетін серігі де жоқ. Жападан-жалғыз. Кітап окудан да, теледидар көруден де, театрға барудан да жалыққан. Жолдас, кұрбы-құрдас әйелдері де келе бермейді, кім-кімнің де өз отбасы, отбасының иесі бар. Содан аса алмайды. Кеш болды, жұмыс аяқталды дегенше, қолсағатына жиі-жиі қарап, үйіне, отбасына жетуге асығады. Раушанның басты бағыты да сол - пәтер, үйдегі қым-қуыт тірлік. Солай бола тұрса да оған жетпейтін басты нәрсе біреу. Ол — перзентсіздік. Раушан о баста әлі тұрмысқа шықпай тұрғанда үлкен отбасының ішінде өскен. Айдынбекпен отау тікеннен кейін ол алғашқы құрсағын да көтеріп , болашақ нәрестесін асыға күткен де еді...

Раушанның көз алдында сол бір бақытсыз күндер еріксіз оралды. Өзі жастайынан суық тигізіп алып, оның нәтижесінде аяқ – қол сырқатына шалдыққан. Айдынбекке тұрмысқа шықпай тұрғанда-ақ қараған емдеуші дәрігер: «Қарағым, ауруын созылмалыға айналып кетіпті. Тұрмысқа шығуын шығарсың- ау, бірақ перзент сүюін екіталай», - деген. « Неге олай дейсіз? Мен әлі жас емеспін бе? Перзент сүймегенше, бұл дүниеден неге өтіп кетпеймін? Мен сүйгенімді ұрпақсыз қалдыра алмаймын!» - деген бұл сонда көз шарасына мөлт- мөлт толған ыстық жасын сүрте отырып. Дәрігер төмен қарап отырып қалған еді сонда. Раушан не істерін білмей, қолындағы қағазда жазылғандарға , енді бірде дәрігерге жақтырмаған көзбен қадала қарап алып: «Сау болыңыз», - деп сыртқа шыға жөнелген. Содан соң емхананың төңірегіндегі бақ ішінде жүріп еңкілдеп кеп жыламасы бар ма? Түрлі ойға шомып, тіпті, сол арада өзін – өзі мерт ете де жаздады емес пе? Төңіректе жүргендер де сол кезде: «Бұл әйелге не болған? Жазылмас бір сырқатқа ұшыраған ба? Әлде перзентінен мезгілсіз айрылған біреу ме?» дегендей бір ойға да қалған. Расында да, енді ойлап қараса, Раушан перзент дегеннен сол кездің өзінде-ақ біржолата айырылған екен. Өкінішке орай, дәрігердің айтқаны рас болып шықты...

Раушан үш адам қатар жатса да емін-еркін сиятын кең төсекке қисая кетті. Одан оңға қарай бір аунап түсті. Әр аунаған сайын қиялындағы Айдынбекті құшқысы келіп те кетеді. Іштей қатты қиналды да. «Егер сол перзент дүниеге тірі келгенде, ол бүгінде әжептеуір болып қалар еді. Айдынбек екеуімізде одан артық бақыт та болмас еді?» - деп те қиялдап кеткен Раушан.

Ол тағы да аунап түскен. Оң қолының ыстық алақанымен іші тұсын жай ғана сипап өтті. Ауырған жоқ. Бірақ саусақтары жанап өткен тігінді жерлері сәл ауырып , жас жүрегін сыздата жөнелді. Ол кезде құрсағындағы перзенті небәрі алты айлық қана еді. Ол жағдайдан кейін үш ай ойдағыдай өткенде, бәлкім, ол нәресте дүниеге шыр етіп, аман – есен келген болар еді. Егер өзінің денсаулығы болғанда, дәрігерлер сол алты айлық қыз нәрестені оп-оңай аман алып қалған да болар еді. Тіпті, ішті жарып алған шала нәрестелердің өздері де көпке дейін қозғалып тірі жатады емес пе? Ондай оқиғаның тала- йын естіген болатын Раушан. Сөйтіп ол, сол кезде кұрсағындағы перзентің қалай да тірі қалуын тілеген еді. Тігіті сол кезде өзінің тірі қалу-қалмауын да ойлай қоймаған. Тек Айдынбекке перзент сыйласам, ұрпак сыйласам, өзім мерт болып кетсем де арманда болмас едім деп те пендешілік жасаған болатын Раушан. Бірақ олай болмады. Дәрігерлер өзін аман алып қалды, перзент жарық дүниені көрмей жатып-ақ көз жұмды. Тағдыр бақытын солай қиды. Сол күнгі өкініштің сол кезге ғана емес, өмірлік өкінішіне айналатынын Раушан бейбақ біліп пе еді?

Ой тізбегінің дәл осы жеріне келгенде Раушанның ішкі дүниесіне әлде кім от салып жібергендей өртеніп кетті. Ол ұйқысыз жатып осылайша қатты күйінді. Жаңа ғана: «Төсекке басым тисе болды, шырт ұйқыға кетермін. Шаршадым, мен бұл өмірден», - деген ойы да енді бекерге шыққандай. Ұйқысы, расындада шайдай ашылды. Ұйкысыздық меңдеп алғандай тұла бойын. Көзін анық ашып алған күйде төбе тұсына қарады да жатты. Бөлме іші тым-тырыс. Өзінен өзге, өз ойысырласынан өзге ештеме де, ешкім де жоқ. Тып-тыныш бір дүние орнаған секілді. Тіпті, асхана жақта да қозғалыс атаулы жоқ. Биороботтардың өздері де демалуға кетіпті. Есік жабық, барлық ақпарат құралдары сөндірулі. Тек өзі, өзі ғана ояу, жүрегінің дүрсілі ғана анық естіледі. Басқа дыбыс атау- лының бәрі де өз жайын тауып кеткендей. Түннің бір мезгілі болып қалғандықтан көрші-қоландар да шырт ұйқыда Тек олар ғана емес, күллі қала төсекте. Сонау алыстан мұнарткан тay екеш тау да бұл қараңғы түнде калғып ұйыктап тұрғандай. Өзі, өзі ғана ояу. «Осы, жалғызілікті ерлер мен әйелдер қалай өмір суреді екен? Мен Айдынбек болмаған санаулы күндердің ішінде өзімді қоярға жер таппаймын. Жалғыздықтан артқан қиын өмір жок екен-ау», — деп бір ойлады ішінен Раушан. Адам өмірі перзентпен ғана қызықты, Раушан осы кезде үбірлі- шүбірлі болып үлгерген кұрбы-кұрдастарының бақытты өмірлерін есіне алып та күрсінді. Бұл оның қызғанышы емес еді, бұл оның өкініші ғана болатын. Ал олардан өткен бақытты адам шын мәнінде жоқ. Қашан көрсең де улап-шулап, бақытқа кеңеліп жатқаны. Ұрпақ болмаған жерде адам-пенденің өмірінің мәні мен мағынасы да болмақ емес. Ұрпақты адамның көңілді кездері көп, мұнды сәттері аз келеді. Нағыз бакыт деген де сонысынан көрінсе керек. Баяғы бір заманда перзентсіз өте жаздаған патшаның болғанын да еріксіз еске алуға болады. Ертегі емес-ау, нағыз шындық ол! Халық соны ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мысал болсын деп қызықты ертегі етіп құрап, кітапқа түсірген. Оның ақ қағазға түсіп, кітап болып шықканға дейін ауыздан ауызға тарап келгені белгілі. Сөйтіп бір ғана емес, ондаған мың оқырманның қолына жетті. Енді кім оны неше рет оқып шығамын десе де өз еркі. Тек ол ертегі Раушан үшін ауыр. Раушан перзентсіз болайын деді ме? Әрине, жоқ.

Өзі перзент көрмесе де, нәресте үні естілсе болды, елең ете түседі. Жаны ашиды. Бір жағынан одан алыс кетуге тырысады. Ондай қиналыс сәті, әсіресе, бала дауысын Айдынбекпен бірге естігенде еселене түседі. Ондай ортадан тезірек кетуді өтінеді. Дос-жарандарымен араласқанда да бала туралы әңгіме қозғалмаса, ол жөнінде әзіл-оспақ айтылмаса екен деп тілейді. Бір жақсысы, Айдынбек оны жақсы түсінеді, балалы жерден ол да тезірек кетуді қалайды. Өзінің сүйіп қосылған жарының қабағына кірбің түсіруді жөн санамайды. Перзентсіз болған соң балалы-шағалы болып кеткен дос-жарандарымен жиі араласа да алмайды. Олардың өздерін де бұл екеуі сұқтана, таңғала қарайтындай меймандыққа көп шақыра бермейді! Сыныптастар мен курстастар болып бас қосқан кезде ғана шет қалдырмайды. Бұл отбасында Айдынбектің әкесі де, шешесі де немере сүймеді. Әкесі бұрынырақ, анасы мұнда дүние салған. Ол екеуі де іштеріндегі армандарын айта алмай, қос аққудай қол ұстасқан ұлы мен келінінің сыйластығы мен тату- тәттілігін қимай, бар армандарын іште сақтап, сол күйде бұл жалған жарық дүниеден біржолата аттанған. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, Айдынбек ол қайғыға қатты қапа болған. Тек онысын сыртқа шығара алмай, бәрі де ішінде қайнап жатқан. Ол Раушанға да оңай тиген емес. Әйел затын кұпия сырды сақтауға шебер десек те, Раушан неше күйіп, неше жанып жатты ішінен. Амал не, ешкім де оны әдейі ойлап тапқан жоқ, әдейі жасаған жоқ. Айдынбек Раушанды осы тұрғыдан ғана түсінеді. Сол қайғыны бір сәтке болса да ұмыту үшін екеуі ештеме болмағандай қол ұстасып, киноға, театрға, концерт залына барады. Қажетті заттарын сатып алады, дүние жинайды, соның қызығына батады. Соның лебімен біраз уакытқа болса да оны-мұныны ұмытады. Ал сол заттардың қызығы басылып, көздері әбден ұйренген кезде баяғы бала жайы қайтадан еске түседі, артық ауыз әңгіме де қозғалып кетеді.

Раушан ондай кезде Айдынбектің назарын басқаға аударуға тырысып бағады. «Жасың болса, біразға келіп қалды. Әлі күнге дейін перзентсіз сің. Күш-қуатың қашанғы сақтал- сын. Адам-пенде темірден жаралмаған болар?! Байкаймысың? Басқа бір қызға үйленіп, перзент сүюдін ретін қарастырмас па екенсің? Әзірге өзің нағыз күш-қуатындасың», — дейтін жолдастары оның ойын толқыта түседі. Оған Айдынбек онша мән бере қоймайды. Бірақ соны айтқан достары бірте-бірте бұдан алыстай да берген. Оның үстіне солай сөйлеген адамды Раушан жақтыра ма. Олардың келу-келмеулері текке өздеріне де байланысты емес. Айдынбектің қай-қай досының да әйелі бар емес пе? Олармен санаспай тағы болмайды. Балалы үй мен баласыз үйдің сыйластығы болуға тиісті. Бірақ ондайлар көп жағдайда бір-бірімен араласа бермейтіні хақ. Раушан тұрмысқа шықкалы бала тауып, жөргек жуып көрмеген жан. Жас бала үлкеннің айтқандарын толық түсіне бермейді, ол бір сұрағанын қайталап сұрай да береді. Раушан баланың ондай мезі ететін сөздерін естіп те көрмеген өз үйінде. Ол жас кезінде өзінің іні-сіңлілеріне ғана, олардың мінез-құлықтарына ғана қанық болған. Олармен кей-кейде болсада әлденеге келіспей де қалып жүретін. Ондай қылық әрбір адамның жастығына түн емес пе еді.

Ендігі жалғыз болған мынау меніреу дүние, ана дыбыссыз электронды сағат цифрларының тынымсыз ауысуы онын көңілін бөле де, көтере де алмайды. Тыныштыққа не жетсін?! Бірақ сол тыныштық тым ұзап кетсе де жақсы емес. Ол осы жалғыздық кешкен күндерде айқын сезіліп те отыр. Осыларды лек-легімен ойына алған Раушан ұзақ дөңбекшіді. Бар ойлайтыны Айдынбектің тағдыры, оның перзентсіздігі. Ол бір өзі үшін бұл дүниеден ұрпақсыз өтпек. Осы нәрсе Раушанға қатты батады. Осындай бір оңашалықта, қатты қапа болғанда кейде өзін-өзі жоқ ете де жаздайды. Ондай сәтте де көз алдында Айдынбек оралады да: «Раушан, мұның не? Енді мені мүлдем бақытсыз етпексің бе?» дегендей болады. Сөйтіп барып тоқтайды ол. Оның үстіне ондай сәтте Айдынбекті де қимай қиналады. Қыз кезінен қосылған жарын қалай қисын? Ендігі үміті де Айдынбектің амандығы. Ол бірдемеге ұшыраса, беті аулақ, онда нағыз жалғыздық деген сонда болады.

Раушан оңаша да осының бәрін ой елегінен өткізді. Айдынбек кеткелі бергі өткен түннің бәрі де осындай толассыз ойларға толы еді. Тола болмай қайтсін?.. Бар арманы бір перзент болса. Бала болмаған соң Айдынбектің әрбір сөзі, әзілдеп айтқаны да, мысқылдап немесе ашуланып айтқаны да Раушанға шаншудай қадалатын. Оның жүріс-тұрысы, мінез- құлқы көз алдында. Оның су астына қарай асығатыны да түсінікті. Бәлкім, ол да ішкі қайғы-қасіретін сондай іспен жеңілдеткісі келетін шығар. Қанша терең, қанша суық әрі караңғы болса да мұхит тереңі ғажайып әлем! Оның бар назары соған шындап ауғанда перзент жайынан да бұрын өз амандықтарын ойлап та кететін сәттері болады. Раушан оны да көз алдына елестетіп қойды. Артынша еріне деген сағыныш сезімі еселене берді. Жанындағы бос жатқан төсекті сол алақанымен бір сипап алып, екі көзін тарс жұмып, бір аунап түсті.

Енді сәлден соң Раушан ұйықтай алмайтынына көзі жеткендей түнгі шамды қосты. Сол кезде ол қасында жатқан бір том кітапты көрді. Оны Айдынбек оқыған. Мұхит құпиялары жайлы кітап. Тек мұхит. Басында Раушан ештемені елемеген. Кітаптың алғашқы бетінде: «Мұхит және адам» деген үп-үлкен тақырып бар екен. Өзі де сол. Айдынбек баскаратын су асты кемесі экипажыныңда сол мұхиттың тереңінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны да аян. Ел арасында да, ғалымдар арасында да: «Ғылымның данқы жақын, өзі алыс» дейтін ұлағатты сөз де бар. Айдынбек тура сол. Ол кашан болса да өзінің зерттеу жайын ойлаумен жүреді. Анау-мынау жеңіл жолмен ғалым деген атқа ие болып жүрген ғалымсымақтар көп уақыттарын ғылыми ізденістерден гөрі сайлау, теледидардан сөйлеу мен жас ғалымдармен кездесуге жібереді. Сөйте тұра қарап жүрмей, ғылыммен шындап айналыскан, оған жан-тәнімен берілген мықты ғалымдардың ғылыми еңбектерінен кемшілік іздейді. Ал нағыз ғалым ешқашан да ондай қысыр сөзбен айналыспақ емес, қайта ол титтей жеткен жетістігі бола қалса, оны еліне, ғылымға қосқан үлесім бе, жоқ па деп толғанады. Ондай нағыз ғалымдардың сол ғылым жолына өзінің бүкіл саналы ғұмырын арнап, тіпті, кейде өз өмірін қатерге тігетін кездері болады. Раушан оны жақсы түсінеді. Айдынбекке демеу болатын да Раушанның осы түсіністігі қашан мұхит тереңіне аттанамын десе де, еш қарсылық көрсеткен емес. Ғалым адамға өзінің сүйіп қосылған жарынан артық серік бар ма екен, бұл жарық дүниеде?! Айдынбек әлде қандай бір түсінігі таяз адамнан жаман сөз етіп, ұнжырғасы түскен сәттерде Раушанға болған жағдайды жасырмай айтып, шағынады. Ондайда Раушан ештемені елемеген болып, оған әзіл айтып, анау-мынау естігендерін үмыттырып жіберуге тырысатын. Соның өзі де Айдынбекке үлкен демеу болатын. Егер су асты қиындығы болмаса, өзі сол ғылым- ға барған болса, онда Айдынбектің жанынан бір елі де қалмас еді. Раушан үшін су асты әлемінен өткен қатер жоқ.

Раушан шамды қайта сөндірді. Тағы да ойға батып, бөлме ішін мәңгүрт бір тыныштық басты. Енді өзінің титтей ғана қозғалысы да жұмсақ төсекті қатты қозғап жібергендей болады. Ондай сәтте Раушан қозғалмауға тырысып бағады. Бірақ қалай қозғалмасын? Тірі адам қозғалыссыз қала ала ма? Егер осыны бір ер адам сыртынан бақылап-тыңдап тұрса ішінен: «мынандай сергек, өзі мүсінді, аса сүлу әйелге ер болып жүрген Айдынбекте не арман бар екен?» дер еді. Әркімнің өз мандайына о бастан тағдыр жазып қойған сүйіктісі бар. Адам бір-бірін жаксы түсініскенде ғана дос пен серік бола алмақ. Мұны терең түсіне алмаған адам махаббат сезімінің емес, мансаптың кұлына айналып кетпек. Айдынбек те әйел жанын жақсы түсінеді. Аялай да, сыйлай да біледі. Күнде жанында, күнде қасында болғандықтан Раушанның қылықтарына үйренген. Екеуінің ерлі-зайыпты жұп ретіндегі өмірлері ойдағыдай қалыптасқан. Сондықтан да шамалы уақытқа екі жерде болғанымен өздерін ешқашан да жалғыз санаған емес. Одан құдай бетін аулақ етсін деп тілеумен келеді. Дәл қазіргі жағдайда да Раушан өзін жалғыз басты әйелге қимайды. Бірақ дәл қазір, мына кең төсекте жападан-жалғыз жатканда Айдынбекті есіне алмауға, оны сағынбауға еш шарасы жоқ еді. Ол ой жақсы бір ой болды. Жаңағы қайғы-мүңының бәрі сейіліп, енді бойын ерекше бір сезім билегі ала жөнелді. Рахат сезім. Егер ері жанында болса, оны қатты-катты қыса кұшар еді. Аймалар еді. Оның әжімді бетін жұмсақ алақаны, нәзік саусақтарымен жай ғана еркелете сипар еді. Сонан соң...

Раушан етбеттей жатып жастықты құшты. Онан кейін екі аяғын бауырына қарай жия бүріп бір қырын жатты. Бәрінен де қажетті нәрсені енді ғана сезінген сияқты. Онан басқаның бәрі бос дүние, бос әрекет екен. Дүниенің бар мәні осыған келіп саяды емес пе? Адам баласының бір-біріне деген шынайы махаббатының шығар биігі де осы емес пе? Ол осындай оңашалықта жүзеге аспақ. Раушан ұзақ дөңбекшіді. Түннің бір уағына дейін көз іле алмады. Уақыт өткен сайын, түн тыныштығы мендеген сайын сол сезімге терендей ене түскен. Тек енді барар жер мен Айдынбекті дәл қазір жанына алып келе қоятын құдіретті күш жоқ. Көрші-қолаңдар болса да бұл күйзеліс пен ғажайып сезімнен бейхабар. Олардың бәрі де қазір бақытты бір тыныштықта, шырт ұйқыда. Олардың ол тыныштықтарын бұзуға болмайды. Көршілер де күнделікті тұрмыс тіршілігінен шаршайды емес пе? Раушан енді екі көзін тарс жұмып алып, қалай да ұйықтап кетуге тырысты. Ой атаулыдан арылғысы келді. Ешкімді де, ештемені де есіне алмады. Сөйтіп жатып бір мезетте ұзын кірпіктері бір-біріне айқасты.


Кеме ішіндегі елес қыз
Су асты кемесіндегі соңғы күндер тым қарбалас өтіп жатты. Белгіленген аймақты мұқият зерттегеннен кейін ғалымдар әлгі құпия денені қайтадан іздеуді жалғастыруды ұйғарған. Оған дейін олар кемедегі түрлі күрделі істермен айналысқан. Әлгі ғажайып та әсерлі әуеннің мұхит тереңіндегі мың-сан тіршілік иелерінің дыбыстарына еш ұқсамайтыны анық болған. Ендігі мәселе мұхиттан тыс әлемге қарай ауысқан. Құпия дегені бәрі бірдей мұхиттан шыға бере ме екен? Ол кұпия әуеннін шешімі енді мұхит тереңі де, жер беті де емес, сонау ғарыш, жұлдыздар әлеміне қарай жол тартып жатқан тәрізді. Аспаннан келіп суға түсетін, су астына түсіп, оны мұқият зерттеп болған соң қайтадан сол ғарышқа қарай самғап, көзден ғайып болатын құпия ұшатын денелер аз ба еді? Ғалымдар ол жағын да ойламай қалған жоқ. 1с уфология ғылымына келіп тірелгендей. Тірелмей қайтсін, мұхит тереңінде тек кұпия кеме емес, адам жанын тебірентіп, махаббат сезіміне бөлейтін әуен атаулы бұрын-сонды болмаған болса...

Айдынбек те соңғы кездері ерекше абыржулы. Осыдан шамалы уақыт бұрынғы көрген түсінде ол Раушанмен оның бір қиналып жүрген сәтінде кездескен. Оның жүдеу жүзі де су астындағы балықтың түсіне ұқсап кеткендей бозғылт еді. Сол түстен кейін демалыс сағатында болсада селт оянып, ұйкысы шайдай ашылып кеткен-ді. Мұндай қиын-қыстау өмірде қандай тыныш ұйқы бола қойсын. Оның үстіне осындағы барлық іске жауап беретін басшы болса. Бәрі де бір өзін күтіп, бір өзінен көмек күтіп тұрғандай. Айдынбек ақылды болса да, болмаса да айтқаны екі болмайды. Ал қателеспеу үшін Айдынбекке қашан да шешімін жеті рет өлшеп, бір мәрте кесуіне тура келеді. Өйткені, оның айтқаны тап заңның өзі сияқты. Бір басшыға бағыну о бастан, адам адам болып жаралып, санасы ояна бастаған күннен бері қалыптаскан зандылық. Сондыктан да Айдынбектің айтқанын ешкім де кешеуілдете де, тоқтата да алмақ емес. Ал басшыға ақыл қосуға, өз ұсынысын айтуға қай-қайсысының да хақысы бар. Тек оны да Айдынбектің өзі сана сарасынан өткізіп барып қабылдайды. Ондай ақыл-кеңестің пайдасы тек қана Айдынбектің өзіне ғана емес, бүкіл топқа пайдалы болмақ. Бұл тұста Айдынбек кеме құрамына Жебеушіні алғанына қашан да риза. Негізгі ақыл-кеңесте көбіне содан шығады. Оның су астын зерттеудегі тәжірибесінің молдығы қазақ ғалымдары үшін болса да үлкен бақыт еді.

Ғалымдар енді уакыт жоғалтпастан әлгі көрінген құпия кемеге немесе беймәлім денеге қарай сүнгуірді бұрғызды. Бұл жоспар әуелден барды. Олардың бұл батыл шешімдерінің мәні мен мағынасы болса да мұхит тереңіндегі көптеген табиғи дыбыстардан әлгі дыбыстыңнендей айырмашылығының бар екенің дәл анықтау еді. Енді ол істе орындалуға жақын қалған уақыт зымырап өткен сайын ғажайып дыбыстың мұхит тереңінің дыбысы емес екені айқындала бастады. Ендігі мақсат оның қай аймақтан , қай тұстан шығып жатқанын дәл анықтау. Бір көрініп , бір жоқ болып жүзіп жүрген құпия денені де жеделдетіп тауып алу ойда бар. Айдынбек осы тұста да өзінің Раушаның көз алдына әкелді. Жалпы, шын ниеттес, шын тілектес адал жар болғандықтан ба, Раушан түсіне енсе де, ол көз алдына елестесе де жолы ашылады, көздеген мақсатына жетеді. Басшы соны бір ойлап алып, батыл әрекет жасардың алдында қазақ жеріндегі үлкен байланыс орталығымен тілдесті. Ондағы өздерінің қатерлі сапарларын қадағалап отырған көп байланысшылардың бірі – арықтау келген, мұртты, көзілдірік таққан, қысқа шашы тіркейіп тұратын жас жігіт Нұрқасым Тасболатұлы еді. Оның мұндай қызықты да қатерлі су асты сапарын қадағалап отыруға деген ынта – ықыласы ерекше болатын. Ол тіпті, кейде өз кезекшілігінен тыс уақытта да байланыс торабына келіп , су астыдағы кеме мен ондағы ғалымдардың тағдырларының не болып жатқанын білетін. Ал бұл жолы ол өз кезекшілігінде отыр еді. Сондықтан да ол нық, сенімді, салдарлы да анық жауап берген.

-Нұрқасым Тасболатұлы тыңдап тұр! – деді ол өз бейнесі мен Айдынбектің бейнесі экранға қатар шыққан мезетте, - Сапарларыңыз қалай жалғасып жатыр? Денсаулықтарыңыз қалай? Көңіл – күйлеріңіз жақсы ма?

-Рахат? Бәрі де жақсы? Сапарымыз жалғасуда! – деді Айдынбек шаршау, бозғылт жүзін экранға қаратып. – Жетістігіміз де жоқ емес. Көп нәрсені анықтадық та. Біраз жоспарымыз орындалды. Көптеген суреттер мен бейнефильмдер түсірдік.құрамның көңіл – күйлері де жаман емес. Менің хабарласқандағы себебім, бір күрделі жағдайды Қазақ ғылым академиясына өздерің арқылы жеткізу еді. Қанша дегенмен де Жер серігі байланысынан гөрі бұл байланыстың орны бөлек қой. Жалпы не жаңалықтар бар? Жер беті қалай? Құрлықты сағына да бастадық, жасыратыны жоқ. Өздеріңіздің балашағаларыңыз аман ба? Ғылым ордасында не жаңалық бар?

Айдынбектің аз ғана уақыт ішінде көп нәрсені білгісі келетінін Нұрқасым тез түсінді. Уақыттың санаулы екені болса да өз-әзінен белгілі. Жас жігіт Айдынбектің бозғылт шаршау жүзіне бір қарап алып сөйлеп кетті.

- Бәрі де жақсы бізде. Сіздердің ерлікке толы бұл сапарларыңызды ғалымдар арнайы телебайланыс жүйесі аркылы, ал халық теледидар экрандары аркылы мұкият қадағалап отыр. Біз болса да сіздерді минут сайын болмаса да, сағат сайын қадағалаймыз. Телебайланысымызды бір сәтке де кідіртпеуге тырысамыз. Барлықтарыңыздың да бала-шағаларыңыз аман-есен. Біз оларменде хабарласып, ол кісілерге сіздер жайлы жаңа да жақсы жаңалықтарды жеткізіп тұрамыз. Ол жағынан еш қам жемеңіздер. Бала-шағаларыңыз, құдайға шүкір, дін-аман. Жағдайлары жақсы. Сіздің жұбайыңыз Раушан апай да бізге жиі-жиі хабарласып, жағдайыңызды сұрап тұрады...

Осы соңғы сөз Айдынбекке басқаша әсер қалдырды. Раушан! Ешбір сәтте ұмыта алмаған, күндіз көз алдынан, түнде түсінен шықпаған Раушанын тағы еске салды кезекші байланысшы. Енді қалайша тебіренбесін оған. Қатты толқыған Айдынбек біршама кідіріп те қалды. Аузына ешбір сөз түспейтіндей. Жігітте оны айқын сезді, байқады. Айдынбектің шұғыл да, қатерлі бір әрекеті алдында бұлайша хабарласуының бір мәні де сол Раушанында жатса керекті. Бірақ қалай болғанда да жауапты бір кезеңде мұндай хабарласу қажет болатын. Ертедегі кез келген батыр жауапты сапары алдында сүйген жарымен сырласқан, соның рухымен қандай қатерлі болса да, қаншама калың жау болса да бір озі-ак, жеңе алған, елін қауіп-катерден сақтаған. Айдынбек те сол дәстүрді ұмытпа- ған. Ел мен ғылым үшін от кешуге ол қашан да дайын. Қайсыбір ерлік те уақыт өте келе аңыз бен ертегіге айналғандай болып кетеді. Тек уақыт өткенде ғана емес, көзінің тірісінде есімі аңызға айналатын адамдар аз ба еді, бұл дана қазақ елінде. Айдынбектің өзі мен сапарластары жасап отырған бұл зерттеу де бір кездері нағыз ерлік ісіне айналмақ. Өйткені, бұл ерлік, бұл зерттеу ісі кең далада емес, қараңғы да қатерлі су тереңінде болып отыр. Сондықтан да бұл ауыр да күрделі. Ал алыста ғана емес, су астында сүңгуірдің шектеулі ғана ортасында тіршілік кешіп, ғылыми-зертгеу жүргізіп жүрген Айдынбектің сүйген жары Раушанды сағынуы болса да заңды. Ал оның есімі мен өзін іздегенін естігенде неге толқымасқа, неге сағынбасқа?



  • Нұрқасым інім, - деді сол сәлден соң өз – өзіне келгендей тез сергіп, - бізқиын бір зерттеу ісінің алдындамыз, - деді Айдынбек жігітке қадала қарап, - менің незгі айтайын дегенім де сол еді. Сіз елдің, бала – шағамыздың амандығын, сүйген жарымыздың амандығын айтып мені біраз толқыттыңыз. Оның еш оқасы жоқ. Енді мәселеге көшейін. Қазақ ғылым академиясына мынаны хабарлаңыз. Енді шамалы уақыттан соң біз осыдан біраз бұрын су астынан көрінген беймәлім қарайған дененің ізіне түсеміз. Анықтап айтқанда жұмбақ та қатерлі іске аттанамыз. Әзіргі жорамалымыз бойынша, ол қандай да бір жұлдыз жүйесінен келген болуы мүмкін. Оны анықтау біздің ендігі басты міндетіміз. Уфологымыз олардың өзге жұлдыз әлемінен келгендер екенін жоққа шығармайды. Шамалауымызша, олар бізді қарауылға алған.Ғалымдарға, басшыларға бізден дұғай сәлем!...

  • Айтқандарыңыздың бәрін де бейнетаспаға жазып үлгердім. Бұл мәліметтерыңыздың сол қалпында ғалымдар қауымына жететін болады. Су астындағы ғалымдар кемедегі ғалымдарға өзіңіз де қазақ еліндегі бүкіл халық пен ғалымдар атынан дұғай сәлем айтыңыз. Сапарларыңыз сәтті болсын. Бір қиын жағдай бола қалса тез хабарларыңыздар. Біз сіздердің әрбір қадамдарыңызды мұқият қадағалаудамыз. Қажет жағдайда көмек кемесін уақыт жоғалтпай аттандырамыз. Мұхит жағалауындағы мамандармен тығыз байланыстамыз, аға. Сондықтан да бұл жөнінен еш қам жемеңіздер. Бәрі де жақсы болады деп ойлаймын. Әлгі құпия кеме мен оның иелерімен байланыс шықсаңыздар, болса да, бұл бір әлемдік жаңалық болар еді. Тағдыр сіздерді соған жеткізсін. Сіздердің оны таба алатыңдарыңызға, олармен қазақ тілінде тіл табыса алатыңдарыңызға біз еш күмән келтірмейміз. Сау сәлеметте жолығайық!

- Рахмет! Бұл ниеттеріңіз бен тілектеріңізге мың да бір рахмет! - деді Айдынбек бейнетелефонның алдындағы көп түймелердің біріне қарай сұқ саусағын соза беріп.

Артынша экраннан Нұрқасымның бейнесі де ғайып болды. Байланыс үзілді. Айтылар ой айтылды. Енді сапарды жалғастыра беруге болады. Бұл су астында тып-тыныш түрған су асты кемесінің қозғалысы басталады деген сөз. Дәл осылай тып-тыныш тұрған кезде сырттан бақылаған әлдекім: «Бұл неғылған қарайған дене?» деген сұрақты ойға да қалған болар еді. Өзінің сырт пошымы да Жайын дейтін ғажайып жыртқыш балықтан аумайды. Бірақ Жайыннан көп есеге үлкен. Оның ішіндегі көптеген шамдардың жарығы да сырттан бақылаған бейтанысқа жұмбақ құбылыстай болып шалынады. Ал мынандай терең мұхит қараңғылығында мұның өте алыстан байқала қоюы да қиын. Оны Айдынбек те, жанындағы өзге ғалымдар да жақсы біледі. Тек білу ме екен, ғалымдар кеменін сыртындағы күрделі бақылау мен қорғаныс жүйелерін де қадағалап, оларды компьютерлік жүйемен басқарумен болады. Кеме ішінде сырттан тырс етіп естілген дыбысты тез қабылдап, тез тіркеп, оның кейбірін сөз бен сөйлемге айналдырып үлгеретін де күрделі жүйелер жеткілікті. Қажет болса, өздерінің сырттан бақылаған адамға қалай көрінетінін де бір қабырғаны тұтастай алып тұрған экраннан көре алады.

Айдынбек уақыт жоғалтпастан іске кірісіп те кеткен. Енді олар осындай қатерлі де жұмбақ денені іздеу сапарында қауіпқатерден сақтай алатын арнайы орындықтарына жайғасты. Ал сәлден соң кеме су қысымын жара отырып, мейлінше қатты жүзе жөнелмек. Мұның жылдамдығы, Құдайға шүкір, анау- мынау әуе кемесінің жылдамдығынан еш кем емес. Тек мұнда жоғарылау мен төмендеуге деген қиындық бар, әуе кемесімен салыстырғанда. Ал әуе кемелері Жер ғаламшарынан әп-сәтте, тіпті бірнеше минуттың ішінде әуеге оп-оңай көтеріліп кете алады. Негізгі айырмашылықта тап осында. Оңдай әуе кемелері тіпті, қажет дегенде, атмосферадан тыс жердегі ғарыш кеңістігіне де оп-оңай самғап кеткен. Ал су тереңінде тас қараңғы әлемін былай қойғанда, судың ғаламат қысымы деген бар. Ол ең мықты деген заттың өзін шелпектей етіп жайып жібереді. «Жайын» ондай қысымның бірнешеуіне төзе алады. Адам ақылының жеңбейтіні бар ма екен, бұл дүние әлемінде?! Су астындағы тағы бір қатты қадағалауды қажет ететін нәрсе де осы қысымды адамның денсаулығы сақталатындай деңгейде ұстау. Соны мен бірге су астындағы жылдамдық дегенді де реттеп отыру қажет. Бірақ бұл жолы «Жайынға» ерекше зымырап жүзуге тура келмек. Өйтпеген күнде әлгі құпия дене алға түскенде қуып жету, бейнефильм мен суретке түсіріп алу еш мүмкін болмақ емес. Ғалымдардың ешқайсысы да мұхит тереңінің мұншалықты кең даладай екенін дәл қазіргідей, өз көздерімен көргендеріндей сезініп көрген жоқта еді. Жол таусылар, құпия іс ашылар емес. Кеме қаншама жылдам жүзсе де бейнебір сол баяғы бір орнында қозғалмай, міз бакпай тұрып алғандай болады. Содан ба бара жер әлі көп уақытты қажет ететіндей де көрінеді. Су тереңіндегі қыраттар мен жоталар кемеден көп төмен жатқанда ғалымдар өздерін бейнебір су асты емес, әуе кемесінде ұшып келе жатқандай да сезініп кетеді. Мұхит әлемі енді бірде Жер ғаламшарынан бөлек бір судан ғана тұратын ғаламшарға айналып та кеткендей болады. Ал төменде ойпаттар, жарықтар, қазан шұңқырлар мен қарайған бірдемелер көзге шалынғанда қанша білікті, қанша батыл болса да қай-қайсысының да жүректерін тызылдатпай қалмайды. Ғажайып дүние әлемі деген де осы болса керек. Соның бәрі де енді бақытты зерттеушілердің көз алдарынан өтіп жатыр, өтіп жатыр.

Жебеушінің осы ғажайып көріністерге деген сүйіспеншілігі ерекше. Ол, тіпті, өзіне төнетін кез келген қатерді ұмытып кетеді. Оның бар есілдерті сол ғажайып көріністе. Кеме қаншама жылдам жүйткіп жүзіп келе жатса да, бәрінің де көздері сол ғажайыптардан бұрылар емес, көрініс те адамды өзіне ерекше баурап алғандай. Кей-кейде қараң ете калатын су астының иелері де селтеткізбей қалмайды. Кейбіреулерінің кемемен қатар зулап жүзіп, онысымен қоймай, кеме иллюминаторының әл тұсынан бақырайып кеп қарайтынын қайтерсің. Ондай сәтте тек қана батылдық қана емес, сонымен бірге ғалымдық зерде де қажет. Ғалымдар ондай сәтте Жебеушіге қарайды. Өйткені, ол мұхит тереңіндегі тіршілік иелерін өзгелерден әлдеқайда жетік біледі. Туып өскен жері арал болса қайтсін?! Оған әзірге түсініксіз болып тұрғаны әлгі жұмбак кеме ғана. Сонын мәнісін ғана түсіне алмаған әзірге. Және өмірінде алғаш көргені де осы. Су астын зерттеумен бірге осы құпияны ашу үшін сүңгуірді зымырата жүзітудің негізгі себепшісі де осы Жебеушінің өзі болатын. Айдынбек оны қолдаушы ғана. Егер онын осындай түрткісі болмағанда, әлде қашан мұхитбетіне көтеріліпте кеткен болар ма еді?.. Жебеуші мұндай сәтті бекер бос жібермеуді қалаған. Қазак ғалымдарының да мұнда қайта-кайта келе бермейтіні түсінікті. Жол алыс, мұхит терең. Ал, егер ол жұмбақ ашыла қалса, онда ол дүние жүзінің халкы да, ғалымдары да елең ете түсетін ғажайып бір үлкен жаңалық болмак. Ғалым болған сон оны да ойлайды. Атақданқты кім жек көрсін?! Атақтыны көріп өскен адам, өз бойында таланты бар адам бекер қарап жүре ала ма? Ұлы ақын Абайдын «...Ондай болмақ қайда деп, айтпаңыз ғылым сүйсеңіз» деген ұлы сөзі Айдынбектің ойынан бір сәтке де шығып көрген емес. Данышпан жарык дүниеге қашан да сирек келеді. Абайдын, оның сөздерінін құдіреттлігі де осынысында. Оның айтқандары уақыт өткен сайын өзінін қадір-қасиетімен жаңданып барады. Абайдың өлеңдері мен асыл сөздерін енді тек қана Жер ғаламшарының халқы емес, су асты әлеміндегілер де, жұлдызды әлемге жол тартқан ғарышкерлер де жатка айтады. Айдынбек те ұлы ақыннын әрбір сөзін ережедей жатқа айтып, ананың рухы мен өз саласында да, жалпы өмірде де ерекше жетістіктерге жетігі келеді. Өйткені, ол рух, бекер рух емес, күдіреті күшті рух. Сон- дықтан да ол Абай ұлағатын іштей жиі-жиі қайталаумен де жүреді. Өзін үлы іске жетелейтін де, сол ұлы ісі жолында жетістікке жетуіне негіз болатын да соның өзі. Айдынбек қолы күрделі зертгеулерден бір мезетке босап, көңілі сергіген сәтте Абай өлең- дерін жатқа айтады, жанындағы Жебеушіні өзінің есте сақтау қабілетімен де таңдандырады. Жебеушінін есте сақтау қабілеті келте емес. Кей-кейде ол да қысқа өлеңдерін жатқа айтып, Абай даңқын арттыра түседі.

Осындай бір ой-толғам, тамаша пікір, өткенді еске алу, даңқтының даңқын асыра түсу әрекетінде, тамаша сезімде отырып кемедегілер кеменің талай жерді жүзіп өткенін де дау, жігерлендіру қажет. Сонда ғана олардың батылдықтары арта түспек. Өзі де сондай кезенді бастан кешкен, енді тәжірибесі мол маман.

Сәлден соң кемені басқарушы жігіттердің бірінің дауысы кеме ішін жаңғырықтыра жөнелген. Ол дауысқа әуелден сезіктеніп, іштей үрейленіп тұрған жас ғалымдар елең ете қалған. «Қорыққанға қос көрінетінің» накезі бола қалғандай. Үлкендер жағы ғана оған оншылықты мән бере қоймағандай күй кешкен. Сол кезде кемені басқарушы жігіттердің басшысы мынаны айтты:

— Әуелде көзге шалынған қарайған денеге мейлінше таяп та қалдык. Ол құпия кеменің ішіндегі саналы тіршілік иелерінің арасында бір келіспеушілік болып жаткан сияқты. Бірақ олардын тілдері бізге түсініксіз. Сақ отырыңыздар. Мұкият бакылаңыздар. Белдіктеріңізді буынып алғандарыңыз да артық етпес. Өйткені, ендігі жағдайда кеменің кенеттен кілт бұрылуы немесе иә жоғары, иә төмен құлдырап жөнелуі мүмкін. Соныда ескерте кеткім келеді. Ең өкініштісі де — осы.

— Түсінікті, — деді оған Айдынбек іле жауап беріп, — ескерткендеріңе көп рахмет! Біз барлык кұпия іске дайынбыз. Ол Денені қалай дегенде де анықтап көруіміз қажет. Сондықтан да кемеге жылдамдық қоса түссеңіздер де болады.



— Түсіндік, - деді жігіт.

Соның артынша кеме де жылдамдық ала берген. Енді жарык түскен айналаның бәрі де бейнебір сағымданған даладай болып та кеткендей. Үлкен қысымдағы суды қақ жарып, қарсы алдына қуатты жарық түсіріп келе жатқан «Жайынның» бұл әрекетін әлгі бейтаныстар оп-оңай байқай да қоймас. Олардың басты ерекшеліктері де осы жылдамдықтарында болатын. Әзірге негізінен байқалған ерекшеліктері де сол болатын. Жоқ, кенет жағдай күрт өзгерген. Бар ғажайыпты сырттан іздеп тұрған ғалымдар кенеттен болған көрініске қайран болды. Көрініс емес-ау, нағыз соның өзі! Көз алдарында бейтаныс бір қыз тұр. Иә, иә, ғалымдар алғашында ойлағандай ла емес, ер адам емес, жап-жас, сұп-сұлу қыз! Қара қою шашын төмен қарата жая тараған. Ол төгіліп түр. Көздері ботадай. Қыр мұрынды, ерні жұқалау, балық ауыз сияқтанған. Сонысымен сұлу. Жас ерні үлбіреп-ақтұр. «Бүл не, елес пе, әлде өзі ме жас қыздың?» деген ой келді сол замат Айдынбекке. Бәрі де калшиып-қалшиып, орын-орындарында жас қызга көз қадап тұрып қалған. Ешкім ештеме айта алар емес. Бәрінің де тілдері байланып қалғандай да сияқты. Қыз үлкен иллюминатор арқылы ғана ене алмақ бұл кемеге. «Сонда қалай болғаны? Бұл бір су перісі ме сонда? Әйтпесе, қалай еңбек бұл кемеге? Иллюминатор болса бүп-бүтін. Егер ол быт-шыт болып сынған болса немесе титтей тесілген болса, онда өз тағдырлары о дүниеге сол мезетте-ақ ауысып кеткен болар еді де», - деп те ойланып үлгерді Айдынбек. Қыз сасатын да, қорқатын да жан емес. Оның қазақ қызына тән бота көздері қызық болғанда, тап Айдынбектің өзіне қадалған. «Өзіме ұлар зиян жасап жібереді-ау», - деп те ойламайтын сияқты қыз. Қайта іштегі кейбір жас ғалымдар састы. Ал үлкендер жағы ой тоғытып, нендей шешім қабылдаудың жөнін таппай қиналған. Енді барар жер, басар тау болса да жоқ. Бәрін де о баста ойлау қажет еді, енді «Шешінген судан тайынбастың» нағыз кезі келген. Дәл қазір арыз айтатын да, көмек сұрайтын да ешкім жоқ. Тек мына кеменің қалың қабырғаларын кесіп немесе тест шықпаса. Ал шықкан күнде қайда бармақ. Онда да ажал аузынан ешқайда да қашып кұтыла алмақ емес. Мұхиттың терең түбі, қараңғылық пен ғаламат қысым! Барар жермен басар тау! Мұны ғалымдарда, кемені басқарушы, жөндеуші, күрделі жүйелерін мұкият қадағалаушы мамандар да іштерінен жақсы біліп тұр. Не сезім, не қорқыныш пен күмән болса да сол іштерінде. «Ал, мен келдім, келіп тұрмын. Сіз не айтпақсыз?» дегендей қыз бота көздерін өзіне қадай түседі Айдынбектің. Ол қарас оңменінен өтіп барады. Мұндай құштарлық пен сағыныш сезімді осы күнге дейін Айдынбек соншама жылдар бірге өмір кешіп келе жатқан Раушаннан да көрген емес. Айдынбек болса, қыздың ұлы Абай ақын айтқандай, «көзбен қор де іштей біл» деген тілегін түсініп тұрса да, енді жанындағы Жебеушіге бұрылып, жауап белгісін беруді, көзімен болса да соған артты. Қырсыққанда, дәл осы сәтте «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде сөз таппас» дегеннің кері келіп, Жебеуші екеш Жебеуші де міз бақпай, тіл қатпай қалған. Тек бұл сәтте кеме ішіндегі байланысшылар мұхит үстіндегілерге де, елдегілердегілерге де тынымсыз жаңалық дабылын берумен болды. Олар осы жолы ғана алғаш рет өмірлерінде Айдынбектен рұқсат алмай сондай дабылды леклегімен берген.

Ғалымдар оның бәрін сезіп те, біліп те тұр. Қазақта: «келгенше мейман, келген соң үй иесі ұялады» деген ұлағатты сөз бар. Мына ғажайып сұлу да ақылды, қазақтың қара козайымынан еш аумаған қыз ғалымдарға осының бәрін де ойлауларына мәжбүр еткен. Неткен рухани күш десеңізші?! Ел мен елді табыстыратын да, ел мен елді шабыстыратын да қыз» деген сөз де дана қазақтан бекерден бекер туа қоймаған емес пе. Ғалымдар оны да ой елегінен өткізген. Олай етпеске шаралары да жоқ еді. Ел дегендері - осы кеме болса, екінші ел дегені - мына ару қыз келген кеме. Қызбен тіл табысқан жағдайда ғана осы екі елдің арасында түсіністік пен ынтымақ орнамақ. Сол тұрғыдан келгенде, ғалымдарға: «Бұл қыз бізге бір зиян жасап жүрмесе болғаны» деген де ойға келген. Бәрі де мұхит астының білгірі деген Жебеушіге қадала қарайды. Ол біресе оң, біресе сол иығын қиқан еткізеді де қояды. Содан соң не жасасын, құр қарап тұрғаннан басқа. Елес қызды ұстап көруге де әзірі ешқайсысының батылы бармайды. Бірақ қыздың ұзақта үнсіз, терең бір махаббат сезіміне беріліп тұруының өзі оның жаман ниетті емес екенін айқын таныта да бастағандай еді. Ол енді қозғалып, тап өзі жүргендей, тап өзі осының бәрін де ап-анық көріп тұрғандай болып, кең бөлменің ішін шарлап кетті. Ол көз тастаған кезде оның ғажайып сұлу жүзіне төтеп бере алмаған ғалымдар еріксіз төмен қарап, көрмеуге де тырысады. Қыз жандарынан өткенде кейін шегініп те қалады. Бұл бейненің ләзімде пайда болғанын, нендей мақсатпен пайда болғанын дәл қазір ешкім де түсіндіре алмайды. Бұл көріністің пайда болуына өздерін кінәлі санайды. «Қарайған денені қуалап неміз бар еді? Өйтпегенде, әлдеқашан мұхит бетінде болар едік. Елге аттанатын мезгіл де таяған. Ендігі ісіміз бен тағдырымыз мынау. Құпия бейне табылып»,- деп те толғанып үлгерді әлдекім. Бірақ енді не ойлап, не толғаса да бәрі де кеш. Оны түсініп тұрған қыз жоқ. Ол жайбарақат кең бөлме ішін аралап шыққан соң тіке Айдынбекке қарай жүрді. Егер ол шын қыздың өзі болса, Ай¬дынбек те осал емес, бір әрекетін жасар еді. Тілдесуге шақы- Рып, мейман достык танытпақты. Ал бұл елес қызбен тілдесудің өзі бір күлкілі құбылысқа айналмақ. Айдынбек те, өзге ғалымдар да соны сезген, соны пайымдаған. Бірақ мүлдем үнсіз қалудын да рет жоқ-ты. Айдалада кезіккен кез келген елеске де адам-пенде тіл қатады емес пе?

— Қарындас, сіз кім боласыз? Қайдан және не үшін бізге келіп тұрсыз? - деді қоңыр дауысы сәл дірілдей шыққан Айдынбек.

Елес-қыз жауап қатпады. Оның орнына «Ал керек болса» дегендей әуендетіп жөнелмесі бар ма. Кәдімгі сыбызғының сызыла шығатын ғажайып дыбысындай. Мұндай тамаша ұқсастықты ғалымдар осы кемеден ғана көрген. Бір жағынан алғанда, мұндай ұқсас дыбыс мұхит тереңінде баршылық. Бірақ олардың бір де бірі мынаған ұқсаған емес. Оны ғалымдар болса да кемедегі дыбыс қабылдайтын және оларды сараттайтын жүйелер арқылы бір-бірінен ажыратқан. Сөйтіп әлекке түсіп, қаншама шақырым су асты жолын кейінге тастаған ғалымдар енді міне, іздеген құпиясын өз көздерімен көріп тұр.

- Айналайын қарындасым, сіз кім боласыз? - деді Айдынбек тағы да.

Қыз тағы да жауап қатудың орнына алғашқыдай әуендетті. Онысын ешқайсысы да түсіне алмады. Қап елімде қазақ тіліне аудара қоятын кұрал да жоқ. Бірақ оның есесіне қыздың қазак жігітіне — Айдынбекке қадала қарағаны бәрін де таң қалдырды ал бұл көзқарас Айдынбектің жас жүрегін ерекше шымырлатып жіберген. Мұндай күшті сезімді Айдынбек отбасын құрса да, Раушанға ғашық болып-ақ үйлендім десе де, басынан кешіріп көрмегенді. Қыз бота көздерін тайдырар емес. Жер жағдайында әдетте, жігіт емес, қыз төмен қарайтын мұндайда. Бұл қыздың жанарында бір құдіретті күш те бар секілді. Тек ол неден, сонысы ғана белгісіз. Ендігі сәтте Айдынбек: «Апырым-ау, не болып барамын? Мынандай ыстық сезімнен кейін мен Раушанды ешқашан да сүймегендеймін бе, қалай? Оның есесіне, су тереңіндегі мына бір бейтаныс, мүлдем бейтаныс елес-қызға ет-жүрегім елжіреп, езіліп, оған қарай құлай сүйіп кетіп барамын ба, бұл қалай? Кім еді бұл қыз соншалықты маған?» - деп те ойлап үлгерді. Соның артынша Жебеуші:

— Айдынбек Асқарұлы! Сізге не болды? Не болып барасыз, өзі?! Бұл елес сәулені тез арада жоюымыз қажет! Әйтпесе... - деп қалш-қалш етті.

- Жоқ! - Айдынбектің аузынан ешкім күтпеген жауап шықты.

- Неге олай деп бас тартып тұрсыз? - деді соның артынша уфолог.

— Сабыр... Сабыр сақтаңыздаршы, достар... — деп Айдынбек маңдайындағы шып-шып терін оң қолының жеңімен жас балаша сүртіп өтті.

Айдынбектің соншалықты есеңгіреп тұрғаны қыздың соншалықты сұлу, нәзік те бөлекше инабаттылығы мен айрықша қарапайымдылығы еді. Көздері ботаның көздеріндей жайнап, дөңгелек жүзі мен балық аузындай дөңгеленген еріндерінің үлбіреп тұрғаны еді. «Бұл ғажайып сұлулыққа тек мен емес, осындағылардың бәрі де қатты қызығып тұрған боларау, - деп те ойлап үлгерді Айдынбек, - сонда бұл не, менің қызғанышым ба? Жо-жоқ. Мен бұл елес-қызды ешқашан да достарымнан қызғана алмаймын. Раушаным тұрғанда бұл қыз кім маған? Жою керек! Жебеуші өте дұрыс айтты, уакыт жоғалтпай тек жою керек!»

- Сәулеге қарсы қолданылатын жүйелерді іске қосуға әзірлендер! — деді дауысын қатайта түсіп, жаңағы өз сөзіне өзі қарсы келе қалғандай болып, бір түрлі түтігіп.

— Бәрі дайын, бәрі іске қосулы, —деді манадан бері тап осы бұйрықты тағатсыз күтіп тұрғандай, елең ете түскен Жебеуші, — мұндай бас қатыратын елестен тездеп құтылуымыз керек! Әйтпесе, өзіміз мерт боламыз. Уақыт кетіп барады. Сүңгуір ішіндегі оттегінің де шексіз емес екенін жақсы білесіз!

— Таусылса, мұхит суынан оттегі алатын жүйе бар емес пе? Сондықтан да ол жағы бізге ешқандай да коркынышты емес. Қорқынышты нәрсе, мына көз алдымыздағы. Не істейміз, сәулемен жоямыз ба?

- Сәулемен ату керек!

- Жою керек!

— Бұл ешқандай да әдемі қыз емес, бұл бар болғаны жалған елес!

— Қатерлі елес! — деген дауыстар кеме ішін жаңғыртқан- дай болды.

Айдынбек осы создерден кейін елес-қызға қайта қараған. Сол замат өз-өзінен шошып, денесі де өз-өзінен дірілдеп кеткендей болды. Мандайынан шып-шып тер шығып та үлгер- ген. Бұл қыздың бота көздерінің әлі де болса өзіне оқша қадалып тұрганынан екен. Сәуле оқтан ол елес-қыз жойыла кетсе жақсы, ал жойылмаса ше? Ал жойылған күнде бойында не азаматтық ар қалмақ? Өйткені, қыз ешқайсысына ештеме жасап үлгерген жоқ. Бар кінәсі сыбызғы дыбысындай ғана әуен шығаратыны ғана. «Ең болмаса, қазақ тілінде бір сөз айтсайшы, жою деген ұғымды басымнан да, өзгелердің бастарынан да мүлдем алып тастаған болар едім» деп те «аһ» ұрды ішінен Айдынбек. «Сонда біз бұл бір жазықсыз бейнені не үшін жоймақпыз? Біз ғалымдармыз, әскери де адамдар емеспіз. Жоюдың не қажеттілігі болып тұр. Қыз біздің орнымызға немесе кемемізге таласса екен, болмаса, бізге бір орындай алмайтындай талап қойса екен, тек сонда ғана сондай қатыгез шешімге келер едік. Ал қазір ондай әрекет жасауға еш негіз де жоқ»,- деп бір тоқтады. Ал ата қалған күнде, жойдық деп санаған күнде ол нағыз адамның өзі емес, елес қана. Сол тұрғыдан келгенде, аяушылық та қажет сияқты. Біз бұл тұста елес- қызды көзден таса етіп қана алармыз, оны мүлдем жоя алмаспыз. Айдынбектің ойында екі пікір бір-бірімен таласып тұрды. «Ату керек!» «Жоқ, атпау керек!» Осы екеуінің қай жағы жеңеді, сол орындалады. Айдынбек осыны ойлай тұрып, елес - қыздың махаббат, нағыз таза махаббатқа толы сезімді көздеріне қадалумен болды. Айналадағылар амалсыздан үнсіз. Егер Айдынбек кеме басшысы болмаса, басқа біреуі әлдеқашан сәулемен жоюға бұйрық беріп те тастаған болар ма еді, кім білсін. Бірақ елес болса да жазықсыз қыз бейнесіне сәуле бағыттай салуды Айдынбек саналы, өркениетті елдің азаматына тән құбылыс деп таппады. Оған негіз, әп-әдемі қыздың риясыз жымиысы еді. Ол өзінің бөтен адамдардың сәулелі қаруынан әп-сәтте жоқ болатынын сезіп тұрса да, бойын билеген ғажайып махаббат сезімін бір сәтке де қиғысы келетін емес, тек сол сезіммен бірге ғана о дүниеге, нағыз пейішке аттанып жүре бермек. Айдынбек соны түсінді. Ал сөйтіп тұрған періштеге қарай бостан-босқа оқ ата салу деген... күнәнің күнәсі болмақ. Тек бұл түста Жебеуші мен сапарластарының қыз жөніндегі түсініктері өзгеше болып тұр. Айдынбекті қинаған да осы. «Қызды атқаннан кейін жағдайдың неге апарып соғарын кім білсін?» деген де ой толғады Айдынбекті. Оның үстіне бар жауапкершілік те өзінде. Жер беті емес, терең су асты. Қалғандар тек бұйрықты орындаушы. Бір жағдай болғанда да олар Айдынбекке қарай ысырмақ бар мәселені.

Осындай бір ұзақтау толқу сәтінен енді ғана жалыққандай елес-қыз сәл қозғалып қойды. Манадан бері айтылған сөздерді толық түсінбесе де бірдемені жас жүрегі сезді ме, жаймен жүріп барып, өзі түсініксіз жағдайда енген ұлкен иллюминаторға жақындап барды. Сол кезде Жебеуші де:

- Атайық тез, кететін болды! Ол енді өзіндегілеріне біз туралы бәрін де хабарлайды! Не ойланып тұрмыз, Айдынбек! - деп дегбірсіздене сөйледі.

- Жоқ! - деді оған Айдынбек, - атуға еш болмайды! Бұл қыз бізге ешқандай да залал жасамайды. Мен оны қыздың көзінен танып тұрмын! Не үшін атамыз бұл қызды? Біз ғалымдар емеспіз бе? Біздің оң қолымыздың сұқ саусағы қару түймесін емес, аяушылық түймесін басуы тиіс. Сабыр етелік, достар! Анам айтып отырушы еді. Қашан да сабырлы болу керек. «Сабыр түбі — сары алтын, сарғайған жетер мұратқа», — деп. Ол сөз бекер айтылмаған болар. Қай ісінді де ақыл таразысына сала біл. Сондықтан да осы сөзді ұстанайық, достар. Бұл қыз кемеге бекерден-бекер келмеген де болар. Өзге дүние, өзге әлем иелерімен осылай бір жүздесу, осылай бір тілдесу адам баласының о бастан бергі арман-тілегі емес пе еді? Қыздың көкейінде бізге жеткізе алмай тұрған бір арманының бар екенін менің жүрегім де сезіп тұр. Тек тіл. Тек тіл жетпей тұр мұнда. Ұлы ақын Абай: «Ғашыктың тілі - тілсіз тіл» деп бекер айтқан ба еді. Бұл да солай сияқты. Абай дәл айтқан. Сондықтан да ол адам баласының данышпаны болып қалған жоқ па! Тіл болса, қыз бен екі арамыздағы түсіністік әлдеқашан орнаған да болар еді. Амал не, бұл көрініске де шүкіршілік етелік. Дегенмен де мен өзім әуелден күйші болғандықтан ба, жаңағы қыз әуенін іштей түсіндім. Ол да біздің жан дүниемізді толық болмаса да жартылай түсінген де сияқты. Қыздың көнілі таза, пәк таза! Оның өз кемесіндегілерден бөлек, бізге деген жақсы ниеті де бар. Қараңыздаршы, өзіне, ботаның көзіндей әдемі көздеріне!..

Бәрі осы сөзден кейін қызға бұрылған. Ол сәл кідіріп, сәл ғана жымиды да иллюминатор жаққа қарай жылдам басып барып зым-зия болды. Бәрі сол иллюминаторға қарай ұмтылған. Оның арғы жағында, мұхит қараңғылығын қақ жарған қыз бейнелі сәуле сүңгуір кемедей болып зулап алыстап кетіп бара жатты. Ғалымдар онан көпке дейін көз алмады. Жарық бірте- бірте мұхит қараңғылығына еніп ізім-ғайым болды. Ғалымдар бір-біріне не айтарларын білмей сол орындарында тым-тырыс күйлерінде тұрған да қалған. Айдынбек, болса да бұл әрекетіне өзін кінәлі санап, ғалымдарға қарай да алмай көздерін еденге қадаған. Бірақ оның есесіне бойын өмірінде ешқашан да болмаған бір құдіретті сезім биледі. Өз түсінігінше, өзі осы кезге дейін мойындамай келген, уақытша, алданыш қана сезім санаған махаббат сезімі сияқты. Сол сезім тұла бойын билеп барады. Енді Айдынбекке су асты да, бүкіл ғылым да, ол ғылымның жаңалығы да қызық емес. Ол сезімнен енді, тіпті, масаңсып та қалғандай ма, оны өзі де түсінбейді. Айналадағылар да Айдынбектің қыз алдындағы мұндай әлсіздігі мен осалдығына бәрі де қайран еді. Ал Айдынбектің бойын ерекше бір сезім билеп алған. Масаңсып тұр. Айналадағылар аң-таң. Оның мұндай жұмсақтығы мен аяушылығы осы сәтке дейін байқалмаған. Енді ол бейтаныс елеске де оқ шығаруға рұқсат бермеді. Бір жағынан елес-қыздың ешкімді үркітпей-ақ көз алдарынан зым-зия болғаны да Айдынбекке қолдау болғандай сезілген. Айналадағылардың көп қарсыласпауларына болған басты себеп те осытын. Бұл күнге, бұл сәтке дейін Айдынбек тек Раушаннан өзгені білмей келген. Қайда жүрсе де, кіммен әңгімелесе қалса да тек сол Раушанын айтумен, оңашада қалса, тек соны ойлаумен шектелетін. Ал мына қыздан кейін, оның жан дүниесінде күрт өзгеріс те орын алғандай. Енді оның бойында басқаша бір бөлек сезім пайда болғандай. Үйі, отбасы жоніндегі әңгімесі де енді күрт тыйылғандай.

Ғалымдар дәл қазір бұл жағдайды ештемемен де түсіндіре алмас еді. Елес-қыз зым-зия жоғалғаннан кейін бәрі де біршама уақыт үнсіз тұрып та қалған еді. Ендігі сөз бен шешімді басшының өзінен күткен. Айдынбек болса түс көрген немесе әлденеден мең-зең болған адамдай көпке дейін өз-өзіне келе алмады. Мына дүние әлемі де енді ерекше бөлек бір күйге ауысып кеткендей. «Мұның құпиясын ашамыз. Елге үлкен жаңалыкпен ораламыз», — деген ойлары да шартарап. Әркім өзінше ойға батып, өзінше толғайды. Егер дәл осы жерде адам миының құпиясын ашатын құрал болса, онда бұл өмірде көпте- ген өзгерістер орын алмақ. Бірақ адам баласы қаншама дамыдық, жетілдік десе де ол құпияны аша алған жоқ. Ғалымдардың ішкі ойларын ажырата алмай тұрғандары да сол ми құпиясының құдіретінен. Дегенмен де, Айдынбек сөз тұжырымының өзіне келіп тірелгенін іштей сезе де бастады. Қанша дегенмен де кеме басшысы, теңіз тарланы емес пе?

- Мен қазір түс көргендей болып тұрмын, достар,- деді сәл уақыт өткен соң Айдынбек жанындағыларға қарап, үлкен иллюминатордан сәл бері жақындап әлгі бейнеден енді мүлдем үмітін үзгендей толқып, - бұл не құбылыс? Жаңағы елес қыздың отты көздері менің өңменімнен өтіп кеткендей. Тек ол ма?! Менің ішкі дүниемде де көп өзгеріс болып өткендей. Оны өздеріңізде жақсы сезіп-біліп тұрсыздар. Енді әркайсысымыз өз пікірімізді ортаға салайықшы. Бұл не кұбылыс болды өзі? Ол елес-қыз қайдан пайда болды?

- Меніңше, ол әлгі өзіміз көрген бейтаныс жүйрік кемеден келді,— деді Есбатыр Сайлауұлы үлкен иллюминаторды сұқ саусағымен нұсқап.

- Мен де солай деп санаймын, - деді гидропалеонтолог Күмісбек Тілеуханұлы, - басқа қайдан болсын?

- Ол - түсінікті. - Айдынбек жұмсақта жайлы орындығына жайғаса отырды, — ал ол кеменің өзі қайдан келген? Мәселе де сонда! Су астында тіршілік ететін кандай да бір өркениет иелерінің әрекеттері емес пе бұл өзі? Жоқ, олай емес сияқты маған. Олар сырттан, сонау ғарыш кеңістігінен келгендер. Мен өзім дәл солай ойлаймын. Бұлар анау-мынау адамдар емес. Олар кез келген сәтте жарық сәулесіне айналып келе алатын немесе бейнені сәуле аркылы кез келген қашыктыққа жібере алатын мәдени дамуы өте жоғары адамдар сияқты. Менің ойымша дәл солай.

- Біз мұхиттың бір ғажайып құпия-сырын ашқан сияқтымыз, - деді сол кезде уфолог Сұраған Жанкелдіүлы, - сіздін сөзіңіздің жаны бар, Айдынбек. Меніңшеде бізбен не дұрыстап тілдеспей, не араласпай жүрген ол бәтшағарларың тұптура аспанның өзінен келген. Әлгі беймәлім ұшатын денелер деген де осылар дікі болар?

Айдынбекке «бәтшағарлар» деген сөз ұнамады. Жаңа ғана өзіне ерекше бір көзқараспен қараған қызды осылай атау жарасымсыз еді. Мұндай сөз тек бойында сезімі жоқ пендеден ғана шықса керек-ті. Бір қыз бір жігітке ұнаса, екінші жігітке ұнай қоймайды. Бір ғана келеңсіз сөзден бір-біріне өкпелеп, бір-бірінен теріс айналып кетіп жататын жастар аз ба? Бірақ бір жағынан қарағанда, уфологтың сөзі залалсыз сөз. Ол ешқандай да жамандық ойламастан айта салған. Оның үстіне оның сөзі таза бір ғылыми тұжырым ғана іспетті. Шамданып қалады дейтін Айдынбек те бойдақ жан емес. Ал қыз болса Жерден тыс жатқан бір ғаламшардікі. Осы тұрғыдан келгенде Айдынбек оны кешіруге тиісті де еді. Өзі де дәл солай болды. Бөтеннің аты - бөтен. Оның қандай дәрежедегі қыз екенін біліп-айыру да дәл қазір еш мүмкін емес. Онан гөрі талай жыл отасқан Раушаны әлдеқайда артық емес пе? Өз қазағының инабатты да, жанашыр қызына не жетсін. Тап осы ойлар Айдынбектің ми әлемін шарлап үлгерді аз ғана уакыттың ішінде. Енді ол бұл үнсіздікті тоқтатуды ойлаған.

- Ал, сіз не ойлайсыз, Жебеуші?

Ол томсырайып, манадан бері үнсіз ғана отыр еді. Қазақ достарының пікірлерін де мұқият тыңдаған. Мұкият тыңдай отырып, өз басшысының қандай ой-күйге түскенін де терең сезінген. Сондыктан да ол сөздің соңын, пікірдің оңын күтіп отырған. Айдынбек те енді одан жаңа бір пікірді күткен. Жебеуші өте ойлы адам. Оның үстіне ол мұхит тереңін сапарластарының кай-қайсысынан да артық біледі. Бірақ бұл түста ондай тәжірибенің қажеті шамалы еді. Айдынбектің бірден оған қарай аумай әуелі мамандарға сұрақ қойғанының мәнісі де содан еді. Дегенмен Жебеуші де қарап қалмаған. Өз ойын ортаға салған.

- Менің ойымша да олар мұхит тереңінің кұпия тұрғындары емес, - деді ол ойлы жүзін достарына бұрып, - мен сіздердің жаңағы пікірлеріңізді толық қолдаймын. Тек менің қосайын Деген пікірім, олармен байланыс ұстай алмаймыз. Олардың сөйлесу мәнерлері мүлдем басқаша. Әуен. Ал мен әуенді терең түсіне алмаймын. Әуен құпиясын түсінетін адамдар сирек.

Соған қарамастан мен бір нәрсені сезгендеймін. Елес-қыз бізге жаман ниетпен келген жоқ. Оның бізбен тіл табысып кететін де ойы бар. Елес-қыз болса да жүрегі нәзік, адамгершілігі мол сияқты. Елес-бейнесін жіберіп отыруының мәні де сонда болса керек. Айдынбек, мен сізді әуеннен толық хабардар адам деп танимын. Бәлкім, бізге, бәрімізге қарағанда, өзіңіз бірдемені түсінген боларсыз?

— Түсіндім! - деді Айдынбек жұлып алғандай, — ол қыз бізден қандай да бір көмек сұраған тәрізді. Тек ол қандай көмек? Оны ажырату қиын. Мен оны көргеннен кейін руха- ни бір өзгеріске де ұшырадым. Жасырып қайтейін. Жебеуші, сіз оны дәл аңғарыпсыз.

Кеме ішін тыныштық басты. Осы кезге дейін махаббатына берік, жақсы адам деп келген сапарластары енді Айдынбекке мүлдем басқаша көзбен қараған. «Бәлкім, бұл қандай да бір ми ауытқушылығы сырқатына ұшыраған шығар. Әйтпесе, қайдағы бір елес-қызға соншама ғашық болып не көрініпті?» деп бір ойлап қойды уфолог Сұраған ішінен. Бірақ бұл пікірін ол ортаға салган жоқ. Мұндай бір жүгенсіз сезім әйеліне үйленер шағында өзінде де болған. Тек ол Жер адамдарына тән махаббат. Ал Айдынбектің ғашықтығы сол Жерден де, елден де тыс жұлдызды әлемдегі бір ғаламшардан келген елес-қызбен байланысты болып отыр. Сондықтан да түсіне алмаған. Бір өзі ғана емес, мұны ғалымдар әулеті түсіне алмаған.

— Біз бір орында ұзақ тұрып қалдық! - дегеу дауыс саңқ етті кеме қабырғаларынан бір кезде,- енді бұдан әрі кідіруге болмайды. Не болды сіздерге? Соны түсіне алмай отырмыз?

Бұл кеме басқарушы жігіттердің басшысының дауысы еді. Ғалымдар оған қапелімде не жауап айтарларын білмей дағдарған. Жаңағы сөзден кейін ендігі сөзді де Айдынбектің өзі айтуға тиісті еді. Ол қарсы алдындағы қабырғаға қадала ұзақ қарап отырды да:

— Түсіндім! Кешірім өтінеміз сіздерден! Кемені алғашқы зерттеу ісін жүргізген аймаққа қарай бұрыңыздар! - деді.

— Оныңыз не? - деді оған сол заматта гидропалеонтолог Күмісбек біздің мұхит бетіне көтерілетін мезгіліміз де келді емес пе? Ол аймақты жүз рет айналып жүзісек те өткеннің ізін таба алмаймыз! Онда енді ештеме де жоқ. Оны өзіңіз де жақсы біліп отырсыз.

- Сәуле дедіңіз бе? - деді Жебеуші оған.

- Иә, сәуле! Сәуле, сәуле!

- Сонда бұл сіздің жаңағы қызға қойған атыңыз ба?

- Иә, мен оны солай атаймын. Сәуле! Сәуле десе, Сәуле! Жарық қой!

- Оны бәріміз де көрдік. Бірақ өз үйіңізде онан да жарық сәуле бар емес пе?

- Иә, бар. Ол мен күтіп отыр. Сағына күтіп отыр. Өмір бойы күтуге де дайын.

- Сіз не сандырақтап кеттіңіз, Айдынбек? — деді оның мына сандырақтап кеткен кейпінен сезіктенген Жебеуші, - біздің мұхит астындағы уақытымыз бітті. Енді елге қайтуымыз керек емес пе? Кемені басқарушыларға мұхит бетіне көтерілуге бұйрық беріңіз. Көрінер елес-қыз көрінді, кетті, енді шынайы дүниемізге оралайықта...

- Асықпаңыз, саспаңыз. Бұйрық беремін, -деп күлді Айдынбек жас балаша, — әрине, сіздердің үйлеріңізде тек қана жұбайларыңыз емес, бала-шағаларыңыз да күтіп отыр емес пе? Бұл - болашақтарыңыз бар, ұрпактарыңыз бар деген сөз. Ал мен ше, мен жалғыз Раушанмен ғана табыспақпын. Ол маған бакыт па? Онан гөрі маған мына мұхиттың асты қызық! Менің ендігі болашағым да тап осы мұхиттың астында! Ал жаңағы елес-қыз ендігі менің өмірім...

- Сіз аспанға шапшып тұрсыз, Айдынбек! Сабаға түсіңіз! Тәубаға келіңіз! — деді Жебеуші жанында тұрғандарды көзімен шолып өтіп, — бұл қылығыңыз бен әрекетіңіз жақсылыққа апарып соқпайды. Есіңізді жинаңыз. Айтқан сөзіңізге есеп беріңіз.

Айдынбек оған мән бермеді. Ғалымдар сол кезде ғана барып Айдынбектің қандай да бір құпия өзара биологиялық байланыстан шаршап, соған шырмалып тұрғанын түсінді. Жебеуші енді ештемені күтпестен батыл әрекетке көшіп, Айдынбекті жұмсақ орындыққа демей отырғызды да, кеме басқарушыларға оны мұхит бетіне көтеру керектігі жөнінде Айдынбектің атынан өтінді. Соның артынша ғаламат сүңгуір кеме кілт етіп қозғалғандай болды. Содан соң жоғары қарай көтеріле берген. Оның көтеріліп бара жатқаның кеме балластынан шығарылған судың көріністері ғана аңғартады. Айдынбек те осы кезде ғана барып өзінің психологиялық тұрғыдан ерекше шаршағаның толық сезініп, арнайы демалыс бөлмесіне барып демалып, қажетті дәрі-дәрмектер қабылдауы керектігін ескертіп, арнайы көмекшілердің және жылжымалы техниканың көмегімен сонда кетті.

Кеме сол қалпымен жоғары қарай баяу көтеріліп бара жатты. Көтерілген сайын жарық та көбейе түскен. Айналаның қара түнегі түріліп, су қабаттары өз ерекшеліктеріне сай әсер беріп кемені шығарып салып отырды.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет