Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру туралы рефлексивті есебі


-тапсырма. Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар



бет5/6
Дата22.06.2017
өлшемі0,82 Mb.
#19880
1   2   3   4   5   6
7-тапсырма. Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар.

Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз дамуға қабілетті етудеген Эдгард Хабарад. «Білімдінің сөзін тыңда , айтқанын үйрен, іске асыр» дегендей Махмұд Қашқари барлық мұғалімдер балаларға білім беруде бараынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасау мінднтті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Дарынды және таланты балаларды анықтау –баланың дамуын таңдауымен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып , дарынды балаларды анықтаудың мынындай тқжырымдамалары анықталды: баланың қызығушылығы, бейімділігіне барынша сәйкес келетін барысында баланың іс әрекетіне талдау жасау, дамытушылыққа ықпал жасау арқылы, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренигтік әдістерді пайдалану,баланың болашақтағы даму мүмкіндігінде есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары, түрліақпарат алу көздерін пайдалану, бала қабілеттерін кең көлемде қамту,баланың мінез –құлқы мен іс-әрекеті н жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.

Дарынды оқушымен жұмыс жасаудың мақсатты: баланың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын тексеру.Ал мақсат қажет оқу бағарламасын тереңдетіп оқытужәне оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды және таланты балаларды оқыту барлық кезеңде өзекті мәселе болып табылған.Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы ортаны жасауға кіріседі.Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едеуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолдалынады.

Балалардың дарынды және талантты екенін анықтау , баланың қабілетті болып дүниеге келуі және қабілеттерін жүре отырып дамыту. Бұл сұрақ әлі күнге дейін ғалымдарды ойландырып келуде. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы көзқарастарды айқындадым дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көрінетін болса, ал талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.Математика пәнін оқып үйренуде оқушының ойлау қабілеттіне зор ықпал етеді.

Мен зертеуімнің обьектісі ретінде сабақ берген 7 сынып оқушылары Қадыр Лаура және Қалдар Талғарды алдым.Бұл екі оқушы үнемі сабаққа дайындалып келеді.Берілген тапсырмаларды жылдам және уақытында сенімді орындап шығады.Қасындағы үлгермей жатқан оқушыларға үнемі көмектесіп отырады.Мен бұл оқушыларға сабақтарымда қосымша тапсырмалар дайындап және күрделі тапсырмалар орындатамын.

Талантты оқушылар ретінде Жақсыбай Сымбат пен Алиакбар Ержігіт, Нәби Нұрбосынды алуға болады.Бұл оқушылар рольдік ойындардың көшбасшысы. Нәби Нұрбосын сурет салудың қас шебері. Төлеп Арайлым көбіне алдын ала сабаққа қосымша мәліметтермен келеді.Бұл оқушылардың талантын мен сыныпта жұмыс істегенде және мектепішілік байқау өткен кезде байқадым.

Барлық оқушылардың бойында біз білмейтін дарындылығымен таланттылығы бар. Сол қырларын ашып ары қарай дамыту ол біз мұғалімдердің міндетіміз және парызымыз деп білемін.



8-тапсырма. Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау.

Мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесі оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әр түрлі технолгиясын білім беретін мекемелердің тәжиірбесіне ендіруде. Жаңа технолгияларды ендіру , меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық және басқада адамгершілік келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Білім мекемелеріне жаңа технологияларды ендіру де мұғалімдер мынадай қағидаларды ұстанады: мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық , өзара әрекетестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсерімен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі.

Жаңа технолгиялардың негізгі қағидалары:

-оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау.

-оқу мен тәрбиенің бірлігі.

-оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.

-оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.

-әр оқушының , оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

-барлық оқушының даму үшін жүйелі жұмыс істеу.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемінің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсіну керек.

Бұл білім беру бағдарламаларының талаптарын жүзеге асыруда , оқушылардың білім деңгейін көтеруде , балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден –бір тиімді бағдарлама деп сенемін.

Сын тұрғысынан ойлау бұл сынау емес , шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.Қызығушылықты ояту .Оқушының бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Сондықтанда сабақта қарастырылатын мәселе бойынша оқушы не біледі және не айта алатындығынан анықтаудан басталады. Бұл ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. «Жұпта талқылау», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау» және басқа тәсілдер арқылы байқауымызға болады.Оқушыларға шығармашылық бағыт бағдар бере отырып , үздіксіз іс-әрекетке жетеледім.Әрине бұл үшін әр сабаққа ерекше дайындық керек.Бұл бағдарламаны оқып өз тәжиірбемде қолдана отырып қыр сырына тереңдей түстім.Ең бастысы бағдарламаның стратегиясы оқушылардың бірін-бірі сыйлап,тыңдап құрметтеуіне үйреттті. Бұл бағдарламада мені қуантатын жағдай сабақта үндемей отыратын оқушылар сабаққа деген өз ойларын қосып араласып және еркін сөйлеп , сыншыл көз қарас байқатуына мүмкіншілік туғызғандай.Менің ойымша мектепке де керегіде осылар.

Бұл технологияда оқушы өз ойын, пайымдауын,өз топшалауын ,ой түйіндерін еркін жеткізе біледі.оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға , ережелерді терең түсінуге , олардың ғылыми білімділігі орнын аңғаруға қолайлы жағдайаттар жасайды.Бұл әдістер тұйық оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті.

Бірінші бетпе-бет кезінде үйренген жұптық, топтық жұмыстарды мектептегі тәжиірбе кезінде 7 сынып оқушыларын зерттеу кезінде қолдандым. Зерттеуге үш оқушы алдым «жоғары», «орташа», «төмен»деңгейлі оқушыларды алдым.

Оқушыларды сыни ойлату мақсатында сұрақтар қойып отырдым.Бақылауға алынған үш оқушыда сүраұұа жауап береді.Үш оқушыныңда жауаптары үш түрлі болып отырды. А –деңгейіндегі оқушы ойын тиянақты , қатесіз етіп әрі тез жауап береді, ал орта деңгей де жауап береді ойы тиянақты емес , с деңгейдегі оқушы өзіне сенімсіз әрі кеш етіп жауап беріп отырды.Сондықтан с деңгейіндегі оқушы жауап бере алмағандықтан кім көмектеседі деп оқушылардан сұраймын. Оқушылар с деңгейдегі оқушының жауабын толтырады. Сабақта сұрақтарды міндетті түрді көп пайдалану керек екендігін білдім

Күнделікті сабақта оқушылар теорияны меңгеру мен қатартәжиірбе жүзіндедеқалай жасау қажеттігін ұғыну керек. Тәжиірбелік жұмыс жасау барысында оқушыларға көптеген сұрақ қоюға болады.Оқушылар өзара пікірлері мен болжамдар айта отырып, бірлесе жұмыс жасайды. Кез келген сабақ сұрақ-жауаптан тұрады.Сұрақтардың берілуіне байланысты оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

Қорытындылай келе айтарым , сыни тұрғысынан ойлау сұрақтары оқушыларды терең ойлауға , пікірлерін айта білуге үйретеді.



3-тапсырма. Оқушыларға сұрақ қою және олардың

жауаптарына қарай әрекет ету.
Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы мәселе ол - оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технология әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі.

Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеп алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану - ұстаз шеберлігінің жемісі. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, талдап,қолдануға, олардың танымдық қабілеті мен шығармашылық дамуы үшін өз тәжірибемде күнделікті қолданып келемін.Оқушыларды топқа бөлу мен жұптаса жұмыс жасауға үйрету олардың арасында өзара бәсеклестік пен білуге деген ынтаны оятады. Мұндай сабақтар оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады.

Басқалардың да ойымен санасу керек екендігін түсінеді және сабақ барысында уақыт үнемделеді. Мұндай топтармен жұмыс істеу тез әрі жаңа идеаларды ұсынумен қатар белгілі бір жағжайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.

Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған әдістер көп. Солардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту» жобасының стратегиялары.Бұл жобаның стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы негізгі мәселелерді оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді,өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді.Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады,шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Мектеп тәжиірбесі кезінде сабақтарыма қолданып жүрген әдіс-тәсілдер: түртіп алу, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, толықтыру, кім жылдам,сұрақ- жауап.

Мысалы:

      Мен тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымның барлығына да сұрақ қоюды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қолдандым. Бірінші сабағымда « Миға шабуыл» стратегиясын пайдалану арқылы «Неге рационал »-деп атаймыз Неліктен? Түсіндір.- деген тапсырмалар бере отырып, оқушылардың ойын ары қарай дамытуға болады.

Сондай-ақ, «Рационал бөлшектерді көбейту» тақырыбында ережені құрастыр құрастырған ережеге мысалдар келтір деген тапсырмаларды құрастыруды тапсырдым. Оқушылар бұл тапсырманы да өте қызығушылықпен орындады. Бұл кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта бастағканыны сездім.

Ережені толықтыру кезеңінде де бір – бірімен ақылдасып, бірінің пікірімен екіншісі санасып, өте тартымды әсер болды .

Тізбектелген сабақтарырымда сұраты дұрыс қою арқылы оқушылар өздерінің қай кеңістікте тұрғанын анықтап отырды.

Сұрақтарды дұрыс қою арқылы математика пәнінде оқушылардың логикасымен кең ойлау ауқымын анықтау және қызығушылығын арттыру мақсатында үнемі оқушыларға ашық сүрақтар құрастырп отыру керектігін білдім, сұраққа олар өз пікірлерін сыни тұрғысынан ойлай отырып,қызықты жауаптарын берді.

           Мен тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымның барлығына да сұрақ қоюды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қолдандым Мен сабақ өту барысында негізгі төрт қағидатты ұстандым. Олар:

Баланың қайда екенін анықтаудан бастау.

Оқушылар нені оқу керек екенін айту керек.

Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асады.

Оқушылар қалай оқу керек екенін үйренуі тиіс.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету үшін сабағымда тақырыпқа сай әртүрлі сұрақтар қоюды жөн көрдім және сабаққа кіріспес бұрын балалардың көңіл күйін біліп алу үшін тренинг өткіздім.

Сабақ соңында бүгін біз сендермен не үйрендік және келесі сабақта не білгілерің келеді? деген ұсыныстарды жиі қолдандым. Оқушылар сұрақтарға жауап берген кезде  сәл қиналынқырап бір-біріне жалтақтап қараған, орта деңгейлі оқушы жауап берген кезде, белсенділік танытпай отырған оқушылар, кейінгі сабақтарда белсенділік танытып, өз ойларын дұрыс жеткізе алатындай болып өзгерді. Мысалы: төмен деңгейлі оқушы деп зерттеуге алынған оқушы өте тұйық, көп сөйлемейтін, сабақ сұрамасаң отыра беретін оқушы болатын. Қазір ол жақсы оқушылар қатарына қосылды деуге болады, топтық тапсырмалар орындау кезінде өз ойын айта бастады.

Ал А деңгейіндегі оқушы жұмыс жасап, диалогтік сұрақтар қойған кезде өз тобында белсенділік танытып отырды. Мен өткізген 4 сабағымда да, ашық сұрақ, жабық сұрақ және әр түрлі тапсырмаларды беру арқылы оқушыларды сабағыма тартып отырдым.  Сұрақтарды оқушыларға қалай болса солай қоя салмай, мұғалім де оқушыға қоятын әрбір сұрағын анық, толық, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құру қажет екендігін түсіндім.

Оқушыға сұрақ қойған кезде жауап бере алмаған жағдайда немесе дұрыс жауап бере алмаған кезде бұрынғы дәстүрлі сабақтардағы дұрыс емес, қате деген сөздердің орнына  «Көмектесе алатындарың бар ма?», «Кім көмектеседі?», «Тағы қандай ойларың бар?» деген сияқты қайта бағыттау техникасын қолдандым. Дұрыс жауап берген оқушыларға «жарайсың!», «өте жақсы» деген сияқты формативтік бағалаумен бағалап отырдым.  Дұрыс жауап берген оқушылардың жауаптарына қарай, жауап бере алмаған оқушылар өзін-өзі реттейді.

Диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы өте зор. Оқушыларға сұрақ қою арқылы оқушылар өз ойларын айтуға дағдыланды, сөйлеуге ашылды. Әсіресе тұйық, ұяң оқушылар сөйлеуге ынталанды. Оқуға деген қызығушылықтары артып, шеткері қалып қойған оқушылардың сезімдерін оятады. Енді сыни тұрғыдан ойлауға, бір- бірінен үйренуге, басқа оқушылардың ойымен бөлісуге, пікір айтуға, әңгімелесу арқылы ойын жинақтауға көмек беретін болады. Білім алудағы қиындықтармен бөлісіп, бірлесе топпен жұмыс атқаруға дайын болады.

Бұрынғы сабақтарымда мен оқушыларға сұрақ қойғанда сұрақты дұрыс пайдаланбайтынымды түсіндім. Бұрынғы сабақтарда оқушылар өз пікірін һз ойларын жеткізе алмайтынын , ортақ шешеімге келе алмайтынын білдім.

Мен енді алдағы сабақтарымда 7 модульді, соның ішінде СТО-дан миға шабуыл, ДЖИКСО, кластер сияқты стратегиясын қолданамын.  Осыдан шығаратын қорытынды, сабақ барысында оқушыларға мазмұнды  сұрақ қоя білуіміз керек деген тұжырымға келдім. Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту  мақсатында сұрақтарды түрлендіріп отыру керек екендігін түсіндім. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады.


1-тапсырма. Әріптестермен кеңесу.

Мен Амирбекова Айгерім «Қаратөбе» негізгі орта мектебіне 3-наурыздан 5- сәуір аралығында мектептегі тәжиірбеден өтуге келдім. Мені мен бірге үш айлық курстің бірінші бетпе-бет кезеңінен Іс-тәжиірбеге келген әріптесім Түзелбаева Ақмарал апай екеуіміз мектеп директоры Алсейтов Асхат ағаймен кездесіп, үш айлық курстың мақсаты мен міндетін түсіндіріп айтып жеткіздік. Мектептегі іс-тәжиірбемнің тиянақты өтуіне қолайлы жағдай жасауын өтіндім.Мектеп директоры мен кеңесу барысында озық тәжиірбелі , беделді, білімді мұғалімдермен тәжиірбе алмасуымды ұсынды.Сонымен қатар тапсырма бойынша сабақ өтілетін сыныбымды анықтап алуымдым. Менің сабақ өтуіме байланысты сабақ кестесін туралап беруді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәрен Нұрман ағайға жүктеді.



Мен таңдаған сынып оқушыларының түгел және дұрыс қатынасуын сынып жетекшісі Әбенова Айша апайға жүктеді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәрен Нұрман ағай төрт апта бойы үйренген Кембридж бағдарламасының жеті модулін және мақсаты, міндеті және ондағы күтілетін нәтиже туралы мұғалімдерге түсіндіруімді сұрады.Оқу ісінің меңгерушісі белгілі уақытқа мектеп мұғалімдерін жинап берді.Әріптестермен жиналып кеңесу барысында әріптестеріме осы үш айлық курстың мақсаты мен міндеті туралы және жетіі модулді күтілетін нәтиже туралы айтып өтім.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет