Сґз этикетініѕ ќызметі


I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі менсемантикалық-стилистикалық ерекшеліктері



бет3/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
I тарау. Сөз этикеті бірліктерінің қызметі менсемантикалық-стилистикалық ерекшеліктері


Этикет – философиялық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы
орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
ережелері.


Адам – қоғамның жемісі. Ол белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада өмір сүреді. Адамдардың қоғамның өзге мүшелермен, әлеуметтік ортамен, ұжыммен қарым-қатынасы орныққан этикет нормалары арқылы реттеліп отырады. Бұлайша орныққан этикеттің тілдік жағы бар да, тілдік емес жағы бар. Мысалы, жасы кішінің жасы үлкен адамға жол беруі, іскер адамдардың өзара «сәлемдесуі», тағзым етуі т.б. әдептіліктің тілдік емес жағына жатады. Ал әдептің тілдік құралдар, тілдік амал тәсілдер арқылы жүзеге асатын да түрлері бар. Оларды тіл білімінде сөз этикеті (речевой этикет) деп атайды.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу (айтуға «ұят», мазмұны нашар, дөрекі сөздерді қолданбау т.б) деген мағынада емес, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа ұйытқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал-тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.
Сөз әтикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі-қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль атқармайды. Мысалы, дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір!» «Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болу, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет