Сґз этикетініѕ ќызметі


Сөз этикетінің семантикалық түрлері және ерекшеліктері



бет6/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
1.3. Сөз этикетінің семантикалық түрлері және ерекшеліктері.
Тіл – адам сезімін сыртқа шығарудың құралы, адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізі. Өзге жанды жаратылыстан адамзатты бөлектейтін белгілердің бірі де осы – тіл.
Адамзат санасының балаң шағында мифтік дәуір ұғымы бойынша, сөздің магиялық, дүниені өзгерткіштік күші туралы түсінік басым. Ол жеке материалдық тұрғыда ұғынылған. Мәселен, оны ұрлауға, ұстауға болады, өзіңе айтылған жағымсыз сөзді байлап-матап тастап, ертесіне иесіне қайтаруға болады деген таным-түсінікке байланысты талай-талай ғұрыптық-салттық әрекеттер орын алған.
Алғашқы қауымдық кезеңдегі тілдердің өзінде «көптің тілі – қарапайым», ол «құдайлардың тілі – қасиетті тіл» деген жіктерге бөлініп, «құпиялық-қасиеттілік» деп ұғынылған. Сондықтан ғұрып-салттарды өткеруде көрші тайпалардың түсініксіз тілін мақсатты түрде пайдаланудың магиялық, символикалық қызмет атқарғаны, ұжымның эмоциясын білдіру құралы болғаны байқалады.
Сөздің даму тарихы, оның қарым-қатынас құралы дәрежесіне дейінгі сатысы мен өнерлік дәрежесі жайындағы бірқатар ғылыми тұжырымдар тілдің тарихы тамырын танытады.
Қазақ халқының сөз құдіретін түсінуімен бағалауы ерекше. Ол оның бүкіл өмірлік жағдайында орын алған. Дәстүр-салтында, көзқарасы мен дүниетанымында, әлеуметтік, қоғамдық өмірінде көрініс тапқан.
Халықтың сөз «киесіне сенуі» мен сөз жүйесін білуі, оған ерекше мән беруі тіл байлығының тереңдігін тудырған. Өйткені бүкіл кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызып, тәрбиесі мен тәлімін, ұрпаққа айтар аманатын сөз арқылы қалдырған халықтың табиғатына бұл сыйымды нәрсе.
Тіл тию мен көз тиюді қатар қойып, жас баланың тілі тез әрі шешен шықсын деген ниетпен сөз зергерлерінің сарқытын ішкізіп жататын халықтың ырым-салттарында осы сөз киесін қастерлеудің ұшқыны бар. Қазақ тілінің ерекшелігі мен тілдік байлығы жөнінде түрлі кезеңде түрлі ғалымдар пікірнің легі мол.
Оған: «Өздерінің туыстас түрік тектес тілдермен салыстырғанда қазақтар сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түседі. Олардың шешендіктеріне шынында таң қалмасқа болмайды. Қазақтар сөйлегенде ешбір мүдірмейді, күрмелмей сөйлеп жүре береді. Ойларын дәл, айқын етіп бере білумен қатар сөз, сөйлемдерін белгілі дәрежеде әдемілікке безейді, әңгімелесіп отырғанның өзінде жай сөйлемінде, не жайылма сөйлемінде болсын ырғақ анық байқалып және жиі кездеседі. Өлең шумақтарында ғана ұшырайтын сөйлем түрлері жай сөздердің өзінде іркес-тіркес келіп жатады да, тыңдаушыға өлең тәрізді әсер береді» - дейтін белгілі түрколог-ғалым В.В. Радлов пікірімен «Қазақтардың тілі - түрік және түркі тілдерінің ішінде өзінің айрықша бейнелілігімен, әдемілігімен көзге түседі. Қазақтар өзінің халық ауыз әдебиетімен, тамаша фольклорымен қай кезде де зор атаққа ие боп келді және бола бермек» - деген С.Е.Малов пікірлері куә.
Тіл әрбір халықтың жаны мен жүрегі. Онан халықтың қасиет, дүниетанымдық көзқарас, адамдық-этикалық нормалар анық аңғарылады. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпы мен қарым-қатынас дағдылары көпшілік, халық мойындаған этикалық нормалар ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Сондай дағды нормаларынан ауытқу халықтық этикетке қаяу түсіру болып табылады. Әрине, қоғам дамуының келеңсіз сәттеріндегі жағымсыз жағдайлар, «ана тіліміздің» біраз уақыт бойына қағажу көруі мен ұлттық құндылықтарымызды жоюға бағытталған «саясат салқыны» біздің халықтық қағидаларымызға біраз көлеңке түсіргені белгілі. Алайда, бүгінгі еркіндік заманында ғасырлардан үзілмей жеткен үрдістердің үздігін уақыт шаңынан аршып алып, кәдеге жарату бүгінгі тіл білімі ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қай жерде, қай қоғамда болмасын адамдардың қарым-қатынасы алдымен тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – пікір алысу құралы ретінде адамның ойын ғана емес, сезімін де білдіреді. Өзара сөйлесудегі ізет, құрмет, сыпайыгершілік кісінің сезіміне әсер етеді. Күнделікті өмірдегі амандасу, қоштасу, құттықтау, кешірім сұрау, тілеулестік білдіру, көңіл айту т.б. жағдайлардың бәрі де сөйлеу этикетінің мазмұнын құрайды.
Адам баласының дүниеге келіп, өмір сүруі, дүниеден өтуіндегі барлық аралық кезеңдердегі өмір өткелдері сөзбен өрнектеледі. Әр күн сайын қайталанатын амандасу мен қоштасудан өзге жиын-той, мереке мен қайғылы жағдайлардағы қолданылатын сөз дағдыларын сақтау – сөз этикетінің талабы. Адамның жанына жағымды жылы сөздер оның көңіл-күйінің пернесі секілді. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздің мағынасын «Сіз деген – сөздің сынығы, Сен деген – сөздің анығы» деген қазақ мақалы аңғартса керек.
Күнделікті өмірдегі этикет амандық сұрасудан басталады. «Сәлем – сөздің анасы» деп ұғатын қазақ баласы оған үлкен мән берген. Қазақ тілі мазмұндағы алуан түрлі сөз формаларының молдығымен ерекшеленеді. Бірақ олардың жұмсалу реті мен қолданылу аясы белгілі бір нормалық заңдылықтарға бағынады.
Мәселен: «Армысыз!», «Сәлем бердік!», «Кеш жарық!», «Ассалаумағалейкум!» т.б. сөздердің талғампаздықты қажет етеді. Ол әрине кіммен сәлемдесуіңе (қатар-құрбы, жасы үлкен кісі, ұстаз бен шәкірт т.б.) байланысты. Бұл сәлемдесу үлгіліерінің мағыналық, стильдік реңкі өз орайында орнын тапқанда ғана мәнді. Осылардың ішіндегі «Сәлеметсіз бе!» – сөзі үлкен-кішіге де, таныс бейтанысқа да, ұстаз бен шәкіртке де еркін қолданылатын ресми мағыналы мән иеленіп кетті. Ал ер-азаматтардың өзара кездескендегі немесе жасы кіші ер адамның үлкенмен амандасуындағы «Ассалаумағалейкум» – деп қол ұсынып, саулық сұрасуы да ұлттық этикеттің ерекше бір қырын танытады. Ал әйел адамның өзара және ер-азаматтармен сәлемдесу реті өзгешелеу. Бұл тұрғыда жоғарыда айтылған. «Сәлеметсіз бе!» сөзі мен ауылдағы үлкен-ана-әжелерге қол ұсынып, «Аман-есенсіз бе!» – деу жарасымды.
Сондай-ақ амандасу этикетіне байланысты аз да болса региондық (өңірлік) өзгешеліктер байқалып қалады. Мәселен, Оңтүстік қазағы үшін тосындау естілетін «Сәлем бердік» сөзі мен Батыс Қазақстан қазағы үшін қалыпты амандасу үлгісі. Мұндай ерекшеліктердің мәні мен себеп-салдарын ашу үшін салихалы салыстырулар қажет.
Жасы үлкен адамға қарап «Сәлем!» деп амандасу не жүрдім-бардым сәлемдесу әдепсіздік саналады. Мұндай жағдайда амандасудың қарапайым этикеті бұзылады. Әрине, сәлемдесудің өзінен әрбір адамның болмысындағы көргенділік, сыпайылық, ізеттілік сенімді адамдық қасиеттері көрініп тұрады. Өйткені, сәлемдесу, жөн сұрасу – адамдар арасындағы сан салалы қарым-қатынасты қалыптастыратын алғашқы орны.
Сондықтан сәлем берушімен қатар сәлем алушының жауабы да осы маңызды мәнге ие. Бұл тұғыда да халқымыздың өз дәстүр-салтындағы үлгілердің құны жоғары. Ізетпен берілген сәлемге, ілтипатпен жауап беру әрбір тәрбиелі адамның міндеті. Онан үлкеннің өресі мен кішінің ізеті танылмақ.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы «Бар бол, балам!», «Бағың ашылсын!», «Таудай бол!», «Жасың ұзақ болсын» немесе келіндерге айтылатын «Ұл тап!», «Көсегең көгерсін!», «Ұрпағың көбейсін!», т.б. секілді ізгі тілектер осының куәсі.
Алайда кейбір жағдайларда сәлем берушінің сөзін қайталау мен ернін ғана жыбырлатып, бас изей салу фактілері кездесіп қалады. Бұл әрине сол адамның кісілік келбеті мен парасат-пайымының аса жарқындығын танытпайды.
Демек, амандық-саулық сұрасуға қатысты дағды ерекшеліктері мағыналық-стильдік ерекшеліктермен қоса әлеуметтік сипатта иеленеді.
Күнделікті өмірде мейлі үйде, отбасында, жұмыс орнында, қоғамдық ортада болсын сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтау адамның өмір сүру жағдайына жағымды әсер етеді. Адамдар арасындағы достық пен ынтымақтықты күшейтіп, жалпы еңбек өнімділігінің артуына дәнекерлік қызмет атқарады.
Сөз арасында ғана қолданылатын кешіріңіз, ғафу етіңіз, айып болмаса, қарсы болмасаңыз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, рұқсат етсеңіз, мақұл көрсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер тілге сыпайылық үстей, ізеттілікті танытады. Мұндай майда сөздер үлкеннің де кішінің де қолданылуында жарасымды естіліп адамдар арасында жағымды қарым-қатынас орнатады.
Сезім сипатының түрліше реңтерін білдіретін эмоционалдық – экспрессивтік сөздерге қазақ тілі өте бай. Шырағым, қарағым, айнам, қарғам, ботам, қалқам, құлыным, жаным, жарығым, қарындас, інішек, ағай, апай, әжей тәрізді қаратпа сөздер үлкенмен кішінің арасындағы ілтипатты ғана емес адам болмысының мейрімділік, тәрбиелілік, бауырмалдық, кісілік келбетінен де хабардар етеді.
Сәлемдесуден басталатын қарым-қатынастардың ішінде қоштасуға қатысты: «сау болыңыз», «қош болып тұрыңыз», «келесі кездескенше», «көріскенше күн жақсы», «жақсы жатып жайлы тұрыңыз», «жолыңыз болсын», «сапар сәтті болсын», «аман барып сау қайтыңыз» дейтін сөздердің мағыналық реңкі, қолданылу реті әрқилы.
Бүгін-ертең кездесіп, жауын күнде жүздесетін адамға «Көріскенше күн нұрлы болсын» демейтініміз белгілі болса, күндіз қоштасқан адамға «Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз» деудің реті келмейтіні анық. Сондай-ақ, алыс сапарға шығып бара жатқан адамға «Сау бол» деп қана қоштасу немқұрайды қарым-қатынасты көрсетеді. Мұндай жағдайда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша, «Жолың болсын!» деу орынды.
Яғни, қоштаса білудің қалыптасқан орны мен өрнегі бар. Күні бойы бір бөлмеде бірге отырған қызметтестермен қоштасу ілтипатын жасамай шығып кете беру, немесе қонаққа келген жеріңде үй-иесімен қоштаспай кете берудің орынсыздығы өрелі жандарға өзінен-өзі түсінікті. Яғни, сәлемдесу мен қоштасудың өзі аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оған қатысты сөз байлығы қазақ тілінде көп болғанымен орнын тауып жұмсау мен қолдану сөйлеу мәдениеті қалыптасқан адамның ерекшеліктерін танытатын белгілерге ие.
Сапарға шығу мен қайтып оралғанда айтылатын тілектер реті өзара орайласып жатады. «Аман барып сау қайттың ба?», «Жол соқпай аман-есен жеттің бе?» немесе сапардан адамы оралған үйге «Балаң я отағасы келіп көзайым болдың ба?» – деп тілеулестік сезім білдіруде қалыптасқан халықтық әдеп. Ол жақсы ниет пен адал көңілді аңғартады.
Қүние жүзі халықтарының барлығына тән болғанмен, өзгеше өрнегімен ерекшеленетіні – қазақтың көне салт-дәстүрлерінің этикеттік мәні өте жоғары. Оның тарихи тамыры тым тереңде жатыр. Көне түркілік кезең мен кейінгі жеке халық болып құралған кезеңдерден бастау алар үлгі өнегелер ұшқыны күні бүгінге жеткен. Ежелгі «Қорқыт ата» кітабындағы «Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық» дейтін тұжырымдар осыны айғақтайды.
Қонағын құдайдай сыйлап, ол үшін бір аптаға артық сақтау – қазақ халқының ерекшеліктерінің бірі. «Қонақ келсе күт келер», «Қонақ – ырыс», «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген халық мәтелдерінің мазмұны осығын меңзейді.
Сайын дала төсінде еркін өмір сүрген қазақ баласының көшпелі өмір салтынан қалыптасқан қонақ қабылдау мен қадірлеу этикеті бүгін де құнды.
Жоғарыда аталған этикет этикет нормалармен сөздік формасымен (вербалды) қатар қимыл-әрекеттік (бейвербалды) формасы да бар. Мысалы, бет-пішінің қозғалысы, көзқарас (көз қиығы, көзін жұму, ашу, алайту, қас қағу, қысу) түрлі отырыс, тұрыс, жүріс, қимылдары (тізерлеу, иілу, қол сермеу, қол бұлғау т.б.) немесе (бас изеу, бас шұлғу, басынан сипау), арқадан қағу, күлімсіреу, жылы жүз таныту, қабақ түю, және сүйісу, маңдайдан иіскеу, беттен сүю т.б. толып жатқан қимыл-әрекеттік көріністер. Бұлар ішкі эмоцияның сыртқы көріністері болумен қатар этикеттік стилистикаға да жатады. Және этикеттің сөз компонентімен біріге отырып, олар: сәлемдесу, қоштасу мен т.б. өмір жағдайларында оларды толықтырады да біртұтас жүйе құрайды. Әрбір бейвербалдық элемент әр түрлі әлеуметтік ортада алуан түрлі мән-мағына береді.
Мәселен: үлкен кісілердің балалардың басынан сипап, маңдайынан иіскеуі көл-көсір мейірім мен жақсы көру нышанын аңғартса, арқадан қағу-ризашылық сезімдерін білдіреді. Қолынан, бетінен, маңдайдан сүю жылылық сезімдерін көрсетсе, республика туын сүю, туған жер топырағын сүю, қасиетті кітапты сүю әрі символикалық әрі сезім көрінісінің сипаты танытады.
Сонымен бірге, сөздік этикеттің бұзылуы секілді қимыл-әрекеттің де орынсыз қолданылуы жалпы этикеттің бұзылуына әсер етеді. Мысалы, жасы үлкен адамға «Сау болыңыз» деп тұрып, қолын көтеру немесе қол бұлғау мен беталды қолын сермей сөйлеу, болмаса сыпайы сөйлегенмен үлкенге ығысып орын ұсынбай ізет көрсетілмеген жағдайда толыққанды этикет сипаты танылмайды.
Яғни, этикеттің сөздік және сөздік емес нормасы бір ғана мақсатқа – жақсы қарым-қатынасты жүзеге асыруға бағытталады. Жалпы алғанда, отбасында, туыстар арасында, қызметте, таныс, бейтаныс ортаға тән қарым-қатынастың өз этикетін білу, орнымен қолдана білу аса мәнді қоғамдық-халықтық мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет