Сґз этикетініѕ ќызметі


Сөз этикетінің қызметі және оның өзара байланыстылығы



бет4/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
1.1. Сөз этикетінің қызметі және оның өзара байланыстылығы
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөл атқармайды. Мысалы дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаналық бар?», «Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір! Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болу, оның танымдық мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік.

Қарым-қатынас жағдайында амандасу, қоштасу сөздерінің байланысты орнатудағы мәні күшейе түседі. Сондай-ақ белгілі бір адамға жақсылық жасағанына орай айтылатын алғыс айту, адамның сезім-күйіне жағымды әсер етіп, шаттыққа бөлейді. Бірақ бір ескертетін нәрсе - сөз этикетінің жоғарыда айтылған негізгі қызметтері бір-бірімен тығыз байланыста болып, өзара астасып жатады. Мәселен, амандасу немесе қоштасу сөздері тек байланыс орнату үшін ғана қызмет етеді деп түсіну дұрыстыққа жатпайды.


Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста сан мың мәрте қайталанатын амандасу, қоштасу, рахмет айту т.б. этикеттік таңбалардың өзіндік мазмұны болады. Амандасу – қарым-қатынасқа түсетін тұлғалар арасындағы байланыстың үзілмейтінін көрсетеді. Қоштасу – қарым-қатынастың жалғаса беретінін көрсетсе, рахмет айту – жақсылық жасаған адам алдында ризашылықты білдіретін мән береді.
Қол алысып амандасу – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан салты. Әуелде мұндай белгі «қолымда қаруым жоқ» деген мағына аңғарткан. Әдетте амандасушылар оң қолын ұсынады. Мұның да өзіндік себебі: оң қол – қару ұстайтын қол; жұмысқа бейім қол; қолғап шешіп амандасу да «қолымда қаруым жоқ» дегенді білдіреді. Ер адамдар қалпағын көтеріп амандасады, үйге кіргенде бас киімін қолына алып кіреді (орыс халқында). Мұндай белгінің түп төркіні-әуелде басындағы дулығасын шешіп қолына алу – бір-біріне сенім артқандықты білдіреді. Қазіргі кезде мұндай этикеттік таңбалардың бастапқы мотивациясы көмескіленген, олар тек сыпайылықты білдіретін белгі ретінде ұғынылады.
Қол алысып амандасу, қалпағын (орамалын) алып амандасу әйелдерге тән емес. Бұлай болуы тарихи тұрғыдан түсінікті де. Өйткені әйелдер қару ұстап соғысқан жоқ, дулыға кимеген т.б. сөйлеудің, сөз саптаудың жалпыға ортақ өз тәртібі мен ережелері бар да, тыңдаудың өз тәртібі мен ережелері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет