48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет202/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   295
Байланысты:
3-книга
3-книга
 
У.К. Кожахметова 
СТУДЕНТТЕРДІҢ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
Аңдатпа. 
Бұл мақалада жоғары оқу орындарындағы студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру 
мәселелері мен моралдық сұрақтары, көрсеткіштері мен қағидалары қарастырылады. 
Түйінді сөздер:
адамгершілік, рухани даму, моральдық қасиет, адамгершілік тәрбие. 
Мақалада көтеріліп отырған мәселе өте өзекті. Оның өзектілігін мынадай қағидалармен 
байланыстыуға болады: қазіргі қоғам тек жан-жақты білімді ғана емес, әдемі тұлғалық қасиеттерге ие 
жоғары моральдық тұлғалардыды қажет етеді; білім беру адамгершілік тәрбие берудің жоғары 
деңгейіне кепілдік бермейді, себебі тәрбиелілік – әрбір адамның басқа адамдарға деген құрметі мен 
ізгілігіне негізделген қарым-қатынасын анықтайтын адами қасиеті болып табылады; білім тек қана 
қоғамда бекітілген мінез-құлық нормалары туралы ғана емес, сол нормалар мен ережелерді бұзудың 
салдары туралы да түсінік береді. Бүгінгі күні еліміздегі білім беру жүйесін жаңғырту 
тұжырымдамасында білім берудің маңызды міндеттеріне азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру 
және құқықтық өзін-өзі тану, руханият және мәдениет, бастамашылдық, тәуелсіздік, қоғамда сәтті 
қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері қарастырылған. Сондықтан жоғары оқу орындарында 
студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі 
болып табылады. 
Студенттің жеке тұлға болып өсуінде білім беру жүйесінің маңызы өте жоғары. Әр студенттің 
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы педагогикалық жұмыстың мәні оның бойындағы 
моральдық қасиеттерін ашуға және өзін-өзі тәрбиелеудің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне көмектесу 
болып табылады. Өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу білім беру үрдісінің маңызды 
элементтерінің бірі. Қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын алатын студент жастарды 
тәрбиелеу күрделі үдеріс болғандықтан, күнделікті, сол мақсатқа бағытталған, жеке іс-шаралар ұдайы 
ұйымдастырылып өткізілуі қажет. Жастар ЖОО-да оқу барысында тұлға ретінде қалыптастыруын 
жалғастырып, өз біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіреді, әрі көп нәрсені үйренеді.
Оқытушылардың басты міндеті оларды өздігінен білім алуға және өзара қарым-қатынастарын өзі 
реттеуге, қабілеттіліктерін қалыптастыруға, туындаған мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауға, 
жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
Студенттің тәрбиесі - көп қырлы үдеріс. Бұл кезеңде бастапқы әлеуметтену үдерісі аяқталып
оларды алдымен еңбекке баулу, отбасын құруға және қоғамдық өмірге, азаматтық борышын өтеуге 
дайындау сияқты мәселелер туындайды. Рухани адамгершілік жеке тұлғаның ең маңызды, іргелі 
қасиеттері болып табылатындықтан, ол адамның социумдағы әрекеті мен қызметін анықтайтыны 
сөзсіз [1]. Әрбір адамның рухани әлемі жеке және қайталанбайды, әрі ұдайы дамып отырады. Ол 
адамның мінез-құлығынан, іс-әрекетінен және құндылық қасиеттері жүйесінен көрінеді. Адам 
қабылдайтын рухани құндылықтар жоғалып кетпейді, олар адамның рухани әлемін байытып отырады. 
Жалпы алғанда, рухани өмір әртүрлі және көп қырлы. Кез келген жағдайда, студенттерге рухани-
адамгершілік тәрбие беру, оның шығармашылық потенциалын іске асыруға ықпал етеді. Адамның 
рухани байлығы деп қайырымдылық, мейірімділік, адалдық, жылулық, басқа адамдарға деген жан 
жылуы, сыйластық, ізеттілігі арқылы көрінетін ішкі дүниесінің қасиеттері. Ал адамгершілік - бұл 
адамдардың бір-біріне және қоғамға деген қарым-қатынасының жалпы қағидаларының жиынтығы. 
Олар біріге отырып жеке тұлғаның негізін құрайды, бұл жерде рухани байлық оның қозғалыс бағыты 
(өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өзін-өзі жүзеге асыру), әрі адамгершілік қасиетінің негізі болып 
табылады. Моральдық идеалдар, қағидалар мен нормалар адамдардың қоғамдағы ақиқаттылық, 
жақсылық, қайырымдылық туралы көзқарасынан қалыптасқан. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу 
студенттердің моральдық сана мен адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Ол 
оқытушының жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттеріне іштей және сырттай әсер ету 
мақсатында ұйымдастырған үдерісі. Рухани тәрбие беру кезінде студенттерге сауалнамалар, 
тапсырмалар, талаптар, мақсаттар мен міндеттер қою сияқты әдістер қолданылады. Ал студенттер 
ұжыммен дұрыс қарым-қатынас орнату, азаматтық, кәсіпкерлік, достық, еңбекқорлық, өзара көмек 
және т.б. моральдық қасиеттерді меңгеруі тиіс. Рухани-адамгершілік тәрбие адам туылғаннан 
басталып, қарым-қатынас, күнделікті жұмыс, еңбек қызметі арқылы өмір бойы адамгершілік 
қасиеттерін тәрбиелеу арқылы жүзеге асып отырады. Отбасы тұрақты әлеуметтік қоғамдастық ретінде 


238
- адамның қалыптасуындағы, әлеуметтік тәжірибені, халықтың тарихы мен этномәдени дәстүрлерін 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырудағы монументалды фактор болып табылады. Бірақ бәрібір адам көп 
уақыттын өткізіп, адам ретінде қалыптасатын білім беру мекемелері туралы ұмытуға болмайды. 
Жастық шақ - «өмірге дайындық» кезеңі ғана емес, өмірдің маңызды, әрі тәуелсіз кезеңі. Тұлғаны 
қалыптастыру үдерісінде студенттердің моральдық жоғары мәдениеттілігін тәрбиелеу және дамыту ең 
маңызды міндет. Оқытушылар студенттер бойында:
- адамгершілік сезімдер (міндет, сенім, ар-ұждан, жауапкершілік, патриотизм, азаматтық); 
- моральдық сипаттағы (мейірімділік, толеранттылық);
-моральдық позиция (жақсылық пен зұлымдықты айыра білу, жанқияр сүйіспеншіліктің көрінісі);
- моральдық мінез-құлық (адамдарға, Отанына қызмет етуге дайын болуы) сияқты қасиеттерді 
қалыптастыруға тырысуы керек.
Оқу пәндері шеңберіндегі моральдық білімдер, сенімдер мен принциптерге айналатын 
құндылықтар мен идеалдарды түсіне білу, рухани-адамгершілік тәрбиенің құрамдас бөліктері болып 
саналады. Рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіне білу – Әлемнің, табиғаттың, қоршаған ортаның 
заңдылықтарын зерттеу, моральдық, эстетикалық нормалар мен ережелерді зерттеу, өнер 
туындыларын қабылдау (кескіндеме, музыка, архитектура), көрнекті адамдардың, тарихи тұлғалардың, 
ғалымдардың өмірбаянын білу, әлеуметтік пайдалы қызметер атқару, жергілікті әдебиеттерді оқып 
үйрену, түрлі экскурсияларға қатысу, танымдық сапарлар, қайырымдылық (балалар үйлеріне, 
қарттарға көмек көрсету) сияқты іс-шаралар арқылы жүзеге асады. Рухани-адамгершілік құндылықтар 
студенттер тұлғасының ажырамас бөлігіне айналуы үшін, оқу пәндерінің мазмұнының осы мазмұндас 
аксиологиялық бағдарда болғаны дұрыс, ал оны меңгеру білім беру түрлерінде белсенді қызмет 
арқылы орын алуы қажет. Студенттердің рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың 
нақты ерекшелігі ұзақтығы мен үздіксіздігі, ал оның нәтижелері уақыттың еншісінде екені анық [2]. 
Студенттердің моральдық сезімін дамыту және ішкі дүниесін байыту үшін, оқытушылар отбасылық 
құндылықтармен, патриотизммен, борыш мен сеніммен байланысқан әр түрлі пікірталастар, 
кураторлық сағаттар, конкурстар, көрмелер, сенбіліктер, кездесулер, экскурсиялар сияқты іс-
шараларды өткізу қажет.
Осы іс - шаралардың бәрі әрқашан жастардың патриоттық рухтары жоғары болып, Отанын сүюге 
және оның тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 
жүргізіледі. Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Демек, қазақстандық 
жастарды патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің 
алдында тұрған басты міндет. 
Атақты ойшылдар да әрдайым жас ұрпақтың моральдық тәрбиесі туралы өз пікірлерін айтуға 
тырысқаны тегін емес. Тіпті б.д.д. VI ғасырда Пифагор: «Адамгершілік жоқ жерде бақыт пен 
еркіндіктен ләззат алу мүмкін емес» деп ескерте отырып, «Ең алдымен заңдарға қарағанда жақсылыққа 
ұмтылыңдар: мораль – бұл алғашқы заңдар» деп айтып кеткен [3]. 
Алайда студенттерге тәрбие беру кезінде, олардың көз алдында үлгі болатын және еліктеуге 
лайықты оқытушының бейнесі болмаса, оларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес. 
Оқытушының адамгершілік қасиеті, кәсіби жұмысы мен өміріндегі басшылыққа алған моральдық 
ережелері, оның қызметіне, әріптестеріне және студенттерге деген көзқарасы - бұл өскелең ұрпақтың 
барлық рухани және адамгершілік мәдениетін дамыту мен білім беру үшін маңызды болып табылады. 
Сондықтан да әрбір оқытушы соған лайықты болуы қажет. 
Қорытындылай келегенде рухани-адамгершілік тәрбиені дұрыс беру адамның одан әрі дамуын 
анықтайды. Оқытушы алға қойған мақсаттарды көрсетеді, ал студент дұрыс белгіленген 
басымдықтарды басшылыққа ала отырып, жол іздейді. Әрқайсымыз сүйіспеншілік, игілік, отбасы, 
достық сияқты құндылықтарды алдыңғы орынға қойғанымыз дұрыс. Өйткені ұрпақтың тәрбиесі 
құндылықтарға тікелей тәуелді. Адамдар өздерінің рухани тазалықтарына көбірек назар аударса, 
жүректерінде қайырымдылық, жақындарына деген жауапкершілік, құрмет пен сүйіспеншілік 
орнататын өз іс-әрекеттеріне талдау жасай бастайды. Ұрпақтың тарихы мен даналығы, тәжірибесі бізге 
тағы да рухани тазалық пен адамгершіліктің қатыгездік, өтірік пен азғындықтан басым екендігін 
көрсетеді. 
Осылайша, рухани және өнегелік тәрбиелеу жастардың арасында моральдық қатынастарды 
қалыптастыру үдерісі болып табылады, әрі бұл тәрбиенің негізіне айналады. Өйткені моральдық 
қатынас адамның әлеуметтік мәнін анықтайды, адамның мүдделері мен дамуын, оның рухани көрінісін 
және өмір салтын анықтайтын өзінің қажеттіліктері мен мотивтерін басқарады. 
Әдебиеттер: 


239
1 Павлов В.И. Формирование духовно-нравственной культуры учащейся молодёжи / В.И. Павлов // 
Образование и саморазвитие: Науч.-теоретич. журн. – 2010. - № 1. – С. 146 – 151.
2 Жарковская Т.Г. Организация духовно-нравственного образования средствами различных 
учебных дисциплин / Т.Г. Жарковская // Педагогика: Науч.-теоретич. журн. – 2008. - № 10. – С.49 – 53. 
3 Пифагоровы законы и нравственные правила. Афоризмы Эпиктета. – М., СПб. – 2000. – 384с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   295




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет