Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


БАТТЕРФЛЯЙ (ДЕЛЬФИН) ӘДІСІМЕН ЖҮЗУ



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

 
БАТТЕРФЛЯЙ (ДЕЛЬФИН) ӘДІСІМЕН ЖҮЗУ 
ТЕХНИКАСЫ
 
 
Олимпиада ойындарында дельфин әдісімен жүзу 
жарыстары ерлер мен әйелдерге екі қашықтықта өтеді 
– 100 
және 200 метр. Осы әдіс құрастырылған алмасып жүзуде 
– 
4х100м 
– 
үшінші кезеңге кіргізіледі және 200м, болмаса 400 м 
қашақтыққа құрастырылған жүзуде бірінші 50 м, болмаса 100 м 
дельфин әдісімен жүзіп өтуге тиіс.
Дельфинмен жүзу тәсілінің ерекшелігі: екі қол есіп болып, 
әзірлік
қимылдарды судан шығып орындайды, ал екі аяқ жоғары 
және төмен қарай қимылдап, дельфин құйрығына ұқсайды. 
Аяқпен төмен қарай екі рет сермегенде, қол қимылдарының бір 
айналымы аяқталады. Екі қолдың қимылы бір мезгілде бірдей 
болуға тиіс.
45 


Сурет 44

Дельфин әдісімен жүзудің тәсілі.
46 


Қол қимылдары және тыныс алу. 
Дельфин әдісімен 
жүзгенде қол қимылдарының маңызы зор. Қол қимылдарына 
дене мен екі аяқтың ерсілі
-
қарсылы қимылдары тәуелді. Егер 
спортшы құрғақта тұрып, екі қолымен дельфин әдісінің 
қимылдарын орындаса, онда қол басының қимылдары 45
-
суретте көрсетілгендей түрде болады. 
45-
сурет Дельфин әдісімен жүзгенде екі қолдың есуге 
еліктеу қимылдарының жолы.
Қол
қимылдары тәсілінің кезеңдері: 
Суды қармау 
кезеңінде 
екі қолдың да басы алға
-
сыртқа және сәл төмен қарай 
қимылдайды. Жүзушінің басы су ішінде төмен
-
алға қараған 
қалыпта болады. 
Есудің негізгі бөлімі 
басталарда екі қол қимылының
бағыты өзгереді: қолдың басы ішке
-
төмен
-
артқа қарай бағыт 
алғанда, оның қары бүгіледі. Есудің бірінші жартысында екі қол 
да шынтақтан бүгіледі, екінші жартысында жазылады. 
Шынтақтың ең көп бүгілу бұрышы есудің ортасында 90
– 100
0
шамасында болмақ.
Есудің негізгі бөлімінде алақандарды артқа қаратып, екі 
шынтақты да екі жаққа алшайта (артқа емес) ұстау қажет. Есудің 
ортасында екі қол құрсақ астында бір
-
біріне жақын келеді, содан 
кейін сырт пен артқа сәл жоғары бағытталады. Шынтақ 
буынының жазылуымен есу аяқталады, ең соңында қолдың басы 
тез айналып, шынашақ жоғары қарайды.
47 


Екі қолдың судан шығуы 
алға тез сермеу арқылы 
орындалады. Су бетіне шынтақ, содан соң қар мен қолдың басы 
шығады. Қолдың басы жамбастан кейін, саннан алшақтау 
жерден көрінеді, екі қол да босаңсыған, алақан ішке қарай 
бұрылулы қалыпта болады. Қол су бетімен жайлап қана 
сермеліп, босаңсып жазылған күйінде екі жаққа алға қарай 
қимылдайды. Бұл кезде иықтың су бетіне шығуы оңайланады. 
Қол су бетімен көтеріліп төмен түсе бастағанда спортшының 
басы
бетін төмен қаратып суға енеді, сондықтан екі қолдың алға 
ұмтылуы шапшаңдайды. 
Қол
суға енерде алақан төмен
-
сырт жаққа қарай 
бұрылады, шынтақ қолдың басы суға енуіне қолайлы жағдайда 
болады.
Екі қолдың суға енуі шамамен екі иық енінің деңгейінде 
орындалады. Алдымен суға екі қолдың басы, содан соң қар мен 
иық енеді.
Кеудемен және аяқпен қимылдау. 
Жүзушінің кеудесі мен 
екі аяғы толқын тәріздестіріп жоғары
-
төмен үдете қимылдар 
жасайды. Аяқтың басымен төмен қарай қатты сермеп қалғанда, 
жамбас жоғары көтеріліп, иық суға ене бастайды, аяқ жіліншік 
тұсынан көтерілгенде жамбас кілт төмендейді, ал иық сәл 
көтеріледі. Жүзушінің денесі алға қарай толқын тәріздес сызық 
сызып жылжиды.
Кеуденің ырғақты және үдемелі қимылдары екі қолмен 
және екі аяқпен болатын қимылдардың
өзара неғұрлым тиімді 
үйлесуіне көмектеседі.
Аяқ қимылдары жамбастан басталады да, оған сан, 
жіліншік және аяқтың басы қосылады. Аяқтың басымен төмен 
қарай қатты сермеу (жамбас бұл мезгілде көтеріледі) 
– 
аяқ 
қимылдары ішіндегі ең бастысы болып табылады. Төмен қарай 
қатты сермелетін аяқ қимылдарынан жамбас, сан және жіліншік 
қимылдары бұрын басталады, қимылдардың жалпы ерекшелігі 
– 
олардың үздіксіз, әрі серпімді болуы, жамбастың төмен 
бағытталған қимылы лезде жоғары қарайғыға ауысады.
48 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет