Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

Қолды судан шығару 
мен дененің қарсы бүйірге қарай 
қисаюы бір мезгілде болады. Есуді аяқтаған кезде адам иығы су 
бетіне шығады. Содан соң шынтақ, оның артынан қар, ақырында 
қолдың басы жамбас саңынан көрінеді.
35 


Қолдың су бетімен өтуі 
сілтеу арқылы екінші қолдың 
есуімен бір ырғақта болады. Қол суға енер алдында шапшаң 
қимылдайды.
Жүзу техникасының кей нұсқасында спортшының жеке 
басының ерекшелігіне байланысты
босаңсыған және шынтақтан 
бүгілген қол су үстімен баяу қимыл жасайды. Қолдың басы 
денеге жақын, ал шынтақ денеден жоғары. Жүзу техникасының 
басқа нұсқаларында қолды су бетімен сілтеу анағұрлым жігерлі 
орындалады. Жүзуші өзіне қарсы келген биік толқынға қолын 
тигізбей сілтеуді мақсат еткендей әсер қалдырады.
Қимылдың
бірінші, яғнқолды суға тигізбейтін нұсқасын 
спортшылар күшпен есіп, суды аяқпен алты рет сермейтін кроль 
әдісімен жүзгенде жиі қолданады. Қол суға енгенде, келесі есуге 
дайындық аяқталады. Қимылдың бұл кезеңі тез орындалады. 
Суға әуелі қолдың басы (суды саусақтарының ұшымен жарып), 
содан соң шынтақ, сосын иық енеді. Алақан төмен қарайды, 
кейбір жүзушілердің алақаны сыртқа қарата ұсталады. Шынтақ 
суға ену мен суды қармау кезеңінде сыртқа таман
және
аздап 
көтеріңкі қалыпта болады. Қол суға денемен жанаса немесе иық 
тұсынан енеді. Саусақтар суға тигенде, дененің қисаю бұрышы 
10- 
15º қана, ал қол суға батып болғанда, ол бұрыш 0º
-
қа тең.
Қол қимылдарының үйлесімі 
суды қармауды кезекпен 
және үздіксіз қамтамасыз
етуге міндетті. Бір қол жігермен есуді 
аяқтағанда, екінші қол жайлан суды қармауға кіріседі. Есу бір 
қолдан соң екінші қолға ауысады. Тыныс алу үшін бас бір 
жағына бұрылса, оған қарама

қарсы жақтан қолдың басы суға 
енеді. Тынысты ауызбен тез алады, бұл кезде дене оған қарсы 
жақтағы бүйірге қарай қисаяды. Қол судан шығып, ауада 
сермелген шақта тыныс алынады. Бұл кезде жүзушінің ауызы су 
бетінде болады. Тыныс алғаннан кейін бас (иықпен бірге) бетін 
төмен салып, бұрылады. Дем шығару үздіксіз су ішінде өтеді. 
Бастапқыда дем шығару ауызбен баяу орындалса, одан кейін 
ауыз бен мұрын арқылы үдей түседі. Тыныс алу айналымы 
ауыздан қатты дем шығарумен аяқталады, бұл кезде ауыз су 
бетінде болады. Ауыз бен ерін су бетіне толық шыққан соң, 
спортшы қайтадан тыныс алады.
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары.
Аяқ қимылдары денені тең салмақты, сүйір және биіктеу 
ұстауды
қамтамасыз етеді, қол қимылдарын реттеу арқылы 
жылжуға көмегін тигзеді.
36 


Екі аяқ кезекпен
жоғары

төмен, жиілігін шамалы өрістете 
отырып сермеледі. Негізгі жұмыс кезеңі

табанмен суды тебу, ал 
табанды жоғары көтеру әзірлік кезеңі болып есептеледі. Аяқ
саннан бастап қимылдайды да, оған сирақ пен табан қосылады. 
Жалпы аяқтың төмен қарай серпілуі сабалау іспеттес, алдымен 
сан, сирақ қозғалады да, серпіп табанмен аяқталады. Сан 
қимылы жоғарыдан төмен қарай бастайды(36

сурет, 1

көрініс)
Сурет
36. 
Кроль әдісімен етпеттеп жүзгенде екі аяқтың қимылдау 
тәсілі
Аяқ жайлап тізеден бүгіледі, табан су бетіне шығады да, 
санның соңынан төмен түсе бастайды, табанның
ішкі жағы суды 
тірейді. Ең негізгі қимыл суды табанмен тебу (36

сурет, 2,3

көріністер), тепкенде аяқ тізе буынын жазады. Бұл кезде табан 
мен сирақ тез төмен кетеді де, қимыл бағытын өзгертіп, доғары 
көтеріледі (36

сурет, 3
-
көрініс). Тізе буыны жазылып, аяқпен 
суды теуіп қалады.
Қ
и м ы л д а р д ы ң ж а л п ы ү й л е с і м д і л і г і. Бұл

жүзушінің күшті үнемдей отырып, шапшаңдықпен үздіксіз алға 
қарай жылжуы. Қолдың қимылдары

үйлесімділіктің негізі. Оған 
басқа қимылдардың бәрі бағынышты.
37 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет