Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


КРОЛЬ ӘДІСІМЕН ШАЛҚАЛАП ЖҮЗУ ТЕХНИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

КРОЛЬ ӘДІСІМЕН ШАЛҚАЛАП ЖҮЗУ ТЕХНИКАСЫ
 
Олимпиада ойындарының бағдарламасында кроль әдісімен 
шалқалап жүзу әйелдер мен ерлер 100 және 200 м қашықтық 
белгілегенде және бұл әдіс алмасып жүзудің тір кезеңі кешенді 
жүзу дистанциясында қолданылады.
Кроль әдісімен шалқалап жүзгенде спортшы екі қолды 
кезектестіріп есіп, екі аяғын кезекпе

кезек жоғары және төмен 
қимылдатады. Бұл әдіспен жүзудің техникасы жөніндегі жалпы 
түсінік 38

суретте көрсетілген.
Сурет
38. 
Кроль әдісімен шалқалап жүзу тәсілі
Жүзу кезіндегі дене пошымы. 
Жүзушінің денесі суда 
сүйірленіп ұзыннан жатады. Иық жамбастан сәл жоғары, ал жамбас 
пен сан су бетіне таяу. Дененің шабуыл бұрышы 6
- 8º- 
тан аспайды.
Жүзу кезінде спортшының иығы ырғақпен оңға және солға 
бұрылып отырады, себебі екі қол ескенде иық көмектесіп, қолды 
әлдендіріп, суға
терең батыруға және су қарсылығын болдырмау 
үшін қолдың су үстімен өтуіне ықпал етеді. Дененің жүзу кезіндегі 
бұрылу бұрышы не бары 25

35º, ол басқа әдіспен жүзгендегіден 
анағұрлым аз.
41 


Жүзгенде бас бір қалыпта болады, мойын түзу, бұлшық 
еттер босаңсиды.
Бас алғашқы қарсы толқын үстінде жатуға тиіс. 
Жүзушінің беті жоғары, сәл артқа қарайды. Су құлақ тұсында 
болады. Бастың жүзушіге ыңғайлы жатуы дененің дұрыс қалыпта 
болуына, өндіріп есуге өте қажет.
Қол қимылдары және тыныс алу. 
Шалқалап жүзгенде қол 
қимылдарына аяқ қимылдары мен тыныс алу сәйкес келуге тиіс. 
Егер спортшы орындықта шалқасынан жатып, екі қолымен есу 
қимылдарын жасаса, қолдың есу жолдары қисық сызық сызып 
отырады (39

сурет).
Сурет
39. 
Бір қолдың қимылдау техникасын кезеңдерге бөліп қарайық. 
Суды қармау кезеңінде 
қол алақанның қырымен үздіксіз алға

төмен және сәл сыртқа қарай жылжиды. Иық суды тереңірек 
қамтуға көмектесіп, қолмен бірге бұрылады, екінші жақтағы иық су 
бетіне көтеріледі, спортшының басы сол қалпында қалады
бұрылмайды.
Суды қармау кезеңі бітерде қол арқа тұсынан төмен түседі. 
Қармау тереңдігі 25

30 см

ге жетеді, ал кейбір спортшыларда 40 
см болады. Суды терең қармау үшін иық буындары иілгіш болуы 
қажет.
Есудің негізгі бөлімі 
суды тарту және артқа ысыру болып, екі 
шағын кезеңге бөлінеді.
Қар
иіліп және сәл ішке қарай айналуына байланысты қол 
басының бағыты өзгерер сәтте қол с у д ы т а р т а бастайды. 
Қолдың басы енді артқа

жоғарыға қарай қимылдайды. Қолдың 
басы мен қар суды тіреу үшін алдыңғы жақтан орын алады. 
Жүзуші жедел түрде жауырынын жазып, сол арқылы сүйеніш 
табуға ұмтылғандай әсер қалдырады.
42 


Есудің басында қолдың басының қимылы шынтақты қуып 
жеткісі келгендей қимыл жасайды. Кроль әдісімен етпеттеп 
жүзгендей, жүзуші шынтақты төмен, сыртқа қарай жазады.
Суды тарту кезінде қол шынтақтан бүгіледі, сондықтан суға 
алақанымен, қарымен таянады. Суды тарту аяқталғанда 
шынтақтың бүгілуі ұлғайып, 90

100º жетеді, қолдың басы мен 
қардың суға тірейтін бөліктері алдыңғы жаққа қарайды. Бұл 
мезгілде кеуденің қисаяы ұлғайып болады да, кеуде енді екінші 
жаққа қарай қисаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет