Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


БРАСС ӘДІСІМЕН ЖҮЗУ ТЕХНИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

БРАСС ӘДІСІМЕН ЖҮЗУ ТЕХНИКАСЫ
 
 
Қазіргі
кезде Олимпиадаларда ерлер мен әйелдерге осы 
әдіспен жүзуге 100 және 200 метрлік қашықтық тағайындалады. 
Алмасып құрама жүзудің бір кезеңін және кешенді жүзудің 
дистанциясын брасс әдісімен жүзеді. Бұл әдістің маңызы іс жүзінде 
өте зор. Брасс әдісімен киіммен де ұзақ жүзе аласың, су қатты 
толқынданып жатқанда, әр түрлі заттарды алып судан (қолда ұстап 
не итеріп) өтуге болады. Бұл әдіспен жүзгенде дұрыс нысана 
белгілеу оңай
.
Жарыс ережелерінде брасс әдісімен жүзуге қатал тәртіп 
белгіленеді. Олар мыналар: 1) брасспен жүзгенде жүзуші етпеттеп 
жатады, жауырыны судың бетімен бір деңгейде; 2) екі қол бір 
мезгілде бірдей қимылдайды; 3) екі аяқ бір мезгілде бірдей қимыл 
жасайды. Аяқпен, ескенде екі табан екі жаққа айналуы және доға 
сызып қимылдауға тиіс; 4) дистанцияны жүзіп өтіп бара жатқанда 
басты суға толық батыруға тыйым салынады, тек жүзуді бастау 
кезінде және бағытты өзгертіп бұрылған шақта ғана бұған рұқсат. 
Аяқ қимылдары. 
Брасс әдісімен жүзгенде негізгі рөл 
атқаратын аяқ қимылдары. Жүзу тәсілінің қазіргі түрлерінде қол 
қимылдарының да маңызы зор. Қол мен аяқ қимылдары 
– 
алға 
жылжудың негізгі себепшілері. Брасс әдісімен жүзгенде аяқ 
қимылдары кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгеннен гөрі 
айрықша. Бұдан бұрын талданған жүзу әдістері мен дельфин 
әдісінде аяқ қимылдары толқынданып, дельфин құйрығының 
қимылдарына ұқсас келетін еді, ал брасс әдісінде табан мен 
жіліншік суды қатты ысырып отырады.
Аяқ қимылдарының кезеңдері: 
суды кейін ысыру – 
аяқ 
қимылының жұмыс кезеңі. Ысыру басталарда жамбас
-
сан 
буындарының бүгілу бұрышы 115
-140

болып, жіліншік су бетіне 
тіке келеді, тізенің бүгілу бұрышы 35
-45

жетеді.
43 


Суды кейін ысыру кезінде табан доға сызып, сырт жаққа, 
артқа қарай
(42-
сурет, 2
-
3 көріністер), содан соң артқа
-
ішке қарай 
(42-
сурет 4
-
5 көріністер), екі аяқ кілт созылып, бірігеді. Бұл қимыл 
көп күш жұмсалып тез орындалады. Ысыру кезінде спортшы 
санын жоғары су бетіне бағыттап, табанын тереңге жібермей артқа 
сілтейді.
Суды ысыру біткен соң сан, жіліншік, табан сол бойда 
босаңсып, су бетіне жақындайды. Екі аяқ қысқа үзілісте созылып, 
суға кедергі жасамай сүйірленеді (42
-
сурет, 6
-
көрініс).
Суды өзіне тарту – 
аяқпен қимылдауға әзірлік жасайтын 
кезең. Бұл кезең аяқты баяу түрде тізеден бүгуден басталады. 
Жіліншік пен табан босаңсып су бетіне жақындайды, сан 
сүйірленіп өте төмендейді (42
-
сурет,7
-
көрініс). Тарту аяқтала бере 
сан, жіліншік, жамбас буындары барынша бүгіледі (42
-
сурет, 1
-8 
көріністер).
Суды өзіне тарту баяу, бірыңғай қимылмен, ал табан сыртқа 
айналардағы қимыл тез орындалады (42
-
сурет, 1
-
көрініс). Табан 
қас қағымда сырқа айналып, жүзуші суды тез сырғыта бастайды.
Қол қимылдары. 
Брасс әдісімен жүзгенде қол және аяқ тең 
мөлшерде қозғаушы күш болады. Бірақ қол басқа қимылдарды 
жалпы үйлестіріп, шапшаңдық пен ырғақ беріп отырады, сондай
-
ақ 
қол қимылдары тыныс алумен тығыз байланысты. Қол қимылдары 
брасспен жүзгенде шапшаңдықта бірден
-
бір ықпал етеді. 
Егер спортшы құрғақта тұрып брасс әдісімен жүзгендегідей 
қимыл
жасаса,
онда екі қолдың сызатын сызығы 43
-
суретте 
көрсетілгендей болады. Есу кезінде жүзуші қолының қимылдары 
өте тез үздіксіз суды тіреп отырады.
Сурет
43. 
44 


Брасс әдісімен жүзгенде екі қолдың есуге еліктеу 
қимылдарының
жолы.
Қол
қимылдарының кезеңдері мыналар: суды қармау баяу 
түрде орындалады (41
-
суреттің 1және 2 
– 
көріністері). Жүзуші 
екі қолын алға және шетке таман сермейді. Қолдың басы (екі 
қолдың да) 10
-
15 см тереңдікте қозғалады және алақан төмен
сәл шет жаққа қарайды. Жүзуші екі алақанымен суды басып, 
қолдың
басын білезіктен ақырын бүгеді. Шынтақ сырт жаққа 
қарайды.
Есудің негізгі бөлігі 
шынтақты шапшаң бүгіп, артқа қарай 
қос қолдап есуден басталады. Қолдар су ішімен дөңгелек сызып, 
әуелі шетке, сонан соң ішке қарай қимылдайды, шынтақ жоғары 
қалпында ұсталады (41
-
сурет, 3
-
көрініс).
Екі қолды алға созу 
қимылдың
әзірлік кезеңі (41
-
сурет,6
-
10-
көріністер). Екі қолды алға соза бастау, олардың бірыңғай тез 
ішке
-
алға қарай қозғалуы есу біткен кезде орындалады. Бұл 
мезгілде екі қолдың алақаны бір
-
біріне сәл бұрылады. Екі қол да 
бұдан кейін баяу қимылдайды, алақандарын төмен қаратып
біріне
-
бірі өте жақындайды. Екі қол созылып болған соң 
олардың буындары жазылып (41
-
суреттің 10
-
көрінісі), суды 
келесі қармау басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет