Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

Қимылдардың толық айналымы-
оң және сол қолды 
алмастырып, есуден және аяқпен бірнеше рет сермеуден тұрады.
Сермеу саны екі, төрт және алты рет болып келеді. Бұл жазу 
түрлерінің бәрі де қысқа, орташа және алыс аралықтарда 
табыспен қолданылады. Олардың қол

аяғы ұзын, буындары 
иілгіш келеді. Екі және төрт рет сермеу орта бойлы жүзушілерге 
келіседі, себебі олардың денесі суда тең салмақпен ұсталады.
Мысалыға, аяқ төрт рет сермелетін кроль әдісімен жүзуді 
алып талдайық. 37

суретте кроль әдісімен жүзгендегі 
қимылдардың үйлесімділігі, спортшының жүзгендегі пошымы 
бейнеленген. Мұнда айналымдардың жалпыланған кезеңдері, 
қол қимылдарының кезең құрамы, дененің қисаю көлемі 
(градуспен), табанның жоғары көтеріліп, төмен түсуі 
көрсетілген. Қимылдардың толық айналымы екі жарты 
айналымға бөлінген (қолмен есу санына байланысты). Әрбір 
жарты айналымда алдын ала, негізгі және қортынды
қимыл 
кезеңдері өтеді.
Айналымның алдын ала кезеңі 
қолмен есу аяқталғанда 
басталады. Бұл кезең мына көріністерден тұрады: осы оң қолды 
судан шығару және оны ауада сілтеудің алғашқы мезеттері, 
екінші қолмен есудің басталуы (суды қармау кезеңі бітісімен),
табанмен теуіп аяқтау (қимылдың бірінші жарты айналымы 
үшін 37

суретте сол аяқтың табаны) және екінші аяқты сермеу, 
тыныс алу.
Ең ұтымды қимыл техникасын игеру үшін спортшының 
бұл кезеңдегі міндеті қандай болу керек? Қимылдарды
үйлестіру бойынша: а) аяқпен негізгі сермеу аяқталып, қолдың 
басы судан шыға бастайды, сол бойда екінші аяқпен де сермеу 
аяқталып, екінші қол есуді бастайды; ә) есудегі қол судан 
шыққан екінші қолмен салыстырғанда негізгі саналады; б) 
тыныс алумен орындалатын жарты айналымда жігерлі түрде 
тыныс алу.
Қол
қимылдарының техникасы бойынша: а) есудегі 
қолмен жігерлі түрде суды тарту кезеңін бастау, есудегі қолдан 
жедел түрде күшті кеудеге ауыстыруды қамтамасыз ету; ә) 
екінші қолды судан шығару үшін сол жақ жауырынның күші өте 
38 


қажет, шынтақ жоғары шығып, қолдың басы мен толық қар 
босаңсиды.
Кеуде мен бас қимылдарының техникасы бойынша: а) 
есетін қол жаққа қарай кеудені ептеп қисайту, кеудені дененің 
ұзына бойымен бір деңгейде ұстау; ә) тыныс алудың жарты 
айналымында дененің қисаюымен қатар басты бұру, ауыз судан 
шығады, тыныс алу біткенше оның қалыбы өзгермейді.
Аяқ қимылдарының техникасы бойынша: а)есуді бітірген 
қол
жақтағы аяқпен суды төмен қарай жігерлі түрде сермеу 
жамбасты бір қалыпта жоғары, сүйір ұстауға көмектесуге тиіс.
Айналымның негізгі кезеңі 
– 
есудегі қолдың тез жазылып, 
көп күш жұмсауы. Бір қолдың есу қимылының ырғағымен 
екінші қол ауаны сызып барып суға енеді. Аталған 
қимылдардененің есудегі қол жаққа айналуының бітіп, екінші 
жаққа айналуымен қатар аяқ қимылдарымен де үйлесімді 
болуына жеткізеді.
Қимылдардың
ұтымды техникасын игеру үшін спортшы 
қимылдарды үйлестіру бойынша: а) қолмен есудің негізгі 
бөлімін екінші қолдың су бетімен барып суға енуімен бірырғақта 
орындайды; ә) сонымен қатар дененің ұзына бойымен 
салыстырғанда
айналу бағыты өзгергенде аяқпен суды қатты 
тебуді бастайды, қолмен суды ысыру аяқпен төмен қарай 
сермеумен қатар орындалады; б) жоғарыдағы қимылдарды 
орындағанда тынысты тоқтатып, болмаса ауаны іштен жайлап 
шығару қажет.
Қол
қимылдарының техникасы бойынша: а) есудегі 
қолмен үздіксіз тез қимылдау нәтижесінде суды тиімді тиянақ 
етіп ақырын ішке

арт жаққа

сыртқа

сәл жоғары қисық 
сызықпен қимыл жасайды; ә) есу кезіндегі шынтақты жайымен 
аздап бүгіп және жазып, қолды барынша қатайтып, есудің 
басында қолды шетке қарай созады; 
Аяқ қимылдарының техникасы бойынша: а) есетін қол 
жағындағы аяқты жайлап жоғары көтеруді аяқтап, санның 
қимыл бағытын тез өзгертіп, негізгі кезеңнің екінші жартысында 
аяқпен төмен қарай серпи тебеді; ә) екінші аяқты тізеніжазып, 
жамбасты су бетіне бағыттап жоғары көтеруге әзірлеу
39 


Айналымның қортынды кезеңі 
есудегі қолдың иығын 
шапшаң түрде жазу арқылы басталады. Спортшы бір қолымен 
есуді аяқтаған кезде, екінші қолды алға сілтеп, денені ыңғайлы 
жолмен алға ұмтылдырып, арқа мен төс бұлшық еттерін созып, 
келесі есуге пайдаланады. Бұл мезгілде аяқпен төмен бір рет 
сермеледі, жарты айналымда тыныс алып және дем 
шығарылады. Осы айналым кезеңі есудің аяқталуымен бітеді.
Айналымның осы кезеңінде спортшының міндеттері: 
қимылдарды
үйлестіру бойынша: а) бір қолымен құлшына есу 
аяқтала бере екінші қолмен есуді бастау; ә) аяқ өз жағындағы 
қол есуді аяқтай бергенде төмен серпіп қалады.
Қол
қимылдарының техникасы бойынша: а) қолдың басын 
артқа

жоғары

сәл сыртқа қарай сырғытып жігермен есуді 
аяқтау, алақанды жайлап ішке қарай бұрып, шынтақты кеуденің 
жанынан алыстатпау; ә) қолдың буындарын қатайтып, 
шынтақты жоғары ұстап, екінші қолмен суды қармау.
Кеуде мен бас қимылдарының техникасы бойынша: а) 
денені сүйірлендіріп, арқа және мойын бұлшық еттерін 
босаңсытып, басты дененің ұзына бойы деңгейінде ұстау; ә) 
жарты айналым кезінде тыныс алумен бір мезгілде бетті сыртқа 
қарата жайлап бүгу.
Аяқ қимылдарының техникасы бойынша: а) санды су 
бетіне шығарып, жамбасты қатайтып ұстап, есуді аяқтаған қол 
жағындағы
аяқты төмен қарай қатты сермеп, күшті аяқтан 
кеудеге жұмсау; ә) негізгі сермеу біткен бойда, келесі аяқтың 
басымен сермеп, соның арқасында денені сүйірлендіріп, жоғары 
ұстау мүмкіндігі туады.
Кроль әдісімен жүзгендегі аяқпен екі және алты рет 
сермеу түрлерінің қимылдарын өзара үйлестірудің кейбір 
ерекшеліктері бар.
Аяқпен екі рет сермелетін крольда алты рет сермелетін 
крольмен салыстырғанда, қолмен суды қармау кезеңі қысқа 
болып, қол қимылдары шапшаң орындалады.
40 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет