Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


ЖҮЗУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

ЖҮЗУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНУ
 
 
Судың ішінде адамның өзін еркін ұстап, бірден жүзіп кетуі 
оңай іс емес. Мұндай шеберлікке жету үшін алдымен жүзудің 
кейбір жеңілдетілген түрлерін үйреніп алу керек. Жүзудің 
жеңілдетілген түрлері мынадай үлгі бойынша өткізіледі:
1.
Сабақтың тақырыбы бойынша өтетін жүзу түрін және 
оның тәсілін орындау жолдарын көрсету.
2.
Жүзу түрінің және оның тәсілінің теориялық негізін 
түсіндіру.
3.
Жүзудің жеңілдетілген әдісімен жүзіп көру.
4.
Жүзу кезіндегі қол
-
аяқ қимылдарын құрғақта орындау 
және су ішінде қайталау.
5.
Жүзу тәсілдерін және оның элементтерін әрі қарай 
жетілдіре түсу.
Жаттығу әдісі қандай болса да, жеңілден ауырға, оңайдан 
күрделіге көшу бойынша жүргізіледі. Жүзудің жеңілдетілген 
тәсілдері де осыған ұқсас. Жаттықтырушы өз шәкірттеріне 
алдымен оңай әрі қарапайым орындалатын тәсілдерді үйретеді. 
Әр жаттығудың алдына қойылған өз мақсаты болуы керек. Сол 
мақсат орындалмай, келесі жаттығуға көшуге болмайды. Жүзу 



тәсілін дұрыс меңгеру үшін су айдынында қосымша құрал
-
жабдық пайдаланылады. Олар: қалтқы тақтай, резина баллон 
және басқалар. Жүзуші жаттығудың жай
-
жапсарын түсінген соң 
оны орындау үшін осы құралдарды пайдаланылады. 
Бірінші түрі. 
Бұл түрде үйлесімдер құрылымының негізі 
екі аяқтың кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап 
жүзгендегідей қимылынан және су астындағы екі қолдың бірдей
қимылдауынан құралады. 
Бірінші үйлесім
– 
етпеттеп крольмен жүзгендегідей екі 
аяқты қимылдатып, екі қолды буыннан бүкпей есіп, жамбасқа 
дейін апару керек.
Сурет 1. 
Екі қолдың бастапқы қалпы алға қарай созылулы, 
алақандар төмен қаратылып иықтың деңгейінде ұсталады, бет 
суға малынулы, иек кеудеге тіреліп, екі аяқ созылулы болады. 
Сәл сырғығаннан кейін етпеттеп кроль әдісімен жүзгендегідей 
екі аяқты кезектестіріп, үздіксіз қозғалта бастайды. Сонан соң 
екі қолды бүкпей, бір мезгілде жамбасқа қарай төмен, артқа қос 
қолдап еседі. Қол денеге тік келгенде, су астында дем
шығару 
аяқталады да, бас су бетіне көтеріле бастайды. Есу аяқтала 
бергенде, бас су бетіне көтеріліп, ауызды кең ашып, терең дем 
алынады. Бұдан соң бас қайтадан суға еніп, ауыздан дем шығару 
басталады, екі қол шынтақтан бүгіліп, саусақтар созылып, кеуде 
тұсына апарылады да, бастапқы қалыпқа түседі. Жүзу 
қимылдары қайталанады. 
Екінші үйлесім – 
крольмен етпеттеп жүзгендегідей екі 
аяқтың қимылымен бір мезгілде жамбасқа дейін қос қолдап 



сырттан санға
қарата еседі (2сурет). Бастапқы қалып дәл 
бірінші үйлесімдегідей. Біраз жылжығаннан кейін екі аяқты 
қимылға келтіреді де, екі қолды тік ұстап, сырттан санға қарата 
есуге кіріседі. Қол иық буынының тұсынан аса бергенде, дем 
шығару үдеп барып аяқталады да, бас су бетіне көтеріле 
бастайды. Есу қимылдары аяқталғанда бас көтеріліп терең 
тыныс алынады, сонан соң бас суға қайтадан енеді де дем 
шығарылады. Екі қол да шынтақ буынынан бүгіліп, саусақтар 
кеуденің астымен тез алға қарай созылыды да бастапқы қалыпқа 
қайта түседі
(3-
сурет).
Сурет 2.
Сурет 3.
 
Үшінші үйлесім – 
екі аяқ крольмен шалқалап 
жүзгендегідей қимыл жасайды, екі қол тіке ұсталып, бір мезгілде 
сырттан санға қарата еседі (4 сурет). Бастапқы қалып 
– 
шалқалап 
жатып, екі қолды екі қапталға қысып, екі аяқты созып, басты 
судың бетінде ұстайды. Сонан соң су астында екі қолды 
шынтақтап бүгіп, екі алақан сыртқа қаратыла, желкеден асырыла 
созылады да, демді ішке тартады. Осыдан соң қолды тіке ұстап, 
есуді жылдамдатып, дем шығарылады. Аяқтың қимылын 
тоқтатпастан, жүзуші бастапқы қалыпқа оралып, айналымды 
қайта бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет