Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х


ЖҮЗУДІ ҮЙРЕТУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

ЖҮЗУДІ ҮЙРЕТУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
 
Жүзуді үйрету ісі екі кезеңнен тұрады. 
Алғашқы кезең – 
судан сескенбейтін болу, судың қасиеттерін білу, кейбір оңай жүзу 
тәсілдерін үйрену. Осы кезеңде әр түрлі жаттығулар орындалады: 
су түбінде жылжу, суға сүңгіп үйрену, судан қалқып шығу және су 
бетімен 
Екінші кезең – 
жүзудің спорттық әдістерін үйрену. Крольмен 
етпеттеп және шалқалап жүзу, дельфин және брасс әдістері, онан 
басқа суда әр түрлі ойын ұйымдастырып, тамашалау. Бұл ойындар 
бірінші кезеңдерде орындалатындары. Жүзу әдістері мен
тәсілдерін 
тез үйрену үшін төмендегідей жаттығуларды меңгеру керек.
Алғашқы жаттығу.
Суда жүзу судың ішінде жүруден 
басталады. Мұндай жағдайда таяққа сүйеніп немесе бір
-
бірінің 
қолынан ұстап жүреді. Үйренгеннен кейін жеке дара жүзуге, оны 
ойын арқылы қызықты
қылып өткізуге болады, доппен және басқа 
да суға батпайтын заттармен әр түрлі ойын ұйымдастырған жөн
(15-
сурет).
17 


Сурет 15.
Ойынды мұғалімнің сырттай қадағалап, бақылауы керек, 
балалар суда жақсы жүзсе, көңілді болса, суда өзін жақсы 
сезінсе, онда суға сүңгудің әдістерін үйретуге кірісуге болады. 
Екі бала екі қолымен ұстасқан күйі біріне
-
бірі қарама
-
қарсы 
тұрып, бастары судан көрініп тұрғандай күйде тізелерін бүгіп 
еңкейеді. Содан соң терең дем тартады да, бастарын суға 
батырады. Қайсысы дем шығармай су астында ұзағырақ тұрады 
екен, соны анықтайды (16 сурет).
 
Келесі жаттығу – 
суға сүңгіп шығу әдісі. Оны орындамай 
тұрып, балаларға табандарымен су астындағы жерді тебініп қалып 
су бетіне шыға алатынын ескерту керек. Әйтпесе балалар қорқып 
кетуі мүмкін, соған балалар дайын болып, яғни тынысын тоқтатып, 
су астында жүрелей (көппен бірге) отыру керек. Бұл жаттығу да 
алдындағыдай орындалады, тек тынысын тоқтатып, дем алу қажет
(17-
сурет).
18 


Сурет
17. 
 
Одан арғы жаттығудың мақсаты – 
су бетінде жай қалқып 
жатуға дағдылану. Су бетіне қалқып шыққаннан кейін, екі қолды 
бастан асыра созады. Осы күйде суда ұзынынан жатқан қалыпта 
аяқ
-
қолды созып, денені су бетінде мүмкіндігінше ұзағырақ, тыныс 
алмай ұстау
керек (18сурет). 
Сурет
18. 
Осы жаттығуды меңгергеннен кейін 
келесі жаттығуға 
көшуге болады, ол 
– 
суда шалқасынан жату. Алдыңғы 
жаттығуды орындағаннан кейін, етпетінен жатқан қалыптан 
арқасына аударылуға машықтанады (19 сурет).
19 


Сурет 19.
Шалқасынан жатқанда адам денесін міндетті түрде созып 
ұстауы
керек, әйтпесе жамбас
-
сан буынында бүгілген кезде адам 
суға батып кетеді (20 сурет). Бұл жаттығуды меңгерген соң, 
суда етпеттеп және шалқалап жылжуды үйренуге кірісу керек.
Сурет 20.
Суда белуарынан тік тұрып, бетін жағаға қаратып, қолын 
басынан жоғары ұстап, екі табанымен тебініп қалып судың 
түбінен көтеріледі. Бұл кезде дене созылады, сонан соң созылған 
бойда бетті суға батырып, демді ішке тартып, етпеттей жатады. 
Жылжу әдісін одан әрі дамыту үшін судың түбін тебінгендегі 
көтерілу күшіне, тыныс алмау ұзақтығына және дененің су 
бетінде көлбей қалқып тұруына көңіл аудару керек (21
-
сурет).
20 


Сурет
21. 
Шалқалап жүзу әдісі әуелі кеудені суға төсеп, етпеттен 
жылжып,онан соң арқасына аударылу арқылы орындалады, 
аударылу тәсілін орындағанда және арқасымен
жылжығанда, 
денені созып ұстауды міндетті түрде есте сақтау керек (22
сурет).
Жүзуші суда шалқалап жатуды үйренгеннен кейін, 
шалқалап жылжу әдісіне көшкен жөн.Оны арқаны жағаға 
қаратып, бір қолды бастан асыра көтеріп, екінші қолды түсіріп 
жіберіп, денеге
қысыңқырай ұстап немесе екі қолды да екі жақ 
бүйірден денеге жабыстыра ұстап, су қоймасы түбінде түрегеліп 
тұрған қалыптан аяғының астындағы жерді тебініп қалу арқылы 
орындауға болады (23 сурет).
C
урет
22. 
21 


Сурет 23.
Онан ары суда ұзақ дем шығарумен қатар
етпеттеп жүзуді 
үйренеді.Бұл әдісті үйрену үшін екі аяқты алшақ қойып, қолмен 
тізеден тірей еңкейіп, уақытты суда өткізу.Бұл кезде кеуде суда, 
ал иек судың бетімен бірдей деңгейде тұрады.
Жүзуші ауызды кеңірек ашып тыныс алады, ал дем 
шығару кезінде ернін қысып созады. Тыныс алудың реті: 1 
дегенде 
– 
тыныс алу және 2, 3, 4, 5, 6 дегенде 
– 
дем шығару (24
сурет).
Бұл жаттығуларды меңгерген соң аяқ пен қолдың жұмыс 
істеу тәсілдерін және қолмен есу қозғалысын
меңгеруге кіріседі.
Сурет
24. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет