Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата07.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#156890
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Жүзу оқу құрал

СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ТЕХНИКАСЫ
 
Спорттық жүзу техникасы

жарысқа қатынасқанда ең 
жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін ұтымды қимылдар. 
Бұл ұғымға қимылдың нысаны, сипаты, олардың өзара 
байланыстары кіреді. Денеге әсер ететін ішкі және сыртқы 
күштерді пайдалану үшін жүзушіге шеберлік пен сенім керек. 
Сонда ғана жүзуші табысқа жетеді.
Жүзу тәсілі үздіксіз дамып отырады. Әрбір тәсілдің 
ұтымды
түрлері болады. Жаттықтырушы шәкіртіне тәсілдің 
түрін таңдағанда оның дайындық дәрежесі, жүзу тәсілдерін 
30 


меңгеру барысы, дене құрылысының өзгешеліктері, аяқ
-
қол 
буындарының иілгіштігі, күшінің дамуы қандай екенін т.б. жан

жақты байқағаны жөн. Бұл жұмыста жаттықтырушы және 
жүзушіге жүзу қимылдарын меңгеруде үлкен көмек көрсететін 
жағдай

жүзудің негізгі биомеханикалық заңдарын білу.
Жүзу техникасына қойылатын жалпы талаптар 
Жүзу техникасының биомеханикалық талдауы, бапкерлер 
мен аса шебер спортшылардың осы техника жөніндегі 
жұмыстарының тәжірибесін қорыту жүзу техникасына 
қойылатын талаптарды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл 
талаптарды орындау ұтымды техниканы қамтамасыз етеді. Бұл 
талаптар ең алдымен дененің судағы қалыбына, қозғалтқыш 
күштердің қуат алар негізі болып табылатын екі қолдың есу 
қимылдарына, барша қимылдарды өзара үйлестіруге қатысты. 
Жүзуші денесінің судағы қалпы. 
Сайыс шапшаңдығымен 
жүзгенде, спортшының денесі суда үшкір (сүйір) қалыпта, тепе
-
тең өте ыңғайлы шабуыл бұрышындағы жағдайда болуы керек. 
Маманданған спортшы технткасында дененің шабуыл 
бұрышы мейлінше аз болады (3
-5
0)

Жаңа үйреніп жүрген 
жүзушілер техникасында дененің шабуыл бұрышы әдетте одан 
көп (8
-10
0
), сол себепті оның су бетімен жылжуына, әзірлік 
қимылдарды қиналмай орындауына, дұрыс тыныс алуына 
мүмкіндігі болады.
Жүзуші денесінің судағы жалпы қалпына,
оның басы мен 
жамбасының қалай орналасуының едәуір әсері бар. Бір бағытта 
жүзіп өту кезінде бас үнемі дерлік дененің ұзына бойымен бір 
деңгейде ұсталады, мойын буындары босап, жүзуші етпеттеп 
жүзгенде алға қарайды да, ал шалқалап жүзгенде жоғары және 
кейінгі жаққа қарайды. Шалқалап жүзу әдісінен басқаларында 
бас жалпы жүзу қимылдарына қатысып, көмектесіп отырады. 
Қолдың қимылы мен тыныс алу ырғағы бастың қимылдарымен 
сәйкес келуге тиіс. Жүзушінің жамбасы жүзу айналымының 
өнбойында көбіне судың бетіне жақын
жатады.
Кроль 
әдісімен етпеттеп және дельфин әдісімен жүзгенде жамбас суға 
терең батса, аяқпен суды есу қимылдары қиынға соғады, аяқтың 
тізеден төменгі бөлігі ғана судағы қимылдарын орындай алады. 
31 


Сондықтан бұл әдістермен жүзгенде жамбастың судың бетіне 
қалқығаны ұтымды.
Жүзушінің денесі тығыз, кесек болуға тиіс, сонда ғана 
аяқпен және қолмен есу қимылдары күштерін тек денені алға 
ұтымды бағыттап, басқа мүшенің қимылдарына күш 
жұмсалмайды.
Кеуденің басқа бұлшық еттері, ең алдымен, арқа 
бұлшық еттері күш жұмсамай, босаң күйде қалуы тиіс.
Кеуденің қуатты бұлшық еттері жүзушіні бірден
-
бір алға 
жылжытқыш күш болып саналады. Бұл бұлшық еттер денені, бір 
жағынан, сүйір, тепе

тең ұстауға кепіл болса, екінші жағынан, 
аяқ

қол қимылдарына тікелей әсер етеді.
Егер жүзуді жаңа үйреніп жүрген жастарға денені бір 
қалыпта ұстау өте қажет деп есептесек, ал жоғары дәрежелі 
спортшылардың денесі түгел есу қимылдарына көмекші болуға 
тиіс. Кроль әдісімен етпеттей және шалқалап жүзгенде, дене 
оңға және солға ырғақпен бұрылады (орта есеппен 30
-
35º). Екі 
жаққа осылайша жантаю қолдың есу қимылдарын үдетіп, судан 
шығарып, ең қолайлы траектория сызып, қайта суға енгізуге 
көмегін тигізеді. Кроль әдісімен етпеттеп жүзгенде денені бұру 
мен дем алу мойын бұлшық еттеріне аз күш жұмсалады
және 
бұл кезде бас денемен бірге ұсталады. Дененің екі жаққа 
кезекпе

кезек жантаю дәрежесі спортшының өзіндік тәсіл 
ерекшеліктеріне және жүзу қарқынына байланысты. Қолмен есу 
қарқыны үдеген сайын дененің жантаюы азаяды.
Брасс және дельфин әдістерімен жүзгенде, спортшы 
денесінің жоғарғы бөлігі толқын тәріздес траекториямен 
(жоғары

төмен) өрши қимылдайды. Мұндай көмекші қимылдар 
қол

аяқтың қимылын және тыныс алуды оңайлатуға көмегін 
тигізеді.
Жүзу кезіндегі қол қимылдары. 
Спорттық әдістермен 
жүзгенде қол
қимылдары алға жылжытатын ең басты күш. 
Қолдың ең басты атқаратын жұмысы

есу арқылы денені суға 
батырмайтын таяныш қызметі. Есу барысында қол үздіксіз өте 
шапшаң, ыңғайлы қисық траектория сызып, жүзушінің бағыты 
дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
Қол
есу арқылы үнемі алға қарай құлаштап отырады. Суға 
түсісімен және жүзудің бастапқы кезінде саусақтардың ұшымен 
32 


суды қақ жарып отыруға бейім тұру керек. Крольмен етпеттеп, 
дельфинмен шалқалап қолмен ескен мезетте алақан жағы төмен, 
жамбас тұсқа бағытталуы қажет. Осы әдістермен жүзгенде 
қолдың судан шығуы шынашақтан басталады.
Қол
есуді шынтақ буындарын бүкпей, тіке ұстап бастайды. 
Есудің негізгі бөлігінде шынтақ буындары мейлінше бүгіліп 
және жазылып қимылдайды. Шынтақтың ескендегі нақтылы 
бүгілу және жазылу мөлшерін кейінірек әңгімелейміз. Есте 
боларлық нәрсе; спорттық баптары төмен спортшылардың 
шынтақ 
буындары 
азырақ, 
ал 
жоғары 
класты 
жүзгіштергекөбірек бүгіледі.
Жүзудің барлық түрлерінде де жүзе бастаған уақытта 
шынтақ жоғары болуға тиіс. Мұндағы шарт: 1. Қолдың
саусақтарын шынтақтан гөрі тезірек қимылдату; 2. Шынтақ тек 
бір жағына ғана бағытталады; 3. Жүзушінің иығы мен қары
ішке 
қарай сәл ғана иіледі; 
4. Шынтақ буыны барынша қуатты болуы 
керек.
Есу тәсілінде шынтақты жоғары ұстау таяныш күшін 
кеудемен иыққа түсірмей, суға қолдың алақанымен және 
шынтақты нәтижелі бұрыш жасап бүгіп, қарымен суға таянуға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет