Дуйсенбекова М. Л «Тіл білімінің философиялық мәселелері» пәнінен


Лекция 14 Лекцияның тақырыбы



бет15/16
Дата08.11.2023
өлшемі277,5 Kb.
#190431
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
05 Лекция ТБФМ
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Лекция 14


Лекцияның тақырыбы: Жеке лингвистикалық пәндердің әдістері.
Жоспар:
1. Жеке лингвистикалық пәндердің әдістері.
Әдебиеттер:
1.Общее языкознание. Формы существования, функции и история языка. Под общей ред. 2.Серебренникова Б.А.
3.Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. М., 1990.
4.Рождественский Ю.В. Введение в общую филологию. – М., 1979.
5.Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики.
6.Степанов Ю.С. Основы общего языкознания.
Қосымша әдебиеттер
1.Деррида Ж. Конец книги и начало письма. – В кн.: Интенциональность и текстуальность. Томск, 1988.
2.Хайдеггер М. Работы и размышления разных лет. М., 1993
3.Гадамер Х.-Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. М., 1988; Рикер, П. Конфликт интерпретаций. − М., 1995.


Бодуэн де Куртенэ жас грамматикалық бағытпен тығыз байланыста болды, көп жағдайда олардың концепциясын жақтады. Солардың ізімен бұл да индивидуалдық психологизмді қолдады, ақиқат бар тіл - индивидумдар тілі, біртұтас ұлттық тілі деген тек қиялда ғана болатын жалған нәрсе, сондықтан зерттеудің негізгі объектісі индивидумдар тілі, индивидумдар психологиясы дейді. Солай дей тұра ол, екінші жағынан, тілде даралықпен бірге жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте. Индивидумдағы бар нәрсе, екінші жағынан, жалпынікі, жалпы адамдық болып табылады. Олай болатыны барлық индивидумдар психикасы біркелкі болады. Бұл біркелкілік - жалпылықтың, әлеуметтіктің негізі дегенді айтады. Сөйтіп, Бодуэн де Куртенэнің психологизмі индивидуалдық қана емес, әлеуметтік те психологизм болып шығады. Бұл - бүкіл Қазан лингвистикалық мектебіне тән тұжырым. Бұлардың көтерген тағы бір мәселесі - тілдің статикалық және динамикалық күйі деген мәселе. Жас грамматизм ізімен бұлар да тілдің динамикалық күйін, яғни тарихын зерттеудің бірінші орынға қоя отырып, екінші жағынан, тілдің статикалық күйін, яғни жүйесін зерттеуге де көңіл аударды. Тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, жүйесін айқындауда статикалық әдіс - таптырмайтын құрал дегенді айтты. Мектептің, оның көсемі Бодуэн де Куртенэнің бұл пікірі өзінен кейінгі де Соссюрдің статикалық және динамикалық лингвистикасы дегендерімен үндес келеді.
Қазан лингвистикалық мектебі, әсіресе Бодуэн фонема мәселесіне ерекше назар аударды. Оның бұл саладағы еңбегі кейініректе Прага структуралистерінің фонема жөніндегі зерттеулеріне күшті әсерін тигізді.
Қазан лингвистикалық мектебі құрамында Н.В.Крушевский, В.А.Богородицкий сияқты көрнекті тіл ғалымдары да болды. Кейінгі кезде бұл мектептің бағытын қолдап, оны ілгері дамыта түскен ғалымдар - Л.В.Щерба мен Е.Д.Поливанов. Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua — тіл) — әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Адамзаттың сөйлеу тілі – тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі – тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы.
Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды.
Лингвистика және тіл философиясы: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Лингвистикалық білімнің жалпы ғылыми және философиялық аспектілері. Тіл мен философияның байланысы. Тілдің мәні, таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің арақатынасы және т.б.мәселелердің зерттелуінің философиялық бағыт-бағдары, принциптері. Тіл философиясының зерттеу салалары: тіл, болмыс және ойлау. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі жаңа бағыттардың философиялық негіздері.
Тіл білімінін философиялық проблемалары: тілдің табиғаты мен мәні, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл жүйесі мен құрылымы, тілдің таңбалық сипаты, тілдік мағына, тілдің шығуы, эволюциясы мен тарихы, тіл философиясының пайда болуы мен дамуы т. б. Тіл туралы анықтамалардың онтологиялық және гносеологиялық аспектілері.
Антиномия ұғымы туралы Ф. де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы. Тіл білімі антиномиялары. Тіл және сөйлеу антиномиялары. Таңбаланушы (белгіленуші) және таңбалаушы (белгілеуші). Синтагма және ассоциациялар теориясы. Сөйлеу әрекеті антиномия ретінде.
Тіл, ойлау және тұрмыс. Тіл және қоғам. Мағына және мән. Сөз туралы философиялық рефлексия және оның лингвистикалық ілімдердің дамуына әсері. Уақыт диалектикасы және тіл. Тілді талдау әдістері: талаптарға жарамдылық, репрезентативтілік (сыпаттылық); әдістер қоспасы (синтезі); сандық және сапалық әдістер; интроспекция; контент-талдау, интент-талдау және басқалары. Жеке лингвистикалық пәндердің (әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика т.б.) әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет