Хим 125 ответ docx



Pdf көрінісі
бет1/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы


1.Құрылыс материалдары химиясы пəні
– қазіргі кезде құрылыс индустриясында
қолданылып жүрген байланыстырғыш заттар мен олардың негізінде алынатын
құрылыс материалдарның құрамын, құрылысын, қасиеттерін, оларды алу жолдарын
жəне алу кезінде жүретін химиялық құбылыстарды зерттейді.
"Құрылыс материалдары химиясы" базалық пəндер цикліндегі таңдау пəніне
жатады. Əр түрлі сипаттағы құрылыс материалдарының құрылымын қалыптастыру
процестеріндегі физикалық, коллоидты, жалпы, аналитикалық химия жəне силикаттар
химиясының негізгі бөлімдері мен химиялық қоспаларды қолдана отырып бетон
араласпасы мен бетонның қасиеттерін реттеу мəселелері оқытылады. Гидратация
процесінің кинетикасы мен механизмінің негіздері, байланыстырғыш заттар еру
процесінің кинетикасы, коррозия процесінің негізгі шарттары жəне əсер етуші
факторлар қарастырылады. Құрылыста технологиялық процестерді сауатты жəне
саналы түрде жүргізу жəне құрылыс материалдарын пайдалану дағдылары
қалыптастырылады.
Пəннің мақсаты - əр түрлі технологиялық процестер мен өндірістердің негізін
құрайтын химиялық заттар мен құрылыс материалдарының химиясын зерттеуде
қажетті химияның негізгі тұжырымдамаларын игеру.
Пəннің
міндеттері:Химия
бөлімдерінің
жалпы
теориялық
аспектілерін:
силикаттардың
физикалық,
коллоидтық,
аналитикалық,
физикалық химиясы,
органикалық жəне жоғары молекулалық қосылыстар химиясын оқып үйрену, оларды
білу өндірістегі химиялық процестердің мəнін анықтауға, құрылыс материалдарын
қолдануға, олардың пайдалану қасиеттерін арттыруға, ұзақтұрақтылығын арттыруға,
құрылымын, микроқұрылымын оңтайландыруға мүмкіндік береді, құрылыста
технологиялық процестерді сауатты жəне саналы түрде жүргізуге жəне құрылыс
материалдарын тиімді пайдаланауға мүмкіндік береді.
Пəн негізінен физикалық
химия, коллоидты химия негіздері, органикалық химия мəселелері мен химиялық
қоспаларды құрылыста қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
«Физикалық химия» терминін 1741 жылы М. Ламоносов енгізген, оның
тұжырымдауы бойынша физикалық химия «химиялық операциялар кезінде аралас
денелерде жүретін процестерді физиканың тəжірибелері мен ережелері негізінде
түсіндіретін ғылым».
М. Ламоносов шыны сияқты құрылыс материалының
технологиясы мен теориялық негіздеріне үлкен үлес қосты. Ол Ресейдегі шыны
жасаудың ғылыми негізін қалаушы болып табылады. Тек осыдан жүз жыл өткен соң,
1865 жылы Н.Н. Бекетов Харьков университетінде физикалық химияны оқыта бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет