Хим 125 ответ docx


 . Химиялық технологияның ғылыми жəне өндірістік міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
2 . Химиялық технологияның ғылыми жəне өндірістік міндеттері,,
Химиялық
технология физикалық жəне коллойдты химияның фундаментальды заңдылықтарына
сүйенеді, сондықтан құрылысшы-технолог құрылыс материалдары, бұйымдары мен
конструкцияларын өндіру кезінде жүретін жылулық, химиялық процестерге, фазалық
өзгерістерге химиялық кинетика мен термодинамиканың заңдылықтарын тиімді


қолдана білуі қажет. Физикалық химия технолгиялық процестерді жүргізудің оңтайлы,
энергетикалық ұтымды жағдайларын анықтауға, олардың нəтижелерін болжауға, ол
процестердің теориясын игеруге, процестерді басқаруға жəне жаңа құрылыс
материалдарын өндірудің келешегін анықтауға мүмкіндік береді.
Құрылыс
материалдарын өндіруде: механикалық, гидромеханикалық, жылу жəне массаалмасу,
химиялық жəне физика-химиялық процестер қолданылады жəне олар физика, химия,
механика, гидравлика, жылуалмасу, химиялық термодинамика жəне кинетика
заңдарымен анықталады. Құрылыс материалдары химиясының негізгі мақсаты –
құрылыс материалдарын өндіру кезіндегі химиялық, физика-химиялық процестер мен
реакцияларды жан-жақты талдау жəне оларды тиімді басқару тəсілдерін ұсыну болып
табылады. Құрылысшы-инженер-технолог химия ғылымының теориялық негіздеріне
сəйкес материалдардың құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін анықтайды,
процестердің материалдық жəне жылулық баланстарын есептейді, өнімнің шығымын
жəне жылуылғалды өңдеудің оңтайлы жағдайдарын таңдайды. Сондықтан химия
заңдылықтарын құрылыс материалдарын өндіру кезінде дұрыс қолдана білу,
инженер-технолог үшін процестерді басқару мен өндірілетін өнімнің қасиеттерін
алдын ала болжау жəне қалыптастыру мүмкіндігін береді.
3. Зат құрамының тұрақтылық заңы
4. Заттың қасиетіне əсер етуші факторлар-
,заттың қасиеті оның құрамына
тəуелді. Бұл тұжырым негізінен құрам тұрақтылық заңына негізделген. Прусс заңы
бойынша: - Кез келген химиялық таза заттың құрамы, оны алу жолы мен алынған
орнына тəуелсіз, тұрақты болады. Бұл заңнан шығатын негізгі қорытынды заттың
құрамы өзгерсе, оның қасиеті де өзгереді, яғни ол өзіне тəн қасиеті бар басқа затқа
айналады.
Мəселен портландцемент клинкері негізгі төрт фазадан тұрады: алит 3СаО ∙ SiO2
(C3S), белит B ∙ 2CaO ∙ SiO2(С2S), үш кальцийлі аллюминат 3СаО ∙ Al2O3 (C3A) жəне
төрт кальцийлі аллюмоферрит 4СаО ∙ Al2O3 ∙ Fe2O3 (C4AlF).
Портландцементтің негізгі құрамы алиттің гидратациялану реакциясы төмендегідей
жүреді:
2Са3SiO3 + 6H2O → Ca3Si2O7 ∙ 3H2O + 3Ca(OH)2 .
Түзілген гидросиликат цемент тасының негізгі құрамының өзгеруіне байланысты
оның физико-механикалық қасиеттері де өзгереді. Яғни құрамның өзгеруі міндетті
түрде қасиеттің өзгеруіне алып келеді. Бұл табиғаттың негізгі заңдарының бірі сан
өзгерісінің сапа өзгерісі заңына да сəйкес келеді.
- заттың қасиетіне оның құрылымы əсер етеді. Бұл тұжырым А.Бутлеровтың
химиялық құрылыс теориясымен түсіндіріледі. Заттың құрылымы дегеніміз
молекуладағы
атомдардың
кеңістікте
орналасу
ретін
көрсетеді.
Құрылыс


материалдарының құрылысы кристалды, аморфты, ретті, ретсіз, т.б. болуы мүмкін
жəне де материалды
алу процесі кезінде əсер етуші түрлі факторлар оның
құрылымының қалыптасуына əсер етеді. Соның нəтижесінде алынған заттың немесе
материалдың қасиеттерінде ерекшеліктер пайда болады.
- заттың қасиетіне оны алу кезіндегі термодинамикалық жəне кинетикалық
жағдайлар да əсер етеді. Бұл мəселе сəйкес тақырыпта қарастырылған.
- сонымен бірге заттың қасиетіне оның құрылымдық деңгейі де əсер етеді. Мысалы
заманауи құрылыс практикасында коллоидты бөлшектерді алудың «золь-гель»
технологиясы кеңінен қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет