Хим 125 ответ docx


 Химиялық байланыс энергиясы, оның мəні-



Pdf көрінісі
бет6/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
11. Химиялық байланыс энергиясы, оның мəні-.
Байланыстың беріктігі - затты
құраушы элементтерге ажыратуға жұмсалатын жұмысқа тең болған химиялық
байланыс энергиясымен анықталады. Байланыс қаншалықты берік болса, қосылыс
соншалықты тұрақты болады жəне ол затты технологиялық процесс кезінде өзгертуге
көп шығын жұмсалады, беріктігі, қаттылығы жəне балқу температурасы жоғары
болады.
Қосылыстардың құрамына енетін атамдар, оң зарядталған ион – катион түзу
арқылы, электрон беруге немесе теріс зарядты ион – анион түзу арқылы электрон
қосып алуға қабілетті. Атомдардың бұл қабілеті терісэлектрлік немесе электронға
ұқсастық деп аталады. Элементтердің салыстырмалы терісэлектрлігі 1.1 кестеде
көрсетілген.
Көрсетілген кестеде фтордың терісэлектрлік мəні төртке, литийдің терісэлектрлік
мəні бірге тең деп алынған. I жəне II топ элементтері электрон береді, III топтан
бастап, электрон қосып ала алады.
12. Құрылыс материалдарындағы химиялық байланыстың табиғаты
Құрылыс материалдарының құрылысы үш деңгейде зертеледі: макроқұрылым – жай
көзбен қарағандағы материалдың құрылысы; микроқұрылым – микроскоп арқылы
көрінетін құрылысы; молекулалық-иондық деңгейде зерделенетін заттың ішкі
құрылысы
(физика-химиялық
зерттеу əдістері – электрондық микроскопия,
дифференциалды-термиялық, рентгендіқұрылымдық талдау жəне т.б. əдістер).


Қатты құрылыс материалдарының макроқұрылымы (өзіндік геологиялық жіктемесі
бар тау жыныстарын қоспағанда) келесі топтарға бөлінеді: конгломераттық, ұялы, ұсақ
кеуекті, талшықты, қатпарлы жəне түйіршікті (ұнтақ тəрізді). Жасанды конгломераттар
өзіндік үлкен топты құрайды; бұл алуан түрлі бетондар, керамикалық жəне басқа да
материалдар.
Материалдың
ұялы
құрылымы
макрокеуектердің
болуымен
ерекшеленеді, ол көбікбетондарға, газдысиликаттарға жəне т.б. тəн. Ұсақ кеуекті
құрылым, мəселен, енгізілген органикалық заттардың жану нəтижесінде алынатын
керамикалық материалдарға тəн болып келеді. Талшықты құрылым ағашқа, минералды
мақтадан жасалған бұйымдарға тəн. Қатпарлы құрылым табақтық, плиталық жəне
орама материалдарға тəн. Түйіршікті материалдар – бұл жылу-дыбыс оқшаулайтын
түрлі бетондар, араласпаларға арналған толтырғыштар.
Құрылыс материалдарының микроқұрылымы кристалды жəне аморфты болуы
мүмкін. Бұл құрылымдар көбінесе бір ғана заттың түрлі жағдайлары болып келеді,
мəселен, кварц жəне кремнеземнің түрлі түр өзгерістері. Кристалды пішін барлық
уақытта тұрақты. Силикат кірпіш өндірісінде кварцты құм мен əктің арасында
химиялық өзара байланысты қалыптастыру үшін, 175°С температураға жəне 0,8 МПа
қысымға ие қаныққан су буымен автоклавты өңдеуді қолданады, ал сол кезде трепел
(кремнезем қостотығының аморфты түр өзгерісі) əкпен бірге сумен қатайып, 15...25°С
қалыпты температурада кальций гидросиликатын түзеді. Заттың аморфты құрылымы
едəуір тұрақты кристалды құрылымға өте алады –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет