Хим 125 ответ docx


Заттың агрегаттық күйлерінің ерекшелігі,-



Pdf көрінісі
бет5/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
9.
Заттың агрегаттық күйлерінің ерекшелігі,-
Заттың агрегаттық күйі.
Заттардың үш агрегаттық күйі белгілі: қатты, сұйық жəне газ тəрізді. Қатты күйіндегі
зат өзінің пішінін де, көлемін де сақтайды, ал сұйық күйіндегі зат тек көлемін ғана, газ
тəрізді заттар пішінін де, көлемін де сақтай алмайды, жəне берілген көлемді толық
иеленеді.
Заттың қатты күйінің екі түрі бар: кристалдық жəне аморфты.
Кристалдардағы атом, ион жəне молекулалардың орналасуы ретті, яғни кристалдық
тор түрінде болады. Кристал түріндегі заттардың аморфты заттармен салыстырғанда
беттік жəне ішкі энергиясы төмен, сондықтан олар тұрақты келеді. Кристалдардың
қасиеті олардың анизотропты құрылымына байланысты түрлі бағыттарда əр түрлі
келеді. Аморфты құрылымды заттардағы бөлшектердің орналасуы ретсіз, сондықтан
олардың физикалық қасиеттері барлық бағытта бірдей болады (изотроптылығы).
Заттардың аморфты формасы белгілі бір жағдайда кристалды формаға өте алады.
Қатты жəне сұйық заттардан тұратын, немесе бір мезгілдің өзінде екі фазадан да
тұратын жүйелер – конденсацияланған жүйелер деп аталады.
Балқыманың кристалдық немесе аморфты шыны тəрізді күйге өтуін, қыздыру мен
салқындату сызықтары негізінде зерттейді (сурет 2.1). Балқыманы немесе сұйықты
салқындату кезінде (а жағдайында) сызықта көлденең алаң пайда болады. Бұл кідіру
энергия, қоры аз сұйық заттың, кристалға айналуы кезінде жүретін құрылымдық
өзгерістер нəтижесінде бөлінетін жылудың есебінен болады. Егер ішкі өзгерістердің
жылдамдығы төмен болса, онда сұйықтың біртіндеп салқындауы, яғни сұйықтың
біртіндеп шыныға айналуы жүреді


10,Ковалентті байланыс
-Коваленттік байланыс – ортақ электрон жұбын түзу
арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің үрдісін
көбінесе схема түрінде береді, ондағы электрондар нүктемен белгіленген. Егер
атомдардың арасында бір коваленттік байланыс болса (жалғыз ортақ электрондық
жұп), онда ол дара, егер екеу болса, қос (екі ортақ электрондық жұп), үштік (үш ортақ
электрондық жұп) деп аталады.
H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны
бар.
Коваленттік байланысты екі түрге бөледі: полярлы жəне полярлы емес. Полярлы
емес коваленттік байланыстың электрон бұлттары ортақ электрон жұбымен құрылған,
яғни электрондық байланыс бұлттары екі атом ядроларына қатысты кеңістікте
симметриялы орналасқан. Полярлы емес коваленттік байланыс бейметалдарда пайда
болады жəне металл жұптарында, химиялық элементтің бір атомынан: Н2, О2, О3, N2,
S2, Li2, Na2, C, Si жəне басқалары құрылса, полярлы коваленттік байланыстың
электрон бұлттары электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысқан (НСl, H2O, H2S,
NH3 жəне т.б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет