Хим 125 ответ docx


,- Құылыс теориясының негізгі қағидалары



Pdf көрінісі
бет4/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
7
,-
Құылыс теориясының негізгі қағидалары
- Бутлеровтың құрылыс теориясы –
органикалық қосылыстардағы атомдардың өзара байланысу тəртібін көрсететін теория.
Оның негізін 1861 жылы Қазан университетінің профессоры А.М. Бутлеров қалаған.
Бұл теория бойынша 4 негізгі ережеге сүйенуге болады:
1) молекуладағы атомдар өздерінің валенттілігіне сəйкес өзара белгілі тəртіп
бойынша байланысады. Атомдардың байланысу реті химиялық құрылысты береді.
Мыс., бутан молекуласында (С4Н10) көміртек атомдары түзу (тармақталмаған) жəне
тармақталған тізбек түзіп, екі түрлі орналасады;
2) заттардың қасиеттері олардың молекулаларының құрамына қандай атомдардың
жəне олардың қандай мөлшерде кіргенінде ғана емес, сонымен қатар олардың өзара
қандай ретпен байланысқандығына (хим. құрылысына) да тəуелді болады;
3) молекула түзетін атомдар немесе атомдар тобы өзара бір-біріне əсер етеді,
молекуланың химиялық реакцияларға түсу қабілеті осыған байланысты;
4) құрамы мен молекулалық массасы бірдей, бірақ молекула құрылысы əр түрлі,
сондықтан да қасиеттері де əр түрлі заттар изомерлер деп аталады. Мыс., изобутан,
изопропан,
т.б.
Атомдар молекулаға біріккенде бір-біріне əсер ететіндігін
бейорганикалық заттардан да байқауға болады. Мыс., сутек пен оттек əрекеттесуінен
су молекуласы түзілгенде судың құрамындағы сутек атомдары жанбайды, ал оттек
жануды қолдамайды. Бутлеровтың құрылыс теориясы зат жөніндегі түсінікті
тереңдетті, молекуланың құрылысын түпкілікті зерттеуге жол ашты, табиғаттағы
көптеген жаңа заттарды болжауға жəне синтездеуге мүмкіндік берді.
8. Химиялық байланыс, оның негізгі түрлері
- Химиялық байланыстар —
химиялық элементтер арасындағы тұрақты тепе-тең күйдегі жүйе жасауға келіп
тірелетін (молекула, ион, радикал) электромагниттік əсерлесу жиынтығы.[1][2]
Химиялық байланыс — атомдардың химиялық қосылыс түзіп əрекеттесуі.
19 ғасырдың басында К.Бертолле Химиялық байланыс түзілуінің гравитациялық,
1810 жылы Й.Я Берцелиус электрхимиялық,
1861 жылы орыс ғалымы А.Н Бутлеров заттардың химиялық құрылыс теориясын,
1915 жылы неміс физигі Кассель,
1916 жылы ағылшын ғалымы Г.Льюис электрондық теорияларын ұсынды.


Кванттық механика көзқарасы тұрғысынан Химялық байланыс валенттілік сұлба
жəне молекулалық орбиталдар əдісімен түсіндіріледі. Химиялық байланыс түзілуіне
қарай төртке бөлінеді:
Иондық,ковалентті,металдық,сутектік
Иондық Химиялық байланыс электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен
металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Ковалентті Химиялық байланыста — əрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар
жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар
түзіледі
Полюссіз ковалентті Химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға
ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасқан. Полюссіз Химиялық байланыстағы
қосылыстардың қайнау жəне балқу температуралары төмен, полюсті еріткіштерде
иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.
Сутекті Химиялық байланыс — екі не бір молекуладағы атомдар арасында сутек
атомының оң заряды арқылы түзіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет