Хим 125 ответ docx


 Заттың қасиетіне оның құрылымы қалай əсер- заттың қасиетіне оның



Pdf көрінісі
бет3/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
5. Заттың қасиетіне оның құрылымы қалай əсер- заттың қасиетіне оның
құрылымы əсер
етеді. Бұл тұжырым А.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясымен
түсіндіріледі. Заттың құрылымы дегеніміз молекуладағы атомдардың кеңістікте
орналасу ретін көрсетеді. Құрылыс материалдарының құрылысы кристалды, аморфты,
ретті, ретсіз, т.б. болуы мүмкін жəне де материалды алу процесі кезінде əсер етуші
түрлі факторлар оның құрылымының қалыптасуына əсер етеді. Соның нəтижесінде
алынған заттың немесе материалдың қасиеттерінде ерекшеліктер пайда болады.
- заттың қасиетіне оны алу кезіндегі термодинамикалық жəне кинетикалық
жағдайлар да əсер етеді. Бұл мəселе сəйкес тақырыпта қарастырылған.
- сонымен бірге заттың қасиетіне оның құрылымдық деңгейі де əсер етеді. Мысалы
заманауи құрылыс практикасында коллоидты бөлшектерді алудың «золь-гель»
технологиясы кеңінен қолданылуда.
6. Химиялық процестерді басқарудың сапалы құрылыс материалдарын
өндірудегі ролі
- Химиялық термодинамика құрылыс материалдары технологиясының
теориялық базасы ретінде, процестердің жүру бағыты мен энергетикасын, жылулық
баланстарын, түзілген өнімдердің тұрақтылығын, реакция өнімдерінің тепе-теңдік
концентрацияларын жəне реакциялардың жүруінің оңтайлы тəртібін анықтауға
мүмкіндік береді.
Химиялық термодинамика бір-бірімен əрекеттесуші денелер жүйесін, жəне соған
байланысты жүйелер қасиетінің өзгеруін қарастырады. Жүйеге əсер етуші факторлар
жүйесін сыртқы орта деп атайды. Егер жүйе бүкіл көлемі бойынша біртекті болса
гомогенді, ал бір-бірімен беттік айырмашылығы бар бірнеше фазадан тұратын болса
гетерогенді деп аталады.
Жүйенің күйі оның қасиеттерінің жиынтығымен сипатталады. Жүйенің күйін
сипаттайтын шамалар жүйе параметрлері немесе термодинамикалық параметрлер деп
аталады. Жүйенің қысымы, температура, меншікті көлемі, концентрация, ішкі энергия,
энтропия, энтальпия жүйені сипаттаушы параметрлер бола алады.


Заттың химиялық өзгеруі реакция, ал физикалық өзгеруі процесс деп аталады.
Термодинамикалық процесс жылу бөлу немесе жылу сіңіру арқылы жүруі мүмкін.
Сонымен химиялық термодинамика, термодинамиканың үш негізгі заңын қолдану
арқылы, химиялық реакциялардың жүру мүмкіндігі мен бағытын зертейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет