Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу жұмысының тапсырмалары



бет5/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу жұмысының тапсырмалары:
1-тәжірибе. Аммиактың алынуы және оның суда еруі.
Қағазға немесе шыны ыдысқа 1 қасық кальций гидроксидін және 2 қасық құрғақ аммоний хлоридін салып араластырыңдар. Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып, жанарғымен қыздырыңдар.
Түзілген газды төңкерілген сынауыққа жинаңдар. Жиналған аммиакты өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады. Аммиак жиналған сынауықты газөткізгіш түтіктен абайлап, төмен қаратып босатады. Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салу керек. Судың тез, жоғары көтерілетініне назар аударыңдар.
Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып, кірген суымен бірге шығарып алып, фенолфталеинмен сынаңдар.
Неге тәжірибені жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болуы керек?
2-тәжірибе. Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.

  1. Аммоний хлоридін айдау. Сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар. Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталеин қағазын қойыңдар. Аммоний хлоридін тездетіп қыздырыңдар. Фенолфталеиннің түсінің өзгеріп, қайтадан оның жойылуына назар аударыңдар.

Сынауық ұабырғасында пайда болған ақ дақ бар ма және сынауық түбінде салынған тұз қалды ма? Қараңдар.
Неге басында фенолфталеиннің түсі өзгеріп, одан кейін жоғалды? Сынауық қабырғасындағы ақ даұтың құрамы қандай? Сынауық түбіндегі тұз неге жоғалды?
Сынауықта химиялық реакция жүрді ме? Егер жүрсе, реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний хлоридін және йодидін айдаудың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  1. Аммоний карбонатының термиялық айырылуы.

Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып, жанарғы жалынында 2-3 минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.
Тұз неге жоқ болады? Жүрген реакцияның өнімі қандай? Оның теңдеуін жазыңдар.

  1. Аммоний тұздарының гидролизі. Көк лакмус қағазына аммоний хлоридіерітіндісінің тамшысын тамызыңдар. Ерітіндінің реакциясы қандай? Неге? Жауаптарыңды реакция теңдеуімен түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет