Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары



бет4/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары:
1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.
2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.
3-есеп. Темірден темір (III) гидроксидін алыңдар.
4-есеп. Сендерге берілген тұз натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.
5-есеп. Сендерге берілген тұз натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.
6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (III) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін аныұтаңдар.
7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір(III) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.
11-есеп. Сендерге берілген судың карбонатты кермектігін жойыңдар.
12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.
13-есеп. Берілген темір (II) сульфатының ерітіндісінде темір (III) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.
14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақталғанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.
15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.
16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында темір (II) сульфаты, калий гидроксиді, магний сульфаты бар екенін анықтаңдар.

2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Аммиак алу және онымен тәжірибе жасау. Аммиактың судағы ерітіндісінің қасиеттерімен таныстыру»
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың аммиакты алу арқылы газдармен жұмыс істеу икемділігін қалыптастыру және газдардың физикалық химиялық қасиеттерімен іс жүзінде танысуын қамтамасыз ету.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында аммиакты алатын құралды құрастыруға қажетті бөлшектер болу қажет: металл штатив, екі үлкен пробирка, спиртшам, кәрден табақша, шыны таяқша, сынауықтар, суы бар табақ (кристаллизатор); реактивтер: мырыш хлориді, кальций гидроксиді, концентрациялы күкірт қышқылы, сұйылтылған күкірт қышқылы, алюминий хлориді, фенолфталеин ерітіндісі.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың бұрын қалыптасқан икемділіктерді дұрыс орындауына көңіл бөлген жөн. Олар: химиялық ыдыстармен және зертханалық құралдармен дұрыс жұмыс істей білу, химиялық реактивтерді пайдалану, олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау, газ тәрізді заттарды физикалық қасиеттері бойынша ажырату. Ал, сонымен қатар оқушылардың жұмысты орындағаны жөніндегі қорытындыларын тексеріп, баға қойғанда төмендегі икемділіктердің қалай орындалғанын ескеру қажет:

  1. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдердің агрегаттық күйін ескере отырып бастапқы заттар салынған сынауықты штативке бекіту;

  2. Аммиак жинайтын сынауықты орналастырғанда газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығын ескеру;

  3. Аммиакты физикалық қасиеттері арқылы ажырату;

  4. Аммиакты суда еріту;

  5. Аммоний ионын ажырата білу;

  6. Жүргізген химиялық реакциялардың теңдеуін жазу; а) молекулалық, ә) иондық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет