Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет6/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
3-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сапалық реакцияның көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау.
Жұмыстың мақсаты: Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі хлорид ионын, сульфат ионын, нитрат ионын, фосфат ионын, карбонат ионын, аммоний ионын анықтау, басқа пәндерден (физика, математика) оқығанда алған өлшеу, есептеу дағдыларын дамыту, ерітінділермен жұмыс істеу, іскерліктерін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: калий хлориді, кальций хлориді, барий хлориді, натрий хлориді, күміс нитраты, азот қышқылы, күкірт қышқылы, мыс, фосфор қышқылы, натрий карбонаты, аммоний сульфаты, лакмус қағазы, сынауықтар, шыны таяқша, штатив, спиртшам.
Сабақты оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы қорытындылауға болады:
1 ) Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
2) Ион алмасу реакциясы қай уақытта соңына дейін жүреді?
3) Сапалық реакция дегеніміз не?
4) Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
5) Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
Мұғалім оқушыларда төмендегі икемділіктердің қалыптасуын қадағалайды:

  1. Сапалық реакция көмегімен иондарды анықтай білу, дағдыларын қалыптастыру.

  2. Ион алмасу реакциясын сауатты жаза білуге үйрету.

  3. Толық иондық теңдеу және қысқартылған иондық теңдеулерді жазу біліктерін қалыптастыру.

  4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіре білу,

Сапалық реакция көмегімен иондарды анықтау жұмысының тапсырмалары

  1. Хлорид-ионға сапалық реакция.

Төрт сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: бірінші сынауыққа – кальций хлориді, екіншісіне – барий хлориді, үшіншісіне – калий хлориді, төртіншщісіне натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар.
Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.
Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакциялардың молекулалық және иондық түрде теңдеулерін жазыңдар. Барлық иондық теңдеулерді өзара салыстырыңдар.
Әр сынауыққа бір тамшы концентрациялы азот қышқылын қосыңдар. Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады? Хлор анионына қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.

  1. Сульфат ионына сапалық реакция.

Бір сынауыққа сұйылтылған күкірт қышқылын, екіншісіне натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитраты ерітіндісін қосыңдар.
Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде теңдеуін жазыңдар.

  1. Нитрат-ионына сапалық реакция.

Сынауыққа 0,5 грамм натрий ниратын (немесе басқа нитратты) салып, тқзды толығымен жабатындай етіп, концентрациялы күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды баланс әдісімен коефициенттерін қойыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  1. Фосфат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл ортофосфор қышқылының ерітіндісін құйып, осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

  1. Карбонат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
Түзілген тұнбаға 0,5 мл сұйылтылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

  1. Аммоний ионына сапалық реакция.

Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрациялы сілті ерітіндісін қосыңдар. Дымқыл лакмус немесе фенолфталеин қағазын дайындаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей, шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.
Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионына қандай реакция сапалық реакция болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.
1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейін тағы да бірнеше тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарын танып-білу туралы қорытынды жасаңдар.




Анықталатын анион

Немен анықталады

Не істеу керек

Реакция теңдеуі

Реакция жүру белгісі

1



  және  

  және   ерітіндісін құю



Жарықта қараятын ақ түсті тұнба

2



  және  

  ерітіндіні құю




ерімейтін ақ тұнба

3





Құрғақ тұзды  мен сулаймыз. Мыс сымды қыздырамыз.



Қоңыр түсті газ   бөледі

4





Құрғақ тұзға не ерітіндіге күшті қышқыл қосқанда бөлінген газды әк суынан өткізу керек





Әк суының лайлануы

5







 бар ерітінді, соңынан   құю



 -те еритін сары тұнба





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет