Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна


Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу тапсырмалары



бет9/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу тапсырмалары
Жұмыстың орындалуы. Этил спиртін дегидраттау арқылы этилен алу.
Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1,0-1,5 мл этил спирті мен 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3-4 мл! Абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа құйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп (2-суретте көрсетілгендей) тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.
Этиленнің бромды (йодты) сумен әрекеттесуі. Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5-2 мл-дей бром (йод) суы құйылған сынауыққа салып, ерітінді түссізденгенше газ өткізіңдер.
Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі. Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі құйылған сынауыққа батырып, ерітінді түссізденгенше этилен жіберіңдер.
Этиленнің жануы. Қоспаны қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын жоғары қаратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар. Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтіру керек.
Сұрақтарға жауап беріңдер;
а ) Этид спирті мен күкірт қышқылының қоспасын қыздырғанда қандай газ бөлінеді?
ә ) Газды бромды (йодты) су және калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізгенде не байқайсыңдар?
б ) Этилен неліктен метанға қарағанда жарқыраған жалынмен жанады?
в ) Этилен қасиеттерінің қаныққан көмірсутектерінен өзгешелігі неде?
Сәйкес реакциялардың теңдеуін жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.
7-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Спирттердің қасиеттері»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зертханада спирттердің химиялық қасиеттерімен іс жүзінде таныстыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, сынауық, су сеңгелі, бөлгіш шұқырақ, этил спирті, калий бромиді, күкірт қышқылы.
Мұғалім практикалық жұмыстың негізгі мақсатын түсіндіріп, оқушылардың білімін, практикалық жұмысты өткізуге дайындықтарын төмендегідей сұрақтар беру арқылы тексереді:

  1. Бір атомды қаныққан спирттер дегеніміз не?

  2. Өздеріңе танысспирттерге тән химиялық қасиеттерді түсіндіріңдер.

  3. Спирттен бромэтан алу үшін құралды қалай құрастырасыңдар?

Мұғалім оқушыларға төмендегі мәселелерді түсініп орындауына көмектесуі қажет:

  1. Этил спиртіне күкірт қышқылын құйғанда сақ болуы.

  2. Жасап отырған жұмыстың мәнін түсінуі.

Сабақ соңында оқушылар спирттерде химиялық реакцияға тек гидроксил тобындағы сутек тобында ғана емес, сонымен қатар көміртегімен байланысқан сутек атомдары да кірісе алатындығы, катализатор ретінде концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырса, спирт оңай дегидраттанатыны туралы қорытындыға келуі тиіс.
Мұғалім практикалық сабақ барысында оқушылардың мынадай икемділіктерін қалыптастыруға көңіл бөлгені жөн: этил спирті, күкірт қышқылы ; бөлгіш шұқырықты дұрыс қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет