Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла


Киім-кешекке байланысты атаулар



бет5/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Киім-кешекке байланысты атаулар. Бөйтік. Теріден тігілген аяқ киім. Бөйтігіңді ки де, жылқыға бар (Моңғ., қаз.).
Көбенте чапан. Мақталы шапан. Зақыдан (базардан) көбенге ча- пан алдым (Монғ. қаз.). Моңғолша көбенте – мақталы деген сөз.
Зодық. (Моңғ.қаз.). Балуандардың киімдері. Моңғол тілінен енген сөз.
Аяққап. Аяқкиім. Магазиндерден іздеп отырып, өзіме аяққап та- уып алдым (Түрікм., Таш.). Түрікменше – аяққап.
Жорап. Нəски, шұлық. Тонадағы сүр жорабымды жудың ба? (Түрікм., Таш.).
Бөстек. (Қарағ., Шет). Жабағыдан жасалған бір кісілік көрпеше. Біздің бұрынғы ескі-құсқы бөстектер ғана шашылып жатыр (Б.Соқпақбаев).
Бестақа. (Гур., Маңғ.). Өкшесі аласа етік.
Жалбай. Тымақ сыртынан киетін жалаң қабат бас киім. Жалбайы- мыз қалып қойды (Орын., Ад.). Бөркімнің сыртынан жалбайымды ки- месем, бүгін күн суық екен (Қост., Жанг.).
Жадағай. Астарсыз жұқа шапан. Ол шыли жадағай киетін
(Шымк., Арыс).
Тайжақы//құлынжарғақ//дақа. Құлынның не тайдың терісінен іс- телген сырт киім. Бұрын тайжақыны көбінесе құлын терісінен жасап
киетін (Шымк., Арыс). Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырға- да жаннат қаптал ішік, қара құлынжарғақ ілулі тұр (С. Мұқанов).
Бұлардан басқа киім-кешекке байланысты төмендегі сөздерді атауға болады: жапатай (елтірі құлақшын), мөкі (кебістің түрі), шеп- шер//шəпшер (шарық тəрізді аяқкиім), байтаба (жүннен тоқылған шұлғау), екше (кимешек), бөкіс (киіз қонышты етік) т. б.
Азық-түлік, тағам атаулары. Қорықтық. Қойшылардың қызған тас салып пісірген сүті. Жолда қойшылардан қорықтық істеп ішіп, жырғап алдық (Моңғол қаз.).
Бодық. Малды сойып, терісіне орап, жерошақтағы күйдірілген құмға көміп пісірген ет. Далада істеген бодық қандай тəтті болды (Моңғ. қаз.).
Ұрпақ. Еттің нанына себілетін ұн. Қамыр илегенде себетін ұнды
ұрпақ дейміз (Шымк., Сарыағ.).
Ұша. Қойдың сүбемен, құйрықпен тұтас алынған бел омыртқасы.
Біреудің төсін жесең, өзіңнің ұшаңды сайла (Мақал, Гур., Маңғ.).
Құлақ нан. Етке салатын нан. Етке салатын нанды біз құлақ нан дейміз (Көкш., Щуч.). Оңтүстікте қамыр, батыста ет наны, солтүстікте жұқа нан дейді. Орда (Орал облысы) қазақтарының тілінде Түрік- менстандағы қазақтар ішінде күртік.
Əсел. Бал. Біздің жақта керек болса, əсел де табылады (Шымк.,
Сарыағ.).
Келімдəрі. Қызыл бұрыш. Кежеге келімдəрі сап ішкенде жақсы бо- лар еді (Алм., Кег.).
Пендір. Брынза. Колхоздарда пендір жасайды (Түрікм., Таш.).
Төңкерме (Көкш., Щуч.). Ұн мен майды араластырып қуырып іс- тейтін майлы, тəтті тамақ. Мұны кейде тастампай деп те атайды.
Тураған. Еттен қалған қамырды майдалап турап, сорпа құйып, тұз- дықтап беретін тамақ. Мен турағанды жасамаймын (Шымк., Сарыағ.). Кейбір жерде бұны нарын дейді. Қызылорданың кейбір аудандарында турама дейді.
Жылытпа. Кешегіден қалған ас. Жылытпаны жеп кетейік (Қ.орда,
Сыр.).
Курпы//курпі. Ұнның кебегі. Ұнның курпісі жиналып қалды (Орал,
Жымп.). Курпісі аз шықты, бидай майда тартылыпты (Орын., Ад.).
Қазақ сөйленістерінде нанның төмендегі түрлері кездеседі: қазан- жаппай//қазанжаппа. Қазанға жауып пісірілген нан. Ас жақсысы қазанжаппай, сөз жақсысы – лөббөй (Мақал, Ақт., Караб). Қаттама. Жұқа нанның арасына қаймақ салып, майға пісірген нан. Мейман келді ғой, қаттама пісір (Алм., Шел.). Кісе нан (Гур., Маңғ.). Ішіне туралған ет салынып, табаға пісірілген нан. Загара. Жүгері, тары
ұнынан істелген нан. Там басында дағара, дағара толған загара (Қа- рақалпақ қаз.). Көмпек (Түрікм., Таш.). Ашытып пісірілген бөлке нан. Маңғыстауда өтпек дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет