Үй құрылысына, үй шаруашылығына, бұйымдарға байла



бет6/15
Дата07.09.2022
өлшемі74,04 Kb.
#148867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
диалект сөздік
Сабақтан тыс уақытын ұйымдасыру кестесі (2), Мәнерлеп оқу силлабус
Кəсіби сөздер. Кəсіби сөздер жергілікті жерде əр алуан кəсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты зат- тардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кəсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мəселен, Арал, Каспий балықшылары тіліндегі шола (балықтың азаюы), ұйық (балықтың бір жерге шоғырлануы), əттік (қармақтың тілі), балберкі (қалтқы) т.б. сөздерді балықпен кəсіп етпейтін басқа жердің адамдары білмейді де түсінбейді. Диқан- шылыққа байланысты көптеген сөздерді бəрі білгенімен, егін-жай кəсібі жақсы дамыған оңтүстік аудандардағы бəдірең (қияр), əбінауат (үлкен сары қауын), оман арық (үлкен арық), қитақ (атыздың іші), жадау (үлкенарық) т.б. сөздерді əркім біле бермейді. Əрине, белгілі кəсіп, шаруашылықпен байланысты сөздердің бəрін де халыққа тү- сініксіз деп қарамау керек. Олардың ішінде ежелден жалпыхалықтық болып, тіпті негізгі сөздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шорқан, қармақ, алабұға, жайын сөздері ешкімге де жат емес. Ал кəсіби сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кəсіппен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын, со- ларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері.
Қазақ тілінде кəсіби сөздердің түрі мол. Олардың бірқатары əр- түрлі шағын кəсіпке, ұсақ мамандыққа (балташылық, өрімшілік, зер- герлік, тоқымашылық т.б.) байланысты. Мұндай сөздер жергілікті халық тілінде қай жерде болсын кездеседі. Мəселен, Маңғыстауда зергерлікке, ою-өрнек түріне байланысты қас (зергерлік бұйымдарға салынатын жарқырауық тас), сабақ (бауы қысқа сырға), сірке (затты мəнерлеу үшін салынатын түртпе бедер), бауырдақ (былғары бұйымға салынатын əшекей) т.б. сөздер бар. Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға байланысты ашық (кілем жиегіндегі мəнер), арқа (кілемнің тақыр жағы), топырақ (түкті кілемнің шетіндегі жалпақтағы 4-5 елі- дей тақыр жері), басылық (кілем тоқып жатқанда екі жағына салына- тын жіп, тоқылып біткен соң алынып тасталады) т.б. сөздер кездеседі. Кəсіби сөздердің енді бірқатары ірі кəсіпшілдік, өндірістік сипат- тағы сөздер. Олардың неғұрлым айқын сараланып, молырақ кезде- сетін түрлері егіншілік, диқаншылық (астық, бау-бақша, күріш, мақ- та, темекі т.б.), балық кəсібі, тау-кен өндірісі, мал жəне аңшылық шаруашылықтарына байланысты. Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа (жайын аулауда пайдаланылатын шанышқы), қортпа (бе-
луга, қызыл балықтың бір түрі), шоқыр (севрюга), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау (майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), безеге (үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қаза басу (бұрын ау құру мағынасында айтылған), көңгей (жіңішке кендір жіп), инелік (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бөген (қайықтың ішіндегі керме ағашы), шіпшік (аудың арқанын жерге бекітетін қазық), шашал (мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сөздер.
Кəсіби сөздер тілімізде таралу жағынан да, əдеби тілге қатысы жағынан да біркелкі емес. Мысалы, күнбағыс//күнбағар, дақыл, жү- гері, қияр, қарбыз, жүзім, алмұрт сияқты сөздер жалпыхалықтық сипат алып, əдеби тілден мықтап орын алса, борми//порми, бəдірең, көмбек нан сияқты сөздер жалпыхалықтық сипат ала алмай, белгілі бір шағын аймақта ғана қолданылып жүр. Осыған орай кəсіби сөздер- ді топқа бөлуге болады: 1) Жалпыхалықтық сипаттағы кəсіби сөздер.
2) Диалектілік сипаттағы кəсіби сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет