«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»


АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ



бет15/16
Дата29.03.2018
өлшемі2,89 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

АУТОДЕСТРУКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Юлдашева Гулмирахан Ташматбаевна

ОҚО, Сайрам ауданы, №114 жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен, төмендегідей түрлері кең тараған:

1. Аутоагрессивті мінез-құлық (суицидалды және парасуицидалды). Суицидтілік аутодеструктивті мінез-құлықтың ең қауіпті түрі болып саналады. А.Е.Личко демонстративті, аффективті және шын суицидалды мінез – құлық түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа «ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де болады. Сол себепті өмірдің дағдарыс кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету мақсатындағы алдын-алу шараларын өткізудің маңызы зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен денесіне дене жарақаттарын салу. 2. Тағам қабылдауға тәуелділік (булимия және анорексия) – адам мінезінің ерекшелігіне байланысты тағам қабылдау мінез-құлқының бұзылуы.3. Аддиктивті мінез-құлық – химиялық (психоактивті заттарды шектен тыс қабылдау–алкоголизм, наркомания, токсикомания, шылым шегу) және химиясыз заттарға тәуелділік. А.В. Котляров (2006) химиясыз аддикцияға экзистенциалды тәуелділікті жатқызады (метафизикалық уланудан өмірдің мәнін іздеу, соның ішінде психотерапияға тәуелділік), сыртқы келбетіне тәуелділік, жалғыздыққа тәуелділік, өзіне ерекше мәні бар адамды бақылауға тәуелділік, баспасөз жаңалықтарына, жарнамаларға тәуелділік, бір нәрсеге ие болуға тәуелділік (хобби, үй жануарларына үйірлік, коллекциялау), шектеу сенімдеріне тәуелділік, сараңдық синдромы, алған түрлі жарақаттарына, ауруларына тәуелділік, графомания, «бас алмай» оқу. Якимова Т.В. (2009) химиясыз аддикцияны «танымдық аддикция» деп атаған дұрыс деп санайды. 4. Фанатикалық мінез-құлық ( деструктивті-религиоздық табыну, спорттың немесе музыканың қандай да бір түрімен шамадан тыс айналысу). Фанатикалық мінез-құлық түрінің ең қауіптісі деструктивті табыну. Егер спортпен айналысу немесе музыкаға қызығушылық таныту адамның ішкі қайшылықтарын көрсетіп отыратын индикатор болса, ал деструктивті табыну және религиялық секталар адамның жан және тән саулығына, ерік бостандығына қауіп төндіреді. 5. Аутистік мінез-құлық – шынайы өмірге бейімделе алмаудан, қиял әлеміне кетуден (эскапизм), адамдармен араласудан бас тартып, жалғыздықты таңдаудан көрінетін мінез-құлық. Аутистік мінез-құлықты аутизмнен ажырата білу керек. Аутизм – әлеуметтік өзара қарым-қатынасты қабылдаудың және қарым-қатынас қызметінің бұзылуына байланысты психиканың бірқалыпты дамымауы. Аутистік мінез-құлық кезінде психикалық дамудың жүруі қалыпты, бірақ адам әлеуметтік байланыста жолы болмай, басқа адамдармен араласуды құнсыздандырып, өз-өзімен «араласуды» дұрыс санайды. Егер аутизмді практикалық тұрғыдан психологиялық түзету мүмкін емес болса, не поддается психологической коррекции, ал аутистік мінез-құлықта қауіпсіз жағдайда қарым-қатынас дағдыларын жаттықтыруда психологиялық топ пайдалы ресурс болуы мүмкін. 6. Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық негізі өз-өзін төмен бағалау, қарым-қатынастың үзілуінен қорқу болып табылады. Психологиялық түзету немесе психотерапияның нәтижесінде «құрбандар» бойынан деструктивті қарым-қатынасты үзуге шешім қабылдауға ерлік табылады. Жеке құндылығы туралы елестете білуді меңгеріп, өз құнын түсіне білетін болады. 7. Өмірге қауіп төндіретін іс-әрекетке бару- бұл экстремалды спорт түрі, жоғары жылдамдықта машина айдау, т.б. Мұндай «қызығушылықтардың» өмір мен денсаулығына қауіп төндіретініне қарамастан, кейбіреулердің қолдауы табылып, айналадағылар олардың «батырлығы» мен «ерлігіне» таңғалады. Қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралуда. Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер үшін маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді. Көптеген психологтар, мысалы, Хухлаева О.В. аутодеструктивті мінез-құлық мәселелерін шешуде түзетуден гөрі алдын алу шараларына көбірек көңіл беру керектігін айтады. Алдын-алу шаралары дегенде бұзылған мінез-құлықты, мысалы, алкоголизм немесе суицидтілікті жеке бөліп алмай, жалпы психологиялық және психикалық денсаулықты сақтауға бағытталуы тиіс. Психологиялық сау адамның әртүрлі аутодеструктивті мінез-құлық түрлеріне шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Никифоров Г.С. и Березовская Р.А. (2003), психикалық саулық критерийлерін жүйелей отырып, психикалық саулықтың көп кездесетін түрлерін бөліп көрсетті: психикалық процестер саласында – өзін-өзі, субьективті образдарды тиімді қабылдау, зейінін шоғырландыра алу, жаңалықтарды есінде сақтау, логикалы түрде өңдей алуға қабілеттілігі, сыни тұрғыдан ойлай білуі, өз ойларын жинақтап, реттей білуі; жеке басы ерекшеліктері саласында: оптимистік, тұрақтылық, тепе-теңдікті сақтай білу, өз-өзін меңгере білу, адамгершілік қасиеттің болуы, адамдарға үйірлік және өз-өзін тиімді бағалай алуы, тез ашуланбау, еңбексүйгіштік, тәуелсіздік, әзілді түсіне алу, өз-өзін сыйлау, бақылау, жігерлілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық; адамның үйлесімділік, біріккендік, тепе-теңдік деңгейіне, өз-өзін, әлеуметтік денсаулығын дамытуға бағытталуына да көп мән беріледі. Оның критерийлері – әлеуметтік шындықты адекватты қабылдай білу, айналасындағыларға қызығушылық таныту, қоғамдық пайдалы іске бағытталуы, өзінің жоғары мәдениеттілік деңгейін көрсете алуы, жауапкершілік, батырлық.

Психологиялық және психотерапевтік практикада психикалық саулық пен психикалық ауытқушылықтың критерийлерін әр маман өз практикасы бойынша әртүрлі көрсетеді. Мысалы, психоаналитик А. Миллер психикалық дені сау деп басынан өткеріп жатырған түрлі жағдайларды өз «Менінің» бір құрам бөлігі деп сенетін адамды айтады. Бұл «өз-өзімен байланыс» табиғи жағдайы адамның өз сезімдері мен тілектерін түсіне білуге көмектеседі, өзіне іштей тірек орнатып, өз-өзін сыйлауға мүмкіндік береді. Ол өзінің жан қалауымен өмір сүре алады, қайғырады, қажет етсе, басқалардан көмек сұрайды. Ол өзінің нені қалайтынын немесе нені қаламайтынын біледі жәны оны басқалардың көңіліне қарамай айта алады. А.Маслоу дені сау адам деп шындықты дұрыс қабылдай алатын адамды айтады, оларда өзін кінәлі сезіну мен ұялу сезімі болмайды, олар тәуекел істен, тәжірибеден қорықпайды (өзін қабылдай алуға қабілеттілік, өз кемшіліктері үшін уайымдамау). Дені сау адам тек шындыққа жанаспайтын жағдайда, ауытқушылықты көрген кезде ғана жайсыздықты (дискомфортты) сезінеді. Психикалық дені сау адамның негізгі белгілері – қарапайымдылық, табиғилық, сыртқы орта әсерлеріне тәуелсіздік, еріктілік, белсенділік, өмірдің қызықтарына қуана білу. Мұндай адамдардың шындық өмірмен қарым-қатынасы іштей реттеліп отырады, олардың жеке құндылықтары болады. Олардың барлық уақыты өз-өзін жетілдіруге, дамытуға жұмсалады да, аутодеструктивті мінез-құлық түлерінің пайда болуына жол берілмейді.



АУТОАГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
Аманова Венера Онгаровна

Абдишева Баян Нурдиллаевна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ-ның Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері
Қазіргі экономикалық жағдайлар бар сонымен қатар әлеуметтік –психологиялық маселелердің әсерінен түрлі жағдайлар болып жатады. Нақтырақ айтқанда суицидке жол беру деген мағынаны білдіреді. Көпшілігінде жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Субъект үнемі уақытты дұрыс пайдаланбауы және жұмыссыздығы осындай іс-әрекеттке соғуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, әрбір жеке тұлғаның мінез-құлқына да байланысты болып жатады. Олардың бірі адам мінез-құлқындағы меланхолик типіне жататын тұлғаларда кездесуі мүмкін. Осылардың барлығын жіктей келе процестердің алдын алу мақсатында түрлі әдістерді қарастыруымызға болады. Ең қарапайым түрі балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуде көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрсу, зекіру орнына жиі мақтап, мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту. Міне тіптен қарапайым дүниелерді байқай алсақ, бағалай алсақ осының өзі үлкен жетістік. Екінші мәселерді алып қарастырсақ мамандармен кеңес алып тұрған ешбір кедергі жасамайды. Мысалы: психологтар, психотерапевтер, психо-аналитиктер, психиатрлар.

Психологтардың айтуынша бойынша, бұдан жиырма жыл бұрын, яғни Кеңес Одағы уақытында көптеген отандастарымыз стресстің емін «ішімдіктен» тапты. Ал қазіргідей, түрілі жарым ғаламдық дағдарыс аулаңда асыр сап жүргенде өз проблемаларын рөмкенің түбіне батырып, тұншықтыруға бет бұрғандар бірнеше. Біріншіден, жұмысыздық етек жайып, еңбек нарығында бәсекелестік шиеленісіп тұрғанда кәйіп-мастықтың бұлдыр тұманына сүңгіп, ғайып болатын уақыт емес бұл. Екіншіден, Қазақстанның белсенді тұрғындары арасында арақ-шарапты азайтуға бағытталған бетбұрыс байқалғалы біраз болып қалды. Қысқасы, көңіліңдегі көлеңкелі кірбің сезіммен күресте «ішімдіктің» көмегіне жүгіну бүгінгі таңда қол емес. Ал, дағдарыс тұсында түрлі жан тыншытып, жүрек басатын, жүйке орнықтыратын дәрілік препараттардың айдарынан жел есіп тұрғанға ұқсайды. Дәріханалар жүйесіне әдейі мониторинг жүргізген ештеңеміз жоқ, дегенмен де біз жолықтырған провизорлардың айтуынша, соңғы уақытта валериана, ново-пассит сияқты дәрілердің сұранысы артқандығына қарап, адамдар арасында жүйкесі сыр берушілік белең алып тұрғанын аңғару аса қиын емес. «Қазір таблетка түріндегі валериана мен персен дәрмектерін біз дағдарысқа дейінгі кездегіден гөрі көбірек алдыртатын болдық, себебі жалпы алғанда оларға деген сұраныс ұлғайып отыр» - деп айтсақта болады. «Үнемі стресстің қысым-салмағына көнуге адамның жүйке-жүрегі шыдас бермейді. Әуелгіде беймәлім үрей-қорқыныш пайда болады адамда, мазасыздық орын алады, сосын ұйқы қашады, қан қысымы жоғарылайды, жүрек дүрсілдейді, ентігуге жолығып, кеуде тұсыңда түсініксіз бір ауру бас көтереді. Міне, осы ауруды көпшілігіміз жүрекке телиміз», дейді мамандар. Егер адам жоғарыдағы жайсыздықтарды айтып қатардағы терапевт-дәрігерге қаралса, оның ағзасынан адырайған ауру анықталмас та еді. Дәлірек айтқанда, кез келген жаннан осы күнгі кең таралған гастрит немесе пиелонефрит табылуы мүмкін, ал әлгіндей симптомдармен сипатталатын нақтылы ауруды таба қою қиын. Өйткені, оның себебі былай – аталмыш проблема органикалық сипатта емес, ол неғұрлым психологиялық жағдайға байланысты. Сондықтан, адамның тәнін емес, бұл ретте адамның жанын емдеу керек. Қысқасы, ондай депрессияға бой алдырып, жаны күйзелген жанға миды магнитті-ырғақты томографиядан өткізудің немесе толық кардиологиялық зерттелудің қажеті жоқ, оған ең керегі – әуелі психологиялық ақыл-кеңес, жақындарының жылы қабағы, сосын білікті психологиялық-терапиялық жәрдем.

Жоғарыда айтылған мәселердің барлығын ескере отырып, төмендегідей тренингтер пайдасы бар деп ойлаймын.

«Менің бейнем» тренингі

Мақсаты: Оқушылардың өзіндік бейнелері туралы психологиялық мінездеме беруді негізге алады.

Нұсқау: Оқушылар слайд арқылы көрсетілетін бейнелерден біреуін ойша таңдайды. Негізгі 5 бейне көрсетіледі: қоян, жолбарыс, сиыр,құс, тасбақа. Таңдалған бейне бойынша оларға психологиялық мағлұмат беріледі. Бұл мағлұмат олардың жеке тұлғалық мінездік ерекшеліктерін, болашағына деген сенімділігін нығайтуды қамтамасыз етеді.

Құс-бейне: Сіздің мінез - құлқыңыз айналаңыздағы адамдарға тәуелді. Өйткені, сізге өз ортаңыз қатты әсер етеді. Сіз эмоционалды жансыз, себебі сіз көңіліңізге тікелей қабылдайсыз. Өз көңіл - күйіңізді тиімді пайдалануға ұмтылыңыз. Және сізде өзімшілдік қасиет бар. Сіз өзіңіздің бұл қасиетіңізді жоюға тырыссаңыз жақсыға ұмтылуға мол мүмкіндігіңіз бар.

Сиыр - бейне: Сіз әрқашан өз стиліңізді табуға ниеттенесіз. Соған орай, ортадағылар сізді қолдап, әрқашан түсініп отырады. Осыған қарап, сіздің қатынасыңыздың жоғары екендігін байқауға болады. Сіз өзіңіздің еркіңіздің сипатына қарай қызық әрі нақты жұмыстарды жасай білесіз. Яғни, бұл өзіңіздің еркіңізге күш салатындығыңызды көрсетеді. Және, сіздің мінезіңіз жағымды, барлық адамдар сізді жақсы, жылы қабылдайды. Сондықтан, сізді жағымды жаңалықтар көп болады.

Тасбақа - бейне: Сіз өзіңізге, ішкі сезіміңізге үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Сіз өмірде, әртүрлі жағдайда өзіңіздің пікірлеріңіз бен көзқарастарыңызға дұрыс баға бересіз және әрқашан қатынаста тиімді жол таба білесіз. Егер сіз қиындыққа тап болсаңыз, ол үшін көп іс - әрекеттенесіз, яғни жағымсыздықтан тез арылуға тырысасыз. Өйткені, сіз жағымсыздық әсерінен өз көңіл күйіңізді реттей алмай қаласыз. Алға шынайы ниетпен талпынсаңыз, сіз жақсы нәтижеге жетесіз.

Қоян - бейне: сізге өз көзқарастарыңыз бен принциптеріңізден бас тарту кейде қиынға соғады. Бірақ, өз өзіңізге тым сенімді емессіз. Ерік күшіңізді пайдалана біліңіз. Ол сізге өзіңізді танытуға мүмкіндік береді. Табыстарға көп жетесіз.

Жолбарыс - бейне: Сіз өте белсенді адамсыз, сонымен бірге ортада және басқа жерлерде сыйлысыз. Сізбен қатынаста болған адамдар сізді әрдайым жоғары бағалайды. Сіз айналаңыздағылар бір- бірімен дұрыс келісімге келсе және бір -бірін дұрыс түсінсе, сізге қолдау көрсетсе, бақытқа жетуге болады деген ойға келесіз. Және сіз әрқашан бақытты өмір сүруге талпынасыз. Сондықтан сізде сәттіліктер көп болады.



«Байлық дегеніміз неде?»

Мақсаты: баланың өміріндегі құндылығын білу.

Берілген құндылықтардың ішінен бала өзі ойланып, байлық дегеніміз неде деген сауалға жауап беруі керек.

Қорытынды: Бұл тренинг арқылы мұғалім, психолог оқушының өмірдегі құндылығын біліп, бағалай алады және де оқушының өмірдегі мақсатын аңғарады.

материалдық зат

ақша


ата, ана, бауыр, дос

денсаулық

білім

Мен кіммін, қандаймын тренингі

Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.

10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі.

Мен Аселмін.

Мен әдемі, сұлу қызбын.

Мен қазақпын...

Мен ........т.с.с.

« Баға » жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті ком-муниктивтік амалдарын өндіру.

Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі».

Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді. Талқылауда алдынғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың, жақын күндері өзінің екінді жөндейтіндігіне сенімдімін».

Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетіл-діруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуынды жалғастыра бер».

Қорытындылай келе әрбір жеке тұлға өзінің басқан ізін таразылай қараулары тиіс. Сондай-ақ әрбір іс-әрекетін қадағалау керек. Жалпы айтқанда өзін-өзі әрбір нәрседен тежей білуі және ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін үнемі санамызда сақтағанымыз дұрыс деген тұжырымға келдік деп айтсақ болады.




АГРЕССИВТІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Бимурзаева Нұрбибі Мадіханқызы

ОҚО облысы, Шардара ауданы Т.Тәжібаев атындағы жом бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой - өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады. Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті болса, ондай адамдардан ақыл – сезімі нашар, жігерсіз келетіні. Ежелгі Қытай трактаттарында, киелі бала құрсағында оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен көп бұрын-ақ биэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетикалық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің толқыныстарынан пайда болады. Осынау көзсіз де мөлдір қарым-қатынастар ерлі-зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік дәнін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын таратын көрінеді. Егер ерлі – зайыптылардың ортасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты толық тартуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірдегі жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады. Айналадағы зиянды әрекеттерді бойына тез сіңіріп алатын, тиянақсыз, жақсы нәрселерге жуымайтын содырлар осындайлардың арасынан шығады. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор. Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез – құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата – анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне, осы орайда, балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз мінез, әдеттерді жою талабы педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болмақ. Мұғалімдік іс-тәжірибеде ата-аналардан үнемі: «балам төбелесе береді, бір орында тыныш отыра алмайды, тақтада жауап беруге қорқады, не істеу керек ?» деген сұрақтар жиі қойылады. Ал мұғалімдер қауымынан:Қазіргі балалар өзгеше «қиын» болып кеткен деген лебіздер естиміз. Бұл сұрауларға мектеп мұғалімі, дәрігер, ата-ана, әлеуметтік педагог, психолог бірлескен іс-әрекет негізінде ғана көмек бере аламыз. Бастауыш оқушыларына білім беру үрдісінде әсіресе «ерекше» балалар мінез құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агресивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.

Болашақ қоғамның негізін – мектеп оқушылары құрады десек, соларға жан жақты дұрыс тәрбие беріп, білікті азамат етіп өсіру бәріненде бұрын мұғалімдердің еншісінде. Мұндай абыройлы мақсатты атқару үшін, әрине мұғалімдердің өздері сауатты, білімді, ұлттық тәлім - тәрбие мен мінез – құлық мәселелеріне барынша қанық болуы керек. Бірақ олардың өздері осындай білімді қайдан алады деген сұрақ бой көтерері анық. Міне, соған байланысты болашақ ұстаз мамандарға балалармен тиімді қарым-қатынаста болу, әсіресе агрессивті балалармен жұмыс жүргізу бағдарламасын ұсынып, әдістемесін үйретуді жүзеге асыру қолға алынды. Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне байланысты болады. Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.

Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э. Фром екі түрі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз». Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы болады.

Ал, З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген.

Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін. Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдейді.Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайларда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.

Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді. Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.

Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:

І. Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету;

ІІ. Балаларды әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету;

ІІІ. Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;

ІV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.-

Дарынды психолог әрі педагог Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім адамның ақылын, жанын сауықтырады» деген қанатты қағидасын әрқашан жадымызда ұстауды ұмытпағанымыз абзал.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 1973.

  2. Атемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі», Қазақстан мектебі, №1,2006.

  3. Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2001ж. №1.

  4. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2000.

  5. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері , Алматы: Ана тілі.

  6. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2004.



ТҰЛҒАЛЫҚ САПАЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БОЙЫНДАҒЫ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН – АЛУ ЖОЛДАРЫ.
Алпысбаева Гүлжаухар Сағындыққызы

ОҚО, Шардара ауданы, №3 Қазақстан бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Девианттылық тұтасымен алғанда Қазақстанда күннен – күнге жасарып келе жатыр. Сондықтан жасөспірмдердің жат мінез – құлықтармен күресу мәселесі жас мемлекетіміздің алдында тұрған кұрделі мәселе болып табылады. Зерттеушілердің мақсаты – қоғамды уландырып жүрген осы аурумен күресудің түбегейлі ұсыныстарын жасау, оның себептерін бөліп көрсету.

Өткен ғасырдың көптеген ойшылдары қылмыскердің қара түнек бойынан жақсы бір қасиеттерін табуға тырысқан, сонда ол жақсы адам болар еді деген. П.Сорокин өзінің еңбектерінде адамның діни – этикалық мүмкүндіктерін жаңа идеяларды мәдени түрде қабылдау және қалыптастыру арқылы көрсеткен.Материалдық уақытша мәдени сезімдердің орнын руханилық пен шынайылық идеалдары толықтырады.

Яғни девианттылық бұл бұрыннан келе жатқан адамдардың бір әрекеті, оны ешбір қоғамда да түп – тамырымен жойып тастай алмаған. Бірақ оның өсу деңгейін минималды дәрежеге дейін төмендету және қалыпты деңгейде ұстап тұрудың нақты тапсырмаларын анықтап алуымыз керек. Яғни жасөспірімдердің мінез – құлқындағы девианттылықты қарастыратын құқық бұзушылықпен күресудің заңдары мен құқықтар бекітілген жалпы мемлекеттік программа өңделуі және қабылдануы тиіс.

Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстар жүйесінің екі бағыты қарастырылды.

1.Тұлға дамитын ортадағы материалдық жағдайды қамтамасыз ету ;

2.Жасөспірімдерді тәрбиелеу

Бұл екі бағыт өзара тығыз байланысты болғандықтан оларды кең көлемде қарастырайық.

Отто Рюле «аштық тек адамның ағзасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар оның моральдық тұрақтылығына да әсер етеді. Аштықтың нәтижесінде физикалық және моральдық тұрғыдан құлдыраған адам тұлғасын елестету өте қиын. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеу адамдарды ессіздендіреді, ұят деген сезімнің жоғалуына итермелейді, ар мен адамдық сезімнің жоғалуына әкеледі Американдық ғалым Гербарт Антекер: «Кедей адамдар белгілі себептерге байланысты қатігездік жасауға бейім болады» – деген.

Сонымен жоқшылық адамдағы адами қасиеттердің жоғалуына әкеп соғады. Сондықтан материалдық жағдайды жақсарту керек. Бірақ сонымен қатар рухани белгілерді де бөліп алып тастауға болмайды. Көптеген ғалымдардың дәлелдеулеріне қарағанда қазіргі жастардың ең бір кемшілігі олар алдына саналы мақсат қойып және кездескен қиындықтарды жеңіп оған жетуді ұмытқан. Шынында да экономикалық және руханилық факторларды тұтас байланыстыра қарастырған жөн. Девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің мәселесіне бұл екеуін бөліп қолданған жағдайда күрделі натижеге алып келуі мүмкін. Ал оның тәрбиесіне келетін болсақ мінез – құлықты және қатерді ынталандыру әлеуметтендірумен басқарылатын процесс қарастырылады.

Жасөспірімдерді тәрбиелеу процесінде өзінің әрбір іс - әрекетін бақылауға мүмкіндік бертін өзін - өзі ұстау жүйесі өңделеді. С.Ф.Анисимованың пікірінше «Жас ұрпақты жақын адамдарын ренжітіп алғандағы, жақсы көретін адамына қиянат жасағандағы ұят сезімі сияқты, табиғатта мақсатсыз кесілген ағашты, уланған суды, бекітілген өзенді көргенде сондай күйзеліс сезімінде болатындай етіп тәрбиелеу керек”деген.

Тәрбиені тек оқу мекемесінде ғана емес, сонымен қатар басқа мекемелерде де тұлғаны ұжымда тәрбиелеу мәселелеріне көп көңіл бөлді. Себебі жсаөспірімдер жат қылықтарды өзі мүше ұжымдарда жасайды. Ұжымда ондаған, жүздеген ары таза адамдардың арасынан девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерді уақытында ажыратып алуға болады. Ал ондағы жақсы үлгілердің күші көп болса онда тәрбие тиімдірек болады.

Заңды өрескіл бұзып, қылмыс жасаушы жасөспірімдерге дер кезінде шара қолданбаса, оның тағы да қылмыс жасап , теріс жолға өзгелерді де тартуы мүмкүн. Сонда не істеу керек? Барлық жағдайда қылмыскерді жазалап, бас бостандығынан айыру керек пе? Жоқ. Біздің ойымызша қылмысты жазалау арқылы тоқтатуға болмайды. Жазалау – мәжбүр етудің бір түрі .

А.С.Макаренко: «Менің мынаған көзім жетті», - деп жазады ол, - жазылмайтын жерінде педагогтың жазаламай қалуға қақысы жоқ . Жазалау – бұл құқықтық шара ғана емес , сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи қарапайым және логикалық орынды шара ретінде қолданылуы тиіс”.

Асылы девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істегенде жазалау шарасын аса сақтықпен қараған дұрыс . Олардың ақыл - кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан-жақты ұйымдастырылған тәрбие қажет. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеу үшін ұйымшыл да тату ұжым қажет. «Берік ұйымдасқан ұжымда «қиын» бала өте қысқа мерзім ішінде жарасымды әлеуметтік байланысын қайта құрады», - деген емес пе еді А.С.Макаренко .

Осы ретте педагогтар мен девиантты мінез-құлықты оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру – ең қажетті шарт «Білікті» ұстаз қандай «бұзылған» баламен де тіл тауып сөйлесе алады . Девиантты мінез-құлықты оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту , оны мектептің қоғамдық өміріне тарту – қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір девиантты мінез-құлықты жасөспірімге қоғамдық жұмыстар жүктеу қажет .

Мектеп тәрбие жүйесіндегі девиантты мінез-құлықтың алдын алу жұмысы – оқушыға ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту негізінде, олардың тұлғалық болмысының, санасы мен мінез – құлқының қоғамдық , әлеуметтік, мораль талаптарына сай мақсатты және жүйелі түрде қалыптасуын қамтамасыз ететін педагогикалық, психологиялық процесс .

Мектеп тәрбие жүйесіндегі адамгершілік тәрбие мәселесін зерттеген ғалым педагогтар :


  1. оқушылар бойында адамгершілік сананы қалыптастыруды ;

  2. адамгершілік сезімді тәрбиелеу және дамыту ;

  3. адамгершілік мінез – құлықтық біліктер мен дағдыларды тәрбиелеуді бұл саладағы тәрбие жұмысының басты бағытын негізгі міндеттері ретінде белгілейді.

Сонымен бірге зерттеушілер бұл процесс оқушылардың жас және психикалық даму ерекшеліктеріне қарай бірізділікпен, мәндік, мазмұндық, сабақта төмендегідей танымдық, білімділік, тәрбиелік мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген педагогикалық нұсқауларды ұсынады. Олар :

  • жеке тұлғаның түрлі қатынастарға ену арқылы қоғамдық құбылыстарға арақатынасын, қоғамдық өмірмен жан-жақты байланыста болатынын және оған тәуелділігін, сондықтан қоғамдық мүдделерге сәйкес мінез-құлық тәртібін үйлестірудің қажеттігін ;

  • адамгершілік мұраттармен, қоғамдық талаптармен, заңдылықтармен және олардың ақылға қонымдылығымен ;

  • адамгершілік білімдерді адамгершілік сезімдерге айналдыруды көздеумен, сенімдердің жүйесін жасаудың қажеттілігін ;

  • тұрақты адамгершілік сезімдер мен адамгершілік сапаларды қалыптастыруды ;

  • ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерту және өз тәжірибесінде пайдалана білу дағдыларды қалыптастыруды ұсынады.

Мектеп өмірінде оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне араластыру, шығармашылық істерге бағытталған сыныптан тыс үйірме жұмыстарын тарту, сол арқылы жинақталған білімді еңбек үрдісінде пайдалануға бағытталған іс – шаралардың, әсіресе ауыл мектептерінде жүзеге асырылмауы, баланың өзіндік бос уақытын мақсатсыз өткізуіне әкеп соғады. Олардың рухани, мәдени, эстетикалық, дүниетанымдық еңбектерінің мәні мен адам, қоғам өміріндегі маңызы туралы түсініктерінің қалыптасуына нұқсан келтіреді. Нәтижесінде олардың бейресми топтарға қосылуына, бірігіп жат мінез-құлыққа , тәртіпсіздікке ұрынуы мүмкүн .

Девиантты мінез – құлықтан арылтуда тек қана бақылау – шек қоюмен ғана мәселені түп тамырымен жою мүмкүн емес. Жасөспірімдерді нашақорлық пен ішімдіктен және т.с.с жат қылықтардан аластата отырып оларға осы жат қылықтар мен салауатты өмір салтының арасындағы өзіне керектісін саналы таңдауға мүмкүндік беру керек. Сонымен қатар тәрбие жұмысын айтқанда оларда біліктіліктің қалыптасуын, өзінің бос уақытын тиімді пайдалануын , салауатты өмір салтын қалыптастыру ,осы мәселелерге байланысты диспут ұйымдастыру сияқты мәселелерді қалыптастыру қажет .

Әлеуметтік психологтар девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің тәрбиелік жұмыс арқылы алдын алуда оның рухани денсаулық әлеміне сүйене білу керек деген. С.Л. Рубинштейн өз еңбектерінде «Кімде – кім адамның кемшіліктерін жойғысы келсе оның бойындағы жақсы қасиеттерді іздестіру керек, тым болмағанда потенциялды қасиеттерді. Ең бірінші мәселе жасөспірімдердің энергиясын, біліктілігін қажетті нәрсеге қарай бағыттау, өзі таңдауға , шешім қабылдауға, өзі үшін жауап беруге, өзі жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету керек» – деген .

Орта мектептер мен мектептен тыс мекемелерде жат қылықтарға тәуелді болудың алдын – алу жөнінде әртүрлі деңгейде және әртүрлі мазмұнда іс – шаралар (дәрістер, сынып сағаты, нарколог мамандармен кездесу т.б ) өтеді. Өкінішке орай, мұндай шараларда жүйесіздік, мектеп, жасындағы баланың жас ерекшеліктері ескерілмей, тек қорқыныш ұялататын ақпараттар ғана орын алған. Бұл бағдарламалар үлкенге сеніммен қарайтын жасөспірімдер үшін ерекше роль атқарады, қауіпті қадамнан сақтандыратын ескертулердің жеткілікті болғаны жөн. Егер жасөспірімдермен жұмыс туралы жалпылай айтсақ, мұндай тәсілдің тиімділігі жеткіліксіз, себебі баланың жасерекшелігіне сай, орта мектеп сатысында үлкендердің беделін түсіруге икемді, олрадың тікелей тыйым салуына және ұйғарымдарына кері мінез көрсетеді. Әсіресе, балаларды кінәлай айтылған ескертулерге, сын мен орынсыз сақтандыруға ерекше қарайды.

Жасөспірімдердің жат әрекеттерді қолданудың бірнеше себебі бар. Олар бір керемет ләззат алу үшін емес, өз мүмкүндіктерін анықтау немесе өз құрбыларының алдында беделінің басымдылығын, олардан едәуір ересек екендігін және ешкімге де тәуелді еместігін көрсету үшін қолданып көргісі келеді. Олар үшін өз құрбылар тобындағы қарым – қатынас ерекше. Топқа мүше болу мақсатында олар қауіпті іске өз денсаулығын қатерге тіге отырып барады. Жасөспірімдер – жоғары сынып оқушылары есірткіні, ішімдікті, темекіні жаңа әсер алуға, өзінің ішкі дүниесінің беймәлім жақтарын зерттеп білуге ұмтылу үшін қолданады. Осы жат әрекеттерді қарым-қатынас барысында туындайтын қиындықтардан құтылу, ауырғанды басу, сонымен қатар, сенімнен айырылған немесе жоғалтқан сәтте қарым-қатынас кедергілерін жеңу үшін де пайдаланады.

Егер біз жасөспірімдерді жат қылықтарға итемелеген мүмкүн себептерді дұрыстап қарастырсақ, жат қылықтарға жасөспірімдердің жақындауы сезім әлсіздігі, жанұямен немесе өз құрбыларымен керіскен, ашу-ыза күйінде, жалғыздықтан, қарым-қатынас дағдысының, ыңғайлы өмір сүру ортасының болмауы, өзін жұмсай алатын және дара сыйластықтың дамуынан көреміз. Әдетте, дағдылардың ақпараттарды талдай алуы, іс - әрекеттерде табысқа жететін, тәуелсіздік және қауіпсіздікті сезетін, ұжымға қатысты және үлкендер қолдауына ие, жасөспірімдердің сеніміне лайық – олардың бәрі сақтанудың едәуір тиімді факторлары бола алады, бұл жат қылықтардың зияны туалы “жантүршігерлік” ақпараттардан гөрі тиімдірек.

Демек, қазіргі таңда жат қылықтарға тәуелді болудың алдын-алу үшін ең алдымен балалар мен жасөспірімдерді ішкі және өз ортасында кездесетін проблемалар мен тоқыраулардан шығуға көмкетесетін өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталғаны жөн. Балалар мен жасөспірімдерде салмақты, дұрыс шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, өз еделін кез-келген топта бекітуге көмектесу, салауатты өмірсалтын ұстануды дамыту қажет.

Сонымен, білім беру ұйымдары алдына мынадай мақсат қояды – бүгінгі қоғамда белсенді өмірге дайын жса адамның өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайтын бірыңғай жүйе жасау. Бұл жүйе есірткі қолдану, спирттік ішімдік ішу, темекі шегу және басқа да жат қылықтардың алдын-алуы әлеуметтік-құқықтық құндылықтарға бағыттап тәрбиелеуде жауапкершілікті дамытуды басшылыққа алады.

Баланың тәрбиеленуі, білім алуы тек қана бүгінгі күнгі жағдайға ғана бағынуы мүмкүн емес. Ол бала ертең өмір сүреді және бала жаңа өмір жағдайына дайын болуы қажет деген талаптан шығуы қажет .



Список литературы:
Ахунова эльмира рысбаевна
Девиантты мінез – құлықтың пайда болуының әлеуметтік
Пайдаланған әдебиеттер:

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет